Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет48/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137
8- дәріс
Тақырып: Сөзжасам.
Дәріс мазмұны:

  1. Сөзжасам туралы түсінік.

  2. Сөзжасам - жеке ғылым саласы. Сөзжасамның басқа ғылым салаларымен байланысы.

  3. Сөзжасамдық тәсілдер.

Сөзжасам теориясы
Дәріс мақсаты: сөзжасам, оның зерттелуі, мақсаты мен мазмұны туралы түсінік беру.
Тәрек сөздер: сөзжасам, сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірлік, сөзжасамдық мағына, туынды сөздер, морфология.
Дәріс мазмұны:

  1. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы

  2. Сөзжасам – жеке пән, оның мақсаты мен мазмұны

  3. Сөзжасамдық тәсілдер

Қазақ тілі грамматикасында 1991 жылдан бері сөзжасам жеке пән ретінде оқылық келеді. Бұған дейін сөзжасам мәселесі оқытылмады деуге болмайды. Ол морфология курсымен бірге қарастырылды.
Сөзжасам жеке сала ретінде тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, амал – тәсілдерін, жасалу жолдарын олардың түрлерін, яғни, тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
Сөзжасамды жеке сала деп танып, алғаш ұсынған (1950 жыл) В.В.Виноградов болатын. Ол шетел ғалымдарының зерттеулерінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласындағы лингвисттердің дүние жүзілік ғылыми конгресі дәлел. Ал түркі тілінде бұл сала бойынша зерттеу жұмысын жүргізуші Ф.А.Ганиев.
Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеуі қазақ тіл біліміне де әсер етті. 1989 жылы қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монаграфия, ғылыми терминдер айналымға түсті.
Сөзжасам тілдің барлық саласымен байланысты әсіресе морфологиямен.
Тілде жаңа сөздің жасалуының тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы заңдылығы бар. Жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
Ол тілдің ішкі мүмкіндіктеріне негізделеді. Тілдің ішкі мүмкіндіктеріне тілде бар сөздермен сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөз жасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары, тәсілдері жатады.
Қазіргі сөзжасам жүйесінде қалыптасқан тәсілдер:

  1. синтетикалық

  2. аналитикалық

  3. лексика – семантикалық.

Сұрақтар:

  1. сөзжасамның пән ретінде танылуы қашаннан басталынады?

  2. сөзжасам пәнінің мақсаты мен міндеті не?

  3. сөзжасамның зерттелу жайы туралы не айтасыз?

  4. қандай сөзжасамдық тәсілдер бар?

Әдебиеттер:
1.Н. Оралбаева Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы,2002
2.А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1974
3.Ә. Нұрмаханова Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1992
4.Н. Оралбаева, Н. Қалыбаева. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А. 1986
5.К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы 1972
6.Е.С. Кубаракова Основы морфологического анализа. М.1974

Әдебиеттер:


1 . Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.
2 . Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986.
3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.
4. Оралбаева Н. Сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1998.
5. Оралбаева Н. Күрделі сөз жасаудағы тірек сыңардың қызметі. Алматы, 1990.
6. Оралбаева Н. Сөзжасамдық тарам. Алматы, 1998.
7. Қасымова Б. Құранды етістік. Алматы, 1997.
8. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. Алматы, І, ІІ кітап, 1996.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет