Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Түйін
Жан-Поль Сартрдың философиясынан оның танымдық үдерістеріміздің қалай 
іске асатыны  немесе бірдеңе білетінімізді  қашан  мәлімдей  алатынымыз тура-

Жан-Поль Сартр: экзистенциалистің азабы
189
лы  пайымдауларын  емес,  адам  дегеннің  не  екені  жөніндегі  көзқарастарын 
ғана  көре аламыз.
Экзистенциализмнің философиядан  гөрі  көңіл  күйге жақын  екені туралы 
тұжырым  рас  болса  керек.  Бірақ  экзистенциализм  бізге  эпистемологияның 
формасы болып  көрінбейді, демек, ол -  метафизиканың формасы.
Сартр  Екінші  дүниежүзілік  соғысты  өз  көзімен  көрді.  Ол  соғыс  тұтқыны 
болды,  бүкіл  халықаралық  қоғамдастық  сияқты,  өмірге  деген  қауіп-қатер 
тарихи  қатыгездікте,  концлагерьлерде,  ядролық  қаруды  жасауда  жатқанын 
түсінді.
Сартрдың  нақты  өмірге  қатысты  көзқарастары  өте сұрқай  болды.  Дүние 
жабайы  қалпына  қайта  оралды.  Ал  бұл  бүкіл  адамзаттың  атынан  сөйлеген- 
дей болған Сартрды адам тағдырының мәні туралы мәселеге алып келді.  Ша- 
масы,  философ  болғандықтан  ол  біздің  болмысымыздың  абсурдтығын  және 
трагедиялылығын алдыңғы қатарға шығару үшін, өмір сүруіміздің өзін айқын, 
парасатты  және әділ  сын тезіне салуды өзінің  міндеті санады.  Сартрдың ең- 
бектері өз уақыты туралы ұзақ рухани толғаныстан, болмыстың метафизика- 
лык  масқаралығын  мәлімдеуден  тұратын  еді.  Дүние  туралы  ойларыңыз  ме- 
тафизикалық дауды  растаумен  аяқтала  ма,  әлде,  керісінше,  сізге оптимистік 
рух бере ме? Бұл ой сізді белсенділікке итермелей ме, әлде болып жатқанның 
бәрін енжар қабылдауға  шақыра  ма?  Бұл дүниеде үмітке негіз бар ма?
Сартр  еңбектері  тұтас дәлдіктен  тұрмайды.  Оның  Құдайды  жоққа  шыға- 
ратын постулаты  постулат болып  қана  қалды. Сартр оны  күмәнсіз, өзінен-өзі 
түсінікті  деп  ойлады.  Оның  философиясындағы  барлық  нәрсе  дәл  осы  пос- 
тулаттан туындайды.  Ойланыңыз,  мүмкін,  Құдайдың болмысын үзілді-кесілді 
терістеу  Құдайдың  бар  екенін  дәлелдеуге  қарағанда  бізге  әлдеқайда  оңай 
болатын шығар? Болжалды мән мен күн ілгері мәлім атаулыдан мақұрым кал- 
тан Сартр әлемі, адамды жай әкеп тастай салған әлем -  бұл тек жорамал ғана 
ма,  әлде факті  ме?

15.  Жак Деррида:  нақты дүниені 
деконструкциялау
Біз  Дерриданы  -   ең  қызықты  және  пікірлері  қайшылыққа  толы  тіл  филосо- 
фын  зерттеуді  бастамақпыз;  бәлкім, ол  мән  немесе мәтін философы  шығар? 
Кейбіреулер:  «Деррида -  өз заманының ұлы философы болды», -  деп тұжы- 
рады.  Енді  біреулер:  «Адамдар  оның  ойларын  түсінбегендіктен  солай  айта- 
ды»,  -  деп  мәлімдейді.  Кітап  сатушылар оның  кітаптарын  немесе ол  туралы 
кітаптарды  қай тұсқа  қою  керегін  білмей дал болады:  философиялық еңбек- 
терге  арналған  сөреге  ме,  әлде әдеби  сынға  арналған  қатарға  ма? Деррида 
өзінің  бастапқыда  кәсіби  футболшы  болғысы  келгенін  айтқан  екен.  Орасан 
зор түйсігінің арқасында  ол  идеяны  жеткізетін  тілдің сол  идеяны  қалай  бол- 
ранда  да  өзгертетінін  түсінді.  Оның  үстіне,  Деррида  кез  келген  мәтін  оны 
зерттеудің  белгілі  бір  кезеңінде  өзі  баяндап  отырған  ойға  қарама-қарсы  па- 
йымдарды  дәйектейді  және  бойына  көптеген  әртүрлі  мәндерді  тоғыстырады 
деген ойға  келді.
Кей  адамдар Дерриданы  шын  мәнінде толық  мағынадағы  философ  бол- 
ран  жоқ деседі.  Ал  енді  біреулер  ол  бүкіл  философиялық  міндеттердің  ішін- 
дегі  ең бастысын  орындады -   назарына  іліккеннің бәріне сыни  рухты  енгізді 
деп тұжырымдайды.
Өмірі
Жак  Деррида  1930  жылы  Алжир  қаласының  маңында  дүниеге  келеді. 
Алжир  елі  ол  кезде  Францияның  отары  еді.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  ба- 
рысында  ол  Вишилік Францияның  қоластында  болды.  Алжирде антисемиттік 
заңдар үстемдік еткендіктен,  шыққан тегі еврей жас Дерриданың білім алуға 
мүмкіндігі болған жоқ.
Толық емес орта білімі  бар Деррида  1949 жылы  Францияға аттанып,  Есоіе 
normale superieure-re (Францияның Лион  қаласындағы  жоғары  оқу орны -  ау- 
дармашылар) оқуға түседі де, философияны зерттеуге кіріседі.  Оны Жан-Поль

Жак Деррида

192
Сартрдың экзистенциалист философиясы қанаттандырды.  (Ол  ылғи да  Кьер- 
кегорды,  Хайдеггерді  және Джойсты  бас алмай  оқитын.)  1957  жылы  Дерри­
да  agregation* дәрежесін  алды.  Сол  жылы  ол  Маргерит Окутюрьеге үйленді. 
Философтың әскери  қызметін  өтеген  кезі  Алжир соғысымен  тұспа-тұс  келді. 
Алайда ол жауынгер емес,  оқытушы еді.
Біраз уақыттан  кейін Дерриданы  Ecole normale superieure-re ассистент ре- 
тінде шақырды. 1960-1970 жылдар аралығында оны постструктуралист ойшыл 
ретінде танытқан  көп  кітап  жазып,  мақалалар жариялады.  Оның алғашқы  үш 
кітабы  («Жазу  және  айырмашылық»,  «Дауыс  және  феномен»,  «Грамматоло- 
гия туралы»)  1967 жылы  жарияланды.  Алайда  ол докторлық диссертациясын 
Сорбонна  университете  1984  жылға  дейін  ұсынған  жоқ.  Деррида  Берлин 
университетінде семинарлар өткізді.  Оны өзі дәріс беретін Америкадағы Джон 
Хопкинс  университетыде  (Балтимор),  ал  кейінірек  Ирвиндегі  Калифорния 
университетінде жылы  шыраймен  қарсы  алатын.  Деррида,  сондай-ақ,  атақты 
College de France-те сабақ берді.
Әйтсе  де  Францияның  университеттері  Дерридаға  сенімсіздік  танытты. 
Кембридж университетінде де дәл  осылай  болды:  Дерридаға  құрметті  «док­
тор» дәрежесін  беру туралы  ұсынысты  1992  жылы  ғана  дауысқа  салды.  336 
адамның  204-і  жақтап  дауыс  бергендіктен,  Деррида  құрметті  доктор  ғылы- 
ми дәрежесін иеленді. Әлемдегі басқа университеттер философқа әлдеқайда 
ықыласты болды.
Беделді газеттер мен журналдар Деррида туралы мақалаларды 1970 жыл- 
дардың  басында  жариялады.  Оны  әдебиет  теориясы  қызықтырды,  бірақ  ол 
Филипп  Соллерстің  және  «Tel  Quel»  журналының  әдеби  теорияшыларының 
көзқарастарымен  келіспеді.  Философтың  әйелінің  Чехословакияда  (бурын 
бұл  мемлекет  осылай  деп  аталды)  отбасылық  байланыстары  бар  болатын. 
Осыған орай  1987 жылы Жак Деррида  чех зиялыларының қудаланушы және 
диссидент өкілдеріне көмек көрсетуді көздейтін Ян  Гус қауымдастығының не- 
гізін қалады.  Конференцияны заңсыз өткізгені үшін философ Прага түрмесіне 
қамалды.  Франция  президенті  Франсуа  Миттеранның өзі  араласқан  соң ғана 
Дерриданы  түрмеден  босатты.  Кейінірек  оны  Париждің  шетіндегі  Ля  Вилетт 
ғылыми  саябағы  қызықтырды.  Ол  өзінің бірқатар  еңбектерін  сәулет  өнеріне 
арнады.  Сондай-ақ Деррида басып алынған аймақтардағы  Палестина зиялы- 
ларымен байланыста болды.
* agregation -  француз квалификациям, орта мектепте немесе университетте сабақ беруге 
болатынын растайды.

Жак Деррида:  нақты дүниені деконструкциялау
193
Жак  Дерриданың  негізгі  еңбектері  -  
«Грамматология  туралы»  (1967), 
«Хат жэне айырмашылық» (1967), «Философия өрістврі» (1972), «Диссемина
-  
ция» (1972), «Көркем суреттегі ақиқат» (1978), «Соқырдың мемуары» (1990), 
«Маркстің елестері» (1993).
1992  жылы  Деррида  Францияның  жоғары  марапаты  -   Құрмет  легионы 
орденімен  марапатталды.  Ол  2004 жылы  қайтыс болды.
Өмір шежіресі
1916 жыл -  Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика  курсы»
1930 жыл -  Жак Деррида дүниеге  келді
1933 жыл -  Гитлер  Германияның  канцлері  болып тағайындалды
1936-  1939 жылдар -  Испаниядағы Азаматтық соғыс
1937-  1938 жылдар -  КСРО-дағы  қуғын-сүргін 
1939-1945 жылдар -  Екінші дүниежүзілік соғыс
1940 жыл -  нацистер қысымынан Франция құлады;  Жак Дерриданың білім алуы-
на тыйым  салынды;  Деррида  Францияға  кетті
1954 жыл -  Дьенбьенфудегі жеңіліс;  Алжир соғысы басталды
1957 жыл -  Деррида agregation дәрежесін алды;  Маргерит Окутюрьеге үйленді
1957 жыл -  Ролан  Барттың «Мифологиясы»
1967 жыл -  Деррида өзінің «Грамматология туралы», «Жазу және айырмашылық», 
«Дауыс және феномен» атты еңбектерін  жариялады
1968 жыл -  Франциядағы студенттер бүлігі
1969 жыл -  адам алғаш  рет Айға аяқ басты
1976-1984 жылдар -  Мишель Фуконың «Сексуалдылық тарихы»
1979 жыл -  Жан Франсуа Лиотар «постмодерн» терминін ойлап тапты 
1984 жыл -  Деррида Сорбоннада өзінің докторлық диссертациясын  қорғады 
1992 жыл -  Деррида  Құрмет легионы орденімен  марапатталды,  Еуропалық Одақ 
құрылды
2004 жыл -  Жак Деррида дүниеден  өтті
Ойлары
Структурализм
Структурализм  -   XX  ғасырдың  60-жылдарында  сәнге  айналған  философиялық 
және әдіснамалық дүниетаным.  Бұл -  тілді,  қоғамды, сондай-ақ әртүрлі суретші- 
лер мен жазушылардың еңбектерін зерттеу әдісі. Структурализмнің мәні -  нақты 
дүние нәрселерден емес, байланысгардан тұрады деп қарастыру. Структурализм

194
уғымы бойынша, біз қоршаған дүниенің объектісін көргенде, сезгенде,  иіскегенде 
ол туралы ақпарат аламыз, яғни оны қабылдаймыз. Ақпараттың алынуына нақты 
дүниенің өз ішіндегі қым-қуыт байланыстарды бірыңғай жүйеге, қандай да бір бай- 
ланыстардың түтас жиынтығына жинауы себеп болып отырған жоқ -  ол байланыс­
тарды адамдар көбінесе білмейді де, аңғармайды да.
Бұл  дүниетанымның  негізі -   швейцариялық лингвист,  бұрын  синхрондық 
деп аталған лингвистиканы диахрондық ғылым етіп өзгерткен Фердинанд де 
Соссюрдің  (1857-1913)  еңбектері.  Соссюр  ғалымдар  өздерінің  назарын  тіл- 
дің тарихи даму үдерісін зерттеуге емес, оның элементтері,  ішкі  құрамдас бө- 
ліктері  белгілі  бір  уақытта  қалайша  бірігіп,  тілдің  қызмет  істеуіне  мүмкіндік 
беретінін  зерттеуге  аударуы  тиіс деп  есептеді.  Ол  өзінің  көлемді  дәрістерін 
1907  жылдан  1911  жылға дейінгі  аралықта  оқыды.  Фердинанд де  Соссюрдің 
«Жалпы тіл білімі курсы» ол қайтыс болғаннан кейін,  1916 жылы жарық көрді. 
Бүл  кітап  автордың дәріс оқуы  барысында студенттердің түртіп  алған жазба- 
ларынан  құрастырылды.
Структурализм  біздің  дүниені  қабылдауымыз  барлық  объектілердің  би- 
нарлық,  жұптық  категорияларға  бөлінуіне  негізделеді  деп  түжырымдайды. 
Мысалы: жақсы/жаман, піскен/шикі, ақиқат/жалған, ер/әйел, ақ/қара, дерек/ 
қиял, табиғи/жасанды  және т.б.  Структурализм  заттардың  мәні  немесе  бас- 
тапқы себебі саналатын  құрылымды талдайды.  Структурализм тарихты зерт- 
теудің  қажеттігін  жоққа  шығарып,  негізгі  назарын  нақты  объектілердің  құ- 
рылымдарына  шоғырландырады. Деррида бұл дүниетанымға  қарсы  шықты.
Логоцентрлік көзқарас
Деррида  Батыс өркениетінің ұлы  ойшылдарының  бүкіл  еңбектерінде  бұрма- 
ланған  ағат  пікір,  сыңаржақтық  бар  екеніне сенімді  болды.  Оны  жазба  сөзді 
емес,  ауызша  сөзді жоғары  қоюдан көреміз. Жазба сөздің бұл түрін Деррида 
«логоцентрлік»  деп  атады  және  оған  «деконструкция»  жасау  қажет деп  тұ- 
жырымдады.
Қаттырақ  айтсақ,  логоцентризм  -   идеяны  бейнелейтін  дұрыс  сөзді  таң- 
дағанда  ғана  осы  идеяның  мәніне  жете  аламыз  дегенді  білдіреді.  Сөйлеген 
кезде біз идеяның мәнінен бір қадам алшақтағандай боламыз.  Жазатын бол- 
сак -  екі қадамға. Сөйлеу әрдайым жазудан артығырақ деп саналады, өйткені 
біз сөйлегенде  идеялардың  шынайы  мағынасына жақынырақпыз.  Өзгермей- 
тін, тұрақты мәнге ие идеялардың адам ақыл-ойының көмегімен ғана таныла 
алатыны сөзсіз.  Мұндай түсініктерді Деррида теріске шығарды.
Деррида,  сонымен  қатар,  айқындыққа  ұмтылыс  Батыстың  интеллектуал-

Жак Деррида:  наңты дүниені деконструкциялау
195
дық  өмірі  мен  ойын  қатаң  жаулап  алды  деп  санады.  Сенімді  түрде  анық деп 
танылмайтынның  бәрі  теріске  шығарылып,  кейде  олардың  қатарына  поэзия, 
этика  және  мистика  жатқызылды.  Деррида  мұндай  көзқарас -   логоцентризм 
тираниясының бір бөлігі деп тұжырымдады.
Дерриданың  айтуынша  Сократ  философияның  ойлау  мен  адамдардың 
арасындағы көзбе-көз кездесулерде туындайтынын алға тарта отырып, ойла- 
рын жазудан бас тартты;  осы  себептен де Платон еңбектерін диалог түрінде 
жазды. Аристотель адамның зердесіндегі  ойлардың нақты дүниедегі  заттар- 
мен  тікелей  байланысты  екенін  айтты.  Сөйлеу -  адамның  өз сұхбаттасының 
идеясынан алыстағанының белгісі;  жазу -  адамның ойдан бұрынғыдан бетер 
алыстап, заттарға тікелей бет бұрғанының белгісі. Дінбасылар мен хатшылар 
өз биліктеріне  қарапайым  адамдардың есебінен  ие  болды,  өйткені  олар жа- 
зудың  көмегімен  заңдарды,  жазбалар  мен тілді  қадағалады.  Осылайша олар 
ашық өтірікке, жалғандыққа дейін жетті.  Кейінгі замандардағы ойшылдар оқу 
мен жазуды үйрету -  бостандыққа жету формасы, өз тағдырын басқаруды өз 
қолына алу тәсілі деп  пайымдады.
Қазіргі  адамдар  бір  нәрсені  білдіретін  сөз  жоқ  болса,  демек,  ол  нәрсе 
мүлде жоқ деп санайды.  Сөз -  зат қандай болса, дәл сондай түрде қабылдау 
үшін  қажет  құрал.  Тілді  меңгеру -  затты  қадағалау деген  сөз.  Бұдан  бөлек, 
логоцентризм  бинарлы  қарама-қарсылықтардың  біреуін  жоғарырақ  қоюға 
тырысты:  жарық -  қараңғылықтан, дерек -  қиялға  қарағанда  маңызды,  пісі- 
рілген -  шикіден, ер -  әйелден,  капиталист -  жүмысшыдан жоғары.
Біз  ауызша  сөзді  жазбашаға  қарағанда  маңыздырақ  еткен  сайын  лого­
центризм  көрініс табады.  Сөйлеу -  адамның бар екенінің белгісі.  Біз  сұхбат- 
тастарымызға  әлдене  айтқанда,  олар  жанымызда  отырады.  Ал  жазу -   бол- 
маудың,  жоқтықтың  бейнесі.  Сұхбаттастарымыз  қашықта  болғандықтан,  біз 
оларға  хат  жазамыз.  Хатта  сөздердің  көбі  жасырылып,  түсіп  қалады.  Лого­
центризм  сондай  сөздердің  көпшілігі  нақты заттардың өздері  емес,  көшірме- 
лері деп түжырымдайды.
Деррида адамның қатыстығы теориясына қарсы шығып, өзінің сынын сөй- 
леудің жазуға қарағанда басымдыққа  ие екені туралы түсінікке  негіздеді.  Бұл 
жерде ол  ешқандай  айтулы тарихи  мәлімдеме жасаған жоқ;  алғашқы  қауым- 
дық бабаларымыз жазуды сөйлеуден бүрын үйренді демеді. Ол тілдің екі фор­
масы  да -  символдар,  белгілер екенін  айтты.  Оның  пікірінше,  бұл  формалар 
ішінара  қатыспауды және ішінара  қатысуды білдіреді, яғни олар салыстырма- 
лы  сипатта.
Мысқылдап  отырып,  ол  жазуды  екінші деп  қынжыла  сынаушы  адамдардың 
бәрі өз сындарын жазбаша түрде жеткізетінін атап көрсетті.

196
Деррида  сөйлеудің  жазудан  басымдығын  терістегенде  қандай  да  бір 
абсолютті  ұғымын  сынады.  Сөйлеу де,  жазу да  -  белгілер.  Олар  пайдалы, 
себебі  оларды  қайта-қайта  қолдануға  болады;  біз  ақиқат,  бастапқы  қа- 
тысуға  немесе  мағынаға  ешқашан  жақындамаймыз.  Яғни  тіл  -   жартылай 
қатысу және жартылай  қатыспау деп  қорытындылауға болады.
Дифферонс
Структуралист  лингвистиканың  аясында  мағына  белгілердің  арасында 
айырмашылықтар туындағандықтан  пайда  болады.  Егер досым  маған  «жам- 
басым  ауырып  тұр»  десе,  мен  олардың  сөздерінің  мағынасын  түсінемін,  се- 
бебі  «жамбас»  және  «бас»  сөздерінің  арасындағы  (басқасын  айтпағанда) 
айырмашылықты  назарға  аламын.  Мен  мағынаны тікелей  аңғармаймын,  мен 
ықтимал байланыстар жиынтығының арасындағы айырмашылықтарды анық- 
таймын.  Деррида  «мағына  бірден  ұғынылмайды;  оны  түсіну  ылғи  да  баяу» 
деп тұжырымдады.
Бірақ  біз  олардың  аясында  ешқандай  бинарлы  -   жұп  -   шешімдер  қа- 
былдай алмайтын жағдайға тап болсақ,  мәселелерді  шешу мүмкін болмайды 
және  қолданыстағы  бүкіл  тәртіп  бұзылады.  Ойлаудың  осындай  ретін  бұзып, 
санада  хаос орнату  қорқынышты  фильмдерде жиі  кездеседі;  олар  біздің би­
нарлы  логикамызға  сәйкес  келмейтін  жағдайларда  қолданады.  Франкенш­
тейн  солардың бір ғана  мысалы:  ол  -  не  адам,  не  машина,  не жануар емес. 
Ойлаудың  бинарлық  тәртібін  қалпына  келтіргенде,  тыныштық  қайта  орала- 
ды.  Ал егер қандай да бір жағдайлардың нәтижесінде осы бинарлық тәртіпті 
қайтадан  қалпына  келтіруге мүмкін болмаса  ше? Мәселенің шешілмейтіні ка­
лы пты болса  ше?
Деррида  шешілмейтін  дүние  іс  жүзінде  Батыстың  философиялық  дәстү- 
рінің  бір  элементіне  айналғанын,  бірақ  осы  дәстүрдің  өзі  бұл  негізгі  фактіні 
мойындаудан  бас  тартып  отырғанын  тұжырымдады.  Батыс  философиялық 
дәстүрінде жақсы немесе жаман мағынада түсіндіруге болатын көптеген түсі- 
ніксіз, көпмағыналы сөздер көп.  Мәтіндер көбіне екіұшты және дәл емес, бұл 
бинарлық  мағыналық  жұптан  бір  категорияны  шығарып  тастайды.  Мысалы, 
ағылшын тілінде  «drug» сөзі  емдеу,  заңға  томпақ балағат және тіпті  есірткі- 
нің мәжбүрлі жетіспеушілігін  бейнелеу үшін қолданылады.
Дерриданың  пікірінше,  жазу структуралистік  қарама-қарсылықтарды  бұ- 
затын қасиетке ие.
Сөздердің  бірмағыналы  болуы,  әрине,  мүмкін  емес.  Олар  ешқашан  еш-

Жак Деррида:  нақты дүниені деконструкциялау
197
бір  өзгеріске  ұшырамайтын,  тұрақты,  біриағыналы  бола  алмайды.  Мысалы, 
ағылшын  тіліндегі  «реп»  сөзі  жазуға  арналған  құралды,  аққудың  аналығын 
және үй  жануарларына  арналған  кішігірім  қораны  білдіреді;  АҚШ-та  бұл  сөз 
«penitentiary»  (түрме)  сөзінің  қысқартылған  нұсқасы  ретінде  қолданылады; 
Кариб  аралдарында  бұл  сөз  плантация  дегенді,  сондай-ақ  суасты  қайықта- 
рының жабық тұрақтарына арналған докты білдіруі  мүмкін.  Бул сөздің мағы- 
насын  біз нақты  мән-жайларды  негізге ала  отырып түсінеміз.
Алайда  кейбір  тілдік  айырмашылықтардың  нәзіктігі  сондай,  біз  оларды 
байқамастан,  бірінен екіншісіне ойша  секіреміз.  Мәселен:
Кез  келген  заттың түпкілікті  мақсаты  -   кемелдікке  жету.  Өлім  -  өмірдің 
түпкілікті  мақсаты, демек, өлім -  өмірдің  кемелдігі.
Бұл жағдайда «түпкілікті мақсат» сөзі «міндет» деген мағынада, сондай-ақ 
«соңғы  оқиға»  мағынасында  қолданылады.  Сірә,  жоғарыда  келтірілген  бол- 
жам біз екі түрлі  мағынаны байқамаған жағдайда ғана дәлелденсе керек.  Екі 
түрлі  мағынаның арасындағы айырмашылықты  көргенімізде, бұл болжамның 
мағынасы жоқ.
Сондай-ақ  метафоралық  мағыналар  бар.  Метафоралық  мағына  -  дәлме- 
дәл  мағына дегенмен  мүлде бірдей емес. Айталық, бір адам «жасөспірімдерге 
кеңістік  қажет»  деді  дейік.  Бұл  әр  жасөспірімнің  өз  ісімен  айналысар  бөлек 
бөлмесі  болуы  қажеттігін  білдіруі  мүмкін.  Сондай-ақ  бұл  сөйлем  жасөспірім- 
дерге өз идеяларын іске асыруы,  шығармашылық машықтарын дамытуы үшін 
еркіндік  қажет дегенді және  қателіктер жасау үшін  кеңістік керек екенін  біл- 
діруі де ғажап емес.
Жоғарыда  көрсетілген барлық мысалдар қазір айқындалды.  Бірақ күнде- 
лікті  өмірде  бізді  сансыз  тілдік  шатасулар  қоршап  тұрғандықтан,  біз  мұндай 
«секірістерді» байқамаймыз да.
Деррида  тіл  мәселелерінің  шешілмеуінің  базистік  негізі  бар  екенін  атап 
өтті;  бұл  жағдай  ішінара  тілдік  бұрмалаудан  көрініс табады.  Түпкі  мағынаға 
біз ешқашан жете алмаймыз.
Деррида барлық тілдік белгісіздіктерді «деконструкциялап», бүкіл тіл жүйе- 
сінің жұмыс  істеу  үдерісіне тән  шешілмес  қасиетін  анықтады.  Дерриданың  ең- 
бектері бізге көпке мәлім академиялық мағынадағы дәлелдер усынбайды. Оның 
ойлары -  Платонның,  Гуссерльдің және Фердинанд де Соссюрдің  мәтіндерінде 
жай  ғана  саяхаттап  жүреді.  Бұл  ретте  Жак  Дерриданы  шешілмес  түйіннің  өзі 
емес,  мәтіннің  ішкі  айқындылығы  әлсіз  көрінген  жерлері  қызықтырды.  Ол  Ба- 
тыстың рационалистік метафизикасының негізін дәл осылай бузуға болады деп 
тужырымдады.

198
Метафизика 
-  болмысты бар болу ретінде зерттеу;  бар болып отырғанның мәні 
туралы  пайымдаулар;  нақты дүние негізделетін алғашқы себептер мен принцип- 
тер туралы  ілім;  бізді  қоршаған  нақты дүниені  рационалды тану;  адамды  қорша- 
ған заттар, олардың тереңдігі  мен  мәні туралы  рационалды білім.
Тіл  қоғамның  игілігіне  айналғанда,  оны  ауызша  және  жазбаша  баяндау 
үшін  қолданатын адамдар тілді бақылау мүмкіндігінен айырылып  қалды.  Мы- 
салы, жаңа кітап,  роман,  кино немесе ән жарыққа  шыққан  бойда сыншылар- 
дың  оларды  қалай  лайықты  бағалайтыны  немесе  бағаламайтыны,  талдана- 
тыны немесе дұрыс түсінбейтіні туралы ойлап  көріңізші.
Ақыр соңында біз Дерриданың өзі ойлап тапқан «дифферанс» ұғымына да 
келіп жеттік. Француз тілінде «difference» деген сөз бар. Ол айырмашылықты, 
ұқсамауды  білдіреді.  «Different»  есімшесіне  негіз болатын  «differer»  етістігі  -  
кейінге қалдыру немесе әлдебір нәрсеге кедергі келтіру дегенді білдіреді. Осы 
екі сөзден Деррида «differance» («дифферанс») терминін жасады.  Бұл термин 
қарастыру  пәнінен  шығарып  тасталған  барлық  мағыналарды  бейнелеу  үшін 
жасалды. «Difference» және «Differance» сөздерінің айтылуы бірдей. Олардың 
арасындағы айырмашылықты жазу аясында ғана байқай аласыз.
Жаңа сөз жаңа  идеяны білдірмейді;  ол  шешілместік ұғымын тағы бір рет 
еске салады.  Тіл,  ой  және  мағына  бізге енді тұрақсыз,  көпмәнді  болып  көрі- 
неді.  Бұл бізді сөзсіз оларға сенім артуға бола  ма деген сұрақ қоюға  мәжбүр- 
лейді.  Мағынаға қатысты соңғы шешімді  кейінге ығыстыруға тура  келеді.
Жазу және қайта/юну
Көпшілігімізде  бірнеше  мағынаға  ие  сөзді  немесе  сөйлемді  қарапайым 
қолдану дағдысы  бар.  Біз сөздің  мағынасын оның  контексінен  үғуға тырыса- 
мыз.  Алайда  контекст  ылғи  осы  мағынаны  бере  ме?  Мысалы,  заңдар  белгілі 
бір контекспен беріледі.  Бірақ олардың бір жиынтығымен берілген зан бір де 
бір заң шығарушы елестете алмаған мүлдем басқа жағдайда қолданылуы тиіс 
болғанда  не болуы  мүмкін?
Деррида бұл жағдайда жазуды қайталану ретінде -  кейбір айырмашылық- 
тарға жол бере отырып қайталану қабілеті  ретінде қарастырады. Хат әрқашан 
автордың  ғана  емес,  хат  жолданған  адамның  да  шектелген  еркін  білдіреді. 
Солардан кейін осы жазылғанды өзіне арналмаған үшінші тарап  көбіне басқа- 
ша оқып,  мәтіннен бұрынғыдан өзге мағына табады.
Мысал  келтірейік:  Гомер және  «Илиада».  Гомер бұл  күнде жойылған  өрке- 
ниеттің зағип ақыны болатын (оны қалыпты көру қабілетіне ие қарапайым ажал-

Жак Деррида:  наңты дүниеиі деконструкциялау
199
дының көзіне көрінбейтін тылсым құпияны ұққан сәуегей деп есептеуге болады). 
Поэмадағы дұрыс және бұрыс идеялар жауынгерлер табының батырлығы (даңқ, 
ержүректік және т.б.) туралы түсініктерге байланысты.  Бұл поэма мереке күнде- 
рі,  қатысушылардың  көпшілігі  оқи  да,  жаза  да  алмайтын  той-думандар  кезінде 
оқылды, дәлірек айтсақ, елге дауысгап оқып берілді немесе жырланды.
Қазір бұл туынды көп жағдайда классикалық білім алған және зиялы қауым- 
ға  жататын  адамдардан  түратын  табынушылардың  шағын  орталарында  ғана 
оқылады.  Олардың  бәрі  үйлерге,  автомобильдерге  ие  және  қазіргі  уақыттағы 
кез келген әскери іс-әрекеттер ғаламат соғысқа және адамзаттың толық жойы- 
луына әкеліп соғатынын түсінеді.
Поэманы  әркім  әртүрлі  оқиды:  біреулер соғыстың басталу себебі экономи- 
калық жағдайдан болды дейді,  басқалары соғыстың ақиқат себебі -  Еленаның 
басын  айналдыру,  ісі  алға  басқан  бәсекелеске шабуыл  жасап, оның байлығын 
алудың нақты алғышарты болды деп түсінеді.
«Әйелді  иелену»  ұғымын  жек  көретін  феминист  әйелдер  бұл  туындыны 
басқаша оқиды.
Жалпы,  «Илиада»  жиырма  бірінші  ғасырда  дәл  б.д.д.  800  жылдағыдай 
оқыла ала  ма?
Әдебиет
  -
 
деконструкцияның нағыз жүрегі
Деррида  әдеби  талпыныстар  біртұтас  болуы  тиіс  деп  пайымдады.  Ол  ав- 
тордың  әр  кітабының  жазылуы  барысында  тіл  құдды  жаңадан  жасалғандай 
болады  -   жаңа  сөздермен  және  терминдермен  жаңартылады  деп  есептеді. 
Мәселен,  Дерриданың  әртүрлі  жазушылардың  шығармаларын  оқуы  ақынға 
тілмен  күресуші,  шығарманы  жасандылыққа  ұрындырып,  бастапқы  мағына- 
сынан  айырушы  тұлға  ретінде  қызығуына  байланысты  болды.  Бірақ  бұл  оқу 
тілдің  ішінде не болып жатқаны туралы теориялық бейнелеуге де ұласты.
Дерриданың түсінігінде тіл елеске ұқсайды. Ол үнемі қайталанып отырады; 
өзін әр жағдайда әртүрлі көрсетеді. Ақындар, жазушылар, драматургтер әлде- 
неше реттілдің құдіретінің ықпалында болды. Олар тілмен тікелей байланыста 
болып, өздері де оған талай әсерін тигізді.
Деррида  «мәтін»  ұғымын  қайта  қарады.  Ол:  «Мәтін  дегеніміз -   нақты  дү- 
ние  объектісінің тілімен  сипатталған  мәннің -  материялылықтың  шегіне дейін 
қандай  түрде де  тарыла  алмайтын  іздер»,  -   деген  қорытындыға  келді.  Оның 
орнына, біз осы  мәтін туралы жаңа түсініктің көмегімен ғана  мәтіннен тысқары 
шыға аламыз. Дерриданың «мәтіннен тыс ештеңе жоқ» деген сөзінің мағынасы 
да дәл осы жерде көрінеді.

200
Деррида  «қолтаңбаның» үш түрін атап  көрсету қажет деп ұйғарды:
(1) Автордың мұқабадағы есімі.
(2)  Автордың  жазу  мәнері,  мәтіннің  ерекше  қасиеттері:  сөз  орамының 
ырғағы, ұзындығы,  автордың сөздік қоры.
(3)  Бірақ  қолтаңба  қолданысқа  ену  үшін  туынды  виртуалды  оқырманға 
сеніп  тапсырылуы  тиіс.  Ол  енді  осы  хабарламаны  алып,  қабылдауға  және 
«қол  қоюға» жауапты  болады.
Деррида және дін
Дінді  қарастыра  отырып,  Деррида  бинарлық  қарама-қарсылықтарға  байла- 
нысты емес бастапқы  нүктенің болуы тиістігін  атап  көрсетеді:  бір жағынан -  
дін, ал екінші жағынан -  ақыл-ой және Маркс, Ницше, Фрейдтің дінді сынауы. 
Ол дін  мен ақыл-ойдың бір бастаудан -  жауап ұғымынан тарайтынына сенім- 
ді болды.
Ақыл әрдайым сенімнің маңызын жоққа шығаруға ұмтылады. Сенім әрқашан 
адам  үшін  тартымды,  өйткені  ол  өмір  сүруге  ұмтылдырады  (ол  өмірімізге  «қа- 
сиеттілік»,  «құтқару»,  «тазалық»  және  «айқындық»  ұғымдарының  мағынасын 
енгізеді), сонымен қатар өлімге де итермелейді (ол біздің өмірімізге жанқиярлық 
ұғымын  енгізеді).  Ол  әулиелікті  мақұлдайды.  Барлық  діндарды  дінде  жалпыға 
бірдей  құрбандық  ұғымының  болуына  байланысты  жасалған  зұлымдық туралы 
ойлануға шақырады.
«Қүдай» атауына байланысты қиындық, әсіресе «Құдай -  біз бола алмай- 
тын  нәрсе:  Құдай  -   Өзге»  дегенде  туындайды.  Деррида  Өзге  идеясын  Құ- 
дайдың Моисейге күймесгүл оқиғасы  кезінде айтқан:  «Мен -  қандай болсам, 
сондаймын» (Exodus 3:14) деген сөзінен алды. Тіл бізге дейін және біздің қа- 
тысуымызсыз пайда болды. Теологтер Қүдайдың еңбегін дәл осы жерде еске 
салады.  Мұндай  тіл  «теологиялық  қалыптасу»  ұғымына  байланысты.  Дін  -  
«Құдай» терминінің адамның  пайымдауларында  қолданыла  бастауының,  тіл 
ұшына  орала  кетуінің  дәлелі.  Тіл  туралы  айтып,  одан  тысқары  ештеңе  жоқ 
деген  кезімізде,  біз теологияға енеміз.
Деррида  Құдайды  да,  дінді  де  тұрақты  тұжырымдамалар  деп  санаған  жоқ 
және  көп  жағдайда  дін  ұғымын  қолданудан  аулақ  болуға  тырысқан  сияқты; 
оның теологияға  қатысты ұстанымын анықтау оңай емес. Алайда Деррида  қан- 
ша дегенмен деконструктивті ойлау мен негативті ойлаудың немесе апофатика- 
лық теологияның жақындығын сезінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет