Байсеитова н. М



бет5/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Қайталау сұрақтары
1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай?
2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
6. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
7. Кіші объективті препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
8. Макрометрлік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
9. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
10. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
11.Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
12. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?


Әдебиеттер тізімі
1. Мухитдинов Н.М, Бегенов А:Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. -Алматы, 2001ж.
2. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. -Алматы, 1998ж.
3. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. -Алматы,1994ж.
4. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г.
5. Рейвн П. Современнея ботаника. -Москва, 1990г.


Лабораториялық сабақ № 2


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Өсімдік клеткасының пішіні мен құрылысы. Клеткада жүретін плазмолиз, деплазмолиз құбылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Пияздың етті қабыршағынан уақытша препарат дайындап, клетка қабықшасы және клетканың жалпы құрылысымен танысу. Сонымен қатар, цитоплазма қозғалысымен қоса плазмолиздің, деплазмолиздің жүруін бақылау, паренхималық, прозенхималық клеткалар түрлерін танып білу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: пияз, томат немесе қарбыз жемісінің жұмсақ бөлігі, бөлме өсімдіктері, қант, тұздың қанық ерітінділері, су, пипетка, сапты ине, қыскыш, иодты калий ерітіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет