Байсеитова н. М



бет8/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Қайталау сұрақтары
1. Пішініне қарай клеткалар қандай түрлерге бөлінеді?
2. Жасушаның құрылымды бөліктері, жануар жасушасынан айырмашылығы.
3. Цитоплазма қандай қабатгардан тұрады? Қабаттардың атқаратын қызметі қандай және химиялық құрамында қандай заттар болады?
4. Жасушадағы ядроның қызметі және құрылымдық элеметтері.
5. Вакуоль, оның маңызы.
6. Плазмолиз жэне деплазмолиз құбылыстарының кездесу жағдайлары.

  1. Осмос және тургор қысымдары қандай жағдайларда пайда болады?



Әдебиеттер тізімі:
1.Мухитдинов Н.М, Бегенов А:Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. -Алматы, 2001ж.
2.Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. -Алматы, 1998ж.
3.Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. -Алматы, 1994ж.
5. Ә.Әметов. Ботаника. -Алматы, 2005ж.
Лабораториялық сабақ №3


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Пластидтер
Жұмыстың мақсаты: Пластидтердің түрлері-хлоропласт, хромопласт, лейкопласттардың ерекшеліктері және маңызымен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: традесканция жапырағы, спирогираның тұрақты препараты (хлоропласт, хлоропласт, лейкопласт), жас немесе 2-35%-тік формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш, алқызыл долананың піскен жемістері, картоп түйнегі.
Тапсырмалар: Традесканция жапырағының, элодея өсімдігінің не кез-келген бөлме өсімдіктері жапырақтарының өңінен уақытша препарат дайындап, микроскоп көмегімен цитоплазмада орналасқан хлоропласт жэне лейкопласт жасушаларын тауып, суреттерін салу.

  1. Спирогираның тұрақты препаратынан хлоропластың пішінін, реңін бақылап, суретін салу.

  2. Жас немесе формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызылбұрыш, долананың піскен жемістерінің жұмсақ бөліктерінен уақытша препараттар дайындап, хромопластарды көріп, суретін салу.

  3. Жарықта тұрған картоп түйнегінен лейкопластың хлоропласқа айналуын бақылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет