Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және



бет6/9
Дата08.11.2023
өлшемі84,08 Kb.
#190272
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
6 3тоқ бжб 1, 100 proektov malogo biznesa kaz 020819, жиренше шешен
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы № 40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 202-2023 оқу жылы ақпан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері




Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша




Сөйлеуді дамыту

1.Балаларды тақпақтар мен шағын өлендерді айтуға дағдыландыру.
2.Сөздік қор. Балардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулар арқылы ойын кеңейту.
3.Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту.
4.Балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу.

Көркем әдебиет

1.Ертегінің мазмұнын таныстыра отырып жағымды жағымсіз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге баулу.
2. Баларға табиғат көріністерін сипаттауды қыс қызықтарын айта білуге баулу
3.Өлен шумақтарын жаттату сөздік қорларын байыту
4.Суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре ортырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қазақ тілі

1.Тілдік дамытушы орта. Дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, өз бетінше кітаптарды қарауғабаулу.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліне тән ә, ө, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
2.Сөздік қор. Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеу.Алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

1.Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру
2.Бір затпен көп затты бір - бірінен айыра білуге үйрету.
3.Санаудын дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып заттарды дұрыс санауға баулу
4.Солдан оңға қарай санау және сандарды ретімен айтуға үйрету

Қоршаған ортамен таныстыру

1.Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
2,3.Көлік, байланыс құралдары
Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру.
4.Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

Құрастыру

1,2.Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын-ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату
3,4.Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.

Сурет салу

1.Баларды сурет салғанда ертегілер сюжетін өздері ұнататан кейіпкерлеріге тән сипаттарды бере білуге баулу (түлкі, қоян, аю т.б.)
2.Заттық сурет салу; қуыршақтын киімдері (бас киім, көйлек т.б.)
3.Қоянға арналған сыйлықтарды қағаз бетіне бейнелуга дағдыландыру (сәбіз, қырыққабат т.б)
4.Қыс мезгілінің шуақты күндерін сурет салу арқылы балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске салу.

Мүсіндеу

1,2.Заттық мүсіндеу; ермексаздың қамырдың кесектерінен түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу
3,4.Балалрды тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру

Жапсыру

1,2.Сюжеттік жапсыру; жануарлар пішінін бейнелеу жнуарларды қағаз бетіне орталастыру дағдыларын қалыптастыру
3. Сәндік жапсыру; моншақ, білезік, сақина, сырға,
4. Өткенді қайталау.




Музыуа

Маман жоспары бойынша





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет