Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011



бет9/14
Дата11.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тәпсір мен қазақ діни танымы.

«Тәпсірші деген атақ бар, Ой жотамен адасқан тәпсірде талай шатақ бар» (Шәкәрім ата)



Абай атамыз құранды тәпсірлегенде астарлы сырлармен қарапайым, қазақ өмір, тіршілік тынысымен бүкіл әдет-ғұрып, сал-дәстүрімізді бейнелеп шықса, ал Шәкәрім атамыз дін ұстану мен өмір қамындағы нақты жан сырын ашып көрсете білген. Тек біздің Абай , Шәкәрім танушыларымыз басын біріктіре алмай жеке-жеке таныған ғалымдықтарынан нақты ішкі сырын ашылмаған. Екінші бір себеп, бұрын қандай бір ғалым және ишан, сопы, хазіреттер болсын бір жоғарғы дәрежедегі жақсымен әулиемен өздерін салыстыра отыра, атақ, дәрежесін орнын белгілесе, қазіргі таңда өздерін кіммен салыстырып жақсы, ғалым, хазірет-шейх аталғанын ешкім білмейді. Сөзіміз дәлеледі болу үшін әзірше жан ғылымы, рухани бастаулар ғылымына тереңдемей-ақ, қазіргі таңдағы қазақтың бар ойшылдарының, ел басқарушы ақылдылардың бір ауыздан мойындап осы дұрыс деп халыққа таратып жатқан дін оқулық кітабтары; «Ислам ғалымхалі, Дін мен Діл, Отбасы ғалымхалы.» атты кітабынан аз ғана деректермен салыстырып ғалымдық өнерлерін қазақ әулиелерімен салыстырып бағалап отырмыз. Негізінен бұл оқулықтарда жалпы дін танимын деген қарапайым оқушыға ислам құндылықтарынан көптеген жақсы мағлұматтар берілген. Бірақ негізгі қателік осы кітапты жазушы ғалымдардың ұлттық рухани тазалығынан кемдігінен пайда болған көптеген елеусіз болғанмен, кейбір ойы таяз оқырмандарға парыз, үкім, өнеге, үлгі түрінде қабылданып санасын өзгертетін мағлұматар яғни «аю тұзақтар» жан сырына, психология, философия, тіл біліміне қате пікірлер жеткілікті. Оның бірі; Отбасы, Ислам ғалымхалінде жаратушы түп негізді «Аллаһ» деп Алламен қосып тәңір шақырылған яғни серік қосылған. Әрбір таңбаның астында жасырын үндік яғни тәңірлік қуат жасырылған. Сондықтан 5-үнмен тек тәңірлік сипатты яғни жаратушы түп негіздің жаратқандық белгілерін көрсетеді. Ал екінші Дін мен Діл кітабында дін ғалымымыз «Аллаһ» атауынан бас тартып Алла сөзін пайдаланған, сонда есімдік атау сөзді өзіңнің қалағаныңша өзгерту, жаратушы үкіміне мән бермеуден қандай діни сауаттылық деген ой пайда болады? Бұндай тіл ғылымына бағынбаған, дін ғылымын үстем деген тәккәпалық пайымдаудан, әлі ақыл ойы жетілмеген жастарымыздың тек осыған еліктеушілігі мен тіл ғылымын менсінбеушілігін ғана қалыптастыруы сөзсіз. Және осындай өз қателіктерін де мойындап, теріске шығарған дұрыс пайымдаулар да кездеседі. Мысалға; «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрлымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) осындай пікірмен аудармашылықтың және арап тіл ғылымын өте күрделігін ескертіп, өздерінің теңдесіз арап тілді ғалым екенін дәріптейді. «Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки береуі ғана ескеріледі... Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) Және аудармашылықтың ең жауапты іс болып оған үлкен арап тілінің ғалымдығы керек екенін және әрбір әріптің сандық мағынасы, орны бар екенін ескертеді. Бұл ойға, пікірлерге енді қосарымыз; Құран аяты түгіл пайғамбар хадистері де жеті түрлі үндік ерекшелігімен болады және соған байланысты сөздердің, аяттардың насихаты өзгеріп отырады және оның құпиясы мұқият таңбасы, үні жетілген елдердің тіліне аударылғанда ғана нақты ғылымдық сипаттары ашылады. Сондықтан аятта; «Құранды арап тілінде оңайластырып түсірдік» деп арап тілінде үгіттік шариғаттық қана нұсқасы көрінетінін ескерткен. Олай болса құранды немесе хадистерді арапшадан оқи сала бірден аудару үлкен қателік екендігін, арап тілінің ғалымдығын меңгеру өте күрделі, есеппен байланысты екендігін өздері де мойындайды. Сондықтан аударма ғылымын меңгеру арнаулы жаратқанан елшілік белгіменен арнаулы сүйген құлдарына ғана беріледі. Діннің бірлігі де осы аударма ғылымына мойынсұнып, Абай атамыз ескерткендей «Еденица» болу керек! Оған пәтуаны ғылыми кеңестің және араптардың ғалымдарының кеңесінің шешімі бойынша келісімге келіп, қалған арап тілін зерттегісі келген, құранды аударғысы келгендерге тыйым салатын заңмен арнаулы емтихандар тапсырып ұлықсат бететін иниститут болған жағдайда діннің бірлігі, сөздің тұтастығы қалыптасады. Және құранды жататуға, қарилар дайындауға арналған медіресе, инисититуттар тек надандықпен, рухани тежелуді ғана қалыптастыратынын, ал құран оқуда әрбір халықтың өзіне тән үнімен, пенделердің де өз мақамы, үн ерекшелігі болатынын арапша ғана мұрыннан үн шығарғанды мақтанышқа айналдырғанды надандық деп түсінетін уақыт жеткен сияқты. Дін рәсімін орындау үшін белгілі жаратқанды ұлықтайтын, мадақтайтын, жалбарыну аяттарын ғана ұлттық үнде анық оқитын дәрежеге жетсе, бүкіл құлшылық істеріне жеткілікті болатынын, сопылық, тақуалық жол дегенімізді ертегіге айналдырмай, қазақтың қарапайым ақсақалдары, билері, абыздары, хандары, батырлары да меңгергенін халыққа түсіндіретін, дін тақуалығының қарапайымдылығын насихатағанда ғана бір ұлттың түрлі дін секталарына бөлшектенуден құтылуға болатынын білгеніміз жөн. Тақуалық дегеніміз ұлтына сай әдет-ғұрып, салт-дәстүрін орындай білген ізгілікті, қайрымды туысқаншылық бауырмалдықты білген әрбір елдің тұрғыны бола алады. Яғни әрбір дін-жанын, ниет-пиғылын таза ұстаған тілеген тілегі, берген батасы қабыл болған адам баласы тақуа намаздарын толық орындап, сөз, ар тазалығын сақтаған сопы. Енді осындай қалыптасқан ұлттық дін пейілімізді дінші ғалымдарымыздың көз қарысымен құран оқуымыз; «...өлінің басында ғана тілі күрмелген қарияның үнінде түсініксіз шала шығады... Пайғамбарымыздың (с.а.у-жынды емес) есімі көптеген жүректерден өшіп, сүнетері жарыққа шықпай, екінің бірі оқи алмайтын көне қолжазба кітаптарда қалады. Ораза мен намаз секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны болған ғибадаттар алыстағы ауылдың кейбір сексенге келген қаһарман қариялары оқып, бейне бір Ұлы Құдайға шүкір ету, қарттарға ғана тән іс-әрекет көрінді.» (37-бет) Бұл мәтінде үш түрлі ойшылдықтың көрнісі бар. Құлшылық негізі адамгершілік парыздармен, мұсылмандық қарыздарды орындау ізгілік істермен ұлттық құндылықтарды сақтауда емес, шүкірлік дегеніміз құранды тілі күрмелемей дұрыс оқумен, жатап алуда екен. Бір жағынын ақсақалдардың тілі күрмелгені құранды бұзушы және мазақ түрінде болса екінші жағынан тілі күрмелеген қарттардың құранды оқуға лайық емес, немесе дұғасы құранды таза оқитын жастардан төмен болады деп ұғуға да болады. Бұл жерде қазақтың ишан, ахун, билері, абыздары, хандары түгіл құранмен, пайғамбар өсиетерін қазақ салт-дәстүріне сіңіріп, қазақша өлеңмен өрнектеген ақын жазушылары түгіл Арыстан баба, Ясауи бабамыз, Пір Бекет, сахабалар және мыңдаған бақсылар, әулие-әмбилер де түкке тұрмайды екен. Шүкірлік деген махабатпен іс қылып, себептің егесіне «маған құлшылық жасап» артық хайыр жасап, ғылым-білімді меңгеріп, ұрпақ тәрбилеп, адамдық құндылықтарды сақтауда, әділеттілік, жаратуға құшталық, адам баласының бір-біріне деген махаббатпен іс қылу дегендер түк емес тек ораза тұтып, намаз оқуда деп түсіндіреді. Сондықтан арап тілінде сауаты бар, құранды судыратып оқи білген пендені тілі күрмелеген ақылшы, батагөй ақсақал, шалдарымыздың орына ауыстырып, халқымыздың болашағы неке қиюды да құранды арапша оқи білген молда болса болды, тақуалығы және ішкі ниеті және дұға тілегін жаратқан қабылдайды ма, санаспай, жастардың отбасылық тағдырын масһабшыл діншілер қолына тапсырып, әулие аруақтарының ұлықсатын алған ақсақалдың, үлкендердің батасымен некесін қиып және ондай жолмен құрылған жан ұяның босағасы берік болатын дәстүрімізді де жоғалтып алдық. Бұндай өзгеге жарамсақтанып, өз салтынан түңілгендерді Абай атамыз; «Наданға арам-ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. Рас сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек...Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек...Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек.» Шындықта, шында ақсақал мен әкеңнің ұстанған дінінде, жаттың тәуіріне еліктеме, өз ана тіліңнен ата сөзінен, батасынан жиренбе деп ескете отыра; «Күлмең қағып қасқайып, Салынап ап мақтаға. Таң қаламын қампайып, Жоқты-барды шатқанға...Жайы мәлім шошқаның, Түрткенінен жасқанба. Бір ғылымнан басқаның Кеселі көп асқанға. Одан үміт кім қылар Жол табар деп сасқанда? Үйтіп асқан жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.» Өзін білімдімін деп жатқа еліктеп, жер емшегімен, шал емшегін емуден жиренген ғылымсыздарды түбі шайтанның тұзағына түсетінін ескетіп: «Мынау келеген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағанның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» деп сондай үкімші шалдар жүген жерде береке мен бірліктің діннің сақталатынын ескерткен. Құдайға құлшылықтың басты мақсаты жаратқанның ризашылығын алып ондай құлдарын жаннатпен сүйіншілейтін болса, Пайғабарымыз; «Жаннаттықтар үш бөліктен тұрады: Әділетті қолы ашық, жағымды ел билеушілері, екіншісі; жақындары мен мұсылмандарға мейрімді қамқор адам; үшіншісі; от басы мүшелерінің көп болуына қарамастан, харам жолмен ақша табудан сақтанып, өзгелерден қайыр садақа сұрамайтын ар-намысты мұсылман.» Бұндай мұсылмандықтың басты шартарын салт-дәстүріміздің ұлтық ережесін білмек түгіл, жастарымыз бен әсіресе шет елден діни оқу бітіріп келген діншілеріміз әдет-ғұрып болып төрт кітаптың да бірлігін сақтайтын дін рәсімдеріміз жерлеудің де, зиратауды және қазақтың өлікке байланысты орындайтын діни салттық жоралғыларына шабуыл жасап, шариғатқа теріс деп қазақтың ғұрпын өзгертпек болғанда, осындай елге келген нәубеттен және түсетін құдайдың қаһарынан, аман алып қалған сол арамызда қалалған ескінің көзі қара шалдарымыз еді. Пайғамбарымыз бір мұсылман дінін қабылдап қайтыс болған таныстарының үйіне сахабаларымен жаназа оқуға барады. Сонда жаназа шығарып құран оқушы арнаулы құранды жетік оқуын меңгерген хафиз қызмет жасап отырады да, кешігіп келген бір кісі; Мен бұл қайтыс болған кісінің жолдасы едім, жаназаға кешігіп қалдым өзім құран оқысам бола ма?-деп сұрағанда, -Әрине болады –деп пайғамбарымыз ұлықсат беріпті. Сонан ол құран оқығанда көптеген қателіктермен және түсініксіз оқиды. Сонан сахабалардың бірі; -Уа Алланың елшісі қай құран оқыған кісінікі қабыл болды, алдығыныкі ме, әлде соңғы келгендікі ме?-деп астарлы сұрақ қояды. Сонда пайғамбарымыз; -Алдыңғы кісі өз міндетін ғана атқарып отыр, ал соңғы таза ниетімен оқыды, әрине соңғысының оқыған құраны қабыл болуға лайық-деп жауап береді. Сондай сауатсыз тілі күрмелген болса да көкірек көздері ашық, ар-намысын таптатпайтын қазақтың қайтпас шалдарына; Ақиретік болғандарына Алла иман беріп, тірілерімізге өмірлерінің берекетін берсін! Ал ол кезде қазақтың ел басқарған, білімді аталған таққа отырғандары да қарсы тұра алмай керісінше құлақтары салбырап еріп кеткен. Әліде армызда сол райынан қайтпағандары жетерлік. Бұндай табаны тайғақ, сенімі әлсіз ағайындарымызға қазақша үмметтік иманын табуды Алла үкім беріп, ата-баба аруақтарын иман жолдасы қылуды нәсіп етсін!

Қазақ елінің діни мазһабтық нанымының ғылымдық көрнісі.

«Расында Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаларды тірі қалдырмаған кезде адамдар білімсіз дадандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады» (85-100) Адам баласының нанымы сол замандағы ғылым-білімнің, философиялық ойшылдықтың нәтижесіне байланысты болса ал ішкі рухани тұрақтылығы мен сенімі дін ғылымдарының пәтуасы мен ілімдерінің жетістігіне тәуелді болады. Енді біздің дініміздің сапасы мен нанымыздың яғни философиялық біліміздің қалыптасуымен сеніміздің шамасына мүфтият ғалымдарының пайымдауымен ақыл жүгіртіп салыстырып өтейік. «Дін мен Діл» деген мүфтиятың мақтаулы нағыз қазақтың дәстүрін жақтаушы кітабына үңілсек; «Кешегі ұлт санасын улап, рухани құндылықтарымыздан айырған кеңестік дәуірде «өлді, бітті, келмеске кетті» делінген Ислам діні қайта келді. Тіпті келгенде де мүлде өзгеше кейіпте.» (8-бет) Біріншіден ислам діні тек намаз оқу, ораза ұстау болса ол қазақта кеңес үкіметінде де аталарымыз еркін ұстап, Жамбыл атамыз кремілге де барып Сталиннің көзінше намазын қысылмай оқыған. Ислам дінін кеңес үкіметінде ашық уағыздауға тыйм салып, қудаланғанмен қазақтың ұлтық діни құндылықтарына тиым салынған жоқ. Қазіргідей орамал тартқан әйелдеріміз де аналарымызда қудалаған жоқ. Керісінше шалбар киіп қатындарымыздың азғындауына, жалаңаш –жалпы жүріп европа елдері сияқты нәпсініні қоздырытын, шайтан ілімдерін ашықтай үгітеуге, көрсетуге тиым салынды. Ал жалпы жастарға дін рәсіміне тиым салғаны ол ислам дінің өлгеніне жатпайды. Ал «мүлде өзгеше сипатта келді» дегенге қосылуға болады, оған дәлел қазақтың тарихында надандық уақыттарда араптардың, қызылбастардың өздерінің шариғаттарын насихаттау барысында «аруақ деген шерік» деп бір қазақты, бір қазаққа айдап салып елдің бірлігін бұзып, талай қан төгілгенде дана абыздар мен хандарымыз соғыс ашып, келімсек дін таратушыларды елдеріне түгелдей қуып, ата салт-дәстүрімізді сақтап отырған. Әзірге қазақта ондай даналықтың иісі де шықпайды сондықтан сондай рухани өлімді, надандық істерді туындататын қырғынды жаңашыл діншілер қайта салды лаңдарын. «Мұсылман баласы қандай да бір түйіткілді мәселені аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық, бұл-кез келген дерттің емі. Бір жақты ойлау, астамшылық жасап артық кету, бұл-шынайы ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының мәселесін араластыру мұсылманшылыққа жат.. Мақсатымыз-халқымыздың бірлігі мен ынтымағына ұйытқы болып, сол жолда аз-кем өз үлесімізді қосу..» (13-бет) Осы ғалымның осы пікірі егер өз ойы болуы мүмкін емес, менің және менімен серіктес ата жолының, құдайшыл атаған топтың атынан өздеріне мүфтият пен дінші қауымға арналған жолдау дегенге растыққа сәйкес келуі мүмкін болмаса жоқ. Мені қойшы 7-8 жылдан бері мүфтиятың да, барлық баспасөздердіңде есігін тырналап, ақыры бас мүфтидің орынбасарынан таяқ жегсін ғана ондай әдетімнен бас тартып басылдым. Жазығым мыналарды оқып жауабын беріңдер, пікір таласқа баспасөзден орын беріңдер дегенім. Құдайға шүкір халықты зиратқа апарып, талай адамды қамшымен емдеп жүргенімізден және бата тыңдап аталар аманатын орындап жатқанымыздан хабарсыз екен де, болмаса халықтың ақшасын жинап алып, байып жатыр, аруақпен тілдескен жындылар деп үкіметтің ояздарына ұстап беретін едіңдер. Әйтеуір ел басымыздың жарлығымен көзіміз енді ашылар деген үміттеміз. Біреуін зікір-гипноз деп, бірін намазды дұрыс оқымайды, бірін зияраттап ақша шашқызды деп сотатып жатқан немесе өз еркімізбен арыз беріп, күнәкарлығымызды мойындап, соталып жатқан өзіміз де болуы мүмкін. Қазаншының еркі бар қай жағымен тыңдасада, тыңдатса да әйтеуір. Енді тек мүфтиятың үкімімен жүрмегендер адасқандар дегенге дәлел; «Жоғарыдағы «Би» әрпінен байқағанымыздай, Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті, бір әрпі көптеген үкімдерге негіз бола алады. Сондықтан араб тілін жетік меңгермеген адамның бұл мазһабтардың ешбірін ұстанбай-ақ өздігімен иждиһад жасаймын деуі үлкен қателік.» (17-бет) Осы екі пікірдің бірін-бірі жоққа шығарып тұрғанынан-ақ екі білімдегі беткейлікті көруге болады. «тілін былыпыт сөзбен былғау мұсылманшылыққа жат» болса онда «иждиһад» сөзі Халифа Алтай атамыздың аудармасында «дәріптеу, ұлықтау» болып көркем сөзбен берілген. Ал енді «иждиһад жасаймын-ұлықтау жасаймын» деген мағынаны беріп, құран аятын оқып зікір етіп айтамын емес, аятты өзім жасаймын болып, ғалымның тілді былғағанын қалай түсінеміз? «Ижтиһад (ұлықтау, дәріптеу) жасауға ғылыми деңгейі жетпейтін бұқара халық егер де тарихта өзін дәлелдеген Һәм ұстанымдарын Құран мен сүнетке негіздеген Ханафи, Мәлики, Шафағи, Ханбали секілді мазһабтармен жүрмесе, онда жалпы қоғамда анархия, бейберекетсіздік белең алады. Әр адам Құранда өзінше шала түсініп, нәпсілерінің қалауын қарай жорамалдай бастайды.» (19-бет) Енді Алланы ұлықтап, дәріптеуге (иждиһад жасауға) яғни құран оқуға бұқара халықтың масһабшы діншілер болмаса, тіліміз күрмелгендіктен ғылыми деңгейіміз жетіңкіремейді екен. Сонда ғылыми деңгеймен, нәпсінің тәрбиесі арап тілінен тіл сындыруға байланысты болып тұр. Қазіргі бейберекет, қазаққа келген қайғы-қасіретте арап тілін меңгермей құранды шала түсінуімізден туындаған екен. Онда арап елдеріндегі халық өз тіліндегі құранды меңгере алмай, ғылыми дейгейі жепей бірін-бірі қырып жатқанын қалай түсінеміз? Енді жоғары мәртебелі дін ғалымдарының пікірінше мазһаб ұстану жол болып түсіндіріледі. «Намаз (оқу)-күллі шүкірді қамтыған ғибадат... Міне, намазда осы періштелердің ғибадат түрлерінің бәрі бар. Сол себепті, әлем тұтастай Ұлы жаратушыға ғибадатта...Оқыған жақсы қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп армандайды. Фәни ғұмырдың ешқасан биігі бітпейді. Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады...Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған беті ешқасан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді. Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін болғандықтан, қалған 23-сағаты да Аллаһ үшін саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені намаз оқушы-ғұмырға неге келгенін ұғынып, өз міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен қадам басқан адам...» (И. Ғалымхалы. 85-бет) Бұл жерде адамдық борышта, мұсылмандық қарызда, бала тәрбиесі, ғылым-білім, халыққа қызмет ету, отан, ұждан, ар-ұят дегендер намаз оқумен салыстырғанда ешқандай маңызды емес, керісінше хайуан, жаратылыс періштелері үнемі ойсыз, ақылсыз сәжде қылғандай тек өзіңді сүй, өзіңді ойлау ғана маңызды болып соның жолында «жаттанып, тағыланып» жұртыңды, фәни өміріңді дұшпандай көріп, тек жаннатқа кіруді ғана армандауды, мақсұт тұтуға, араптар сияқты мұңсыз ел болуға шақырады дін ғалымдарымыз. Олай болса пайғамбарымыздың мына өсиетін жалғанға шығару керек болады. «Үмметімнің машайықтар жаннатқа намаздаң, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхеметі, нәпсісінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (Хасанан 10-өсиет) Енді дін ғалымдарымыздың пайымдауынша пайғамбарымыздың менен кейінгі тура жолды жалғап тазартушы Ахмет болатын ұрпағыма жеткіз-деп берілген құрманың хикметті де, мұғжизасы да жоғарыдағы төрт масһабтың біліміне қарағанда ғибадатқа, дін ұстанымына, тарихына жатқызбайды. Бұндай дінің оқиғасын қазақ халқы да түркі әлеміде мүлде басынан өткермеген тәрізді. Бірақ Әбу Ханифа атамыздың көзін көрген қазіргі заманда бірде бір пенде жоқ. Тек қалған айтылған, жазылған еңбектермен онда да тәпсіршілердің өздеріне ұнаған аудармаларымен ғана таныспыз. Және масһаб ережелерін құран аяттарымен санмен байланыстырып, көрсеткен бірде-бір жазбаны өз басым көре алған жоқпын. Ал көзін көрмеген адам болмаса да кешеге дейін мыңдаған кітаптарға лайықты еңбегі, санмен ғылым, білімін нақты белгілеген хикметтері қалған Ясауи бабамыздың Ханафи масхабын меңгеріп, әрі қарай жетілдірмегеніне кім куә бола алады? Ал қазақ халқы үшін өз ішімізден келген мыңдаған шәкіртермен түркі әлемін мойындатқан, Ясауи бабамыздың көрсеткен дін ғылымын мағрипатынан аттап және түркі әлемінде қалыптасып салт-дәстүрге айналған дінің өркендеу тарихатын елемей, ар жағындағы шариғаттың дін бастауларына жалғану ғылымға сүйенсек ақымақтық пен және пайғамбарымыздың өсиетін теріске шығару. Кім пайғамбарымызға ақылмен сенім келтірмесе, онда ол діннен шығады және мұсылман да емес!

Енді ислам ғылымының мәні туралы кейбір құнды деректер келтіре отыра, арап тілінен ғана алған тәпсірлердің яғни Халифа Алтай аудармасын менсінбегендіктен жіберген қателерге тоқталайық; «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» (Зүмәр-5) Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір шар тәріздес нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр» (И.Ғ 203-бет) Егер жер шар тәрізді болып оны түнмен жаратушымыз орап тастайтын болса онда бүкіл жер шары бір мезгілде түн, бір заматта күн шығып отыру керек. Ақылы сау адамға түсініксіз. Халифа Алтай атамыз «жабады» сөзі пайдаланған, сондықтан бір елде түн көрпесі жабылса, екінші елде әлі күндіз болып, әр түрлі уақыттардың, жарықтың ауыспалығы жер бетінің мүлде домалақ емес керісінше жарты шарлармен жабылғанын көрсетеді. Сондықтан аятта; «Аспанды тірексіз көтердім» деп ескерткен. Жарты шарларда тірек сол жерден шектік белгімен «аномольды» жерлермен белгіленген. Ал жер домалақ болып аспанда солай болса онда жер бетінде ақпараттық шек аралармен әртүрлі белдеулер қалай жаратылды? «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың (байқамай???) Ал олар,бұлтардың көшуі тәріздес жылжуда». (Нәміл-88) Ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында; «тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі.» (27-88) жылжуда емес « бұлт тәрізді жүреді» және «ойлап қаласың» да тез «ұмытып қаласың» емес «ойлайсың» яғни «есіңде сақтайсың» деп аударылған. Және «Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі.» деген аятың жалғасын түсінігін жалғасақ, барлық ескі кітаптарда, словян ғалымдарының жазбалары бойынша әрбір берік нәрсенің өрістік көзге көрінбейтін сипаты болады және олар толқымалы қозғалыста болады деп түсіндірген. Алматы қаласының көкте теріс төңкерілген өрістік бейнесі бар. Сол сияқты таулардың да сондай бейнесі бұлт сияқты жүреді біздердің көзімізбен көрінбейді, ғылымда әзірге аспаптармен өлшенбейді, бірақ беріктігі бар алыстап кете алмайтынын ескертеді. Осы сияқты адам баласының пайда болуы да әуелі кісінің кіруімен, ана жатырың өрістік қасиетінің пайда болуымен ғана қалаған ұрықтың өсіп өнуіне байланысты аяттарды мүлде ескермеген. Шығыс даналығында; «Әке-шеше баланы таңдай алмайды, керісінше бала ата-ананы таңдайды» деген нақылын құран дұрысқа шығарады. Ұрпақ ұрықтан емес кісіден яғни «рұхтан» бастап пайда болады. Осындай жаратылыстан бастап түсірген кітаптардың теріс ықпалмен адстырылған қателіктерін түзеген, төрт кітаптың құлшылық амалдарының ең маңызды белестерін меңгерген әулие жағалы бабаларымыздың таңы атып, айы оңынан тууына орта топтағы сауатты ақын, жазушы, ғалымдардың атасының емес, нағыз «адам баларының» ұйқысынан оянып, нанымын тазалап, сенімдерін бекітуге ақ батамен көкірек көздерін ашатын намаздарын орындайтын уақыт жеткен сияқты. Ал біздің муфтиятық дін ғалымдарымыз мазһабтың төрт жарым парыздық ұстанымнан мың жыл бұрын дінің асуынан және ислам сопылырдың ізденген тарихаттық белесінен де асып, ата-бабадан аманатталған дінің тарихи оқиғалармен сұрыпталып ең керекті маңызды шартарының үлгілерін әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып және ол ұлттық, үмметтік шариғи ата заңы- жобасы және дінің өзіндік шежіре ұстанымы болатынын мүлде теріске шығарып өзге елдерден, қайта мазһабтың бастаудан ғана үлгі алмасақ адасқандық деп ұғындырады. Бұған Абай атамыз; «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымасың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел,
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет