Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды. Құрастырушылар



бет2/52
Дата20.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#104340
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Тұлғаның өзін-өзі өзектендірумен өзін-өзі іске асыру негіздері
Architecture of computer systems, Architecture of computer systems
1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:

Педагог-психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы, Психологиялық қызмет, Мектептегі медиация




1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:

Магистратура деңгейіндегі психологиялық-педагогикалық пәндер


2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

4

7

30

30

30

90

компьютерлік тест


3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптар атауы

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

I

1-модуль Өзін-өзі тану негіздері және акмеология

Дәріс







1.1 Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі

4

1,2 апта

1.2 Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінің акмеологиялық негіздері

4

3,4 апта

1.3 Кəсібилікті дамытудың жалпы жəне ерекше акмеологиялық факторлары

2

5 апта

1.4 Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың мәні, мазмұны және құрылымы

2

6 апта

1.5 Тұлғаның акмеологиялық мәдениетін дамыту

2

7 апта

1.6 Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру. Тұлға және шығармашылық

2

8 апта

Практикалық (семинар) сабақтар







1.1 Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде

4

1,2 апта

1.2 Өзін-өзі өзектендіру жолдары (А.Маслоу)

4

3,4 апта

1.3 Өзін-өзі тану мен акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мәні

2

5 апта

1.4 Тұлға және шығармашылық

2

6 апта

1.5 Адамның мансабы оның өзін-өзі тануының шарты мен деңгейі ретінде

2

7 апта

1.6 Кәсіби акмеологияда креативтілікті дамытудың психологиялық негіздері

2

8 апта

1 модуль бойынша барлығы

32




1 модуль бойынша бақылау түрі

ауызша сұрау, тест



2-модуль Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы

ІІ

Дәріс







2.1 Қазіргі жоғары білім берудегі акмебағдарланған технологиялар

4

9,10 апта

2.2 Өзін-өзі тану, тәрбиелеу әдістері

2

11 апта

2.3 Қарым-қатынас мәдениетін дамыту

2

12 апта

2.4 Педагогтың кәсіби компетенттілігі

2

13 апта

2.5 Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі

2

14 апта

2.6 Мұғалімнің педагогикалық стилінің жеке даралығы

2

15 апта

Практикалық (семинар) сабақтар







2.1 Қазіргі жоғары білім берудегі акмебағдарланған технологиялар

4

9,10 апта

2.2 Педагогтің жеке тұлғасы

2

11 апта

2.3 Қарым-қатынас мәдениетін дамыту

2

12 апта

2.4 Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы

2

13 апта

2.5 Педагогикалық қалыптасудағы өзін-өзі дамытудың маңыздылығы

2

14 апта

2.6 Өзін-өзі тану әдістері

2

15 апта

2 модуль бойынша барлығы

28




2 модуль бойынша бақылау түрі

ауызша сұрау, тест







БАРЛЫҒЫ

60





4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

болашақ педагогтардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуы, оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету жөнінде теориялық білім мен практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыру.


5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

А) білім алушылардың оқыту процесі кезінде алған білімін, білігі және дағдысын кәсіби қызметте қолдана алуы.

В) курстың методологиялық, теориялық, практикалық негізін білуі, оқытудың белсенді әдістерін таңдай білуі керек.

С) мектепті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғышарттарын және мектеп құжаттарының негізгі түрлерін өз практикасында қолдана білуі.



6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)




Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері
ОН -4, ОН -1


Өзін-өзі тану ғылымының теориялық негіздерін,

терминдерін

білуі және түсінуі


Өзін-өзі кәсіби, тұлғалық іске асыру мен дамытуда құзыретті шешімдер әзірлеу үшін білім беру саласында біліктіліктер мен дағдыларды қолданады


Өзін-өзі тану саласындағы нормативтік - құқықтық, оқу-нұсқаулық, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттарын әзірлей, саралай алады



- білім беру

мекемесінің біртұтас жүйесі аясында диагностикалық, талдамалық және жобалау қызметтерін жаңаша құрастыра алу




Өзін-өзі өзектендіру, жетілдіру, кәсіби іске асыруға қабілетті


7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:

интерактивті сабақтар, интерактивті дискуссия, тренинг, кластер, ойлан, жұптас, пікірлес, еркін жазу, БББ, дөңгелек үстел, пікірталастар ZOOM, YouTube, Classroom, Teams,Meat Univer, Moodle curs


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:




ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде

Мәнжазба

1 апта



2 апта

сейсенбі 14.40



2

Өзін-өзі өзектендіру жолдары (А.Маслоу)

Баяндама

2 апта



3 апта

сейсенбі 14.40



3

Өзін-өзі тану мен акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мәні

Баяндама

3 апта


4 апта

сейсенбі 14.40



4

Тұлға және шығармашылық

Мәнжазба

4 апта


5 апта

сейсенбі 14.40



5

Адамның мансабы оның өзін-өзі тануының шарты мен деңгейі ретінде

Жоба қорғау

6 апта


7 апта

сейсенбі 14.40



6

Кәсіби акмеологияда креативтілікті дамытудың психологиялық негіздері

Баяндама

8 апта


9 апта

сейсенбі 14.40



7

Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың мәні, мазмұны және құрылымы

Мәнжазба

10 апта

11 апта

сейсенбі 14.40



8

Тұлғаның акмеологиялық мәдениетін дамыту

Мәнжазба

12 апта

14 апта

сейсенбі 14.40



СӨЖ тапсырмалары

1

Қазіргі жоғары білім берудегі акмебағдарланған технологиялар

Мәнжазба

2 апта



3 апта

сейсенбі 14.40





2

Өзін-өзі тану әдістері

Мәнжазба

3 апта



4 апта

сейсенбі 14.40



3

Қарым-қатынас мәдениетін дамыту

Мәнжазба

4 апта


5 апта

сейсенбі 14.40



4

Педагогтың кәсіби компетенттілігі

Презентация

6 апта


7 апта

сейсенбі 14.40



5

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі

презентация

8 апта


10 апта

сейсенбі 14.40



6

Мұғалімнің педагогикалық стилінің жеке даралығы

Презентация

13 апта


15 апта

сейсенбі 14.40





8. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

8.1 Дәрістер

1. Дәріс: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі

Сағат саны: 4

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік

2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік

3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні



Дәріс тезисі

Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” – деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.

Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол 7 табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, … “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет