Бақытжанқызы Талшын 5В011400-тарих 3курс



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі37,82 Kb.
#97805
1   2   3   4   5
Байланысты:
13 семинар

Шортанбай Қанайұлы — XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Данышпан жыраудың сөздері елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арада жұрттың ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нəр алған еді.
Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында: «Зар заман» — XIX ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тəртібін жойып, 1867–1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тəртіп орнатқан кезде туған ағым. Алғаш... ақын Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты зарлы өлең шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін де сол кезеңде басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды» — деп көрсетілген.
Шортанбай жырау өзіне дейінгі Бұқар, Тəттіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты шешенмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен.
1819 жылы Ресей императоры Александр I қазақ балаларын базардан сатып алуға, сол баланы басқа біреуге сатуға болады деген қатал заң шығарған. Дəл сол қатыгез заңға Шортанбай ашық қарсы шығады .
Білмегеннің белгісі:
Балаңды бер деп орыс тұр,
Қайтемін деп болыс тұр.
Қорқар ма орыс қой дегенге,
Қазақты қамай түсіп тұр:
Басыңнан билік кеткен соң,
Малыңнан асып, балаңды
Бер деп, ақыл тапқан соң,
Тоғайды жеңіп қолға алған
Өз ақылы жеткен соң.
Бұ құсаға ел қайтіп шыдасын,
Шабынан шоққа түрткен соң!
Көкірек көзі ояу, білімпаз Ш.Қанайұлы көрген-білгендерін көңіліне түйіп, санасына орнықтырып отырған. Тәңірдің берген дарынының арқасында ол ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі қоғам қайраткерінің бірі болған ақын. Өз дәуірінің өмір шындығын айқын көрсете білген бірден-бір көреген ақын заманның, қоғамның әр саласын кеңінен қамтып, шынайы өмірді көзбен көргендей етіп бейнелеп берген ірі суреткер, өткір тілді жампоз жырау болды.Діни сауатты Шортанбай Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметінен» сусындап, оны жаттап өскен. Ислам діні жолындағы оқуының нәтижесі Шортанбайды ишандық дәрежеге жеткізді. Шортанбай ишан Түркістан өңірінде ислам дінін тарату жолында қызмет атқарып жүріп, Сарыарқаның Қарқаралысындағы Жамантай төренің жанына біраз уақыт қоныс аударады. Кейіннен Жанғұтты бидің қолқасымен Ақсу-Аюлы бойына қоныс жаңғыртады. Онда барған соң мешіт салдырып, медресе ашып бала оқытады. Өмірден озғанға шейін Жанғұтты бидің қамқорында болады.Бойына туа бітті тәңірден берілген ақындық шабыт дарын иесін осы жолға түсірмей қой­майды. Жан-жақты сауатты, өлең-жырға әуес, сөзге шешен Шортанбай жиын, той-думандарда жырға ден қоя бастайды. Ақырында толғау айтса — толғап айтатын, жыр айтса — төкпелеп төгетін ақынға айналады. Қасиетті Түркістан жері оны ишан дәрежелі дін иесі етсе, Қарқаралы байтағына арқалы ақын ретінде танылады. Шортанбай шығармаларында ХІХ ғасырдағы қазақтың өмірі шынайы болмысымен суреттеледі. Әсіресе, елдің тұрмыс-тірлігі, жоқ-жұтаңдардың жағдайы ақынды қатты толғандырып, жат жұрттық келімсектердің қазақ жерін талапайға сала бастауы ақынға шаншудай қадалады. Елге жасалған отаршылдық, халыққа істелген қиянат ақынның көптеген шығармасына арқау болды, зар заманның келгенін күңірене жырлап, халқын төнген қауіптен қорғады.
Шортанбай ақынның шығармаларының дені дерлік «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды аңсап, заман ағысының кері кетіп бара жатқанына налудан туған. Мысалы, «Зар заман» деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей, оған үрке қарап:
— Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман.
Азусызға тар заман,
Мұның өзі — зар заман…- деп, кейпі қашқан заманның кесір кепиетін ашына айтады, батыл толғайды. Қазақ жеріндегі ел билеушілерді сын садағына алып, Асанқайғыша толғанады әрі торығады.
Заман ағымының беталысының қалыптан ауып, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің ауытқуын, осыдан барып кедей мен жоқ-жұтаң елдің басына түскелі келе жатқан кесапаттан жұртты сақтандырып:
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Кедей қайтіп күн көрер? —
Сол себепті қорқамын! — деп, заманның түнеріп келе жатқан қара бұлтын ашық көрсетеді.Сол замандағы қоғамның жай-жапсарын зерделеп, залалды зардабын елге түсіндірді, салдарынан сақтандырды, кесапаттың алдын алуға жатпай-тұрмай жұртын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішін дендей бастаған әр түрлі келеңсіздіктерге, талан-таражға, алауыздыққа, берекесіздікке, бейәдептікке, опасыздыққа қарсы халықты аянбай күресуге шақырды. Сол заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету екіталай еді.
Шортанбай өз заманындағы қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен өмір шындығын шынайы суреттей білген сұңғыла жыршы екендігімен қатар суырып салма айтыскер ақын болған. Кезінде ол Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайыстырған. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өн бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығымен тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, табан астында қарсыласының алдын орап кететін тапқырлығын танытады.Бір сөзбен айтқанда, Шортанбайды заманның тамыр соғысын дөп басып танитын, мезгіл мұғдарын алдын-ала болжап, күн ілгері көре білетін өз заманының да, одан бергі заманның жаршысы болған кемеңгер де көреген ақын деп бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет