Байсеитова н. М


Қысқаша теориялық мазмұны



бет7/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Қысқаша теориялық мазмұны: Өсімдік клеткасының қысқаша сипаттамасы. Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетка қабықшасы, протопласт (грекше протос – алғашқы, пластос – белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.
Клетка қабықшасы және вакуоль протопластың тіршілік әрекет нәтижесінде, клетка дамуының белгілі кезеңінде түзіледі. Протопласта және клетка шырынында (сирек клетка қабықшасында) белгілі бір пішінге ие болатын басқа заттар кездеседі. Оларды туынды заттар (кристалдар, крахмал дәндері, белок, май тамшылары және басқалар) деп атайды. Протопласт күрделі бөлік, органелла деп аталатын әр түрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылымы, атқаратын қызметі бар. Клетка органеллаларына: ядро, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум, диктиосомалар, пароксисомалар, лизосомалар жатады. Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының органеллалары молекулалық құрылымы бойынша бір-біріне ұқсас, ал химиялық құрамы жағынан жақын, сондықтан да олардың атқаратын қызметі де ұқсас болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік процестерінің көп ортақ жақтарының бар екендігі байқалады. Сонымен қатар олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Өсімдіктер клеткасының өзіне тән ерекшеліктері – оларда плазмодесмалармен жабдықталған клетка қабықшасының пластидтер және орталықта ірі вакуольдерінің болуы.
Жануарлар клеткасының тағы бір айырмашылығы – жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысатын центриольдің болмауы. Өсімдік клеткаларының пішіні мен мөлшері әр түрлі, ол клетканың өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты (1-сурет).



1-сурет. Өсімдік жасушасының құрылысы


Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:



  1. Паренхималық клетка; 2. Прозенхималық клетка.

Паренхималық (латынша – тең және грекше «энхима» - құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрлері барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады. Прозенхималық клетканың ұзындығы енінен бірнеше есе ұзын болады.
Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені. Цитоплазманы клетка қабықшасынан мембрана бөліп жатады, оны плазмолемма деп атайды. Плазмолемма клетканың сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді және заттардың синтезіне қатысады. Биологиялық мембраналар біршама тығыз белоктардан және фосфолипидтерден тұрады. Оның негізгі қасиеті- сұрыптап өткізгіштігі, яғни жартылай өткізгіштік қасиеті бар. Бір заттар одан нашар өтеді, екінші заттар жақсы өтеді. Сондықтан цитоплазманың химиялық құрамы оның өткізгіштігіне байланысты.
Цитоплазма органеллалары. Рибосомалар диаметрі 20 нм-дей болатын пішіні шар тәрізді денелер. Олар гиалоплазмада немесе эндоплазмалақ ретикулумда бекініп орналасады. Қызметі белокты синтездеу. Эндоплазмалық ретикулум (тор)- сыртынан мембранамен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардан тұратын жүйе. Ол екі түрде кездеседі: гранулярлы және агранулярлы. Гранулярлы ретикулумда түйіршікті рибосомалар орналасады. Клеткада ферменттерді синтездейді, зат алмасуға қатысады, жаңа мембрана және кейбір органеллалардың пайда болуына қатысады. Ал агранулярлы ретикулум эфир майларын, смола, каучукты синтездеуге қатысады.
Гольджи аппараты диктиосомалар мен Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосома 5-7 жалпақ цистернадардың жиынтығы. Оларда полисахаридтер синтезделеді. Митохондриялардың формасы алуан түрлі-дөңгелек, сопақша гантель немесе цилиндр тәрізді, т.б. Сыртынан екі қабат мембранамен жабылған.
Митохондриялар клеткадағы энергетикалық орталық. Онда көмірсулар, майлар, т.б. органикалық заттар ыдырайды және АТФ синтезделеді. Хлоропластарда – фотосинтез процесі жүреді.
Ядроның пішіні мамандандырылған түрлі жасушаларда әртүрлі болады, шар тәрізді, сопақша, бұршақ, таяқша пішінді, сигменттелген, т.б. Әдетте, ядроның пішіні жасуша пішініне сәйкес. Бірақ, ядроның пішіні мен өлшемі метаболизм белсенділігіне байланысты өзгеріліп тұруы мүмкін. Қарастырылған және басқа да ерекшеліктеріне (өлшемі, жасуша көлемінде орналасуы) қарамастан, әртүрлі жасушалар ядроларының ішкі құрылысы ұқсас- олар ядролық қабық, ядрошық, нуклеоплазма және хроматиннен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет