Бағдарламасы (Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша) Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт



бет2/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#1509
1   2   3   4   5   6   7









Түсініктеме хат 

Балалар демалысының жазғы бағдарламасы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыруда ерекше орын алады.Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе.Мектептегі дене шынықтыру сабақтары мен спорттық үйірме жұмыстары енді уақытша тоқтайды. Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыру қиынға соғады. Оның себебі ата-ананың уақыты да, мүмкіншілігі де жетпей жатады. Ата-ана үшін ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді.Ал бұл бағдарлама тек қана сергіту сәтін сыйлап қана қоймай олардың бос уақытында кітаппен достасуына жол ашады. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор сияқты жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Бала ерте жастан кітаппен достасса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады.




«Зерделі оқырман» бағдарламасының мақсаты:

«Кітап арқылы – рухани шыңдарға жету»

            Жалпы, кітапханашылар қауымы оқырмандармен жұмыс жасауда жақсы қарым-қатынас орнатуға, олармен әңгімелесіп, пікірлесуде кәсіби шеберлікпен жұмыс жасауы абзал. Жеткіншектің бойында кітапқа деген құштарлықты ояту үшін кітапханашы әр уақыт ізденіс үстінде болуы шарт. Себебі, бабалар аманатын ұрпағына жеткізу жолында еңбек ету, кітапханашы болу — абыройлы іс, үлкен жауапкершілікті міндет етеді деп түсінгеніміз жөн.Сонымен қатар, әдістемелік әдебиетте қазақ тілінде кітапханалық жұмыстың қазіргі формалары мен әдістері аз берілген. Осы орайда, бағдарламаның мақсаты- қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс-шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыру, дамыту, сөйтіп, олардың білім сапасын арттыруына көмектесу. 





Міндеттері: 

-қазіргі оқыту технологиялары негізінде оқушыларды жұмыс істеуге баулу; 


-кітапханашы қызметінде жұмыстың қазіргі формалары мен әдістерін игеруіне бағыт беру; 
-балалардың өзіндік жұмыс жүйесін қалыптастыру, рухани байлықты кітапханадан алатындарына көздерін жеткізу; 

Күтілетін нәтижелер: 

-кітапхана жөнінде жаңаша көзқарас, пікір, ой қалыптастыру арқылы оқушылардың рухани қазынадан «нәр алу», яғни, кітап оқу қызметін қалыптастыру; 


-қоғамдағы жағымсыз жайттардың ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсерін оқушылардың кітап оқу жүйесін қалыптастыру арқылы болдырмау, оқушылардың білім сапасын арттыру; 





Іс-шараның тақырыбы

Сағат саны

Формалары мен әдістері 

1

Кітапханаға саяхат 

1

Әңгімелесу 
(Бұл жаппай іс-шараның диалогтық формасы кітапханашының хабарламасынан басталады және аудиториямен сұхбаттасу жүйесінде жалғасады) 

2

Кітапхана- білімпаздар мекені

1

Кітапханалық сабақ

(Сабақтың алдында балалардың кітап оқу деңгейін анықтау үшін «Оқырман өмірбаяны» атты жазба жұмысын орындау)  



3

Кітаптың шығу тарихын  білеміз бе?

1

Қызықты ақпараттар сағаты

(Бұл баспасөзден, кітаптардан оқыған материалдардың өзіндік ауызша топтамасы



4

«Кітап қалай пайда болды?» призентациямен түсінік бер

1

Сабақ-викторина 

5

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

1

Тақырып бойынша көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсы 

6

«Атамекен – Алтын бесік»

1

Саяхат-сабақ Саяхат арнаулы туған еліміз туралы призентациямен түсіндіріледі 

7

«Желтоқсан жұлдыздары»

1

Оқушылар мұғалімдермен бірлесе отырып, аталмыш тақырып бойынша кітаптардан, журналдардан, газеттерден белгілі бір уақыт ішінде материалдар іздейді, одан кейін соңғы іс-шараға жиналып, ізденіс нәтижелері туралы қандай қызықты материалдар тапқанын баяндайды, кітапханаға тапсырады


8

Менің қаламның бүгіні мен келешегі

1

Презентайия жасаудан жарыс, оны қорғау

9

Салауаттану сырлары

1

Медбикемен шолу өткізу

10

Салауатты өмір салты

1

Ауызша әдеби журнал (мәні жағынан ғылыми-танымал журналға ұқсайды. Ерекшелігі: қоғамды толғандыратын маңызды мәселелерді баяндау. Дайындау әдістемесі: беттері 3-5 болуы мүмкін, бірнеше кезеңнен тұрады

11

«Сенің денсаулығы- қоғам байлығы»

1

Тақырыптық викторина (бұл ойынның барысында оқырмандар сұрақтарға жауап береді. Мұны өткізу барысында төмендегідей көрнекі құралдар пайдаланылады: кәртішкелер, плакаттар, заттар. Олар «сұрақ» та

12

« Өз өлкеңнің табиғаты сені толғандыра ма? »

1

Дөңгелек үстел. (топ адамдарының аталмыш тақырып бойынша қысқаша сөйлеуі ұйымдастырылады. Оның мақсаты проблеманы немесе таласты шешу емес, аудиторияның дүниетанымын кеңейту мақсатында әр түрлі көзқарастарды баяндау, тыңдаушылар комментарий немесе сұрақтар беруіне болады

13

«Ынтымақты елде бақ тұрар»

1

Танымдық сабағы

14

Мемлекеттік нышандар -тәуелсіздік белгісі

1

Сұрақтар мен жауаптар кеші.(Бұл іс-шара еліміздің маңызды оқиғаларына арналады. Алдын-ала сұрақтар әзірленіп, ілініп қойылады немесе оқырмандар өздері сұрақтарды қояды, сұрақтарды жинау 5-10 күн қалғанда аяқталады, олармен мамандар танысып, жауаптарын әзірлейді. Жауап беру кезінде қолдануға болатын әдебиетті де айтады. Жүргізуші әр сұрақ бойынша қорытынды жасап, резюме береді. 



15

Достықты қалай түсінесің?

1

Дөңгелек үстел 

16

«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»

1

Тақырыптық сабақ 

17

«Бақыт деген....» (адамгершілік сағаты)

1

Тақырыптық сабақ 

18-19

«Жылдың үздік оқырманы»


2

Конкурс  Шарттары: «Менің рухани әлемім» фотоальбом

20

«Менің Мұқағалиым»

1

Мақатаев шығармашылығына арналған көрме.



21

Байтұрсынов әлемінде. Көрме

1

Көрмемен таныс ету

22

«Еңлік - Кебек»

1

Сахналық көрініс 

23-24


Әдеби дастархан. Көрме

2

Әдеби дастархан (Дәстүрлі емес жағдайда әдебиет, өнермен байланысты сұрақтар төңірегінде әңгімелеседі, мұның ішінде кітапханашының, оның көмекшілерінің әзірлеген сұрақтары да болуы мүмкін. Сонымен қатар, іс-шараның өту барысында тоқыма тоқуға да болады. Әңгімелесу қатысушыларды жалықтырмас үшін оны өлең айтумен, өлең оқумен, қызықты оқиғалармен араластыруға болады 

25

«Кітап- санаңа сәуле құяр шырақ»

1

Кітапханалық сабақ 

26

«Рухани қазына –Болашаққа»


1

«Кітапханаға-кітап» акция конкурсы 

27

«Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік»

1

Кітапханалық сабақ 

28

Адам болудың алғы шарты

1

Кітапханалық сабақ 

29

«Абайдың даналық қазынасы»

1

Қарасөздерін оқу, түсінік айту

30

«Бейбітшілік- адамзаттың асыл құндылығы» (Ұлы жеңіске арналады)

1

Тақырыптық сабақ 

31-32

«Рухани қазынам -болашағыма бағыт-бағдар береді»

2

Дөңгелек үстел 



33-34

«Кітап.Кітапхана. Оқырман».

2

Кітапханалық қорытынды сабақ 


Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.Кітапхана жұмысының қазіргі формалары мен әдістері. 


«Мектептегі кітапхана», Журнал, №1, 2009, 13-29 бб. 

2. «Мектептегі мерекелер», Журнал, №3, 2008. 31-35 бб. 

3. «Мектептегі кітапхана», №3, 2009, 15-16 бб. 

4. «Мектептегі кітапхана», №5, 2009, 2-3 бб. 

5. «Мектептегі кітапхана», №5, 2003, 11-12 бб. 

6. «Мектептегі кітапхана» , №2, 2009, 5-6 бб. 



7. «Мектептегі кітапхана» , №4, 2009, 12-13 бб.


 

Каталог: uploads -> doc -> 0e5b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e5b -> Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер. Сабақтың мақсаты
0e5b -> Сын тұрғысынан ойлау оқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
0e5b -> Сыныбы: 6 Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет