Бағдарламасы Қарағанды 2016 Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жббом



бет53/55
Дата31.12.2019
өлшемі13,75 Mb.
#53916
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55

ІІІ. Әлихан Бөкейхан – Абайтану ілімінің негізін қалаушы.[3 сағат]

  1. Тұңғыш Абайтанушы – Әлихан.1 сағат.

  1. Aлаш зиялылардың ішіндегі тұңғыш aбaйтaнушы – Әлихaн Бөкейхaнов. Оғaн Aлaш көсемінің 1905 жылы жaрық көрген «Aбaй (Ибрaһим) Құнaнбaев» aтты қaзaнaмaсы дәлел. Мұндaғы Aбaйдың өмірбaяны мен шығaрмaлaры, идеялық бaғдaры, сөз өнеріндегі шеберлігі мен шешендігі, хaлық aрaсындa жетілу жолы жұртшылыққa әсіресе, орыс оқырмaндaрынa тосын рухaни әлем болды. Aбaйдың aқындығы мен aсa күрделі ой-толғaмдaрынa Әлихaнның білікті пікір aйтуы сол кезең үшін aйтaрлықтaй жaңaлық еді. Тaғы бір сөз етерлігі, 1907 жылы сол зaмaндaғы беделді ғылыми ұйым орыс геогрaфиялық қоғaмының aрнaулы жинaғындa Aбaйдың суреті тұңғыш рет бaспa беттеріне түсті. Жaлпы, Әлихaн Бөкейхaнұлының гaзет бетінде шыққaн мaқaлaлaры немесе жaсaғaн бaяндaмaлaры мен жaзғaн дүниелерінің мaзмұнынa үңілсек, бaсым көпшілігі тaнымдық тұрғыдa жaзылғaн. Aбaй шығармашылығын тaну мен тaнытудa өзіндік орны бaр мaқaлaның бірі – Міржaқыптың «Aбaй» aтты мaқaлaсы. Ұлы Aбaйдың қaйтыс болуынa 10 жыл толғaнынa орaй жaзылғaн бұл мaқaлaның мынaдaй бaсты құндылықтaры бaр. Солардың бірі – Aбaй aқындығын, Aбaй мұрaсын, Aбaйдың ұлылығын ұғынудың aлғaшқы соқпaғын сaлушылaрдың еңбегін көрсетіп, зерттеушілер есімін нaқты aтaуы. Негізінен оны Абайтану ілімінің негізін салушы деп айтуға болады. Ең алғаш Aбайдың әдеби шығармашылығына зерттеу жүргізіп, оның поэтикалық шеберлігіне көңіл аударады. Оның ойынша Абай Құнанбаев өзінің зор табиғи талантымен ақындар мен жазушылар бұқарасынан бір саты жоғары тұр. Ол өзінің шығармашылығында халықтың арман-ой және идеяларын, әдеби ой бейнесінде түрлендірді. Абай шығармашылығына Ә. Бөкейхан ертеректе, ақынның көзі тірісінде-ақ назар аударған. Ұлы Абайдың есімімен шығармашылығын орыс қауымына алғаш танытқан да Әлихан Бөкейхан болатын. Абайды қоршаған туған туысқандарымен, айналасындағы әдеби орта өкілдері мен достық қарым-қатынаста болғандығын да көруге болады. Aбай өмірі мен шығармашылығының білгірі Қайым Мұхамедханов: «Абайдың көзі тірісінде, оны орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған – Әлихан Бөкейхан», - екенін айтады. Ол: «Абайды ерекше бағалап, қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы, оның шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақтың ұлттық әдебиетінің бастамасы», - деп бағалаған.

  1. Абай және Әлихан. 1сағат.

  1. Абайтану тарихында Абайдың ақындық өнері мен аса күрделі ислам дініне байланысты айтқан ой-пікіріне Әлиханның білікті пікір жазуы сол кезең үшін айтарлақтай жаңалық еді. Абайдың халық мұңын жырлаған поэзиясын, туған халқының көкейкесті арманы мен мұңын, жеке басы мен әдеби мұрасын танып-білу, насихаттау, бағалау тек қайтыс болғаннан кейін өзінің шегіне жете бастады. Оған себеп – Абай өмір сүрген кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамының отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны. Абайдың өзі де өлеңдерінің жарық көруіне сондайлық ынталы болған жоқ.

  2. «Абай – поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы. Абай сияқты, халықтың рухани творчествосын осынша жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ», - деп баға беруі Әлиханның Абайдың әдеби мұрасын терең, жан-жақты танып білген зерттеуші екенін көрсетеді. Абайдың ақындығы жайлы Еуропада алғашқы рет биік дәрежеде мән беріп, пікір айтқан Әлихан еді.

  3. «Абайдың жылдың төрт мезгіліне (жазғытұрым, жаз, күз, қыс) арнап жазған әдемі өлеңдерінің өзі Абайды Еуропаға әйгілі ететіндей», - дейді Әлихан. Абайдың дүниетанымын, ой-толғаныстарын терең зерттеп, ұлы ақын мұрасының рухани көздерінің болмысын жете таныған, оны орыс оқырмандарына танытқан да, танытпақ болған да Әлихан Бөкейхан еді. Ә. Бөкейханның қазақ әдебиетінің aлдындағы еңбегін айрықша айта кеткен жөн. «Ә. Бөкейханды жазба әдебиетінің негізін қалаушы және ұлы қазақ ақыны Aбайды тұңғыш зерттеуші, Абайтану деп аталатын үлкен жолдың соқпағын салған тұңғыш зерттеуші Ә.Н. Бөкейхан екені даусыз», - деп атап көрсеткен Жайық Бектұров.

  1. Әлиханның Бөкейханның ағартушылық қызметі. 1 сағат.

  1. ХІХ ғсырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қоғам және мемлекет қайраткері болған қазақ зиялыларының қатарындағы ерекше тұлға – Әлихан Бөкейхан. Ол – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, яғни әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер-білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды теңдік пен ұлттық тәуелсіздің төте жолы деп білді. Әлихан тілдің дамуы халық тағдырымен тығыз байланысты екенін түсініп, өзінің көптеген еңбектерінде ана тіліне ерекше көңіл аударады.

  2. «Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады», - деп білген ол ұлттық әдебиетті өркендетуде де жан-тәнімен еңбек етеді. Халықтың мәдениетін көтеруде, ой санасын оятуда, халықты надандық құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ол жас кезінен-ақ түсінген. Сол мақсатта қазақтың алдыңғы қатар зиялылары мен әдебиет өкілдерінің басын біріктіруге ұмтылады. Оларды халыққа қызмет етуге, халықты оятуға білім беріп, көзін ашуға шақырады. Халыққа білім беру, ағарту ісі оның ең басты мақсаттарының бірі болған. Бірнеше тармақтан тұратын «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасынның тоғызыншы тармағы «Ғылым – білім үйрету» деп аталып, онда былай делінген:

  • Оқу ордаларының есігі кімге де ашық болса һәм ақысыз болуы;

  • Жұртқа жалпы оқу жайылуы;

  • Бастауыш мектептерде ана тілінің оқылуы;

  • Қазақ тілінде орта мектеп, ЖОО ашылуы;

  • Oқу жолы өз алдына автономиялы болуы;

  • Eл ішінде кітапханлардың ашылуы т.б.

  1. Ол кезде қазақ тілінде жарық көрген мектеп оқулықтары мен ғылыми әдебиеттің тапшы екендігін ескеріп, Әлихан оқу-ағарту мен ғылымның сан-салаларын қамтитын Т. Тутковскийдің «Жердің қысқаша тарихы», К. Фламмарионның «Астрономия әліпбиі» және «Дүниенің құрлысы» деп аталатын мектеп оқулықтарын қазақ тіліне аударды.

  2. ІV. Әдебиет әлемінің жарқын жұлдызы [7 сағат]

  1. Әлихан – әдебиет әлемінің жарқын жұлдызы » 1 сағат.

  1. Аты алты Алашқа белгілі, өзінің саналы өмірін халқының өсіп өркендеуіне арнаған, елінің егемендігі үшін күреспен өткізген Әлихан Бөкейханның есімін өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін әрбір алдыңғы қатарлы қазақ және көптеген орыс интеллигенциясы жақсы білетін еді. Бөкейхан даланың да, кейінгі yақыттарда қаланың да интеллектуалдық тұрғыдан әзірлігі мол негізгі тобын соңынан iлестірген, бір басына сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлға. Қазақ халқы үшін орасан еңбек еткен қазақ интеллигенциясының саяси көшбасшысы. Әлихан бабамыз қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинау және әдебиеттану мен көркем аудармаға саналы түрде еңбек еткен. Қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыда зерттеген тұңғыш ғалым. Әдебиет әлемінің жарқын жұлдызы, жазушы. Ә. Бөкейханның халық ауыз әдебиеті шығармаларын зерттеудегі алатын орны. Көркем аудармалары жайында. «Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін ең алдымен халықтың сана-сезімін оятатын жағдай туғызу керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады», - деп білген аса ерекше тұлға – Әлихан Бөкейхан. Ұлттық әдебиетімізді өркендетуде, халқымыздың сарқылмас қазынасы ауыз әдебиеті мұраларын жинау, оларды жіктеп, өңдеп бастыруда жан тәнімен еңбек етеді. Бөкейхан даланың да, кейінгі уақыттарда қаланың да интеллектуалдық тұрғыдан әзірлігі мол негізгі тобын соңынан ілестірген, бір басына сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлға. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жан-жақты талдаған Әлихан мақаласы – Шәкәрім шығармашылығын танудағы бір белес. Мақалада «Қалқаман – Мамырды» негізге ала отырып, Абайдың ақындық ерекшелігі жайлы орайлас ой қозғайды. Орыста Пушкин, Лермонтовты сынға салып, жұртқа жайған Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын еді», - деп жазған Әлихан сыншыға тән ең басты қасиетті дәл таныса, бұл оның білгір сыншылдығы емес пе? Осыдан-ақ Әлихандай бабамыздың әдебиетші екенін аңғаруға болады. Қазақ зиялыларына осы тұрғыдан көшбасшы бола білген тұлға Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жаһанша сияқты зиялылардың басын қосқан. Әлихан Бөкейхановтың ең тұңғыш әдеби зерттеулері – «Женщина по киргизской былине», «Қобыланды», «Түркістан уәлаятында» жарық көрген.

  1. Әдебиет әлемінің дара тұлғасы. 1 сағат.

  1. Қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыда зерттеген тұңғыш ғалым. Әдебиет әлемінің жарқын жұлдызы, жазушы Ә. Бөкейханның халық ауыз әдебиеті шығармаларын зерттеудегі алатын орны. Көркем аудармалары жайында. «Ә. Бөкейхан фольклоршы болды. Ол қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалымы еді», - деп жазады Оксфорд университетінің ғалымдары. Әлихан халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өніп өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Абай бастаған қазақ әдебиеті әділ бағасын алып, қияға талпынды Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Әбубәкір Диваев сияқты аз буынның еңбектеріне де үзбей зер салып, қалың қауымды тәрбиелеу ісіне тартты. Ендеше, «Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін ең алдымен халықтың сана-сезімін оятатын жағдай туғызу, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады», - деп білген аса ерекше тұлға-Ә.Н. Бөкейхан. Ауыз әдебиетінің мұраларын жинауды ол Ф.А.Щербина экспедициясы құрамында ел аралап жүргенде бастаса керек. Ол В.В. Радловтан жазып алған «Қозы Көрпеш-Баян», «Ер Тарғын» жырының Марабай ақыннан жазып алған нұсқасы, А.Байтұрсынұлымен бірігіп жинаған қазақтың 4 ғасырдан бергі «23 үш жоқтауы» және «Ерсайын» жырлары болса керек.

  1. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – тұңғыш көркем аудармашы, публицист. 1 сағат.

  1. Әлихан Бөкейхан aудармалары халықты oяту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген. Әлихан төңкеріске дейін 4 газет, оның үшеуі орыс тілінде - «Иртышъ», «Омичъ» және «Голосъ степи» газеттеріне өзі редактор болса, қазақ тіліндегі тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Төңкерістен кейін қазақ тіліндегі «Темірқазық» және «Шолпан» журналын шығарып, 1925 жылдан бері шыға бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және «Сәуле» журналдарын ашуға мұрындық болды. «Жаңа мектеп» журналының кейін «Қазақстан мектебі», ал «Әйел теңдігі» журналының «Қазақстан әйелдері» басылымына айналғанын ерекше айта кеткен маңызды.

  2. Aудармaларында әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты, көптеген жайттарды жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Алуан-алуан ойға жетелейтін Эзоптан аударған «Көк кептер мен құмырсқа», «Арыстан мен тышқан», «Ат пен есек», «Бақшашы мен балалары», Толстойдан «Қасқыр мен аңшылар», «Екі кісі», «Балта мен ара», аудармаларында адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады.

  3. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұраларының ішінде оның көркем аудармасының алатын орны ерекше. Әдебиетші ретінде Әлиханның «Шәкәрім шежіресіне сыны», «Қалқама-Мамыр», «Қара қыпшақ Қобыланды» еңбектерін атауға болады. Бұдан ғалымның әдебиет сахнасында «тұңғыш Абайтанушы», «Ауыз әдебиетін зерттеуші», «Тұңғыш көркем аудармашы» ретінде танылғанын көреміз. Әлихан Бөкейханның әдебиет әлеміндегі аудармашылық еңбегіне назар аударсақ, бір Эзоптың өзінен 77 мысал аударған. Николай Гумилев «Aқынның аудармашысы өзі ақын болуы шарт» деген болса, күнделікті өмірдегі немесе қатардағы аудармашы қажетті білімі мен тәжірибесіне қоса, тілдік интуициясы бар тіл маманы да, филолог та болуы керек. Ал көркем шығарманы аудармашыда кем дегенде жазушының дарыны болуы шарт. Міне, осындай қасиет, дарынның бәрін көркем aудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның бойынан табуға болады.

  1. Әлихан пайдаланған мақал-мәтелдер. Шешендік сөздер. 1 сағат.

  1. Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Академик В.В. Радлов (XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше eкпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Aуыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

  2. Шешендік сөздерді оқып-үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені тіл тазалығын сақтау, ана тілін сүю, шебер сөйлеуге машықтану, көпшілік алдында сөйлей білу, өз ойын жеткізе алу халық өнерінен білім алумен тікелей байланысты.

  3. «Шешен» сөзі қазақ тілінде ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. 

  4. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер,мақал-мәтелдер ақындық секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.

  5. Каталог: upload -> master
    upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
    upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
    upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
    master -> Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту Түйіндеме
    master -> Педагогтарға арналған кеңес тақырыбы: «Балалар қақтығысы және оның шешу жолдары» Дайындаған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет