Бақытжанқызы Талшын 5В011400-тарих 3курс



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі37,82 Kb.
#97805
1   2   3   4   5
Байланысты:
13 семинар

Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) жырлары қазақ жерін жаулап алу, отарлауға байланысты халықтың күйінішті өмірін суреттеген жырлар. Оның еңбегінде көбінесе қазақ жерінің Батыс бөлігіндегі оқиғалармен тығыз байланысты болды. М. Әуезовтан кейінгі зар заман шығармасына анықтама берген Х. Досмұхамедұлы болды. Ол: «Халық поэзиясының тағы бір соқталы түрі- зар заман мен толғау. Бұл өлеңдерде салт- сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет- ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен пәтуасыздығы, тұрмыс- тіршіліктің нашарлауы, мал санының азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым- қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлердің кесіліп берілуі, жерлің тозуы, елдің азуы, аштық, жұт т.т. сөз болады; бұрынғы өткен өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінгі өзгерістерге зар айтылды. Мұндай зар заман аса көп және мазмұны жағынан алуан түрлі», деп атап көрсетеді Осы еңбекте зар заман ақындарының бірі Мұрат ақынның еңбектерін жинап, халыққа ұсынған Х. Досмұхамедұлы деп көрсетеді. Себебі ол Мұрат ақынмен бір топырақта дүниеге келіп, бала күнінен құлағына сіңіріп өскен делінеді.Халел Досмұхамедұлының еңбегінде Мұрат ақынның заманы патша үкіметінің қазаққа құрған саясатының гүрлеп тұрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы өзгере бастаған, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйкімді әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы.
Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгіл осыларды да алған қоныс.
Кемелсіз қонған елін көп тоздырғын,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
Кетейін десе жөн таппай,
Адыра қалған Үш қиян,-
Қол ұстасып жүрген жер,- деп елге келген таршылықтың көбін Мұрат қонысынан көреді.
Оның өлеңдерінде патша өкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалып, олардың жақсы жерлерді тартып алғаны туралы баяндалады. Қазақ елі патша үкіметінің шенеуніктерінен басқа орыстардың болмағаны, олардың көрген орысы патша үкіметінің жиһангершілік саясатын жүргізген орыстан шыққан залымдар деп жырлайды.Ол зар заман ақындарының ішіндегі патшаның саясатына көп назар аударған ақын болды. Жерінің тарылып, заңының бұзылып, заманының бұзылғанын жыраларына қосты. Патша үкіметінің қазақты орыс қылу саясатында жырлайды. Мұрат ақын жайлы өзінің еңбегінде С. Мұқанов былай дейді: Екеуі де «Зар заманның» ақыны бола тұра, Шортанбай мен Мұраттың арасында айырма бар. Шортанбай өзінің барлық шығармаларына тақырыпты өзі жасаған дәуірден ғана тапқан. Өзіне дейін және өзінен кейінгі дәуірге назар аудармаған десе, Мұрат ақынның елінің өткен тарихының халын, мұңын жырлаған ақын деп ара жігін ашып көрсетеді . Зар заман ақындарының қайсысының жырларына назар аударсақ та, қазақтың жерінің өзге халықтың келіп қоныстануы, отаршылдардың халыққа жасаған іс- әркееттері, сол замандағы халықтың аянышты жағдайын жырға қосты. Айтулы ақын Мұрат Мөңкеұлының шығармасын зерттеумен айналысатын ғалым Бауыржан Омарұлы Мұрат Мөңкеұлы жайлы, оның өмірі мен халқына арнаған ерлігі жайлы оның уған жеріне барып көне көз қариялармен деректерді ақтарып баяндайды. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» толғау дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, отарлаушыларға қарсы тұра білді. Ол патшалық Ресейдің қазақ халқына жасаған қиянаты жайында батылдықпен жырлағаны жайында оның жырларынан көруге болады.
Әбубәкір Кердері Шоқанұлы (1858-1912) өлеңдерінде адамдардың мінез- құлқындағы келеңсіз құбылыстар- ата дәстүрден алшақтау және оған менсінбей қарау, әділетсіздік, күншілдік, өтірік, жастардың үлкендері сыйламауы сынды тақырыптарда және оқу-білім жайын насихаттайды. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының бұл тобы халық поэзиясының әр алуан түрлерін дамытуға, оны өмір шындығымен жақындастыруға үлес қосты.
Зар заманның артқы ақыны ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың аралығында өмір сүрген Нарманбет ақын болды. Оның М. Әуезов зар заманның ең ақырғы күйін шертіп, тоқтаған ақын деп көрсетеді. Ол алдыңғы толқын ағалар жырлаған күйді қайта шертудің мезгілі өткенін, дегенмен оның да солар сияқты риза емес, соларша құсаланып, қайғырғаны «Сарыарқа» деген өлеңінде сипатталады:
Сарыарқа сарқыраған суың қайда.
Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда.
Найзағай жарқ- жұрқ етіп нөсер құйған,
Көк- жасыл, кемпірқосақ туың қайда,-
Деп табиғатқа да наразы болғандығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет