«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет14/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
4 топқа тапсырма
Өлеңнің 3 – ші шумағын оқып,талдау, қара сөзге айналдыру; 
VI ә).Музыка: «Ақын орындығы» Ұйқас бойынша өлең құрау. 
домбыра.
сен ғана. 
Құрманғазы атамнан, 
сен ғана

 


38 
38 
VI«Домбыра сазы» атты өлеңді әнімен орындату. 
VII.Жаңа сабақты қорытындылау үшін: 
Топтардың бір –біріне сұрақ қоюы, бірін –бірі бағалауы. 
-
Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған? 
-Құрманғазының ұстазы кім? 
-Құрманғазының шәкірті кім? 
-Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіңдер? 
 
VIII.Бағалау: Формативті бағалау. 
IX.Үйге тапсырма. 
Әдебиет: 
1.«Құрманғазы ата» өлеңін мәнерлеп оқу. 
2.Ойдан Құрманғазы туралы төрт жол өлең құрастыру. 
Музыка: 
1.«Күй атасы - Құрманғазы» мәтінін оқу. 
2. Әр топ Құрманғазының бір күйінің шығу тарихын дайындау. 
 
X.Рефлексия: 
Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» парақшасы. 
Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы 
өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы 
түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс 
түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта 
оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың 
ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының 
өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. 
Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады.
 
 
4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН 
ДАМЫТУ 
 
Даирова К.Т., Досмаганбетова А.А.,
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп қазіргі кезеңде мектепке 
дейінгі білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті-бүгінгі күннің көкейкесті 
мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке 
дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке ұлға ретінде 
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен білім беруге 
аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Бала тәрбиесі от басынан басталады 
десек те ғылымға негізделген әдіс –тәсілдермен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбіне 
балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Дер кезінде 
алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Әсіресе, балабақшадағы 
тәрбие мен білім бала табиғатына өшпестей із қалдырады. Ал менің қазіргі қойған 
мақсаттарымның бірі метеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін 
дамыту. Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырудағы біздің жұмысымыздың келесі 
бағыты жаңа технологияларды меңгере отырып бүлдіршіндердің ақыл-ой қабілетін дамыту 
мақсатында бағдарлама жазып шығару еді. Ол бағдарламаға қысқаша түсінік хат беріп 
өтейік.


39 
39 
Ұлы педагог В.А Сухомленскийдің сөзімен айтқанда:"Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты 
дамуы да жоқ және болуы да мүмін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе 
іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта 
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап 
жанар оты", деп айтқандай ойын - балалардың оқуға еңбекке деген белсенділігін 
арттырудағы басты құрал, баланың психологиясында сапалы өзгерістер тудырады. Бала 
зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамыуына әсер етеді. Ойлау 
шығармашылығының және таным әрекетінің негізі болып табылады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың 
орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп 
жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін 
арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала 
зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау 
шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады 
Баланың мектепке дейінгі кезеңде бойына сіңірген дағдылары, біліктілігі ересек 
жасында – мектепте білім алу және қабілетін дамыту үшін іргетасы болып қаланады. Осы 
дағдылардың ішіндегі маңыздысы да логикалық ойлай білу, «ақылмен әрекет ету» қабілеті 
болып табылады. Логикалық ойлау әдіс-тәсілдерін игермеген балаға алға қойған міндеттерін 
орындау қиынға соғады, жаттығуларды орындаудың өзі көп уақытын алып, күш-жігерін 
сарқиды. Нәтижесінде баланың денсаулығына нұқсан келуі мүмкін және оқуға деген 
қызығушылығы әлсірейді немесе тіптен жоғалады. 
«Ойнада,ойлан» вариативтік компонент бөлімінде балалар бойында өзін-өзі дамыту 
қабілетін қалыптастыру үшін жағдайлар туғызады. Барлық сабақтар ойын түрінде өткізілетін 
жаттығулар мен тапсырмаларға негізделеді. Бағдарламада математикалық ойындар: әзіл-
есептер, жұмбақтар, бас қатырғыштар, ауызша ойындар, саусақ ойындары, байлап ойнау 
ойындары, лабиринттер, кеңістікті сезінуді дамыту ойындары кеңінен беріледі. Олар тек 
өздерінің мазмұн-дылығы және қызықты болуымен ғана емес, сонымен бірге балаларды 
ойлау, пайымдау қабілеттерін дамытып, дұрыс жауап беруге үйретеді. Балалардың өз бетімен 
әрекет етуін, байқағыштығын, тапқырлығын, зеректігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 
Бұған әртүрлі логикалық ойындар ойнату, есептер шығару, жаттығулар орындау көп әсерін 
тигізеді. 
Интеллектуалды еңбек 
күрделі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтардың негізгі дамыту жолдары мәселе бойынша 
ізденістер. Ал басты ұйымдастыру формасы- ойын.
Мектеп жасына дейінгі педагогикада баланың интеллектуалдық дамуына қажет көптеген 
әдістемелік материалдар, технологиялар бар. Біздің де ұсынып отырған осы 
бағдарламамыздың негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді қызықтыратын нақты бір жүйеде ақыл 
ойды дамытатын ойын түрінде оқу іс әрекеттерін ұсыну.
Ал басты міндеттері мыналар.

Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Математикалық түсініктер жайлы елестерін 
қалыптастыру.

Обьектінің түсімен, формасымен, өлшемімен таныстыру.

Кеңістікті бағдалай білуге үйрету.

Практикалық тапсырмаларды өз бетімен шешуге білімдерін, дағды мен шеберліктерін
дамыту.

Қиындықты жеңіп, мақсатқа жетуге ынталандыру. Белсенді болуға, өзіне қызмет етуге
тәрбиелеу.

Ойлау операцияларымен танымдық процестерін дамыту.

Тілдік іс әрекетке байланысты психикалық функцияларын дамыту. 
Осындай міндеттерді орындап шешу балалардың қабілетін ашып жан жақты 
дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін тиімді дамыту 
жаңа заманның басты мәселелерінің бірі. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған 


40 
40 
талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-
мектепке дейінгі ұйымдардан, яғни балабақшадан басталады. Интеллектісі дамыған мектеп 
жасына дейінгі бала материалды жылдам қабылдап, жылдам есте сақтайды, байланыстыра 
сөйлеуі жетілген, сөздік қоры мол, өз күшіне сенімді, жаңа ортага тез бейімделетін, мектепке 
дайындығы жоғары тұлға болады.
Интеллектуалды еңбек 
күрделі. 
Мектеп 
жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтардың негізгі 
дамыту жолдары- мәселе бойынша ізденістер. Ал басты ұйымдастыру формасы- ойын. 
Алдыға қойған міндеттерді жүзеге асырудағы біздің жұмысымыздың келесі бағыты – 
мектепке дейінгі мекеме педагогтарына, алдындағы бүлдіршіндерді, жан жақты дамытатын 
қызықты ойынның түрлерін ұсыну. Ол санамақтар, математикалық есептер,ертегілердегі 
математика , математикалық өлең-әзілдер, логикалық –дидактикалық ойындар. 
4-5 жастағы балаларға арналған математикалық, логикалық мазмұнды ойындар 
ұсынамыз. Ойын барасында мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық 
түсініктері мен ойлаудың қарапайым логикалық құрылымын қалыптастыруға әсер ететін 
тапсырмалар шешіледі. Бұл ойындар келешекте балалардың оқуында математиканың негізін 
ойдағыдай меңгере алуына көмектеседі.
Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. 
Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен 
қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені 
таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау 
ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып 
біледі.Санамақтарды әртүрлі мағынада ұсынып отырмыз. Осындай санамақтар арқылы 
балалардың тілін дамып, санау қабілеті артады. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде 
сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп 
ойлаймыз. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы 
санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына 
түсінік береміз. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге 
оларды мектепке даярлайды.
Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, 
бай, күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс 
істеу керек» дегендей егерде біз аянбай жұмыс істесек, жан жақты дамыған елімізді 
көркейтуге ат салысатын болашақ білімді ұрпақ тәрбиелейміз. Ұсынылып отырған 
бағдарламада мектепке дейінгі мекеме педагогтарына маңызды міндеттер тұр, яғни баланың
ақыл ой қабілетін жетілдіру, логикалық ойлауын дамыту, өз пікірін, көз қарасын айтып 
жеткізе алатын, талқыға сала білетін, оны дәлелдей ала білетін қабілеттеріндамыту. 
Бағдарламада бала қызығатындай ойын түрлері, оларға қажетті көрнекіліктер сан алуан 
болғандықтан,ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, ойындағы тапсырманы орындауға 
деген қызығушылығы, ұжыммен тату тәтті ойнай білу мүмкіндігі анық байқалады. 
Мектептегі математикалық білімді меңгеруде көптеген балалардың қиналатыны 
белгілі. Мұның себебі көп. Солардың бірі математика пәніне қызығушылықтарының 
болмауы. Сондықтан да осы жас аралығында ойын арқылы 
математикалық ой- өрісін, 
қызығушылығын, 
арттырып, 
ішкі 
табиғи 
қабілеттерін 
дамытып 
жетілдіру 
керек.
Балабақшаға келген әр бір бала келешекте сауатты қызыға қарайтын жеке тұлға болып 
шығуы керек. Ол үшін әр бір баламен жұмыс істейтін педогог білімді, өз ісіне 
жауапкершілікпен қарайтын, баланы шексіз сүйетін, ойлампаз, белсенді, әр балаға 
творчестволық ыңғай таныта білетін, еңбекқор адам болу өте маңызды. Сондықтан әр 
педагог ойнап отырып, ой-өрісін дамитын ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, 
күннің екінші жартысында бағдарламаға сай балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 
әр-түрлі ойындарды пайдаланса жақсы нәтижеге жетеміз. Ойын процесінде кішкентай 
балаларды оқытуда біз ойын іс-әрекетіндегі қуанышын бірте-бірте оқу іс-әрекетіндегі 
қуанышқа ауысуына ықпал етуіміз керек. Сонда бала қуанып жүріп білім алады. Осы 
жастағы балалардың ойлаудың логикалық құрылымы қалыптаса бастайды. Ойын кезінде 


41 
41 
сұрақтың жауабын іздей отырып, өзінің ой қортындысын бір логикалық тізбекке құрады 
және қателесуден қаймықпай жинақтап қорту арқылы дұрыс жауапты табады.Санамақты 
көбінесе шағын топ құрып ойнауға болады. Айтуға оңай, жаттауға жеңіл. Бүлдіршіндерге 
сан үйретіп қана қоймай, тіл ширатуға да себін тигізеді.Ауыз әдебиетінің бұл түрі баланы 
диалог түрінде сөйлесе білуге, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге жаттықтыру ісінде 
басты рөл атқарады. Осы жастағы балаларға санамақтар жаттау арқылы тура, кері санай 
білуге үйретіп, сандарды бекітеміз. Санамақ арқылы көркем сөзді мәнерлеп жатқа айтуға 
жаттықтырып, еске сақтау қабілеттерін дамытамыз. 
Жоғарыда айтып өткендей қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеуде баланың 
жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға әр-түрлі методикалық әдіс 
тәсілді қолданудың маңызы зор. Сондықтан біз өзіміздің көп жылғы іс-тәжірибелерімізді 
пайдалана отырып балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Ойна да ойлан» вариативті 
бөлім бағдарламасын шығардық. Бұл бағдарламадағы ойындардың көбіне жаңа 
технологияларды пайдаландық. Мысалы: Математикалық сиқырлы- әлем бөлімі бойынша 
«Сандармен танысайық», «Қай затқа ұқсайды», «Поезд», «Үйшіктер», «Қанқызын тап», 
«Реттік санау деген не?», «Сиқырлы монеталар» атты оқу қызметтерінде интерактивті 
тақтаны пайдаландық.
Біздің жазып шығарған бағдарламадан күтілетін нәтиже: Тура және кері санауды. Уақыт, 
кеңістік туралы қарапайым ұғымдарды түсініп, геометриялық пішіндерді біліп оларды 
қоршаған ортадағы заттармен салыстыруды. Обьектінің түсімен, формасымен, өлшемімен 
тануды ,заттың кеңістікте орналасуын анықтауды (оң жақта, сол жақта, ортасында) Тәулік 
бөліктерін өзіне қатысты тұрғыда айта алады. Санау таяқшаларынан пішіндерді үлгі 
бойынша қоя біліп, шаршыдан ұшбұрыш, таяқша қосу арқылы ұшбұрыштан шаршы, 
шаршыдан тік төртбұрыш жасай біледі. Пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастырып, 
жапсырып өз ойын байланыстыра әңгімелеп жеткізе алады. Заттардың қасиеттерін 
ажыратады, сыртқы белгілері бойынша ұқсас және әр-түрлі заттарды таба алады. Қоршаған 
ортадағы заттарды салыстырады (заттардың қасиеттерін ажыраты, сыртқы белгілері 
бойынша ұқсас және әр-түрлі заттары таба алады). Қасиеттері ортақ заттарды бөлшектерге 
бөле алады. Әр-түрлі заттарға қатысты қандай да бір әрекетті қолдана алады. Дұрыс 
көрсетілмеген қарапайым әрекеттердің қателерін таба алады. Үлгі бойынша санап, екі 
топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап сөзбен баяндауды игереді. 
Үлкен, кіші, кішкентай деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды, 
затардың ұқсас белгілерін (көлемін) тауып сол белгілерін1-ден 5-ке дейінгі сандардың
құрамын, белгілі бір санның алдындағы, артындағы сандар туралы түсініктерді игеріп, осы 
сандарды, алып қоса алады. Игерген материалдарды есте сақтайды, елестетеді. Ойындық 
тасырмаларды өз бетінше орындау, соңына дейін тиянақты аяқтай білу дағдысын, қойылған 
сұраққа толық және байланыстыра жауап бере білуді, жолдастарының сөзін бөлмей тыңдай
білу дағдылары мен түсініктерді менгерді.Қиындықты жеңіп, мақсатқа жете білу 
дағдыларын меңгереді.Жұптасып, топтарға бөлініп жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   474




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет