Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



бет19/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру


Сан.

«Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу; бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.

Көлем

Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.

Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Кеңістікті және уақытты бағдарлау

Кеңістікте және уақыт ішінде бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- «көп», «бір», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» түсініктерін біледі;

- ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей және екі - түрлі заттарды салыстыруды біледі;

- салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;



- геометриялық пішіндерді біледі;

- кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі (алдында-артында, үстінде- астында);

- оң және сол қолдарын ажырата біледі;



- тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін бағдарлай біледі (күн-түн, таңертең-кеш)

Құрастыру


Құрылыс материалдарынан құрастыру

Құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану.

Сюжеті бойынша біріктіру және ойнау арқылы құрылыс салу кезінде шығармашылық қиялды қалыптастыру.

Қағаздан құрастыру

Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге үйрету.


Күтілетін нәтижелер:


- құрылыс материалдарының бөліктерін біледі және атайды,оларды түрлі тәсілдермен орналастырады, оларды түсі және көлемі бойынша ажырата біледі;

- қарапайым құрылыстарды құрастырады;

- түрлі құрастыру тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын түрлендіреді.

Жаратылыстану


Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.

Табиғат құбылыстарына қызығушылыққа, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дағдыларды қалыптастыру:

- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау

- ауа-райының қарапайым өзгерістерін байқайды және атай біледі.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру. Жер теліміндегі атыздардың жиектеріне жуа және гүлдердің тұқымдарын (шырайгүл, барқытгүл) егуге бақылау.

Бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония, қырмызыгүл, қоңыраугүл және т.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін жабайы аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру. Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Құм мен судың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.


Күтілетін нәтижелер:


- ауа-райының жағдайын анықтайды, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды;

- туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие, олардың сабағы, бұтағын, жапырағын атайды;

- гүлдейтін шөпті өсімдіктерді (бақбақ, шырайгүл, барқытгүл) өзіне тән сипаты бойынша атайды,көкөністер мен жемістерді дәмі бойынша атайды және ажыратады;

- бөлме өсімдіктерінің 3-4 түрі мен олардың айырмашылықтарын таниды;

- таныс материалдармен өзбетімен тәжірибе жасай алады;

- Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атайды және ажыратады;

- құстардың мінез-құлық ерекшеліктеріне назар аударады, құстарды қоректендіре алады;

- табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қамқорлық танытады;

- су, құм, қардың қасиеттерін біледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет