Бағдарламасы (Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша) Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт



бет4/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#1509
1   2   3   4   5   6   7




Оқырмандармен бағдарламамызды іске асыру мақсатында 2011 жылы оқуларға жеке және бұқаралық басшылық тәсілдері қолданылатын болады.

Күнделікті жұмыста абонемент пен оқу залында ұсыныстық әңгімелер, көрмелер, кітап сөрелері, каталогтар мен карточкалар жанында жеке кеңес берулерді, білім мен зердені нығайтуға ұмтыла отырып, оқып шыққанды талқылау -  сауалнамаларды кеңінен қолдану. Күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, кітапханамызға келіп тұруға шақыру, кітапхананың бай қоры, пайдалану тәртібі туралы әңгімелеп беру. Осындай тәсілмен кітапхана жарнамасын жасап отыру. Осы тұрғыда айта кетер бір жай, біз қызмет көрсететін ауданның көлемі орасан зор, біз осы аумақта балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз кітапхана, ол үлкендер мен балаларға да белгілі.

Балалар оқуын бұқаралық басшылық жасаудың негізгі формалары ретінде кітап көрмелері, әдебиет шолу, түрлі әдеби ойындар, викториналар, саяхаттар мен әдеби кештер болып табылады. 2011 жылы кітапхана «Кітап арқылы үйлесімді дамыған, қоғами – белсенді тұлғаны қалыптастыру» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады.

Бағдарлама мақсаты: «Кітап арқылы – рухани шыңдарға жету»

Бағдарламаның негіздемесі: жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаны қалыптастыру әрбір адамның ең маңызды міндеті және адамзат тарихи дамуының басты мақсаты болып табылады. Білім арқылы рухани шыңдарға шығуға болады. Адамға өзін тану және «қалыптастыру» үшін жүздеген зейінді, қызықты кітаптар жәрдемдеседі.

Кітаптың мақсаты – адамға қызмет ету, оның бақытына ықпал ету, адамның және адами қатынастардың жетілуіне жәрдемдесу. Оқу тұрақты қажеттілік әрі ақылды адам мен «оқырман адамның» өсуіне қажетті шарт болды.

 

Мемлекеттік мекеме «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»



№ 8 балалар кітапханасы

Оралхан  Бөкеевтің

«Қайдасың, қасқа құлыным» повесі таңдалынды:

«Бір ел-бір кітап» акциясы  27 қыркүйек 2012 жыл  

ЖОСПАР

    1. Кіріспе.

    2. Оралхан Бөкейдің өмірбаяны

    3. Шығармашылығы

    4. «Қайдасың, қасқа  құлыным» повесімен танысу

    5. Қорытынды



Кітапханашы: Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жастар сыйлығының лауреаты, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген.

1963-1969 жылдары О.Бөкеев С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының « Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының  Коммунизм туы газетінде әдеби қызметкер болды.

1968 жылы О.Бөкеев республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.

1974-1983 жылдары О.Бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі.

1983-1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары.

1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашық болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті.

Әдебиетке келудегі мақсаты да сол.






Каталог: uploads -> doc -> 0e5b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e5b -> Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер. Сабақтың мақсаты
0e5b -> Сын тұрғысынан ойлау оқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
0e5b -> Сыныбы: 6 Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет