Байсеитова н. М


Өсімдіктердің ылғалдылыққа бейiмделуi



бет46/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Өсімдіктердің ылғалдылыққа бейiмделуi. Жасушадағы барлық биохимиялық процестердiң жүруi және ағзаның қалыпты жұмыс iстеуi сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген жағдайда ғана iске асады. Жер бетiндегi ылғалдылықтың мөлшерi әртүрлi және үнемi өзгерiп отырады. Осыған байланысты ағзаларда көптеген бейiмделулер қалыптаса бастайды.
Төменгi сатыдағы өсiмдiктер суды ылғалды субстраттан талломдары арқылы, ал жаңбыр, шық, тұманның ылғалын бүкiл денесiмен сiңiредi. Қыналар iсiнген жағдайда денесiндегi су мөлшерi құрғақ кездегiден 2-3 есе көп болады. Жоғарғы сатыдағы өсiмдiктердiң iшiнен мүктер суды ризоидтары арқылы, ал көпшiлiгi тамыры арқылы сорады. Осыған байланысты, олардың тамыр жасушаларында сору күшi пайда болады. Оны Па немесе атмосфера (атм) арқылы өлшейдi. Мысалы, орман ағаштарында тамырдың сору күшi шамамен 3*106 Па немесе 30 атм. Ал, орманның шөптесiн өсiмдiктерiнiң тамыр сору күшi шамамен 2*106 Па (20 атм) - 4*106 Па (40 атм) дейiн жетедi. Құрғақ аудандардың өсiмдiктерiнде 60 Па дейiн болады.
Ылғалға қатысты өсiмдiктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Гидатофиттер (грек тiлiнен аударғанда hydatos-су) - денесi суға түгелдей немесе түгелге дерлiк батып тұратын су өсiмдiктерi (элодея, тұңғиық гүл, валлиснерия, т.б.). Оларды судан шығарса тез солып қалады. Жапырақтары жұқа, тамырлары қысқа. Су мен минералды тұздарды бүкiл денесiмен сiңiредi. Гүлдеген кезде сабағы гүлiн су бетiнде ұстап тұрады. Тозаңданып болған соң қайтадан суға батып жемiс түзуi су астында өтедi.
Гидрофиттер (грек тiлiнен аударғанда hydor-су) - бұл денесi әр түрлi дәрежеде суға жартылай батып тұратын жер-су өсiмдiктерi. Олар су жағаларында, ұсақ сулардың iшiнде, батпақтарда өседi (қамыс, жебе жапырақ, батпақ калужницасы,т.б.). Олардың өткiзгiш ұлпалары гидатофиттерге қарағанда жақсы жетiлген. Судың булануы қарқынды жүредi.
Гигрофиттер (грек тiлiнен аударғанда hydros –ылғал)- жер өсiмдiктерi, олар ылғалды топырақ және ылғалы жоғары ауада тiршiлiк етедi. Бұлардың iшiнде көлеңке сүйгiштерi және күн сүйгiштерi кездеседi.
Көлеңке сүйгiш гигрофиттерге ылғалды ормандардың төменгi бөлiгiндегi шөптесiн өсiмдiктер жатады. Күн сүйгiш өсiмдiктерге ылғалды топырақ пен ылғалды ауада, ашық жерлерде өсетiн өсiмдiктер жатады (күрiш, папирус, тропикалық шөптер, т.б.).
Мезофиттер (mesos-аралық)- орта ылғалдылықта, жылы климатты жерде, қоректiк заттары мол топырақта өсетiн өсiмдiктер (тропикалық ормандардағы мәңгi жасыл ағаштар, шалғындық өсiмдiктері).
Ксерофиттер (xoros-құрғақ) - ылғал жетiспейтiн жерлерде өсетiн, осыған байланысты ылғалды, яғни суды аз буландырып бойында сақтайтын өсiмдiктер. Олар су алмасуын жақсы реттейдi, сондықтан құрғақшылық кезiнде де өздерiнiң белсендi тiршiлiгiн жалғастырады. Бұл шөлдiң, даланың, құмды жерлермен, құрғақ жартастардың өсiмдiктерi. Ксерофиттердi суккуленттер және склерофиттер деп бөледi.
Суккуленттер (латын тiлiнен аударғанда succuІentus- шырынды) әртүрлi мүшелерiнде су қорын сақтайтын, паренхимасы жақсы жетiлген өсiмдiктер. Олар сабақтық суккуленттер (кактус, стапелия), жапырақтық суккуленттер (алоэ, агава), тамырлық суккуленттер (аспарагус, кислица) болып бөлiнедi.
Склерофиттер- (грек тiлiнен аударғанда shІeros- құрғақ) құрғақ және шөлдi жерлерде көп кездесетiн бұта немесе көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Склерофиттердiң ерекшелiгi денесi су қорын жинақтаудың орнына, оны интенсивтi түрде буландырып өте аз мөлшерде ұстауға тырысады. Негiзгi өкiлдерi: кәдiмгi сексеуiл, жусан, изен, терiскен, түйесiңiр, қоян сүйек, т.б. Бұл өсiмдiктердiң тамырлары шумақталған немесе тереңге кеткен, сабақтары қалың түктермен жабылған, жапырақтары ұсақ түрi өзгерген немесе шиыршықталған, кейбiр тiкенектерге айналған. Ағзадағы зат және энергия алмасуын жақсы реттейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет