Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

7.  Бенедикт Спиноза: тиянақты ой 
және байыпты тұжырым
Спиноза  жеккөрінішті  атеист  деп  те,  санасына  тек  Құдай  ғана  ұялаған 
діндар  деп  те  сипатталады.  Бір  адамның  бір  уақытта  осындай  екі  түрлі 
болуы,  әрине,  мүмкін  емес.  Шын  мәнінде,  Спиноза  өз  бойында  Құдайды, 
табиғатты  және  адамдарды  қамтитын  біртұтас  рухани  тұтастықты  қалып- 
тастыруға  талпынған  рационалды  пантеист  еді.  Оның  дәлелдері  өте  дәл 
және жүйелі  болатын.  Олар  көп  жағынан  алғанда  Евклидтің теоремасына 
ұқсас-тұғын.
Әр дәуір алғашқы  қарапайым  пайымдардан алынған салмақты да  мұқият 
ойластырылған дәлелдерге негізделген  кешенді философиялық жүйелер  құ- 
руға  ұмтылған  философтарымен  әйгілі.  Спинозаның  философиялық  ойлары 
адамдар үшін осындай  маңызды  рөл атқарды.
Спиноза  дүниеге  келер  алдында  ғана  Голландия  ой  еркіндігі  принципы 
жариялады. Осы шағын ел сенімдері немесе пікірлері үшін қудаланғандардың 
бәрі  пана тапқан  қасиетті  орынға айналды.  Сонымен  қатар  Голландия  ради- 
калды  ойшылдар  ең  құрығанда  өздерінің  кітаптарын  басып  шығара  алатын 
жалғыз ел  еді.  Басқалармен  бірге Спинозаға да осы жарияланған еркіндіктің 
шапағаты тиді.
Өмірі
Бенедикт Спиноза  1632 жылы дүниеге келді.  Ол философ,  математик және 
ғалым  еді.  Спиноза  білім  жүйесіндегі  төңкеріс  арнайы  мамандандыруды 
қажеттілікке айналдыра  қоймағандықтан,  барлық студенттер оқу пәндері- 
нің  кең шеңберін  зерттеу  мүмкіндігіне  ие болған  уақытта  өмір сүрді.
Спиноза  жарық  дүниенің  есігін  Амстердамда  ашты;  оның  ата-анасы 
мұнда  инквизицияның  қудалауынан  бас  сауғалап,  Португалиядан  қашып 
келген-ді.  Ол  сол  замандағы  еврей  баласы  үшін  әдеттегі  деңгейде  білім 
алды.  Спиноза  көптеген  еврей  ойшылдарының  еңбектерін  зерттеді.  Оған

Бенедикт Спиноза: тиянаңты ой жэне байыпты тужырым
105
ортағасырлық  еврей  философы,  теологі  және  дәрігері,  ақыл  мен  сенімді 
бір  бастауға  тоғыстырып,  еврей  философиясын  Аристотель  ілімімен  жа- 
қындастыруға  тырысқан  Муса  (Моисей)  Маймонидтің  еңбектері  үлкен  ық- 
пал  етті.  Спиноза  каббаланы  да  білді.  Бірақ  ол  көп  ұзамай  дінді  бұзушы 
деп  айыпталып,  синагогадан  жиырма  төрт  жасында  қуылып,  линзаларды 
жалтыратумен  айналысып  күнін  көрді.  Оның достары  радикалдық  протес- 
тантизмді  үстанды.  Спиноза  меңгерген  алғашқы  тіл  испан  тілі  болған  се- 
кілді.  Сонымен  қатар  ол  португал,  латын  және  грек тілдерін  айтарлықтай 
тез  игерді.  Сондай-ақ  француз,  итальян,  иврит  және  голланд  тілдерін  де 
білетін.
Спиноза  1660 жылы Лейденге қоныс аударды.  1663 жылы  Гаагаға көш- 
ті.  Оның  алғашқы  еңбегі  -   «Ақылды  жетілдіру  туралы  трактат».  Осы  ең- 
бектің  жазылуына  Рене  Декарт  ықпал  етті.  (Бірақ  бұл  еңбегінде  Спиноза 
картезиандықты  сынады  да.)  Оның  келесі  еңбегі  -   «Этика».  Бұл  туынды- 
сында  өзінің  ойлар  мен  іс-әрекеттер  еркіндігін  пайдалануға  батылы  бар- 
май,  жасырын  есіммен  жариялады.  Голландия,  біз  атап  өткендей,  басқа 
еуропалық  мемлекеттерде  бар  цензурадан  азат,  салыстырмалы  түрде ли­
берал  мемлекет  еді.  Осыған  қарамастан,  Спинозаның  бұл  кітабы  голланд 
қоғамын  да  абыржытты.  Бұл  кітап  қатты  сыналды  да,  Спиноза  енді  еште- 
ңе  жарияламаймын  деп  шешті.  Ол  «Этиканы»  аяқтап,  «Діни-саяси  трак- 
татты»  жазуға  кірісті,  дүниеден  өткендіктен  туынды  аяқсыз  қалды.  1673 
жылы  Спинозаға  Гейдельбергте  философия  профессоры  қызметі  ұсыныл- 
ды, бірақ ол одан бас тартты.  Ол өзінің ой еркіндігі шектелгенін  қаламады.
Спинозаның  кітаптары  латын  тілінде  жазылды.  Оның  еңбектері  логи- 
калық  жағынан  дәл  және  геометриялық теоремалар  формасында  баянда- 
лады.  Әйгілі  geometrico  demonstrata  -  оның  философиясының айқын  бел- 
гілерінің  бірі.  Спиноза  тұжырымдаған  аксиомалар  пікірлерге  негізделді, 
олардың әрқайсысына  нөмір берілді.  Өзінің пайымдауларын ол  көбіне QED 
әріптерімен  аяқтап  отырды:  Quod  erat  demonstrandum  -  дәлелденуге тиіс 
нәрсе  осы  дегенді  білдіреді.  Спинозаның  мақсаты  -   адамдарды  ақыл-ой 
еріксіздігінен  азат  ету  және  олардың  таным  үдерісінен  рақат  алуына  ық- 
пал ету. Танымның үш түрі бар: зерде, сенім және рационалдық интуиция. 
Спиноза  қоғамдық  өмірді  -   бірге  өмір  сүру  үшін  өзара  келісімге  келген 
адамдар  бірлестігі  деп түсінді.
Спиноза -  толығымен  рационалист.  Оның философиялық еңбектерінің 
қатаң сипаты  өзіндік дүниетанымынан  туындайды.
Философиялық  еңбектерінің  салмақтылығы  мен  дәлдігіне  қарамастан 
Спинозаның  өзі  қарапайым  адам  болды.  Ол  бірде:  «Көңілділік  ешқашан

106
көп  болмайды,  көңілді  болу -   қашан  да  жақсы;  екінші  жағынан  келгенде, 
меланхолия  -  ылғи  да  жаман» деп  жазды.
Спиноза ешқашан үйленген жоқ.  Ол  1677 жылы 45 жасында  құрт ауруы- 
нан  қайтыс болды.
Өмір шежіресі
1632 жыл -  Спиноза дүниеге келді
1637 жыл -  Декарттың «Әдіс туралы  пайымы»
1638 жыл -  Галилео Галилейдің «Маятниктің қозғалысы туралы» заңы 
1649 жыл -  Англияда I  Карл жазаланды
1651  жыл -  Гоббстың «Левиафаны»
1656 жыл -  Спиноза синагогадан  қуылды 
1667 жыл -  Мильтонның «Жоғалған жумағы»
1670 жыл -  Спинозаның «Діни-саяси трактаты» жарияланды 
1677  жыл  -   Спиноза  дүниеден  өтті;«Ақылды  жетілдіру туралы  трактат»  жария­
ланды;  «Этика» жарық көрді
Ойлары
Спинозоның саяси көзқарастары
Спинозаның  «Діни-саяси  трактаты»  -   Інжілді  сынау  мен  саяси  теорияның 
қоспасы.  Ол -  XIX ғасырда ғана  кеңірек таралған  қазіргі заманғы либералды 
інжілдік критицизмнің атасы.
Спинозаның  саяси  ойы  табиғи  күйде  заң  болмады  деп  тұжырымдаған 
Гоббстың ықпалымен  қалыптасты.  Спиноза:  «Заңға бағынбау туралы мәселе 
көтерудің өзі мүмкін емес еді, себебі табиғи  күйде заңның өзі әлі болған жоқ
яғни  дұрыс  немесе  бұрыс дегеннің  болуы да  мүмкін  емес»,- деген.  Спиноза 
монархтың бұрыс іске бармайтынына  сенімді  болды  (бұл  аздап түсініксіз,  бі- 
рақ монарх, Спинозаның пікірі бойынша,  қоршаған  нақты дүниенің беталысы 
қандай  болса,  солай  істеді)  және  шіркеу  мемлекеттің  бақылауында  болуы 
тиіс деп  есептеді.  Спиноза  бүліктер  мен  халықтық  көтерілістерді  айыптады, 
бірақ  азаматтар  монархқа  өздерінің  бүкіл  құқықтарын  беруі  тиіс  деп  тұжы- 
рымдады.  Спиноза адам  құқықтары  мемлекеттік құқықтан пайда болады деп 
санады  ма, әлде олар табиғи құқықтан туындайды деген көзқарасты ұстанды 
ма -  мұны бүгін анықтау қиын.

Бенедикт Спиноза: тиянаңты ой және байыпты түжырым
107
Мемлекеггік 
және 
табиғи  ңуқыңтың 
арасындағы  айырмашылық  қандай? 
Мемлекеттік құқық -  талқыланатын, қабылданатын және халыққа жарияланатын 
нормалардың жиынтығы.  Бұл нормалар өзгертілуі мүмкін. Табиғи құқық -  мемле- 
кеттік  құқықтан  және  монархтың еркінен  бөлек  берілген  маңызды,  іргелі  құқық. 
Біз  табиғи  құқық  позитивті  құқықтың  алдында  болғанын  есте  устауға  тиіспіз. 
Ол  позитивті  құқықтан  жоғары.  Табиғи  қуқықты  өзгертуге  мүмкіндік беретіндей 
билік адамдарда жоқ.
Каббала 
-  о дүниемен қарым-қатынас туралы оккульттік ілім бойынша еңбектер 
жиынтығы.
Ақырғы, соңғы 
-  белгілі  бір шегі  бар,  шектелген  нәрсені білдіреді. 
Субстанция 
деп  қазіргі  уақытта  материяның  формасын,  мысалы,  Жерді,  қор- 
ғасынды  немесе  жүнді  атау  мақұлданған.  Метафизикада  субстанция  материяны 
қалыптастыратын белгісіз бір мән немесе форма деп түсініледі.  Мысалы, үстелдің 
субстанциясы -  үсгел жасалған ағаш.
Метафизика 
-  болмысты бар болу ретінде зерттеу;  бар болып отырғанның мәні 
туралы  пайымдаулар;  нақты дүние негізделетін алғашқы себептер мен принцип- 
тер туралы  ілім;  бізді  қоршаған  нақты дүниені  рационалды тану;  адамды  қорша- 
ған заттар, олардың тереғщігі  мен  мәні туралы  рационалды білім.
Пантеизм 
-   Құдай  мен  қоршаған  дүние  біртұтас  деген  тұжырымды  ұстанатын 
діни және философиялық көзқарастар.
Логикалық  қажеттілік 
ненің  міндетті  түрде  өмір  сүруі  керегін  немесе  ненің 
болуы  тиіс екенін  анықтайды;  өзгермейтін  логикалық заңдар,  ақыр  аяғында  дү- 
ниеде болатынның немесе жасалатынның бәрін алдын ала анықтайды. 
Материализм 
-   физикалық  материя  ғана  нақты  және  ойлар,  сезім,  ақыл-ой, 
жан, ерік сияқты феномендерді физикалық нақтылықты білдіретін терминдер ар- 
қылы түсіндіруге болады дейтін философиялық көзқарас.
Детерминизм 
-   әр  оқиға,  іс-әрекет  немесе  шешім  ертеректе  болған  жайттың 
болмай  қоймайтын  нәтижесі  екені  және  адам  еркінің  мұны  өзгертуде  ешқандай 
рөл атқармайтыны туралы  философиялық ілім.
Спинозаның метафизикасы
Спиноза  дүниеде  жалғыз  ғана  субстанция  өмір  сүреді  деп  есептеді:  «Құдай 
немесе Табиғат». Аяқталатын нәрсенің бәрі субстанция бола алмайды. Ақыл- 
парасат пен  материя,  ой  мен  кеңөріс -   Құдайдың атрибуттары.  Құдай  басқа 
да  көптеген  атрибуттарға  ие,  бірақ  біз  оларды  танып-біле  алмаймыз.  Адам- 
дардың жандары  және дүниеде  бар заттардың  бәрі  өздігінен  өмір сүрмейді. 
Олар  Құдіретті  болмыстыц  сыртқы  көріністері  ғана  (басқа  сөзбен  айтқанда, 
оларды  зат  есімдерден  гөрі  сын  есімдермен  салыстырған  дұрыстау).  Ажал- 
сыздық  Құдіретті  мәнге  үласуға  байланысты.  Ол  -  тұлғасыз;  егер  біз  ажал- 
сыздыққа жетсек,  индивид ретіндегі бірегейлігіміз із-түссіз жоғалады.

108
Құдай -  біртұтас жалғыз субстанция.  Ол  өзінің өмір сүруін  өзі туындата- 
ды.  Оның  болмысы  қандай да  бір сыртқы  себептермен  түсіндіріле  алмайды: 
субстанциядан тыс болып отырған ештеңе осы субстанцияның мәніне ықпал 
етпейді.  Біз  субстанция  туралы  пайымдағанда,  оны  табиғат деп  түсіне  оты- 
рып,  ең  алдымен,  оның  физикалық  қасиеттері  мен  кеңөрісі  (ол  белгілі  бір 
орын алады,  кеңістікте орналасады) туралы ойлаймыз. Оны  Құдаймен теңес- 
тіре отырып, негізінен, ой ұғымын қолданамыз. Спинозаның пікірінше, ой мен 
кеңөріс -  «Құдай  немесе Табиғаттың»  басты  екі  атрибуты.  Бірақ  қарапайым 
адамдар  ақыл-ой  туралы  пайымдағанда,  олар  оны  тәнмен  шендестірмейді 
немесе керісінше.
Спинозаның ойынша,  субстанция  әртүрлі  формаларға  ие,  ол  оларды  мо- 
дустар  деп  атады.  Модустар  -   субстанцияның  өзінен  басқа  өзге  категория- 
лардың негізінде түсіндіріле алатынның бәрі. Модустардың дүниеде өмір сүруі 
субстанцияның бар болуымен түсіндіріледі.  Модус ұғымын лимонад көпіршік- 
терін  мысалға  ала  отырып  түсіндіруге  болады.  Сізде  көпіршіксіз  сұйықтық 
(субстанция) болуы мүмкін, бірақ сұйықтықсыз көпіршіктер (модустар) болуы 
мүмкін емес. Сондықтан субстанцияның өмір сүруі -  модустардың өмір сүруі- 
нің  қажетті  шарты.  Жансыз  объектілер,  өсімдіктер  мен  жануарлар  (адамды 
қоса алғанда) модустар болып саналады.  Бұл заттардың өзгермелілігін түсін- 
діреді.  Егер біз модус болсақ, субстанцияның бөліктеріміз. Субстанция модус- 
тардың өмір сүруін алдын ала анықтайды.
Спиноза құбылыстар мен оқиғалардың бәрі алдын ала жоспарланған сце­
нарий  бойынша жүреді деп  болжамдады.  Құдай  немесе Табиғат субстанция- 
сы  өзінің  формасын  өзі  анықтайды.  Оның  басты  белгілері  -  ой  мен  кеңөріс. 
Спиноза дүниеде бәрі логикалық қажеттілікке негізделген деп есептеді.  Осы 
себепті  ақыл-ойға  еркін  ерік берілмеген,  ал  физикалық дүниеде жағдайлар- 
дың  кездейсоқ тоғысуынан  ештеңе  пайда  бола  алмайды.  Спинозаның  ойын­
ша, о дүниедегі өмір және жанның өлмейтіндігі деген  болмайды.
Дүниеде  болып  отырғанның  бәрі  Жаратушы табиғаттың  нәтижесі:  оқиға 
қалай  болса  немесе дүние  қалай  жаратылса  -  содан  өзгеше  бола  алмайды, 
бұл логикалық түрде мүмкін емес. Спиноза біздің дүниеміз бүкіл дүниелердің 
арасындағы ең жақсысы дегенде дәл осыны айтқысы келді.  Егер біз бірдеңені 
дұрыс емес,  күнәһарлық деп есептесек, бұл -  терістің бәрі біз үшін жаман бо­
лып саналғандықтан  ғана. Теріс шектеулі тіршілік етушінің ойлау деңгейінде 
ғана өмір сүре алады.  Құдайда теріс ештеңе жоқ.
Шектеулі  заттар  қарама-қарсы ұғымдармен  анықталады.  «Барлық анық- 
тамалар  негативті»,  -   деді  Спиноза.  Мұны  шұңқырмен  салыстыра  отырып 
түсінуге  болады.  Шұңқыр,  Спинозаның тілімен  бейнелесек,  оның  шекарала-

Бенедикт Спиноза: тиянаңты ой және байыпты түжырым
109
ры  арқылы  анықталады:  сіз  шұңқырдың  өзін  көрмейсіз;  көретініңіз  -   оның 
айналасындағы  жердің  пішіндері.  Шұңқырдың  өзі,  шын  мәнінде,  жоқ.  Құдай 
да осылай. Ол бәрінен көрінеді, ол күмәнсіз және шексіз. Осы болжамдардың 
бәрінен өмір сүріп отырғанның бәрі Құдай немесе,  ең аз дегенде,  оның бөлі- 
гі  екені  шығады.  Осыған  байланысты  Спиноза  пантеист  болды  деген  сөздің 
жаны бар.
Спинозаның  физикаға  және  дүниенің  құрылымына  көзқарастары,  жал- 
пы  алғанда,  материалистік  және  детерминистік  болды.  Дегенмен  дүниенің 
жоғарыда  сипатталған  бейнесі  аясында  ұлы  философ  -   жақсы  атаулының 
бәріне адал болуға және  Құдайды  қастерлеп,  оған осы жүйеден орын табуға 
тырысты.
Қүмарлықтар
Спинозаның  психологиялық  көзқарастары  эгоистік  реңкке  ие:  адамдар  өз- 
деріне  ғана  қызмет  етеді.  Өзін-өзі  сақтауға  ұмтылыс  -   құмарлықтардың 
негізгі  себебі  және  адамның  мінез-құлқын  реттеп  отырады.  Бірақ  кейбір 
кездейсоқтықтар  бар:  мысалы,  махаббат  жеккөруге  ауысуы  мүмкін.  Құ- 
марлықтар  -   көмескі,  бұлдыр  идеялардың  нәтижесінде  немесе  біз  сыртқы 
факторлардың ықпалына  бағынғанда туындайтын сезімдер.  Бізде осы сезім 
туралы  дәл  және айқын  идея, түсінік  пайда  болғанда  сезім  құмарлық болу- 
дан  қалады.  Нақты  болып  отырған  және айқын  көрінген  ортақ белгілеріміз 
бізді  біртұтас  ұғымға  біріктіреді.  Осылай  болғанда  өзін-өзі  сақтаудың  мәні 
түбегейлі  өзгереді.
Спинозаның этикалық көзқарастары
Спинозаның  пікірінше,  жанның  немесе  ақыл-ойдың  ең  жоғары  игілігі  -   Құ- 
дайды  танып-білу.  Демек,  дана  адамдар  Құдайды  ұғынуды  өздеріне  мақсат 
тұтады.
Біздің бастан  өтетіннің  бәрі  сыртқы  объективті  себептерден  туындайды. 
Оқиғалар мен  құбылыстар алдын ала анықталып  қойылған, себебі біздің өзі- 
міз -   қандай  да  бір  бәрін  қамтитын тұтастықтың  (яғни  табиғаттың)  бөлікте- 
ріміз.  Біз осы аса  зор тұтастықтың нақты дүниесін  қаншалықты ұғынсақ, дәл 
соншалықты  дәрежеде  еркінбіз.  Бірақ  Спиноза  осы  толық  мағынасындағы 
еркіндік сөзін терістеді.
Спиноза  қылмыс -   интеллектуалдық  қателік деп  есептеді.  Осы  жағынан 
алғанда  оның  пікірі  Сократтың  пікіріне толық сай.  Адамдардың барлық эмо-

по
циялары  өткенмен  және  бүгінмен  байланыстырылады.  Бірақ  Спинозаның 
түсінігінде  уақыт  нақты  емес,  сондықтан  эмоциялар  ақыл-ойға  қарсы.  Дана 
адам  дүниені  Құдай  қалай  көрсе,  солай  «sub  specie  aeternitatis»  (мәңгілік 
түрғысынан)  қабылдауға  үмтылады.  Болашақ,  өткен  шақ  сияқты,  өзгеріссіз. 
Болашақты  белгісіз деп  қарастыру -  ақымақтық;  болашақты  осылайша  қате 
болжау үмітпен  қоса үрей туғызады.
Спиноза  адамдарды  үрейдің  құлдығынан  босатқысы  келді.  Ол  бұлдыр 
идеялардан  туындаған  құмарлықтарға  -   эмоцияларға  қарсы  болды.  Дана- 
лық -  Құдайға  деген  интеллектуалды  махаббат,  сонымен  қатар ой  мен  эмо- 
цияның  одағы.  Бұл  жағдайда  ақиқат ой  қуанышпен  қауышады,  себебі  оның 
пайда  болуы адамның ақиқатты  ұғынуына  (яғни  бәрі  Құдайдың бөлігі  екенін 
түсінуге)  байланысты.  Біз  Құдайды  сүйе  аламыз,  бірақ  Құдайдың  бізді  сүюі 
міндетті  емес:  сүюші  Құдай  өзінің  жаратушылық  мәнін  жоғалтады.  Құдайға 
қандай да бір рақат (немесе азап) тән емес.
Дегенмен  Спиноза  Құдайға  интеллектуалдық  махаббатпен  ұмтылғанына 
қарамастан,  өзі діни  мистик болған жоқ.
«Этика» (1667)
•  Егер  бірдеңе  өзін-өзі  түындататын  болса,  ол  міндетті  түрде  өмір  сүріп,  бар 
болады.
•  Субстанция  өзін-өзі туындатады,  ол  шексіз және еркін.  Құдай -  жалғыз  субс­
танция.
•  Құдай сөзсіз бар.  Құдай  шексіз атрибуттарға  ие.
•  Біз Құдайдың екі  шексіз атрибутын ғана білеміз:  олар -  ой және кеңөріс.
•  Ой  мен  кеңөріс  -   бір  субстанцияның  сипаттамалары,  сондықтан  тән  деңге- 
йінде  болып  жатқанның  бәрі  ақылда  да  бейнеленеді.  Бұлар  бір  құбылыстың 
әртүрлі  кезеңдері ғана.
•  Жалған  идея -  Құдайды теріс сипаттайтын  идея.  Дұрыс идеяларға  жеткенде, 
тән өзгерістері туындайды;  сонда  құмарлықтар құлдығынан азат ететін адами 
еркіндікке ие боламыз.
•  Құдайды танып-білу -  ақыл-ойдың ұлы  құндылығы.
Спинозаның таным теориясы
«Ақылды жетілдіру туралы трактатта» Спиноза танымның төрт деңгейін бел- 
гілейді:
(1)  Естігеннен алынған білім:  басқа адамдардың дәлелдері.
(2)  Бұлдыр  және  шатасқан  өмірлік  тәжірибеден  алынған  білімді  қабыл-

Бенедикт Спиноза: тиянаңты ой жэне байыпты тужырым
111
дау:  менің  басымнан  өткен  кейбір  жағдайлардың  басқаларда  да,  басқалар- 
дың басынан өткен кейбір жағдайдың менде де болатынын шамалап білемін.
(3)  Бір заттың мәні басқа заттан  шығарылады.  Бірақ айқын емес.
(4) Заттар мен құбылыстар олардың мәнін ұғыну арқылы немесе олардың 
тікелей  себебін танып-білу арқылы  қабылданады.
«Этикада»  Спиноза танымның үш түрі туралы баяндайды:
(1)  Пікір  және  елестету  деңгейі.  Бұл  деңгейде  ақыл-ойдың  белсенділігі 
қолданылмайды,  басқа  мүшелердегі  өзгерістер  мен  күйлер  бейнеленеді.  Ол 
тәжірибені  бейнелейді,  алайда айқын емес.
(2) Ақыл-ой деңгейі.  Тәндердің  идеясы  болып  саналатын  рухани  бастау- 
лар  осы  тәндердің  жалпы  қасиеттерін:  қозғалысты,  массаны,  қаттылықты 
және тағы  басқаларын тікелей  бейнелейді.  Заттар  мен  құбылыстарды түсіну 
үшін  біз  логиканы  қолданамыз  және  жалпылама  қорытындылар  жасаймыз. 
Танымның осы типінде ақиқатқа жету сөзсіз.
(3)  Интуитивті  таным.  Танымның  осы  деңгейі  аясында  адам  зердесі  же- 
келеген  заттарды  немесе  құбылыстарды  қарастыруға  назар  аударады.  Бұл 
заттар  немесе  құбылыстарды  ақыл-ой  қабылдап,  олардың  Құдаймен  өзара 
мәндік  байланыстары  арқылы  танып-біледі.  Олар  қоршаған  дүниеде  көрініс 
тапқан жеке феномендер  ретінде қарастырылмайды.
Еркіндік және құлдық
Спиноза  эмоцияларымызды  жұмсартуға  және  бағындыруға  әліміз  жетпейтін 
жанның  құлдығында өмір сүреміз деп  атап  көрсетті. Тілектер енжар эмоция- 
лардан пайда болады.  (Есіңізде болсын: олар өзін-өзі сақтауға ұмтылған әре- 
кетке екпін береді және бұлдыр идеялардан туындайды, әсіресе бізге қандай 
да  бір  сыртқы  факторлар  эсер  еткенде.)  Енжар  эмоциялар  біздің  ізгілік  пен 
зұлымдық  туралы  түсініктерімізді  қалыптастыруымызға  көмектеседі.  Деген- 
мен адамның идеалдарға жетелеуші позитивті, яғни ақиқат, объективті білім- 
ге  ие  бола  алатынын,  бірақ дәл  осы  уақытта теріс  қылықтар  жасауы  мүмкін 
екенін де жоққа  шығаруға болмайды.
Сонымен  біздің  өміріміз  еріксіздікте,  енжар  эмоция  құлдығында  өтеді. 
Мұндай  өмір  ақыл-ойға  негізделген  ізгілікті  өмірге  қарама-қарсы.  Егер  біз 
ақыл-ойға  жүгіне  отырып  әрекет  етсек,  ізгілікті  іс  істейміз.  Еркін  болып, 
эмоциялар құлдығына түспеу үшін ақылға жүгіну керек. Жек көру адамдар- 
дың бір-біріне ұқсас және жалпы игілікке ие екенін түсінбегенімізден пайда

112
болады.  Біз  осыны  санамызбен  ұғынғанда  ғана  қоғамның  басқа  мүшелеріне 
зұлымдық тілеуді тыямыз.
Түйін
Спиноза үлы философтардың арасындағы ең сыйлы, ең ізгі және ең танымал 
тұлға деп саналады.  Ол  игі дүниетанымға ие адам болды. Философия  иен дін 
ол үшін біртұтас еді және Спиноза осы сенімдеріне сай өмір сүрді. Ол даңқ пен 
байлыққа ұмтылмады;  күнкөріс қаражаты да  қарапайым болды.
Спинозаның  барлық  оқиғалар  белгісіз  бір  логикалық  қажеттіліктің  нәти- 
жесі екеніне сенімі қазіргі логикаға және ғылыми әдіске сәйкес бола алмайты- 
нын  атап  өту  керек.  Адамдар деректерді  рефлексияның,  яғни  пайымдаулар- 
дың  көмегімен  емес,  бақылау арқылы зерттейді.  Болған  оқиға  туралы  дұрыс 
қорытындылар жасай  отырып,  біз санамызда  өзімізге белгілі деректерді ғана 
біріктіреміз.  Қорытындыларымыздың дұрыстығы  кейбір  бейтүлғалық логика- 
лык күштің іс-әрекетіне мүлде тәуелді емес.
Спиноза  көбіне  қазіргі  заманғы  ғылыми  көзқарастың  негізін  салушы 
болып  саналады.  Мұның себебі  -  оның болып  жатқан  оқиғаларды  натура- 
листік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылуынан,  оларды «ғаламат жоспарды» жү- 
зеге  асыруға  қатыстылығын  анықтау  арқылы  түсіндіруге  тырыспауынан. 
Бірақ  не  десек те  ғылыми  зерттеулер  саласында  (құбылыстарды  эмпири- 
калық зерттеу) қолданылатын әдіс -  Спиноза өз философиясында  қолдан- 
ған әдіс емес.
Спинозаның  этикасы  біз  адам  мүмкіндігінің өте-мөте  шектеулі  екенін  се- 
зінген  сәттің  өзінде  де  ізгілікпен  өмір  сүруіміздің  қаншалықты  керек  екенін 
көрсетуге ұмтылады. Спиноза адам өмірдегі сәтсіздіктерден, қайғы-қасіреттен 
немесе өлімнен соншалықты  қорықпауы  немесе толқыиауы тиіс деп есептеді. 
Шынына  келгенде,  біз өз үрейімізді  өзіміз жеңе аламыз.  Бірақ адам табиғаты 
өзіміз жақсы көретін адамдардың сезімдері  мен эмоцияларын басымыздан өт- 
кізуге мәжбүрлейді.
Сонда бізді сезімтал ете түсетін алауыздықтар мен бақытсыздықтар өзара 
үйлесімді  болғаны  ма?  Адамның  өмірі  Ғаламның  түйіршік  бөлшегі  ғана  екені 
туралы ой бізді жұбата ала  ма?
Спинозаның басты мақсаты -  таным теориясын немесе жетілген қоғамдық 
басқару  теориясын  құрастыру  емес  еді.  Ол  ақыл-ойды  тыныштандыру  жол- 
дарын  және  адами  құмарлықтар  құлдығынан  құтылу  тәсілдерін  ғана  іздеді. 
Еркіндік  дегеніміз  -   құмарлықтардан  арылу,  оған  дана  адам  нақты  дүниені

Бенедикт Спиноза: тиянакты ой жэне байыпты тужырым
113
мәңгілік тұғырынан  қарастырғанда жетеді деген Спинозаның түсініктері тура- 
лы сіз не ойлайсыз?
Спиноза  өзінің  ойларын  адами  азаптарға  толы  болмыстан  қомақтырақ 
бірдеңені  қарастыруға  шоғырландырды.  Мұндай  философиялық көзқарастың 
эгоцентризмді жоюға жарап қалатын кездері де болады.
Дүниенің  Құдай  мен  адам  табиғатының  біртұтас  нақты  әлемге  бірігуіне 
негізделген философиялық бейнесі Спинозаның өзі  қайтыс болғаннан  кейінгі 
жүздеген жылдар бойы әртүрлі ойшылдарды қызықтыруын жалғастыра берді. 
Бұл  қызығушылық  тіпті  толастамайтын  тәрізді.  Осы  кітапта  айтылған  фило- 
софтардың  қайсысы  дүниенің  біртұтас  принципке  негізделген  бейнесін  қа- 
лыптастыруға ұмтылып еді?
8-263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет