«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет3/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
сессия зоология2, Презентация (1)
Development trends of modern education 

Өткен ғасырда ел егемендігі үшін, халық қамы үшін тер төгіп, ерекше із 
қалдырған алаш айбындылары қаншама?! Тарих беттеріне үңілсек олар 
қалыптастырған жаңаша өмір, ұлттық идея және оқу-ағарту саласы көңіл 
көншітерлік құнды мұралар. Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәкен 
Сейфуллин шығармаларындағы жаңғырудың идеялық өзегі бөлек әңгіме. 
Өйткені, олар шынайы азаттықты аңсады, алғыр, білімді қазақ жастарының 
талпынысын көргісі келді, жаңашылдықты армандады.
Мысалы, қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі 
туындылар берген әмбебап дарын Ілияс Жансүгіров өзінің «Саналы жастарға» 
өлеңінде:
Исі аңқып, өскен балқып сабағым,
Құтты болсын, көкке өрлеген талабың.
Сасық дала, мынау жатқан қараңғы ел,
Ауылыңа қайырыл, қара, қарағым
[2, 254 б.] 
– деп жас баланың асыл қасиеттерін өлең жолына сыйғыза отырып, сол 
кезеңдегі халық потенциалын аңғартады. Саяси лирика саласында І. Жансүгіров 
көпшілік жағдайда ашық үгітті, насихатты қолданады. Оған әрі-беріден соң, 
көркемдік талғамы жетіп болмаған қауымның өзі әсер етті. Көзіне көрсетіп, 
қолына ұстату, барар жерін нұсқау қажет болды. 
Оян, ойлан, ұрандас! 
Қатарлас, теңел, құрал жас! 
Құлқыны жаман құзғындар 
Құралсаңдар – тұра алмас! 
– дегенді әуелгі кезде бар ақын-жазушы айтып, жазуға міндетті болды. Көбі 
осы жолмен кетті де. І. Жансүгіров сынды ұлы дарындар осы ойды кейде 
тұспалдап, поэзия тілімен жеткізуге талаптанды. Бұл сәтте І. Жансүгіровтің 
поэтикалық жанрының көкжиегі кеңейе түскенін аңғарамыз. 1926 жылғы 
«Ұйқыма» деген өлеңінде: 
Бадалғыр, батқыр тас ұйқым
Теңіздің терең түбіне. 
Көзді көр, жанды жарымдап
Тұншықтырдың түнімде.
Енді тағы иектеп 
Еліткің келед күнімде, 
дегенін бар жаныңмен, тәніңмен түсінгендей әсерленесің. Өйткені әрекетсіздік 
титығына тиген ел ояну, қарбану деңгейіне жеткенін ақын көркем образбен 
береді де, өмірде жиі кездескен қарекетсіздік пен еріншектіктен безіндіреді, 
жалқаулықтан жирендіреді [3, 12 б.]. Осылайша І. Жансүгіров күллі қазақ елін 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 

жаңаруға, білім алуға, рухани жаңғыруға шақырған. І. Жансүгіровтің 
Алатаудың ақ самалындай аңқып ескен ғажап поэмалары, Алатаудың ақ 
бұлағындай мөп-мөлдір өлеңдері қара халықты жаңа өмірге насихаттауға 
бағытталған. 
Б. Майлин тарихтың терең қойнауына бармай, өзі көрген заман 
оқиғаларын, құбылыстарын түсіну, түйсіну, терең сезім желісінен өткізу 
арқылы шығармаларына арқау етті. Ірі оқиғаларды айтпағанның өзінде, 
кішігірім, елеусіз деген нәрселердің өзіне мән бере қараған. Әсіресе оны 
халықтың жай-күйі, оқу-білімі қатты алаңдатқан. Оған ақынның «Еліме», «Елге 
хат», «Қазақ туралы» сынды жалынды жырлары дәлел. 
Сенің зарың – зарлайтыным өмірде,
Сенің арың – арлайтыным өмірде.
Сен жыласаң – көзден жасым тамшылар, 
Сен қуансаң – қайғы, шерім аршылар 
[4, 320 б.]
 
Б. Майлиннің «Кедейге» деген өлеңіндегі осы жолдар – оның ақындық 
кредосы – қаламгерлік бағдарламасы. Ол өзінің онша ұзақ емес өнер жолында 
осы мақсатынан бір сәт тайып, табан аударып көрген жоқ.
Б. Майлин қай жанрда жазбасын, күллі шығармашылығының ең өзекті 
мазмұны – Қазақ республикасындағы жаңа ауыл шындығы.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, 
мемлекет қайраткері С. Сейфуллиннің «Жас қазақ марсельезасы» өлеңінде: 
Азамат, жүнжіме, жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды – біз теңдік алайық, 
– деп бір жағадан бас шығаруға, егемен, азат болуға, дұшпанға тойтарыс 
беруге насихат жүргізсе, «Жолдастар» өлеңінде: 
Ту тігетін, мінекей, замандарың,
Нық басатын темірдей табандарың, 
Жолдастар! 
– деп қазақ намысын оятады. 
«Сәкен өзінің қарақан басының бақ-дәрежесі үшін емес, елді өркендету 
қамында жүрген артық-кем сілтегені аз емес, әсіресе таптық позиция, лениндік 
идея, кедей теңдігі дегенге имандай сеніп, ойланбай өрекпіген тұсы да бар» [5, 
20 б.] – деп, өз естелігінде профессор Тұрсынбек Кәкішұлы Сәкеннің адамдық 
асыл қасиетін тағы бір дәлелдеген болатын. С. Сейфуллинде қарапайым 


Development trends of modern education 

халықты өсіп-өркендеуге, алға басуға үндейтін өлеңдер жетерлік. Мысалы: 
«Жұмыскерлерге», «Кел, жігіттер», «Адасқандарға» және т.б. С. Сейфуллиннің 
ұлтына деген ұлы махаббаты жаңашылдық рухтан, реформаторлық ізденістен 
табылып, 
қазақ 
әдебиетіне 
оның 
еңбектері тарихи сабақтастықтың 
құнарлығына дәлел болары сөзсіз. 
Қорыта келе, Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны 
негіздегені жөнінде Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» 
кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың 
басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан руханизерделі игі 
жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар 
қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала 
ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы 
қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап 
айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын. І. Жансүгіров, Б. Майлин,
С. Сейфуллиндер қалдырған дара жол тарих сахнасында мәңгі сақталмақ. 
Егемен еліміз ауыр да азапты күндерді артқа тастап, үлкен болашаққа, бәсекеге 
қабілеттілікке бет бұрып, өсіп, жаңғырып, күннен күнге көркейіп, бой түзеп, 
саналы да сапалы ұлт болашағын тәрбиелеп, жаңарып келе жатыр. Осы орайда 
Президентіміз өз жолдаулары мен мақалаларында бізді зор болашақ күтіп 
тұрғандығын еске салады. Олай болса, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин 
арман еткен «рухани жаңғыру» идеясын бірге жүзеге асырсақ нұр үстіне нұр 
болады деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет