Б. Х. Мусабаева 2 Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған


– жұмыс. Гомогенді реакциялардың тепе – теңдігін зерттеу



бет4/7
Дата26.08.2017
өлшемі0,75 Mb.
#29735
1   2   3   4   5   6   7

3.1 – жұмыс. Гомогенді реакциялардың тепе – теңдігін зерттеу



Жұмыс мақсаты: Ертіндідегі гомогенді реакциялардың тепе–теңдігін зерттеу.

Құралдар мен ыдыстар: 100 мл сыйымдылықты колба, сулы термостат, 100 мл сыйымдылықты конусты колба, пипетка.

Реактивтер: 0,03 М FeCl3,, 0,03 М KI, дистилденген су, 0,015 М натрий гипосульфит ертіндісі, мұз.

Берілген жұмыста қайтымды реакциялардың негізгі қасиеттерімен және төмендегі реакция мысалында химиялық тепе – теңдікті зерттеу әдістерінің бірімен танысады.





Жұмыс реті. Тығыз жабылатын 100 мл сыйымдылықты 4 құрғақ тығынды колба алады және нөмірлеп, келесі ертінділердің нақты концентрациясын құяды.


Ертінді

Колба 1

Колба 2

Колба 3

Колба 4

0,003 МFeCl3, мл

50

-

55

-

0,03 МKI, мл

-

50

-

45

Сонан соң колбаларды температурасы 25±0,2С сулы термостатқа 30 минутқа қояды. Титрлеуге қажетті 100 мл сыйымдылықты 8 конусты колбалар дайындайды. Әр колбаға 35-50 мл дистилденген су құяды және оларды суыту үшін мұзға қояды. 1 және 2 колбадағы сұйықтықтарды бір – біріне құйып, ал 10 минуттан кейін 3 және 4 колбадағыны. Ертінділерді құю кезеңін сағатпен белгілейді. Колбаларды тығынмен тығыз жабады және термостатқа орнықтырады. Колбаларды араластыру кезеңінен 25 минут өткен соң, термостаттан шығармай пипеткамен 15 мл ерітінді алып, титрлеу колбасына құяды. Ертіндіні пипеткадан титрлеу колбасына құю кезеңін сынама алу уақыты деп санайды.

Сынама алу уақытын 1 минутқа дейінгі дәлдікпен белгілейміз. Құйғаннан кейінгі бөлінген иодты титрі белгілі 0,015 М гипосульфит ертіндісімен титрлейміз. Гипосульфит ертіндісін ертінді ашық сары түске боялғанша қосады. Сонан кейін бірнеше тамшы крахмал ертіндісін тамызып, көк түс жоғалғанша титрлейді. Титрлеуден кейінгі біраз уақыттан соң пайда болатын ашық көк түс ескерілмейді. Пипетканы сынама аларда зерттелінетін ертіндімен шаймалау керек.

Сынама алғаннан кейін 30 минуттан соң әр колбадан қайтадан 15 мл ертінді алып, гипосульфитпен титрлейді. Кейін 40 минутан соң үшінші және т.б сынама алады. Әр колбадан қатарынан алынған екі сынамадағы иодты титрлеуге кеткен гипосульфиттің бірдей миллилитр мөлшері реакцияның тепе – теңдік күйге жеткен көрсетеді.

Есептеу келесідей жүргізіледі.

1. Тепе – теңдік кезінде иод концентрациясы келесідей болады:



мұндағы - гипосульфит ертіндісінің молярлығы; V1 – тепе – теңдік кезеңіңдегі иодты титрлеуге жұмсалған гипосульфит көлемі; V2 – алынған сынама көлемі, мл.

2. Реакция теңдеуі бойынша бір молекула иод және екі ион Fe2+түзілетіндіктен, Fe2+ионының концентрациясы екі еселенген иод концентрациясына тең болады, .

3. Реакция теңдеуі бойынша концентрациясының өсуі, Fe3+концентрациясы кеміуінетең болғандықтан, Fe3+ тепе – теңдік концентрациясы Fe3+ бастапқы және Fe2+ тепе – теңдік концентрациялар айырымына тең:



немесе




FeCl3 мөлшері оның бастапқы және ертіндімен араластыру кезіндегі сұйылту дәрежесімен анықталады:

мұндағыFeCl3ертіндісінің бастапқы концентарциясы, моль/л; а және b реакцияға қажетті FeCl3 және K Iерітінді мөлшері.

4. Iион концентрациясы келесідей теңдеумен есептейді:



мұндағы – бастапқы ертінді концентрациясы, моль/л.

Осындай ретпен тәжірибені басқа температурада да (мысалы, 40С) жүргізеді. KC есептеу екі температурада алынған екі ерітінді үшін жүргізіледі. Тәжірибелік нәтижелер мен есептеулерді кестеге жазады.
Кесте 3.1

Колба 1

Колба 2

зат

Колба

Колба

Колба

Колба

1/2

1/2

1/2

1/2

Сынама нөмірі

Сынаманы алу уақыты

Титрлеуге жұмсалған гипосульфит мөлшері, мл

Сынаманы алу уақыты

Титрлеуге жұмсалған гипосульфит мөлшері, мл

t1кездегі бастапқы концентрациясы

t2кезіндегі тепе–теңдік концентрациясы

t1кездегі бастапқы концентрациясы

t2кезіндегі тепе–теңдік концентрациясы

1

2

3






























Тәжірибелік жұмысқа тапсырма

Тәжірибе нәтижелері негізінде зерттелінетін реакциялар үшін екі температура кезіндегі орташа тепе – теңдік константасы мен жылу эффектісін Н есептеңіз.
3.2 - жұмыс. Химиялық тепе – теңдік

Жұмыс мақсаты: Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химиялық тепе – теңдікке әсерін зерттеу.

Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, шпатель.

Реактивтер: калий роданиді, темір хлориді.

Жұмыс реті. 4 пробиркаға 1 мл 0,3 М темір хлориді (III) - FeCl3 және 1 мл 0,6 М калий роданиді – KCNS ертінділерін құямыз. Сәл ғана пробиркаларды шайқап, ертінділерді араластырамыз. Барлық пробиркаларды штативке бекітеміз, бір пробиркадағы ертіндіні салыстыру үшін бақылау ретінде аламыз.

Ертіндіде қайтымды реакция орын алады:



Темір үш роданиді ертіндіге қызыл түс береді. Пробиркалардың біріне 1 мл FeCl3 0,3 M, басқасына 1 мл KCNS

0,6 M ертінділерін, үшіншісіне 2-3 микро шпатель KCl қосады. Барлық жағдайдағы түс қарқындылығының өзгеруін бақылау ертіндісімен салыстыра отырып белгілейді. Нәтижелерді кестеге толтырады.
Кесте 3.2

№ пробирка

Қосылған ертінді



Түс қарқындылығының өзгеруі (әлсіреуі, күшеюі)

Тепе – теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)

1

1 мл 0,3 MFeCl3







2

1 мл 0,3 M KCNS







3

2-3 микрошпатель

KCl







4

-






Байқалған құбылысты түсіндіріп, Ле-Шателье ережесіне сүйеніп сәйкес қорытынды жасаңыз.


Бақылау сұрақтары

1. Химиялық тепе – теңдік сипаттамасы.

2. Тепе – теңдік константасын тепе – теңдік концентрациялар және қысым арқылы өрнектеңіз.

3. Әрекеттесуші массалар заңын сипаттаңыз.

4. Егер жүйені идеалды деп қарастырсақ, КС және КР тепе – теңдік константталарына қандай факторлар әсер етеді?

5. Тепе – теңдік константасы температура мен қысымнан тәуелді ме және қалай?

6. A+BC+D химиялық реакциясы үшін КС және КР тепе – теңдік константалары арасында қандай байланыс бар, егер барлық реагенттер идеалды газтәріздес күйде болса?

7. Тепе – теңдік константасын есептеу жолдарын келтіріңіз.


Зертханалық жұмыс №4

Балқыма. Екі құрамдас бөлікті жүйенің күй диаграммасы
Жұмыстың мақсаты: Екі құрылымдық жүйені зерттеу, балқыманың кристалдану(қатаю) температурасын анықтау, салқындату қисықтарын сызып және күй диаграммасын құру.

Аспаптар мен ыдыстар: Термометрлер, секундомер, электрлік плита, қыздыратын суы бар ыдыс, жай техникалық таразы, колбалар мен пробиркалар, реактивтер, фенол-су, фенол-нафталин, нафталин-дифениламин, несеп нәрі-резорсин, бензол қышқылы және басқа да қолда бар жеңіл балқитын органикалық қосылыстар.

Жұмыс реті: Көптеген жағдайларда органикалық қосылыстардың балқу температурасы жоғары бола бермейді. Мұндай жүйелердің термиалық талдауын лабараториялық жағдайда, кәдімгі пробиркамен термометр көмегімен жүргізуге болады. Ол үшін біренше пробирканы алып, 1-інші мен соңғығы таза 2 органикалық затты, ал аралық пробиркаға осы қосылыстың әртүрлі проценттік қатынаста алынған қоспаларын салады да оларды ортасындағы тесігі арқылы термометр өткізілген тығынмен тығындайды.Термометрдің сынапты ұшы балқитын затқа еніп яғни ішінде қоршалып, тұруы керек. Енді ішінде қатты органикалық зат және олардың қоспасымен термометрі бар, тығындаулы пробирканы не спиртовка жалынымен,не қайнаған ыстық сумен, не қыздырылған маймен жылытып, ішіндегісін толық балқытады. Сонан соң бұл пробирканы өзінен жуандау пробиркаға салып,ондағы температураның төмендеуін,секундомер көмегімен әрбір 30 сек сайын өлшеп,бақылайды.Алынған деректерді ,әуелі не крест не бағана түрінде жазып,сосын мұның негізінде температура-уақыт координатында сызба жасап,салқындатқыш қисықтарын алады.Онда 1 градусты 1 миллиметрге, әрбір 30сек. 1 милиметрге тең деген жөн.Қоспаны қолдағы бар қатты органикалық заттардың, ретіне орай әрбір 2,4,6,8,10 грамдықты 100%-ке балап, есептеуге болады.Және оның реті 1 кестеде берілген.

Құрылымдық бөліктер

Қоспа құрамы (балқыма),%

Қоспа салмағы

1

2

3

4

5

6

7




А

100

80

60

50

40

80

0

2-10

Б

0

20

40

50

60

20

100



Тәжірибе кезінде алынған деректерге сүйене отырып, кристалдану температурасы-құрам координатына күй диаграмассын тұрғызады.

Диаграмма құрастыруға арналған деректер. 2-кесте.

Балқыма реті

Кристалдану жүрісі (сипатты нүктелер)

1

2

3



4

5

6



7

Кристалданудың басталуы,°С

Кристалдану соңы,°С








Бақылау сұрақтары:

1.Көрініс-фаза, құрамдас, еркіндік дәрежесі жайлы түсінік.

2.Гибсстің көріністер дәрежесі.

3.Көріністер арасындағы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайы.

4.Кристалдану температурасы, салқындату қисықтары.

5.Термиялық талдау, балқыма күй диаграмма түрі.


Зертханалық жұмыс №5

Үш құрамдас бөлікті жүйе ертінділердің өзара ерігіштігін зерттеу

Жұмыс мақсаты: Берілген сұйықтың өзара ерігіштігін анықтап, ерігіштік диаграммасын тұрғызу.

Жабдықтар мен ыдыстар: Тығынды пробирка – 8, бюретка – 3, 50 мл бөлу құйғыштары, 30-50 мл тығынды колба – 2 дана.

Реактивтер. А- ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы, диоксан, В – бензол, толуол, ксилол, хлороформ, төрт хлорлы көміртек, С -таза су.

Жұмыс реті: Үш құрамдас бөлікті жүйенің ерігіштігін, әр түрлі құрамдағы екі сұйықтың гомогенді қоспасын, үшінші затпен титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеуді лайланғанша не ерімейтін қабаттың алғашқы тамшысы пайда болғанша жүргізеді, лайдың көрінуі екінші фазаның түзілуін, гомогенді жүйенің гетерогендіге түрленгенін нұсқайды. Мұны асқан сезімталдықпен байқап, мұқият қадағалау нәтижесінде анықтайды. Ол үшін осы тәжірибе жүргізеді. А мен В қоспаларын С затымен және А мен С қоспаларын В мен титрлейді (лаборант не оқытушы нұсқауымен). Бөліну аймағын көрсететін қисық айқын болу үшін, мына құрамдағы екі сұйық қоспасын әзірлеген жөн.



А

В


2

8


4

6


5

5


6

4


8

2


8,5

1,5


9

1


9,5

0,5


А

С


2

8


4

6


5

5


6

4


8

2


8,5

1,5


9

1


9,5

0,5


Әрбір сұйықты жеке - жеке бюреткаға құяды. Әуелі А мен В сұйықтарын кестедегі реті бойынша бірнеше колбаға қоспалар жұбын бюреткадан құйып, әрқайсысын С заты бар бюреткамен титрлеп, оған кеткен мөлшерін анықтайды, сонан соң екінші А мен С қоспаларын дайындап, оларды да В құйылған бюреткамен титрлейді. Бұлардың нәтижесін кестеге жинақтайды:

Реті



Көлемі, мл

Көлем қосындысы

ΣV


Көлемдік үлес, %

VA VB VC

VA/ΣV*

100%


VB/ΣV*

100%


VC/ΣV*

100%


1

2

3



4

5
























Бақылау сұрақтары

  1. Үш құрамдас жүйенің құрамын Гиббс және Розебом әдісі бойынша қалай көрсетеді?

  2. Біреуі шекті және екеуі өзара шексіз еритін сұйықтарға арналған ерігіштік диаграммасы қандай болады?

  3. Екі және үш сұйықтардың ерігіштік диаграммаларының айырмашылығы неде?

  4. Шегіне жеткен межелі нүкте деген не?

  5. Егер берілген құрамдағы нүкте қисықтан аулақ, қисықтың өзінде және межелі нүктеде болса, жүйедегі еркіндік дәрежже саны қандай болады?

  6. Жанасқан қабат пен межелі нүкте жағдайындағы құрамды анықтау үшін тәжірибе кезінде қолданылатын иін ережесінің мәні неде?


Зертханалық жұмыс №6

Гальваникалық элементтің Э.Қ.К өлшеу
Жұмыс мақсаты: пайдаланылатын ерітінділердің активтігіне тәуелді гальваникалық элементтің Э.Қ.К анықтау, алынған нәтижені Нернст теңдеуімен есептелінген деректермен салыстыру.

Аспаптар: Микровальтметр, Якоби-Даниэль элементіне арналған ыдыс, электролиттік көпір, мыс, мырыш-электродтары, ЭВЛ-1М3 хлоркүмісті салыстыру электроды, көлемі 50-100 мл стакандар. Реактивтер: мырыш және мыс сульфаты (0,1-1,0 моль/г), қаныққан калий хлориді, қаныққан азот және тұз қышқылдары, түрпі қағазы. Бірінші тапсырма. Якоби-Даниэль элементінің Э.Қ.К өлшеу. Жұмыс реті: электродтарды әзірлеп, олардың беткі қабатын түрпілі қағазбен тазалап, сумен шаяды, мыс электродын бірнеше минут азот қышқылына (1:5), ал мырышты– осындай концентрациядағы тұз қышқылына батырады да электродтарды таза сумен мұқият жуады. Оқытушының нұскауымен мыс пен мырыш сульфаттарының ерітінділерін әзірлеп, Якоби-Даниэль элементінің бірнеше түрін құрастырып, ЭҚК өлшейді. Осы орайда, бір ерітінді ішінде және екі ерітінді электролиттік көпір арқылы өлшеп, диффузиялық потенциалды салыстыра отырып, бағалайды.

E0 = ECu2+,Cu0 – EZn2+,Zn0


Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтайды.

Тізбек сұлбасы


Еесепт


Етәж



Салыстырмалы қателік,%














Бақылау сұрақтары:

  1. Тарамдылық және химиялық гальваникалық тізбек дегеніміз не?

  2. Гальваникалық тізбектерге арналған Нернст теңдеуі?

  3. Гальваникалық тізбектердің ЭҚК термодинамикалық потенциалымен қалайша байланысқан?

  4. Диффузиялық потенциал дегеніміз не және оны қалай кемітеді?


Зертханалық жұмыс№ 7

Әлсіз және күшті электролиттердің электрөткізгіштігін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Меншікті және эквиваленті электрөткізгіштің ертінді концентрациясынан тәуелділігін анықтау, сондай-ақ әлсіз электролиттер үшін диссоциациялану дәрежесін және константасы мен күшті электролиттер үшін электрөткізгіштік коэффициентін анықтау

Аспаптар мен реактивтер: Кондуктометр S-230, термостат, 10мл. пипетка, 5стакан көлемі—100мл.,

Жұмыс реті: Электрөткізгіштікті анықтайтын ыдысқа 20 мл зерттелінентін ертінді құяды.Ыдысты термостатқа салып, онда 10— 15 мин ұстайды, кейін ертіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Өлшеуден кейін ыдыстан пипеткамен 10 мл ертінді алады және 10 мл дистилденген су қосады. Су температурасыда ертінді температурасындай болу керек, ол үшін сулы колбаны да термостатта ұстайды. Бір 10 мл пипетка ертінді алу үшін, екіншісі— су үшін.

Ертіндіні сұйылтқаннан кейін жақсылап араластырып, термостатта 2—3 мин ұстайды, ертіндінің өткізгіштігін өлшейді. Сұйылту операциясын 5—6 рет қайталайды.

Тәжірбие және есептеу нәтижелерін кестеге жазады.


№ Өлшеу реті

Ертінді концентрациясы, с

G



λ
























Әр концентрация үшін тауып, меншіктіжәне эквиваленттті λ электрөткізгіштікті анықтайды.



где - меншікті электрөткізгіштік;

- датчик тұрақтысы;

- ертінді өткізгіштігі.

Эквиваленттті λ электрөткізгіштікті

Күшті электролиттер үшін эквивалентті электрөткізгіштіктің концентрациядан λ - √с коорди­натасында тәуелділік қисығын тұрғызады және алынған қисықты ординат осімен қисылқанша экстраполярлау арқылы, шексіз сұйытылған кездегі электрөткізгішті анықтайды. Әлсіз электролит үшін келесі теңдеумен анықтайды:





, катион мен анион қозғалғыштығы

Кейін әр ертінді үшін электролиттік диссоциация дәрежесі мен констан­тасын анықтайды.

- сұйылту кезіндегі эквивалентті электрөткізгіштік

Алынған және графикалық әдіспен табылған мәндерін сәйкесінше теңдеумен есептелінген мәндерді салыстырады.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет