Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011



бет14/14
Дата11.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
13 сүре 42, 51(6,8), 65 (11, 22)-ші аяттар үкімімен дүниеге келіп ел басқару себебіңіздің өзі сіз туылмай тұрғанда жаратушыдан бұйрық етілген. 13-сүре Ясауи бабамыздың жаратушыдан құрмамен алған қожалық кітабының белгісі бұрынғы жер бетінен жоғалған мая тайпаларының білімінің ғылыми негізі. Құдайдан берген жаныңыздың жағасы-«ағасы» 12-ата кер абақ, Ер Дәуіт бабаның ұрпақтарының ұсталықтың жалғасы болған, жағаңыз- «мылтық» Мағыстау жақта жайлауда жатыр. Бұл, белгі сіз тумастан бұрын иманы жолдас болсын анаңызға аямен көрсетілген. Сіздің қала салу ұсталығыңыздың жаныңыздың негізі Укаша сахабамен Пайғамбарымызбен жалғанып, Ер Дәуіт бабамызбен Жүніс пайғамбармен жалғанған. Меккеге барған сапарыңызда Раббымыздың жаңбырмен қарсы алуында осы жандағы белгілерге байланысты. Бірақ ол кісілерге «жол қартасын», белгілерін былай қойғанда, жерді жекеге алған бір надан Ер Дәуіт баба әулие бұлағына қой қора салып, енді елді келтірмеуге басына итін байлап қойғанына біраз уақыт болды. Дінің тура жолдың нақты көрнісі; 5-күн «жалғану» яғни 5000 мың жылдық тарихтан хабар алу болып есептелген. Кәзіргі таңда бабалар батасымен нақты аманаттарды орындау арқылы 7000 жылдық тарихтан хабар келді! Өмірге әлемде әділдіктің туын тіккен Қазақ, Созақтай пайғамбарлар және сақтардан, сібір халықтарынан тараған бүкіл европалық елдердің рухани анасы Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың аналары; Ұлсай Емер анамызды «Алтын адам» деп елге ұсынатын сыйлықтан ары аса алмай жатырмыз. Зертелмеген әлі ашылмаған бабалар аманаты; дуылға, қалқан, белдік, семсерлер және құпия отырар кітапханасынан да хабар бар! Шаң топырақ арасында қалып, әулие қорымдары да жекешеленіп, үстіне үй салып жатырмыз. Дін уақытпен ғана үндесіп, заман жетістігінен білім болып, өз көрнісін бейнесін табады. Уақыттың сипаты да; ғайып, көмес, көрнеу болып және тұрақтылық шамасы үш өлшемнен ғана құралады. Кеше, бүгін және ертең! Тарихынан айрылған, ертеңін ойламаған ел қашанда қасіреттермен жер бетінен жойылып отыратынын ұмытпайық ағайын!» Бұл жоғарыда көрсетілген призидентіміздің құран арқылы жұлдыз жорамалынан туғанан ел басқаруға төрелікке жаратушымыздан «Бол» деген үкіммен келіп, жанға жазылған кітабын оқып ел ісінің, шаруашылығымыздың алға басуы да Құдай қалауымен болып жатқан іс екені көрінеді. Бірақ өкінішке орай призидентіміз дінін жетілдіріп, қосымша кітаптарға қожалығын алып, халық рухын жетілдіруге уәзірлердің діни сауатсыздықтарының, шешендік, философиялық, психологиялық Ясауи бабамыз түгіл Абай-Шәкәрім аталарымыздың құран кітабын түсіне алмай адасулары себеп болып жатыр. Ал болашақ ел басқарамын деп шешенсігендердің жұлдыз жорамалы да, пайымдаулары да, амалы да қарапайым ақылы сау қазақтың ызасын ғана келтіреді. Бұл қазақ ел басқарушы, ақын жазушы, ғалымдардың бәрі ақымақ деген пікір емес, керісінше тақта отырған аз ғана топтың орта деңгейде жүрген кітабы барлардың өзін көрсетуге, рухани жетілуіне кесірін тигізіп, өшіруге тырысқан өз-ара саяси рухани соғыс жүріп жатқанын сыры көзге және қарапайым халыққа да айқын көрініп тұр. Бірақ Құдай әділ соттаушы, үкім беруші екенін білетін уақытта бүкіл қазақтың басына төніп келеді: «Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғымен жердің жәйін біледі...Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығыласың. Кеше көл еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» Көбей би т,б аталарымыз қазағымыздың бүгінгі жағдайын да күн ілгері толғап кетіпті. 50-мемлекеттің қатарына қосыламыз деп солармен дүниемізбен бірге орға жығылғанша ар-ұятымызды түгелдейтін ата заңымызды қайта қарағанымыз ақылға, иманға дұрыс болар еді. Болмаса бесіктен белі шықпаған қызымыз қатынға, қатындарымыз, «қаралысында семіріп» отынға айналған, ел қамын ойламаған ел басшыларының семірген заманы да, елге үлгі айтар ойшыл, шешен би ерлеріміздің азуынан елімізге берілген жаратқанның сыйы «құт-берекенің» де құтаймауы мүмкін. «Не іс қылса артын ойлар адамзаттың данышпаны, Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас. Тойғаныңша жасық жесең Бір асаған майға жетпес. Әр нәрсенің болжауы бар ши жуандап қамыс болмас» Бұндай рухани құлдыраудан: «Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап, Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап. Сен-батыр, мынау білгіш, анау есті, Апардың қазақ көшін қайда бастап?... Бәрің есті, батырсың, айлалысың, Қазақтың түзеттің бе жалғыз қылындеп Шәкәрім атамыз, әр пенденің өзіне тән ғылымын, басына жастап, кітабын түсінде оқу арқылы ғана естің түзелетінін сананың ашылатынын ескертіпті. Әрбір өмірге келген адам баласына өткен тарихқа, шежіреген жалғану үшін жаратқаннан жан, сөзбен, құран аяттарымен белгіленіп, сол сөздің кітабын меңгерген бұрынғы ата-аналарымызбен тіршілік қаректіміздің, тәрбиеміздің, шариғатымыздың толысуымен ұйқы кезіндегі уақытша өлім арқылы жалғанамыз. Ал түс көре білу және оны меңгеріп аянға, сосын уахи алуға жету мыңның бірінің ғана қолынан келетін шаруа. Мағжан атмыздың да рухтың түске кіріп, шабыт беріп, желеп жебеп тұратынын яғни жаратқаннан берілген көңіл кітабын оқи білгенінен аз ғана мысал берсек; «Күштейсің ғой, Құдірет, Періштеңе әмір ет! Қантпен бір сипасын, Жазылсын ішкі-тысқы дерт. Болмаса, өмірді маған көп көрсең, Лағнет деп мені жек көрсең, Өлейін, тез өлейін, Келсін ібіліс, у берсін! Түсірме қысым жаныма, Тұншықтым ғой қаныма! Ием болсаң, Жаратқан, Салсаңшы құлақ зарыма... Берді Тәңірім тілегім, Қуан енді жүрегім! Не періште, не ібіліс Келеді ұшып-керегім!..Азамат! Анау қазақ қаным десең, Жұмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..» Ал Жүсіпбек Аймауытов атамыз; «Ақын қандай әлеумет ортасында туып, қандай ортада жүріп, тәрбие алды? Қандай тұқымнан, қандай таптан жаралды? Оның пікірі де сол әлеуметтің құрлысына байланысты...Адамның пікірі қай уақытта өзгереді? Әлеумет құрлысы, әлеумет ортасы өзгерсе. Сонда әлеумет ортасы қашан өзгереді?... Күшті ақын-әлеуметің тіл қамшысы, сайламаса да, табиғатымен сайланып шығарылған уәкілі, мұңын-зарын айтатын елшісі... Өзі өмірді анық, жете біліп, өзгелерге жөн сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын-ақын емес!..» Осындай өмірден тәңірісін аузынан тастамай өткен арыстарымыздың жиған, қалдырған сөздерін санмен белгілеп, халыққа жарияласа, ислам тәпсіршілерінің еңбектерінің аз ғана бөлшегінен басқасы жарамсыз болып, діншілеріміз байқамай ібіліс болып, еліне жанаттың суының орнына у беріп жүргенін түсінер еді. Ал қазіргі таңда көңіл кітабын оқу арқылы алтауын татуластырып; ақын, жазушы, ғалым болып шаруашылық істерін жетілдіріп жүрген ағайындарымыз жеткілікті арамызда. Иманы жолдас болғай Қадыр Мырзалы ағамызда қолынан қаламы түспей, ұйқы кезінде қағаз, қаламын басына жастанып кітабын оқыған кісілердің бірі. Бірақ толық оқып қосымша кітаптарға жалғана алды ма оның болашақ еңбектерінін саралануынан көре жатармыз. Осындай кітап берілудің дәлелінің нақты оқиғаның куәсі болдым. Бірде аян арқылы бір бөгде тілде оқытып, кейінен ұзақ уақыт өткенен кейін шағатай тілі екенін «Сани дәптерді» зертеп оқу барысында түсініп, көптеген сөздердің мағынасының алшақ екенін ескертуге бұл аударманы өлеңмен өрнектеуге ат салысқан Есенбай Дүкенбай ұлымен, (иманы жолдас болсын) жолығып сұхбатасуға себеп болды. Бірақ ол кісінің; Сәни дәптерді шағатай тілінен түрік азаматының аударғанынан, оны қайта қазақшалағанда, өлеңнің мақамы бұзылатындықтан, көп сөздердің өзгеріске түскенін мойындаған. Ол кісіге құлшылық істерді дін рәсімдерімен толықтырып, кітапқа жалғанып, қайта сараптан өткізуді, қателіктерді көп болып түзетуді ұсындым. Бірақ өкінішке орай, әуелі дін-жанын тазарту үшін тақуалық діни рәсімдерін жетілдіріп, тау-тасты кезіп, құлшылығын толықтыруға үлгіре алмай кетті. Сол кездегі жазған көп өлеңдері дүние тіршілігімен сыртқы бейнелерін суреттесе, өлер алдындағы өлеңдерінде пайғамбарымызбен кездескенін және өмірдің баянсыздығы мен тозақ, жаннат тіршіліктеріне ой толғап; «Ақындықтың толқынында жүріп адастым» деп өсиет қалдырыпты. Бұдан ақын ағамыздың өмірінің соңғы жағында ғана кітабын көріп, аз ғана аяттарын оқып үлгіргенін көруге болады. Ақындық құдайдан берілген ерекше сый болып, пайғамбарлық қасиетке, зәбурлік ұстанымға жатады. Сондықтан «Ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бұл қасиеттің егелерінен қатаң ескерткен. Бұл жағдай қазақ халқындағы жалаңаш, жалпы дін-жанын тазарта алмағандықтан ғашықтықпен, асықтықтан аса алмай «тақ, тұқ» өлеңдер мен ән шығарып жүрген уақытша жұлдыз аталып жүргендерге үлгі болсын деп ізгі ниетпен ғана жазып отырмын. 4-5 жыл болды үнемі кейбір жазбаларымыды Мұқтар Шаханов ағамызға міндетті түрде таныстырып жүрдім. Бірақ «бұны мен түсінбеймін» деген уәжін естігеннен кейін және бірде: «Махаббат деп асықтықпен айырбастап, ел сөзден азды, тілмен күрес сөзден басталмай ма?» деп сауал қойғанымда «Махаббатың аты махаббат» деп күшенгесін іштей; Алла иманын толықтырып, кітабын оқытса екен деген тілек қана болды. Бұндай жағдайға, ел ағаларының жан сырын меңгермей адасуына, психоллогия ғылымының мешеулігі де себеп болуда. Тағы бір мысалмен әзірше бұл тақырыпты аяқтасам; Бірде жақын туысқан үлкен жасы келіп, отағасын арғы дүниеге шығарып салған, бейнетінің зейнетін көреп, немере, шөбере сүйіп отырған кемпір түс көріп маған жорытты. Түсінде асапанда ұшып жүрген тауды көріп; «Япырым-ай тауда аспанда ұшады екен» деп тұрғанында сол таудан мемелекетіміздің ел таңбасы түсіп, жарқырап жанып сонан бумен жан жаққа тараған түтінді көріпті. Мен бұл түс емес аянды мемелекетіміздің жалпы елдік рухы тазарып, халқымыз жер емшегі мен көктің шал емшегін қатар еметін заман келе жатқанын және құдайдың тәураттықтардан алған уәдесінің қазақ жерінде қайталануына жорыдым. Осыдан біраз уақыттар өткенен кейі «Қазақ әдебиті» басылымда атақты ақынымыз Исраил Сапарбай ағамыздың Мұқағалы Мақатаев аруағына арнаған тау адамы туралы «Тәңір тау» деген өлең поемасын оқыдым. Таудың аспанда адам бейнесінде көрініп, ұшып жүргенін жазған және астарлы сөздермен жоғарыдағы аяның жору сырын қайталапты; «Тау жылжып келе жатыр! О, сұмдық-ай! Кім көрген алапаттың тасын бұлай?! Алыптың әр аттамы-апат, апат.. Жалбарын жан иесі, Шошын, Құдай!.. Адымдап келе жатыр Тау қалаға, Алматы, тау қозғалса сау қала ма? Жапырып, езіп, жанжып, басып өтпек, Басыңды сауғала не, сауғалама!..Таудың да бар деуші еді аруағы.. Туралап келеді ме, әлде Тәңір оғы? Жамағат, Жанұшырған, Жанталасқан, Жан-жаққа жау қуғандай жамырады!.. Кім түсер тай таласқа, ерегеске? Не болмақ бір қаланың дерегі өшсе? Адамзат апатының бір айғағы, Помпейдің соңғы түні келеді еске... Кимеген аруақтың кебін көптен, Қайтадан Тау орнына шегінді епен. Тау емес, Тау дегенім- Ақын екен, Жазасын талайлардың жеңілдеткен! Кім көрді? Кім байқады? Тау ма? Ақын ба? Оқиға болды осындай Алматымда. ...Түсімнен шоршып-шошып оянғанда, Таялып қалған екен таң да атуға.» Бұл шағын ғана үзік мысалдардан қазақтың әлемдегі бар дінің нәтижесі тура жолының дәстүрін санадан өшірмек болып жан беріп, жан алып жатқан «аруақ жоқ» деген надан діншілерге қазақ аталарымыздың меңгерген сопылық даналық істері «Сәни дәптерлері» кітап болып жалғанып, пайғамбарымыздың өсиеттері мен Ясауи бабамыздың рухының оқылуы басталып; білімге, философиялық тұжырым ғылымға айналып жатқанына тек қуанғанан және қатарларының көбейе берсін деген тілектен басқа айтарымыз жоқ. Негізінен ақын ағамыз құранның мына аятын тәпсірлеген екен; «Тауларды көріп, тапжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұл тәрізді жүреді. Бұ әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді біледі.» (27-88) Бұл аятпен әрбір жаратылыс нәрсесінің біздер көре алмайтын көлеңкесінің болатынын, адам істерінің нәтижесі осы таулардың періштелік көлеңкесіне жалғанып, өрістік сипатына айналып және бұлт сияқты қозғалыста болатынын ескертеді. «Сол уақытта сендерден уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып. «Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар» деген едік» (2-63) Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мен өмір бойы сендердің іштеріңде болдым, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деген аяттың құпия сыры 63-санды тау кітабын, тәуратты және пайғамбарымыздың аруағын да алған, меңгерген әулие аталарымыз қазақ еліне уәденің сұралатын, тәурат әмірлерінің құран арқылы орындалатынын ескертіп жатқанын және сол кітаптарды оқушы әулие бабаларымыздың ұрпақтарының да рухани ұйқыдан «Тұр!» деген дауыс ескертумен оянып жатқанын білдіреді. Бұл мысалдардан 2-сүре пайғамбарымызға ең соңғы толықтырылған кітапқа, шапағатына, екі игілікке жалғанып, 27-сүре намаздарды толық орындағандарға Раббымыздан хабар келуін муфтият, масһаб діншілердің «Алла тағала адам баласымен сөйлеспейді» деген тұжырымдарын жалғанға шығарып ондай пенделердің күдіксіз серік қосып, аятарға ортақ қосушы зұлымдыққа ұшырағандар екенін дәлеледейді. Сондықтан; «Оян қазақ ата-жолы келді еліңе!»

Дін ниеті-пейіл кеңдігі, тарихты меңгеруден басталады.

Абай атамыз;«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл (ақыл-ой) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақтың білдіретінін) хақтан (Алла достары) біліп, Көшелі өнер иесін (қасиет қонған) жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сыртай жүріп, Ғылым өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.» Шәкәрім атамыз; «Пәлесіне дүниенің Күні-түні сабыр қыл. Таза болса мақсатың, Ақыры қолың жетер біл. Көңіл жібі(аян, уахи, кітапқа жалғану) қолымнан Шықты, көңіл тазалар, Талай сырым жасырған Болды міне, елге жар. Шыр айналған он күн (аруақ), біл: Айла сиқыр, жалын шоқ. Достым, досқа (әулиеге) достық қыл, Өмір өтсе уақыт жоқ...Балауыз қылса тасты ұстап, Ондай достан шегінбе. Тұла бойды билеп ап,(аруағы) Шамша жағар тегінде. Жылы сөзбен тәтті тіл (құран бағыштау) Өмір берер өлгенге. Аяқшы оны хабар қыл, Пір-сопылар келгенде... Қуаныш қыл рахатта, Қайғысыз бол іш шарап. Құранды оқып, ел аулап, Тұзақ құрма сен бірақ.» «Бағзы-бағзы шариғат бар, тек шатақ үшін таралған. Алуан-алуан молда бар, тек алу үшін жаралған. Олар «ал» дегенді өлтіріп, «бер» дегенді ғана қалдырған. Сұраумен сұрамсақ күн көреді, ұрлықпен сұғанақ күн көреді. Үзіп-жұлып күн көрмесе бұндай пақырлар аштан өледі.» «Оңай олжа тауып үйренген адам, арсыз келеді, ал арсыздықтың адамдықты жеңетін жерлері болады» «Пейіл тарылса тілеуі құриды, тілеуі құрыған пенделерден не беріп құтыласың, болмаса өліп барып құтыласың» деп абыз-би бабаларымыз дүниеден басқаны ойламайтын діншілерді көргенде осылай толғанған екен. Қазақтың сан ғасырлар бойы жаратқанның небір бел қайыстырған сынақтарынан өте біліп осынша байлықты, жерді асыл сөздерді шежіре тарих қылып, біздерге қалдырған мұрасы отанымыз-біздің ардақты дініміз. Жеріміз қандай кең болса дін-пейілімізде сондай кең болғандықтан осындай бақытты заманға жетіп егеменді іргелі ел болып отырмыз. Енді қазаққа керегі де ең зор қазына байлығымыз да діл байлығымызды қайта қалпына келтіру. Жоғрыдағы муфтият, мазһаб ғалымдарының халыққа ұсынған еңбегінді дін бар шығар, бірақ қазақ ұлтына тән діл байлығы мүлде жоқ. Діл адамзаттың дінді меңгеру барысында, рухтан алған үлесі, білімді меңгеруге байланысты қалыптасады да әйелзатының қанында 11-санымен жазылады. Пайғамбарымыз: «Орташа өмір сүріңдер. Дін жолына қатты беріліп кеткен адам да кейін өкініште қалады» (563-өсиет) «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есптеледі.» (567) «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында, тегінде) ол адамға пайдалы болып есептелінеді. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) Олай болса екі біліміздің бірі антымыз, екіншісі уәдеміз, нәсіліміздің тазалығы болып осы екеуінен ғана діл бақшамыз жер бетіндегі ұжмақтық өміріміз айқындалады екен. Сондықтан Міржақып атамыз: «Тарих дейтін-бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих-халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күнің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих нет айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп,не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы...» Міне біздің дінімізде үлгімізде осындай өмірден өткен даналарымыздың батасынан үлгі алу арқылы ғана болашағымызға жоспар жасап, бақытты өмірден үміт күте аламыз. Қазақтың діні тарихы да, ділді қалыптастыру үлгісі де Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегінде толық қамтылған. Иман гүлі дегеніміз осы. Яғни біздің тарихат дініміздің ең басты қағидасы. Сондықтан жастарымызды масһабтың сансыз шектеуімен, аю қақпанынан құтқарып ұлтымызға сай дініміз тарихат пен мағрипатымызды жабылып меңгерейік. «Бірлік жоқ, алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, Надандық шәрбатына қаныпыз ғой...Малға кедей болғаның-жетілерсің, Ғылымға кедей болғаның-өкінерсің» (М.Д) Қандай да босын ғылымныңда, дінінің тарихын біліп, ақ-қарасын, пайда зиянын анықтамай заман ғылымын мағрипатын меңгердім деп мақтану тек надандықты ғана туындатуы сөзсіз. Ислам әлемі түгіл, христянда елі де мағрипат жемісін жеп ғылым-білім өркендеп жатқаны жасырын емес. Тек дінің тақуалығы ғана бұл өркениетке ілесе алмай ескі әдеттерінен шыға алмай, дін бірлігін, халықтар ойының тұтастығын қалыптастыру орнына жік салып, ібіліс әскерлеріне жәрдем берумен ғана айналысады. Ал қазақ елі ислам дінің мағрипатынын да өтіп ақиқаттан үлес, кітап алған ел болғандықтан, қазақ діні тек тарихаттан басталып, шариғатымызды соған байланысты өлшеп, кемісін толтырып, артығын тастап отыру шарт болып құдайдың пәрмені түсіп, өліктер сөйлеп, құранның құпия аяттары және діліміздің қағидасы түсіндіріліп, ата-жолының әлем дінінің көшін бастауға, діндер тұтастығын қалыптастыруға керуен басталып, нәпсінің, шайтанның қақпанына түскен халықты пейілін кеңітіп, өз ара көркем қарыз беруге шақырып халқымыздың шамалы бөлігі әсіресе жастарымыздың көзқарастары түзеліп, ата салтына дәстүрлі дініне деген мақтаныш, құрметтері оянып, бірақ ұлттық санамыздың кеңінен өркен жаюуына жалпы үкімет басшылары, ғалымдарымыздың, діншілеріміздің наландығынан керісінше жаратқанның ашу ызасын, сынағын ғана сатып алып 2008-жылдан бері еліміздегі қаншама жастарымыздың, халқымыздың қаны төгіліп, сонымен бірге дүние құрбандығына апаттар түсіп, ескертулер беріліп жатса да үкімет, ел ағалары тоң мойындықтарынан қайтар емес. Онда алда әлі талай бауырларымызбен қоштасатын, дүниелерімізді, малдарымызды шаштыратын сынақтардың болатыны даусыз. Сондықтан, ұлттық ата дініміздің теңізінен бір тамшы болса да, бір азаматты болса да, ұйқысынан оятып, көзін ашу үшін баяндалып жатқан осы 4-кітаптың барлығы біздің ата-бабаларымыздың меңгерген дін ғылымының тарихынан үзінділері ғана. Осымен уақытша үзіп, алда дін тарихымызды мағрипатымызды түгелдеп, ақиқаттың ақ бастауынан сусындау үшін әлі дін тарихымыздың тәжірибесінен, аруақтың әлем халқының санасынан, тарихынан, өмірінен қандай орын алатынын, қазақтың тура жолының есігін ашып көрсету үшін ғана әлі алда 3-кітаппен хабар беру керек болады. Келесі басылымда мазһаб ғалымдарының, муфтиятымыздың намаздардан және 5-парыз намаз оқудағы жіберіп жатқан қателіктері және құран ғылымына, ата дінімізге ашық қарсылықтарынан, зираттау, зікір, тақуалық амалдар, қажылық шартары, рух, жан сырлары, ақирет заңдылығы т,б көптеген құлшылық істерінің қателіктерінен дәлелдер келтіреміз. Қазақ діншілері емес жалпы ислам ғалымдарының ең үлкен зұлымдығы, әлем өркениетіне, діндер бірлігіне, жалпы исламның негізгі ұстаным шартарына қайшы, қарсылық болып табылатын қателіктерін «Иман гүлі» кітабында Қайрат Жолдыбайұлы мысалмен өздерін және бүкіл масһаб діншілерін қақпанға ұстап беріпті. Әлемнің өркениетін қалыптастырғын философиялық құндылықтар негізімен, өліктердің рухани тірілуіне жартушымыздың көрсеткен ең үлкен мұғжизасы Ғиса пайғамбардың, өлгенен кейін қайта көрінді деген христяндар сенімін де және інжілдік рухани бастауды да мүлде теріске шығарыпты. Пифогорды өтірікші деп, онда Әл-Фараби атамызда өтірікші деп тануымыз керек болады екен. Бізге де керегі осы еді. Сондықтан оны «Иман ошағаны» деп атап, тозақтың ең түбінде өсетін, жемістері шайтанның басынан яғни қазіргі кездегі өздерін жұлдыз, ақылшы, еркектен тең көретін шашын әлем-жәлем қылып, әжуа болып жүрген қатын-қыздарымыздың бастары сияқты дәні бар, бала кезімізде байқамай қойды жайып, жүндері текемет, киіз басуға да жарамай қалатын, талай сол үшін таяқ жеген көбіне сыр бойында өсетін түйе де жиркеніп жемейтін өсімдік сияқты. Ал, бұл тақырыпты 6-шы басылымда ашып көрсетуге және 1001 құран аятына қазіргі ислам хазіретерінің, шейхтарының, ғалымдарының ашықтай жала қойып, кәпірге айналғандарын дәлелдейтін уақыт та жетіп жалау көтерілді деп біліңіз! Тарихын меңгермей, ата-бабаларының дінге, әлем өркениетіне қосқан үлестерін біліп, сондай болуға табынып, жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген сезімін оята алмаған елдің қандай да бір жазушы, мәдениет ақпарат басындағы зиялы қауымның еткен еңбегің де өсірген ұрпағы да, халқымыздың тағдыры да өркен жайып, өркениетті елге айналуы мүмкін емес. Сондықтан арап елдерінде, әлемдерде де осындай сынақтар болып жатыр деген сөз құр өзімізді-өзіміз босқа жұбату ғана. Жапырақтың өзі жерге себепсіз үзіліп түспейтін болса, бүгінгі болып жатқан оқиғалар кешегі осыдан 3-жыл бұрынғы жасаған әрекетерімізге жауап және бүгінгі тоңмойындық жаратқанның осындай адам өлімімен ескерткеніне де, жақсылық несібені үйіп-төгіп беріп, ниетті тексеріп жатқанына да жеңіл-желпі дүние тұрғысынан бағалауымыздың жауабын алдымызда күтіп тұр деп, күн батса түн болатындай айқын деп біліңіз. Басқа әлем елінде тап қазақ еліндей аруақтар сөйлеп, жақсылыққа ақыл беріп жетектесе, тап біздің ел басшыларымыздай мәңгүт болып, тарихының тамырына балта шауып, жетім-жесірлерін қудалатып, ата салт дінін мазақтатып, халқына қайғы бұлтын шақырмас еді. Және қазақ еліндей ата-баба ділінің жемісі аз болса да көрініп жастарымыз, сөз өнерін меңгеріп, жүздеп ақындар пайда болып, ғылымда аяқ астынан ілгерлеу болып және бала Жамбыл сияқты туғанан кітабын оқитын ұрпақтар өмірге келіпте жатқан жоқ. Енді жуық арада осындай тағы 6-жастың шығатынын, өмірге келіп тәрбиеленіп жатқанын келешекте олар; басшылардың, үлкендердің, ғалымдардың дінсіздігін, қателігін бетіне басып айтатынын хақ екеніне құран ұстап кепілдік беруге болады. Арап жазу үлгісінің арап атты елдің пайда болмай тұрып сақтардың, ғұндардың ғұламалары меңгергенін білгіңіз келсе, Қажы баба қасында біздің эрамызға дейін 4-ғасырда жерленген, орыс, славян халқының анасы, Қазақ, Созақ бабаларымыздың қарындасы Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың басынан қазып көрсе табылатын ағашқа жазылған тақтай белгі куә болатыны сөзсіз. Сол сияқты Жақып пайғамбарымыздың басынан теріге оралған мүрдесі мен, қасында ұстанған, емшілік түрлі істерге пайдаланған ағаш қораптаға саймандары бүкіл еврейлер мен, араптар да алты алаштан тарайтына куә болатыны сөзсіз ақиқат. Еліміздің сөзге түсінбейтін, түс көре білмейтін, көрсе де сенбейтін ғалым, басшыларын еріксіз әлем айтқан уәждеріне, шығарған заңдарына, кітаптарына алдында, жауап беріп, өсіп келе жатқан жастарымыздың алдында масқара болып, қызаратын күн де туар. Оған қазақ елі ғана емес әлем алдында мақтанышпен көрсете алатын дәлелдейтін істеріміз де бар. Құдайдың құдіретін қандай заңмен қудаласа да өлмейтінін, керісінше шыңдалып, шынығатына мүфтият діншілеріне, арапшыл қауымға да, әлем медицинасына да дәлелдеп көрсете алатын құран аятарының ем-шипа хикметтері де жеткілікті. Тек Құдайдың құдіреті зұлымдыққа, қайғы-қасіретке түскенде ғана көрінетін, анықталатын тәртібі бар екенін ұмытпаңыз. Себебі адам баласы нашар жаратылып, жақсылықты өз еркімен мойындап, тәубеге келмейтін жанжалшыл деп ескерткен Раббымыз. Сондықтан берілген жақсылыққа күмәнданбай шүкірлік жасап, ғайыпқа, көмеске көрмей иман келтіргеннің ғана бақытты ғұмыр кешуге жаратқанмен саудаласуға қақысы болып, дұғасы да қабыл болатынын ұмытпайық ағайын. Келесі басылым бетінде тілдескенше күндеріңіз шуақты, мал-жандарыңыз аман болсын аруаққа, ата-анасына иман келтірген ағайынға деп тілейік!

Байтасов. Тоқберген Кескір ұлы. 2011 жыл. Желтоқсан айы. Алғабас. Бейбітшілік. №6.





Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет