Байсеитова н. М



бет10/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Қайталау сұрақтары

  1. Пластидтер өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?

  2. Пластидтердің қандай түрлері бар?

  3. Хлоропласт, кездесетін орны, қызметі.

  4. Хромопласт, кездесетін орны, хлоропластан айырмашылығы.

  5. Лейкопласт, ол қалай ажыратылады?

6. Пластидтердің маңызы неде?


Әдебиеттер тізімі:
1.Мухитдинов Н.М, Бегенов А:Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. -Алматы, 2001ж.
2.Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. -Алматы, 1998ж.
3.Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. -Алматы, 1994ж.
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. 5. Ә.Әметов. Ботаника. -Алматы, 2005ж.
Лабораториялық сабақ №4


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Клетканың қор заттары.
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді клетканың қор заттары - крахмал дәндері, май немесе май тамшыларымен таныстыру. Крахмал дәндерінің формасы мен олардың өсімдіктің органдарына жиналуын көрсету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: традесканция жапырағы, спирогираның тұрақты препараты (хлоропласт, хлоропласт, лейкопласт), жас немесе 2-35%-тік формалин ерітіндісінде нықтандырылған итмұрын, қызыл бұрыш, алқызыл долананың піскен жемістері, картоп түйнегі.


Тапсырмалар: 1-жұмыс. Бидай дәнінің эндосперміндегі клеткалардың алейрон дәндері. Препарат жасау үшін зат әйнегінің үстіне йодты калийдегі йодтың ерітіндісінің бір тамшысын тамызады. Содан соң бидай дәнінен көлденең кесінділер жасап, пинцетпен олардың 1-2-сін зат шынысының үстіне қойып бетін зат шынысымен жабады.
Микроскоппен кесіндінің жұқа бөлігін тауып ондағы спермадерманың, яғни тұқым қауызының астында орналасқан алейрон қабатының клеткаларының сары жолағын табады. Микроскоптың үлкен объективімен кубик формалы тығыз орналасқан алейрон дәндерінен тұратын алейрон қабатын табуға болады. Кейде клетка ортасындағы ядроны көруге болады.
Алейрон қабатының бірнеше клеткаларын, спермадерманы суретке салып, жеке бөлімдерін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет