Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


дәріс. Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты



бет14/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
10 дәріс. Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты.

Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу сипатына қарай: сөздердің қолданылу өрісіне байланысты, стильдік қызметіне байланысты және актив, пассив қолданылуына байланысты бөлінеді. Сөздер қолданылуына қарай жалпылама кең қолданыстағы лексика және қолданылу өрісі тар лексика деп жіктеледі. Жалпылама лексика күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. Барлығына түсінікті сөздер, ортақ лекиска. Ал диалектілік лексика мен терминдік лексика тар қолданыстағы сөзде деп есептеледі. Диалектілік лексикамен белгі бір аймақ, орта сөйлейді. Диалектілер тілдік деңгейдің барлығына қатысты. Фонетикалық ерекшеліктерге – маңлай-маңдай; құдағи-құдағай; шаңырақ-шаңғрақ. Морфологиялық ерекшеліктерге – атпан-атпен; барың-келің. Лексикалық ерекшеоіктерге – бақуат-өуатты, жоян-үлкен, жуалдыз-тебен ине. Диалектілік лексика нағыз лексикалық, лексика-семантикалық, этнографиялық диалектизмдер деп үшке бөлінеді. Нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби сөздермен көркем әдебиетте параллель қолданыста, синоним ретінде жүреді. Бір зат ұғымы Қазақстанның әр жерінде әр түрлі айтылады. Әдеби тілде оардың баламалаы болғандықтан, әдеби тілге енбейді. Мысалы, сіріңке әдеби, ал диалектілері күкірт, оттық, шырпы, шақпақ, спешке. Лекика-семантикалық диалектизмдерге дыбысталуы әдеби тілмен бірдей, бірақ маағынасында ерекшелік болады. Ондай сөзде әдеби тілдегі сөздермен омонимдес болып келеді. М, әдеби шалбар, сым; Бұлар да әдеби тілге енбейді. Этнографиялық диалектизмдер белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде түсіндіріліп отырады. М, әкіри – шіркін, жозы дөңгелек стол. Сонымен диалектілік сөздер әдеби тілге енбейді. Орынсыз ауытқулар болмау керек. Ал көркем әдебиетте автор белгілі бір стильдік, идеялық мақсты үшін қолданады.


Арнаулы лексика қолданыс өрісі жағынан шектеулі. Себебі арнаулы лексикамен түрлі әлеуметтік топтардағы әр түрлі мамандық, қызмет иелері және белгілі бі кәсіп иелері қолданатын сөз қолданыстары. Анаулы лекика жалпыұлттық лексиканың құрамына кіреді. Қолданыс аумағы шектеулі диалектизмдер бар. Алайда диалект сөздер территориялық шектеулі сипатта болса, ал арнаулы лексиканың шектелуінде әлеуметтік сипат болады. Арнаулы лексика: кәсіби терминдер және кәсіби лексика болып бөлінеді. Кәсіби терминология ғылым мен техника саласына қатысты терминдерді қаастырады. Кәсіби сөздер белгілі бір кәсіпке қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет