Бағдарламасы «te 4423 Эволюция теориясы»


Практикалық сұрақтарының жауабын бағалау нұсқасы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,32 Kb.
#96706
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Емтихан бағдарламасы Эволюция теориясы

Практикалық сұрақтарының жауабын бағалау нұсқасы:
Өте жақсы: 36 – 40 балл
Жақсы: 30 – 35 балл
Қанағаттанарлық: 20-29 балл
Қанағаттанарлық емес: 0-19 балл
«Эволюция теориясы»
пәні бойынша емтихан бағдарламасы

Эволюциялық ілімнің негізгі мазмүны және міндеттері. Тірішіліктің пайда болуы туралы гипотезалары – креоционизм және оның негізгі түрлері, өзіндік пайда болуы тұрақтылық күйі, панспермия. Тірішіліктің пайда болуы туралы теориясы - биохимиялық теория (Опарин-Холдейн). Тірішіліктің пайда болуы туралы басқа гипотезалар: биопоэз гипотезасы (Дж. Бернал, 1947 г.), К. Фолсом және Р. Фокстың эксперименттері.


Эволюциялық идеялардың даму тарихы. К. Линней және Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциялары. Органикалық дүниенің пайда болуы туралы Ч. Дарвинге дейінгі көзқарастарға талдау жасау. Қайта өрлеу дәуірінде жаратылыстанудың дамуын көрсету. Эволюциялық теорияның пайда болуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ережелері. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының маңыздылығын көрсету. Эволюцияның қозғаушы күштері,тіршілік үшін күрес, дивергенция, бейімделудің салыстырмалы сипаттарын қарастыру. Ч. Дарвиннен кейінгі эволюциялық көзқарастардың дамуы. Эволюцияның синтездік теориясы. Эволюциялық идеялар дамуының үш кезеңіндегі («терәске шығару», романтикалық, қайта өрлеу) еркшеліктерін қарастыру.
Эволюцияның дәлелдері – палеонтологиялық, биогеографиялық, морфологиялық, биохимиялық, генетикалық.
Популяция – эволюцияның қарапайым бірлігі. Тіршіліктің ұйымдасуы, оның негізгі сипаттамаларын қарастыру. Қарапайым эволюциялық факторлар. Тіршіліктің жүйелілігі және ұйымдасуын көрсету. Жер бетіндегі тірінің негізгі сипаты және тарихи кезеңдерін қарастыру. Жерде тіршіліктің пайда болу және даму кезеңдері. Өсімдіктер эволюциясының негізгі жолдары және ерекшеліктері. Жануарлар эволюциясының негізгі жолдары және ерекшеліктері. Табиғи сұрыпталу – эволюцияның басты қозғаушы күші. Табиғи сұрыпталудың формалары. Табиғи сұрыпталудың әсер ету қарқыны және нәтижелілігі. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі.
Органикалық табиғат эволюциясының дәлеледері мен зерттеу әдістерін қарастыру. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік – эволюцияның қайнар көздері екендігін дәлелдеу. Мутациялық процес, популяциялық толқындар және оқшаулану – қарапайым эволюциялық факторларына сипатама жасау. Түрішілік және түраралық бәсекелесу және оның эволюциялық рөлі. Гендер дрейфі (генетико-автоматикалық, немесе стохастикалық процестер). Популяциядағы дарабастар санының өзгеруіне байланысты Болдуинның нәтижесі («бөтелке мойын» нәтижесі). Негізін салушының (эффект основателя) нәтижесі. Изоляттардағы гендер дрейфі. Миграциялардың (гендер ағымының) эволюциядағы рөлі.
Түр туралы мәселелер. Қысқа даму тарихы. Түр түзілу – микроэволюцияның нәтижесі. Түр түзілу тәсілдері. Тіршілік үшін күрес – организмдердің қоршаған ортамен әрекеттесуінің нәтижесін көрсету. Бейімделудің пайда болуы – табиғи сұрыпталудың нәтижесін келтіру.
Онтогенез эволюциясы. Мүшелер мен функциялар эволюциясы. Арогенез. Ароморфоздар. Ароморфоздар масштабы. Ароморфоз мысалдары. Аллогенез және оның формалары. Алломорфоздар (идиоадаптациялар).
Филогенетикалық топтар эволюциясы. Эволюция фазалардың ауысу ережесі (А.Н. Северцов және И.И. Шмальгаузен бойынша). Долло қағидаты (эволюцияның қайтымсыздығы туралы ереже). Депере қағидаты (прогрессивті мамандану туралы ереже). Коп қағидаты (мамандандырылмаған ататектерден пайда болу туралы ереже). Ковалевский-Осборн қағидаты (адаптивті радиация туралы ереже). Шмальгаузеннің қағидаты (биологиялық жүйелердің интеграциясы туралы ереже).
Эволюциялық прогресс. Эволюция теориясын сынға алуы. Генетикалық нейтрализм концепциясы. М. Кимура және оның эволюцияға көзқарастары. Филогенетикалық реликтілер және топтардың қырылуы, оның себептері. Монофилия және полифилия. Торшалық эволюция.
Антропогенез мәселелері. Өте ежелгі адамдар – архантроптар (Homo erectus): ашылудың тарихы, морфологиялық сипаты. Өте ежелгі адамдардың негізгі географиялық топтары және олардың хронологиясы. Ежелгі адамдар – палеоантроптар (Homo sapiens neandertalensis). Палеоантроптардың әртүрлілігі, хронология және географиялық таралуы. Неандертальцтердің материалдық мәдениеті және рухани өмірінің бастамалары. Саналы адамның (Номо Sapiens-тің) пайда болу уақыты және орны. Моно және полицентризм гипотезалары. Кеңдік моноцентризм гипотезасы. Қазіргі кездегі адам және эволюция. Қазіргі кездегі адамның дамуына эволюциялық факторлардың әсер етуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет