Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және



бет2/9
Дата08.11.2023
өлшемі84,08 Kb.
#190272
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
6 3тоқ бжб 1, 100 proektov malogo biznesa kaz 020819, жиренше шешен
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы: №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 2022-2023 оқу жылы қазан айы

Айы

Ұйымдастырылған
іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері

Қазан

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

1.Сөйлеудіңдыбыстықмәдениеті.
Сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
2.Сөздік қор.
Сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. 
Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
4.Байланыстырып сөйлеу:
Мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету.



Көркем әдебиет

1.Мәнерлеп оқу. Тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру.
2.Мазмұндау. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, диалогтік сөйлеуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.
3.Театрландырылған әрекет дағдыларын дамыту. Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау.
4.Кітаптарға қызығушылықты ояту.
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.

Қазақ тілі

1.Тілдік дамытушы орта. Бір-бірімен күнделікті еркін ойында, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға баулу.
2.Сөйлеудіңдыбыстықмәдениеті. Қазақ тіліне тән ә, қ дыбыстарын өздігінен дұрысайтуғабаулу.
3.Сөздік қор.Қоршаған ортадағы күнделіктіжиі қолданылатынтуыстыққатынасқабайланыстысөздерді(«бөпе»,«аға»,«апа»,«іні»,«қарындас»),көкөніс-жемістердің атауларынайтужәнетүсінудағдыларын қалыптастыру, санамақтар жаттауғабаулу.
4.Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сынесім) үйрету.

Математика негіздері

1.Бір текті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету
2.Шама
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру.
3.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;
4.Математика негіздері
Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;



Қоршаған ортамен таныстыру

1.Заттық әлем:
Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.
2.Адамгершілікке баулу
Балаларда жақсы және жаман әрекеттер, қылықтар туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды интеллекті тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.
3.Тірі және өлі табиғат: табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
4.Ауладағы ересектердің еңбегі; аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.



Құрастыру

1.Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, құрастыра білуге үйрету.
2.Өзбетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.
3.4.Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.



Сурет салу

1.Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
2.Сәндік сурет салу:Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру дағдыларын қалыптастыру
3.Заттық сурет салу:Түрлі түсті орамал, алжапқыш, сүлгі,шар.
4.Қағазға саусақпен сурет салу,суреттін қарапайым элементтері ретінде тік, тұйықталған, дөнгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу. (күн, саты, гүл т.б)



Мүсіндеу

1.Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
2.Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Заттық мүсіндеу:
сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
4.Заттық мүсіндеу:сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру.

Жапсыру

1.2 Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту.
3.Көкөністер бейнесін түрлі түсті қағаздардан қыйып жасауды үйрету
4.Келесі дағдыларды қалыптастыру:дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау;

Музыка

Маман жоспары бойынша





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет