Байсеитова н. М



бет47/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Эвксерофиттер. Грек сөзі "еу"- жақсы, нағыз деген тер­мин. Бұл қуаңшылық жағдайына барынша төзімді, көбінесе жапырақтарын түк басқан шөлдала өсімдіктері. Эвксерофиттерге жусандар, баялыш, бүйірген, теріскен, изен сияқты өсімдіктер жатады.
Біздің еліміздің шөлдалаларында жусанның көптеген түрі кездеседі. Жусанның тамыр жүйелері нашар өсетін болғандықтан топыраққа 1,5-2 метр терендікке, ал сортаң топырақты жерлерде 50-60 см тереңдікке дейін ғана енеді.
Баялыш - аласа, тарам-тарам болып өседі. Сабақтарында су қоры жиналатын паренхималық клеткалары болғандықтан шырынды болып келетін бұта өсімдігі. Тамыр жүйесі топырақ түрлеріне қарай 2 метр тереңдікке дейін жетеді.
Теріскен - жапырақтарын түк басқан, сабақтары тарамдалған бұта өсімдік. Тамыр жүйесі кей жағдайда 6 метр тереңдікке дейін жетеді. Изен - сырт құрылысы жағынан жусанға ұқсас өсімдік, бірақ оның тамыр жүйесі жусанмен салыстырғанда, анағұрлым тереңірек 3-3,5 метрге дейін барады.
Гемиксерофиттер, "гемий" грекше шала деген мағынада. Ксерсфиттерге қарағанда гемиксерофиттердің сумен жабдықталуы "қолайлы" жағдайда болады. Мысалы, жантақ-гемиксерофит өкілі. Жантақ ескен жерді соқамен жыртқан кездің өзінде жантақтың сабағы түп жағынан кесіледі де оның суға дейін баратын тамыр жүйесі топырақтың астыңғы қабатында кем дегенде жыл бойы тірі күйінде сақталады. Тамырда тіршілік процесі жойылмағандықтан тамыр қысымының нәтижесінде тамырға сіңген су жоғары қарай жылжып отырады да кесілген жерінен ағып топыраққа сіңеді. Су жеткілікті болғандықтан жантақ жапырақтары қалың ашық жасыл түсті болып өседі.
Эфемерлер - грекше "эфемерус" - бір күндік деген мағынада яғни даму мерзімі өте қысқа қызғалдақ, мортық, шытыр сияқты көктемгі ылғал мол кезде қаулап есетін, жазғы қуаңшылық басталғанға дейін өзінің даму циклын толық аяқтайтын өсімдіктер тобы жатады. Сондықтан да эфемерлерді кей мамандар қуаңшылықтан қашып құтылатын өсімдіктер деп те атайды.
Өсімдіктердің тұзға бейімделуі. Галофит деген грек сөзі "галос" - тұз, фигон - өсімдік деген сөзден шыққан. Яғни, бұл сор және сортаң топырақты жерлерде тіршілік ететін топырақтағы түздардың зиянды, улы әсеріне төзімді өсімдіктердің түрлері жатады. Ксерофиттер сияқты галофиттер де біркелкі өсімдіктер емес. Галофиттер бірнеше түрге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет