Бақытжанқызы Талшын 5В011400-тарих 3курс



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі37,82 Kb.
#97805
  1   2   3   4   5
Байланысты:
13 семинар


Бақытжанқызы Талшын 5В011400-тарих 3курс
13-тақырып.Шортанбай , Дулат пен Мұрат жыраулардың және Махамбет пен Шернияз ақындарының патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көзқарастары
ХІХ ғасырдың екінші жартысы қазақ халқының басынан ауыр кезеңді өткеріп, қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелгені жайлы деректер мол мәліметтер беруде. Тарихи деректердің үлкен бір тобын құрайтын көркем әдебиет шығармалары және ақындардың ауыздан ауызға жетіп, халық арасында кең таралып, бізге мұра ретінде жеткенін айтуымызға болады. Сондай құнды деректеріміздің бірі ауызша әдеби дәстүріміздің тарихи тағылымымен мәдени мұралары тарихымызда маңызы жоғары бағаланып келеді. Қазақ әдебиетінде өзінің орнымен ерекшеленетін ақындар мен жыраулардың шығармалары өткен тарихымыз жайында тың мағлұматтар берері сөзсіз. Белгілі ғалым, тарихшы Е. Бекмаханов қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихи мұралары халық ауыз әдебиетінің шығармаларында сақталып, олардың жырлары, аңыз- әңгіме арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткендігін айтады.
Ақын жыраулардың шығармаларында сол кездегі оқиғалар жыр болып төгіліп, халық арасында кеңінен тарады. Зерттеуші ғалымдар оларды талдап, саралап, халыққа жеткізуде. ХІХ ғасырдағы ақындарға және олардың жырларындағы мазмұнына қарап «Зар заман» деген терминді енгізген ғалым М. Әуезов болды. Тарихта қалған үлкен мұра «Зар заман» атауы ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық», деп М. Әуезов сипаттама береді. Ақындардың жырларынан сол кездегі туған жерге деген зор құрметтерін, еркіндік, халықты басқаруда басқа ұлт өкілдерінің қоғамға араласуы туралы ащы шындықты жырларына қосып, халық арасында кеңінен таратты. Олардың еңбектері сол кездері қудалануға түссе де, қазіргі таңда өз құндылығын сақтай отырып, жоғары бағаға ие болып отыр.
Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасыреттерін жырлады. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақындар өмір сүрген кезең-патша өкіметінің отаршылдық саясаты қазақ жеріне реформалар енгізіп, орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандыра бастау, «Жаңа низам» заңының жүзеге асыра бастауы халықты зорлық- зомбылыққа ұшыратты . Тарихшы ғалым М. Қойгелдиев «Зар заман» ағымын тарихи тұрғыдан зерттей келе, екіге бөліп көрсетеді. Біріншісі, қазақ даласын, оның мекен еткен елді билеп- төстеуді мақсат еткен самодержавиелік билік, онымен бірге ере келген, онсыз да алауыз қоғамды бөліп, жауға қызмет еткен тәртіптер болса; екіншіден, сол жаңа билікпен ымыраға келіп, оның арзан, жалдамалы құлына айналып, түптеп келгенде, еңбекші бұқараны сыртқы жаумен бірге соғуға ықыласты жергілікті бай, сұлтан, атқамінерлер еді. Бұл ақындар орталық әкімшіліктің қолына біржола жерін, еркіндігінен айырылған елін, халықтың тығырыққа тірелген ауыр халін жырмен жеткізеді. Бұқар жыраудың кезіндегі беймәлім емес, ендігі жерде отарға айналған елі үшін оған қарсы тұратын халықтың дәрменінің жоқтығына налиды. Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармаларының негізгі міндеті көркем ой тілімен өлкедегі жаңа қалыптасқан саяси ахуалға сай қазақ жұртына ой салу, жаңа орныққан тәртіп түпкілікті үстемдік алған жағдайда болашақта қоғам ретінде жойылу қаупіне нұсқау болатын. Ғылымда «Зар заман» атанған бұл мектеп әдебиеттің гуманистік табиғатынан туындаған, халықтың санасына қозғау салып, саяси- әлеуметтік ахуалды түсінуге көмектесетін шығармашылық әдіс еді. «Зар заман поэзиясының» жарқын өкілдері деген баға алған ақындар өздерінің өмірінде халқының басында болып жатқан жағдайға бей- жай қарамай, оны жырларына қосып, зарлана жырлайды. Жазушы-ғалым С. Мұқанов аталған тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, 1942 жылы «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» деп аталатын кітабының бір тарауын «Зар заман» де атады. Ғалым, «Зар заман» ұғымына мынадай анықтама береді: «Бас бостандығынан, жерден айырылған, кедейленген халық, ұл зорлыққа қарсы басын көтере алмады, көтерем дегенге үкімет көтертпей, қозғала бергенде тарпа бас салып, орнында езіп тастап отырды. Осындай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетін біз «Зар заман» әдебиеті дейміз». Шортанбай мен Мұрат ақынның шығармаларын жинап, халыққа таныстырып, олар жайында әр түрлі таластарда олардың есімдерін арашалауға үлес қосты.. Шортанбай ақынның шығармаларында орыс халқына, орыс мемлекетіне қарсылық оның жырларында жоқ, ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы болды. Зар заман тақырыбын зерттеушілер арасынан олардың шығармаларының мазмұны теріс түсіндіріліп, ақындардың шығармаларын идеялық мазмұны жағынан сынға алушылар да болды. Олар заман поэзиясының өкілдерін орыстың мәдениетіне жақындап, соған қарай ұмылу орнына ескі сат- дәстүрді аңсады деген де баға берілді.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихы туралы шетелдік ғалымдар өздерінің көзқарастарын қалыптастырып, еліміздің тарихын зерттеуге қызығушылықтары артуда. Біз сөз етіп отырған зар заман ақындары жайында зерттеп жүрген ғалымдардың бірі ағылшын ғалымы Томас Виннер. АҚШ-тың славянтанушы және семиотик ғалымы Томас Виннер  ауызша дәстүр мен қазақ әдебиетін зерттеп ХІХ ғасырдағы ақын- жыраулардың еңбектеріне баға береді және оның қазақ әдебиетінің тарихы туралы еңбектері ағылшын тіліне аударылып, көрермендерге ұсынылды. Өлең шумақтарын өз тілдеріне аударады. «Олардың поэзиясында ұлы ойдың жатқандығын, халықтың энергиясы, ұлттық шынайылықтың және орыстарға деген күйініштерінің бар екендігін» айтады. Сонымен қатар сол кездің жыраулары Дулат Бабатайұлы, Әбубәкір Кердеріұлы, Шортанбай Қанайұлы, және Мұрат Мөңкеұлын атайды. Шортанбай ақынның «Опасыз жалған» деген өлеңінің кейбір шумақтарын өз тіліне аударады. Халықтың арасынан шыққан қазақ ойшылдарын көшпелі халық арасындағы тұлға етіп көрсетеді. Зар заман ақындарының қазақ халқының өмірінің жақсартуын қалағаны жайында баяндайды . Қазақ халқы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басынан өткерген қиын кезеңде халық арасынан шыққан бүгінгі мақалаға арқау болған азаматтар өз кезеңінің ұлт жанды тұлғалары бола білді. Халық арасында болып жатқан кезеңді жырларына қосып, халықты бірлікке шақыра білді, өз заманында болып жатқан олқылықтарға көңілі толмай налыды, қиналды. Дегенменде, болашақ ұрпақтарына өсиет етіп қалдырған жырлары қазіргі таңда тарих мұралары арасынан өзінің ойып тұрып орын алып, ұрпағы нар тұлғаларының өлең- жырларынан қуат алатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет