Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011


Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып



бет7/14
Дата11.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#6677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі кесел асқанға. Өйткен адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.» Әрбір нәрсенің құлшылық қылып, табыну үшін ғылымын біліп, құр аспанға қарап намаз оқи бергенмен түбінде ібіліс-тосқанға, алдарыңда тура жолда отырып алушы, азғырушы ағайыныңа тап болсың, сақ бол деп ескертеді. Адам баласының білімінің жетілмеуінен және иманының, ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің сақталамауынан заман, шаруа өзгеруіне қарай шариғат амалдары өзгеріп, ақырында жартқанға жеткізеді деген ниетпен, әр түрлі тәңірлік жеке белгілерді немесе адам ойынан шыққан түрлі заң, білімдерге жүгініп, кейбір қасиетті, қабілетті, дәрежелі пенделерді пір тұтып, құдайдай көріп табынудан жалған тәңірге табыну яғни шоқынушылық амалдары пайда болады.

Жалған тәңірге табыну.

Жаратылыстан адам баласына тіршілік ету барысындағы өнімін, көлеңкесін, ақылын жолдас қылып, яғни серігін қоса жаратып, оны құлшылық әрекеттеріне қарай таза ақылмен, іс әректермен, өнер-білмен толықтырып отыруды адам баласының ниетіне қарай несібе қылып дінін көрсетіп, біліміне қарай азғындап кетпеуі үшін жеке-жеке нұсқаулар беріп; жамандығын түспен көрсетіп, жақсылықтарын аянмен құпиялап, ілім-білімін толықтыруға батамен, уахимен бағыт сілтеп, әрбір адам баласын өз дін-жанын жетілдіріп отыруға міндеттеген. Жаратушы иеміздің саны жетпес тәңірлік несібе қуаттарды адам баласы үшін жаратып, сол қуаттарды ақылмен біріктіп, бір тәңірлік қуатқа иман арқылы басқарылуға беріп, жинаған несібесімен түп негізге нұрға қосылып отыру шарт. Енді осы жаратылыс қуаттырын біріктіріп, жүйелі қозғалысқа айналдырып отыруға адам баласына ақыл- білім қуатын берген. Ақылдың жетегімен ғылым- білім арқылы адам ақыл-ойы түрлі қосымша қуаттарды белгілі таңбалармен, сандармен белгілеп, шаруашылық әдістерімізді меңгеріп, тозғанын ауыстырып, жетілдіріп тіршілік базарын жүргізіп, өмірден өз үлестерімізді алуға талпынамыз. Ең басты тәңірлік қозғалыс қуаты ол-сөз. Сөздің де үндік, түр-түстік тіршілік ерекшелігімізге байланысты сан жүздеген ұлттарға бөлінеміз де және сөзді басқару үшін таңбалармен белгілеген және тәңірлік сипатарымыз да алуан түрлі. Әрбір таңба жасырын тәңірлік қуат егесі болып табылады. Сол сияқты адамдар арасындағы алыс беріс, азықтармен, түрлі өнімдерді өлшеу үшін де белгілі таңбаланған тәңірлік қуат шамасын белгілейтін ақша және сол қуаттардың өзі малмен де өлшейміз. Барлығы біздің бұл дүние тіршілігін жүргізу үшін жаратқан тәңірлік қуат өлшемдері яғни серігіміз, ақыл-ойымыздың өнімі болып шығады. Сондықтан осындай дүние тіршілігінің қызығына түскен адам баласының білімі тозып, жаратқанның берген несібе білімі, ақылы арқасында қолмен жасаған өнімімізге яғни ойымызға табынып, шерік қатып, серік қоса бастаймыз. Бұндай жағдайға себеп жаратылыс себептерін, яғни адам баласының қалай жаратылып, қандай мақсатпен өмірге келгенін, өлім, ауру, күнә, өтірік, надандық т.б көптеген қайғы қасіретке апрып соқтыратын қылықтарымыздың қалай сұралып, қалай ақталып және түпкі нәтижесінің қандай болатынын білмей, білгеніміздің өзі ғылыми негісіз, ергіге ұқсас болғандықтан, осы өмірден басқа тіршілік болмайды деген ұғымен барлық шектерден, тиымдардан аттап өтіп, көбірек қамтып қалуға тырсқан қомағайлық, ынсапсыздық әрекетермен нәпсінің қалауымен ғана тіршілік етуді әдетке айландырып аламыз. Яғни ақылымыз азып, кедейліктен, жоқшылықтан, ауырып қалудан, жақсы әдемі-әсем көрінбеуден, сүйгенің тастап кетуден, түрмеге түсіп қалудан, біреулердің жамандап өсектеуінен, ерте өліп қалудан, кәріліктен де қорқып немесе өзімізді өзгелерден үстемдігімізді көрсету үшін байлығымызға, тәніміздің әдемілігіне, күшімізге, айлакерлік амалдарымызға, таққа отырған таныстарымызға, өзгелерден ақылдырақ болуға тырысқан білімізге, жүйесіз түсініксіз сөзімізге, қалтамыздағы ақшамыздың көптігі ғана бар қайғы-қасіреттен және мәңгі өмір беретіндей табына бастаймыз. Абай атамыз; «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанымен қалғанын берсе алашқа..Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар Сорпа-сумен сүйекпен сүйдірмекке...» Осындай ақыл-ойдың төмендеуінен енді адам баласына сыртан келетін рухани азығымыздың да дәрежесі төмендеп, денемізге (ақыл-ой өрісі) шеріктер еніп, көлеңкесі тәнімізде түрлі элементермен бейнеленіп, құрттарға айналып, өсіп-өніп, ішкен асымызға ортақ болып, тәніміздің семіргенімен тұрмай ойымызда семіре бастайды. Енді оқушы ағайын ислам уағызшылырының жалған тәңірге табыну дегеніміз пұтқа немесе, аруақтардан сұрау деген ұғымға ақыл ойыңыз байланып жүрегіңізде қарсылық ниет пайда болса онда Інжілге жүгінейік; «Иеміздің атынан сендерге мықтап ескертемін: бұдан былай құдайсыз қылықтардан түкке тұрғысыз ойларына сай өмір сүрмеңдер! Олардың санасын қараңғылық басып, жүректері шындықты білгілері келмей жақсылық атаулыға қасарысқан, сөйтіп Құдай беретін шынайы өмірден құр қалған. Мұндайлар ұяттан әбден безіп, жүгенсіздікке салынып, тойымсыз нәпсі құмарлықтарымен әр түрлі азғындық істей береді. Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің (дүние, ақша құмарлық) тіпті аттары да аталмасын. Құдайдың адамдарына бұлардан аулақ жүру лайық. Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды. Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар мен ашкөзділер-жалған тәңірлерге табынушылар, мұндайлардың бәріне де Мәсіхтің және Құдайдың патшалығында орын жоқ.» (Пауылдан; Ефестік-4-5 тарау) Енді талдап көрсек; пұтқа табыну жалған тәңірге табыну болмайды өйткені (алда арнаулы түсінік береміз) пұттар адам өнімі, қуаты болып бірақ ештемені өздігімен жарата да алмайтын періштелер тобына жатады. Сондықтан оны шоқынуға жатқызамыз. Ал жалған тәңірге табыну дегеніміз тәніміздің, дүние тіршілігінің қажетілігін, пайдасын өтегенімізбе ақыл-ойымызды аздырып, рухымызға және жанымызға теріс ықпал беретін әрекет- әсерлерге, қуатық шамаларға табыну қылықтарды айтамыз. Мысалға ақша, мал-дүние қаншалықты көп болғанымен адам баласының ақыл-ойын рухын өсіру мүмкін емес. Егер бәрін ақшамен, дүниемен өлшеп, солай әрекет етуді әдетке айналдырсаңыз онда ашкөздікпен, түрлі зұлымдық, ала аяқтық әрекетерді қоса туындатып тәніңіз өсіп, көркемденгенмен рухани азғындықпен дін-жаныңыз өспей, ұрпақтарыңыз рухани кеміске айналып, жалған тәңірге табынғаныңыз болып жаратқанан түрлі сынақтармен жазалана бастайсыз. Сол сияқты әйел мен еркек арсындағы жыныстық қатынастан бар тіршіліктің нәрі де ұрпақтарды көбейтіп, тәрбилеу арқылы ғана өмірдің қызығы да пайда болады. Ал неге бір ғана неке деген сөзден яғни тәңірлік қуаттан бақыт пен күнәнің яғни өзіңе жасаған зұлымдықтың арасын бөліп қойған? Жыныстық қатынас екі жаққа да пайдалы болса келісіммен болса жарасымды емес пе деген ой әрбір өзін білімді санаған әйел, еркектің де ішінен сыбырлап көрніс беріп тұратыны сөзсіз. Біздің рух, сана, жан білімдеріміздің бұрынғы надан, білімсіз деп атайтын аталармыздан әлде қайда төмен тұрғанын және мыңдаған жылдар адамзаттың ақыл-ойының тәжірибесінен өткенін есімізге тұрақтату әрине қиынның қиыны. Бірақ қазір жан ғылымының көптеген құпиясы ашылып, барлық жанды нәрсенің негізі судын басталып, адам баласының сыртқы өрістерінің және басқа да сыртқы күштердің әсеріне қатысты болатыны нақты дәленденіп жатыр. Ұлықсат берілген, келісім шартары сақталған жыныстық қатынас арқылы ерлі-зайыптылар тұрақты ақпарат алмасуымен, жарықтың, қараңғылықтың адамзат бойынада қалыптасатын уақыт өлшемдері, тағдырдың негізгі кітабы жазылып, оқылып рухани жетілуге, иманның кемелденуіне тығыз байланысты болып, оны аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін болу» деп ескерткен. Және еркек үшін некесіз жыныстық қатынас «бой суыту» болып, өзінің рухани азығынан, сыртқы өрісі, күміс буынан, несібесінен айрылуымен, ақылдың жетілмеуі мен жанда қараңғылықтардың пайда болып, мінездегі жындылық қылықтардың өсуімен, қаны азып, салқындықа ұшырауымен, зат алмасу бұзылып, тәннің шіріп иістенуінен түрлі «ИТ» аурулары пайда болса, әйел заты үшін жеңіл жүріс, жез өкшеге айналу яғни теріс зиянды ақпараттармен жүктеліп, тұздардың қалыптасуын жетілуі тежеліп, керісінше маталл қалдықтары артып, қызу қанды ашкөздік пен жанының шайтанға айналуымен өмір жасының қысқаруына, түрлі ауруларға әкеліп тірейді. Әйел заты екі жартыдан яғни етектен яғни екі аяқ арасы күміс буы (киіз қазық, адал бақан) -жан үйі, жарық «қос»-тан (сәукеле) тұрып және баспен жалғанған (жаулық жарығы) киіз қазығы, адал бақаны толық болған ары жетілген әйелзатының басында дуылға (Сәукеле) сияқты басында екі белдеу шашақ үнемі айналып тұрады да алтын өріс бой өрісіне жалғанып «бойжеткен», етекті (үйлі, қосты) аталып адамзатың рухани несібесіне айналады. Негізінен сәукеле екі аяқтың арасындағы қалыптасқан еректің несібесі, жан азығы ар қуаты-етек! Еркектің етікті аталуы себебі; балтырдан төмен бөлігі жын-шайтан жалған сөз иістернің үйі болып сондықтан пайғамбарыз: «Аяқтың тобықтан төмен бөлігі тозақтық» деп ескерткен. Құранда ескерткен «Сәлуа» несібесі басты жауып тұратын йыққа дейін жалғанған жарты ай тәрізді нұр өрісі болу шарт. Бұндай нұр тек басын күте білген жылы ұстаған, киім, дәретін сақтаған, намаздарын толық орындайтын рухани қасиетті меңгерген еркектерде ғана болады. Бұл сәлуа жан өрісімен, боймен жалғанып және етікпен қорғалып жабылу шарт. Некемен төсекарқылы еркек бас өнімі сәлуа (нұр) әйелге жаулық болып оралып,ал керсінше «мәруа» (сәукеле) еркектің артқы мишығына қарай өтеді де, ойлау қабілетін артырып, шабыт сыйлайды. Сондықтан шараптың ыдысы екі аяқтың арасында болады. Ал басын қорғап және сондай бой, жыныс қуатын тазартып, сақтай білген, шалбар киген етікті аталмақ. Ал әйел затының жын қуаты белмен табанға дейін арлықты толық қамтып, етекпен жауып тұрмаса, сандағы жан ұясының сарайы, шайтан үйіне айналып, аналық, жыныстық сүтті ашып, әйелдің жыныс қуаты әлсіреп, өмір жасы қысқа болады да күйеуінің азғындауына, денсаулығының әлсіреуіне, жындылығының басым болуына, теріс қылықтарға түсуіне ғана себепші болады. Әйелдің шайтан өнімі, иісі бастан бөлініп, жаулығы жоқ қатындардың төбесінде түйе өркеші болып, құйрықтан бөлінген натрий өнімінің жиналып, иісі жан-жақа тарап, құранда ондай қатындар тозаққа отын арқалап кіреді деп ескерткен. Сондықтан шашты әйел затына киім, әрі май иісінен пайда болатын өркешті жағып тұру үшін қорған етіп жаратқан. Шашы ұзын басын жылы ұстайтын әйелдің жыныс қуатының, бала көтеру қабілетінің артықтығымен, тәндегі алтын қорының басымдылығымен және қолдың тазалығына тікелей әсері бар. Шашты қысқартып жалаңаштықтан тәндері сұқтанудан, әйел затында алтын қоры азайудан және терінің азып, отегі қорегінің жетіспеуінен алтын орнына жез пайда болып, тәндегі ісіктер де осындай рухани жезөкшеліктен, қатындықтан, отындыққа айнауынан болады. Және тәнінде алтын қоры кеміс әйцелзатынан іштен баланың шашы жетілмей немесе қасқа бас таздардың яғни діні кем, күдікшіл, қу, зымиян ұрпақтарды өмірге әкеледі. Дінсіз қу, шайтан адамын аталарымыз тазша бала деп атаған. Осындай рухани жиналған отынды жағу үшін некелі тұрақты жыныстық қатынастан әйел заты негізінен үш түрлі қуатты еркекке сыйласа, төртінші аналық сүті ұрпақтың адамдық қасиетін қалыптастырады ал рухани тазарған, қасиетті еркектердің шауқаты арқылы берілетін 5-қуатық шамадан әйел затының негізгі мал қуаты жетіліп және еркектің білімділігі, өнерлі, қасиетілігінің нәтижесі ақиретік тағдыры, әйел жан сырының кітабы болып жазылып, болашақ тағдыры да неке тазалығы, еркек шауқаты арқылы діні қалыптасады. Еркектен шауқат арқылы білім, ғылымы май болып әйелдің білегіне жазылып, ал әйел тұзы еркектің қарын, етін тазартып, діл болып, басқа шабыт қуатын сыйлайды. «Қатын өлді қамшының сабы сынды» деп аталарымыз мақалдағанда; қамшы-білек, сабы-қар, бұлшық ет және артқы желке мишығына тәуелді. Онда қатын өлсе қасірет дегенді ескертеді. Еркектің жыныс қуаты таза болмағанда әйел затының шынтағы кір, түрлі белгілер болса, ал керісінше әйелдің жыныс май тазалығын күйеуінің шынтағынан көруге болады. Шәкәрім атамыз; «Атаның шауқатының көп қой мәні, Ананың құрсағында қан болғаны...Сезімнің зорайып, азаймағы-Қандай түрде болғанан оның тәні..» Әйел және ұрпақтың сезімінің жетістігі де, жетімсіздігі де ата шауқатына тәуелді екенін ескертеді. Сондықтан некесіз жыныстық қатынасқа түскен еркек өзінің денесін, күміс ақшасын, теңгесін жоғалтып, кейін ақирет азабынан бұрын сыртан кірген «иттерді» қоса алып, дүниенің базарын да жоғалтатын болса, некесіз жыныстық қатынасқа түскен әйел заты өзіне қаншама керек емес азықтарды,сезім- шеріктерді жан сарайына жинап алып, соны түгел жеп тауысқанша басқа азық бермей байлап қойған хайуанға ұқсап болашағы, ақирет өмірі де мүлде күмәнді болары сөзсіз. Және көп еркектердің білмейтін жан ғылымының бір құпиясы өздерінен бөлініп, әйел жатырына қосылмаған ұрықтың, шауқаттың кеңістікте бейнеленіп, шеріктеге азықтарға айналып, тамаққа қосылып тас болып қайта келеді яғни өз етін өзі қайта жейді. Әйелзатының жыныстық шауқатын қабылдамайтын сақтану шараларын жасап, қатынасқа түсуінен, тәнен пайдаланылмаған жанбаған артық натрийдің түзіліп бөлінумен, өзіне бар кір қоқысты жинап, артынан май қабатарын түзіп, семіздік және шайтаның өсуін қалыптастырып, іштегі жыландарға азық болып, ішектері құртап, өмір жасы қысқарып, немесе қасіретпен аяқталатыны даусыз. Осындай жағдайға ертерек кірген америка, европа елдерінің неке өнімі тұздары сорға айналғаннан, әйел, еркегі семіздіктің жапай дертіне ұшырап, оған енді қуып жетуге, азғындаған әдетерін салтына айналдырған азия мемелекетері де белсене кірісіп кетті. Бұл азаматтық неке, әйел теңдігі деген жалған тәңірге табынушылық болып, адамзаттың генінің тозып, көктегі несібелерінің таусылып, керісінше қара күштердің ықпалына түскенен, енді болашақта бүтіндей халықтардың ұлттардың жер бетінен жойылуына әкеле жатқан үлкен қасірет екендігі даусыз. Абай атамыз; «Қара қатын дегенде қара қатын. Ізіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай, байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шариғатын.» Арғы беттен қызылбастан келген шариғаттың бұрынғы қазақ салтына қайшы келетіні ескете отырып және «Құйрығы шаян, беті адам Байқамай сенбе құрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам Кез болар қайда сорлыға..» Шаян құйрық отынын арқалаған қыз, қатынан да абай болуды ескерте отыра және ондайлардың іші арам болып; «Шыдармын ба, япырай, Жатуға шықпай үйде енді? Қатыныңның ойнасын Көрсең, білсең қоймасын, Не ойлар едің өз басың, Сонымен тең бе біз енді.» деп қазіргі қатындар еркіндігінің түбі жындануға апарып, жынмен түсінде ойнас жасап, сезімдерінің азатынын енді соның жолын үйде жатып, құр мүлгімей жер кезіп іздеу керек деп ескертеді. Бұндай жағдайдан еркек, әйел ұрықтарының босқа шеріктерге айналып, өзіне «кір» болып қайта жүктелуінен тек қазақтың бұрынғы салты ғана құтқарады. Енді бір жалпы адамзатқа ортақ жалған тәңірге табынудың түрі және осындай табынудан үнемі апатар мен түрлі азап ауру зұлымдықтармен жердің бетінде белгілері қалса да, қайталаудан жалықпайтын жалған тәңіріміз; ол, ойын-сауық, түрлі құмарпаздық, мақтан қылықтарымсыз. Соның негізі қазіргі таңдағы қаңқылдап ән салғанды «жұлдыз», біреудің қылығын қайталап әртіс (ойынпаз) аталып, сайқымазақ болғанды да «жұлдыз» (әулие) атайтын табыну түрін шектен шыққандарын жынданғандық, жындану –деп атайды. Тек сондайлар ғана елге рухани қуат, рух егінін өсіріп, жарық нұрын шашып, қалаған халық сонымен жүріп бағытын межелеп тіршілік ететін яғни жұлдыз еместер түнекте, қараңғылықта өмір сүріп жатқандаймыз. Жаратушыға теңдестер жасаудың, жалған тәңірліктің де үлкендерінің бірі. Өнерге табынбаса Құдайды тануда мүмкін емес. Бірақ қандай өнерге табыну керек? Абай атамыз; «Түбінде баянды еңбек егін салған,(рухтың егіні) Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.» Егін салу ол шаруашылықтағы егін емес рухани егін салу яғни өмірге қасиетті ұрпақ әкелген, дарындылықты ғылым-білімді меңгеру ең баянды ақиреттік еңбек деп ескертеді. Ондай егінді аятта; «Тура жолын тапақан мүміндер бір бас бидайдың жеті сабақ шығарып, әр сабағында 100-дәнен өнім бергені сияқты» деп ескертсе Інжілде ағашқа, жүзім бағына теңейді. Олай болса жеті сабақты егін егуді қазақ аталарымыз некені жеті атамен шектеген, жеті өзенен өткізіп қыз алып, қалаң мал беріп, құда түсіп, жетімін жатқа бергізбей. Жесірін басын бос қоймайтын рухани егіннің бағбаны, дінің шопаны болған салтымызды әлемге үлгі етеуге болады. Енді бір сипаты тамаққа тойғызып, үпілеп, үкілеп хайуан сияқты баптап, біреуден күші немесе жиналып алып амалын, қулығын асырған пендесін тағы «жұлдыз» елдің рухын яғни санасын, ғылым, білімін, иманын жетілдіріп қазақтың туын көкке көтерді деп, асыра марапатап зейнетақы тағайындап, тіптен ақылы толық болғанымен есі кеміс болса да ел басқаруға да тағайындаудан қысылмаймызда. Бұл да ақылдың азғындығы жаратқанға серік қосудың өзі яғни жалған тәңірге табынушылық. Егер иман, ақыл күштен пайда болса түйемен, пілден және құмырсқадан ақылды жаратылыс болмай, қулықпен байланысты болса сауысқаннан өткен ақылды, балықтан өткен ойынпаз, маймылдан өткен сайқымазақ «жұлдыздар» болмас еді. Абай атамыз; «..Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанын мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі-қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді біреу ызаландырмақ-шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. ... Жүйрік ат-кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те-кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шықандай несіне ұялып, қорланады екен? Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғандарын, не қығанын білмей есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды...» Олай болса, ұят-ұжданға байланысты болып, адамгершілікке табиғатымызға жат істердің, жалған ұят қылықтардың бәрі надандыққа жатып, жалған тәңірге табыну болып шығады. Табыну әсерінен адам баласы өзіне бір әсер, мақтаныш сезімдер алып соның әсеріне үнемі құмарлықтан бір мастық яғни жындылық пайда болады. Қазіргі таңда әлемді былай қойғанда қазақ елінде ел басқарушыларымыздан бастап, бүкіл жастарымызға дейін мастықта яғни жынданбағанымыз кемде –кем. Бәріміз белгілі шамада өз орнымызға, жеткен жетістігімізге, жартқанның берген несібесіне кенеліп, мастық кіріп жынданған елміз. Нақты таза сөздің бұлағы философиялық мектебіміз өлген, сөзге ғалымдығымыз тек сыртқы бейнесі жат елдің мәнді сөзіне, білім жетістігіне табынудан басқа түгі жоқ. Оған күнде баспасөзде жазып, көгілдір терезеден айтып, мақтанып жатқан жынды сөздеріміз нақты дәлел. Тек ел басымыз ғана қашан тағы да бізге бір сау сөз айтып жолға салар деп, жалғансыз табынған шүкіршілігіміз жаратқанның үлкен жазасынан ұстап тұр. Ал енді бұндай жағдайдан құтқаратын дініміз шариғатымыз яғни муфтият ғалымдарымыз, діни сауатты имамдарымыз не бітіреді -деп сұраңыз? Жалған тәңір жасап алудың екінші сипаты бар. Ол енді бір-бірімізді құдайдай сыйлап, бірақ Құдайдың бұйырған шектен шықпауды ұмытып ғалым, білімді, ілімді, лауазымды жаратқанның пенделерін құдай көріп, пір тұтып, жазасынан қорқып, тақтан түсіріп тастауы мүмкін деп не айтса соны мақұлдан жатсақ та, тұрсақ та сол пенделердің амандығын тілеп құдайдың емес адамның құлы яғни «жапарқұлдарға», кейбіреулеріміз бұрынғы небір білгіш айтты, жазды деген ұстаныммен сөзін тексермей, өзіне шеніне, сол замандағы дәрежесіне кісілігіне қарап сөзін алған, кітап арқалаған есекке айналып алдық. Араптың тілін құранның өркендеуімен, үнінің құпия сырына, тылсым үніне құлақ салып, сөзін санмен өлшеп алудың орнына, арап сөзі десе құдай айтқандай таңданып, жабыла көшіргендіктен, жалған тәңірлік құлшылығымыздың бір бейнесі: Дін имамдарымызбен, ғалымдарымыз құранды арапша оқып түсінбесеңдер адасасыңдар, аталарымызда бұрын түк білмеген, дінді біз сияқты арап тілін меңгерген ғалымдармен, бұрынғы арап ғұламаларынан ғана үйрену керек деген мақсатпен өздерін құдайдан да былай емес дана, пайғамбар санаған ағайындарымыз, ақылы толмаған жастар түгіл, ел басқарған, сауатты ғалымдардың өзін өздеріне және құраның насихат ғылымына емес, арап тіліне, сөзіне табындырып үлгіргені сонша, тіпті енді жасырын, құпия білдіртпей серік қосып, ортақ қосқан, Құдайдың хикметерімен, мұғжизаларын ашықтай теріске шығарып жатқан еңбектерін де халыққа жапай таратуға жәрдем беріп, сондай жалған тәңірлерімізге заңның да, ел басқару істерінің де тізгінін беріп қойып, түшкірсе «жәрәкімалда» деп басымызды изей бергеннен басқа құлшылығымыз қаламады. Сондықтан аятта: «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ: Кітапты үйретулерің, (өздерің түсініп, ғылымын біліп) оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық.» (3-79) Пайғамбарлық қабілетке жеткен пенденің өзі, пір болып, тек мені тыңдаңдар деген өзін құдайға айналдырған болып табылады деп ескертеді. Әркім өзі оқып пікір талас арқылы отрақ шешімге келіңдер деп түсіндіреді. Олай болса тек мүфтият ғалымы немесе хазіреті ғана жалпы ғылымдар кеңесі арқылы және халықпен санаспай пәтуа шығару да серік қосу болып табылады. Ал Інжілде; «Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі иеміз келер алдында адамдар Құдайдан безіп, Оған қарсы шығады және әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлде құритын кісі пайда болады. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін нәрсеге (рух заңдылығы, аруаққа) бар нәрсеге қарсы (әули-әмбилерге) тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде (мешіт, шіркеу) отырып алып, «мен құдаймын»(пірмін, ғалыммын) деп жариялайды. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандақтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқаратын шындықты (аянды, уахи-батаны) жақсы көрмей, жүрегіне жолатпады. Сондықтан Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Сонымен шындыққа (аруаққа,батаға, уахиға) сенбей, әділетсіздікке құмартқандардың бәрі сотталатын боладыҚазіргі қазақ дін ұстанымындағы болып жатқан рухани сүнетелуге қарсы жағдай інжіл тарихымен байланысты «уақиға» 75-сүреге жүректің тазаруына қарсылық яғни кезекті құран аяттарының уахи болып түсіндіріліп оқылуына парызшылар тарапынан қарсылықтың себебі де осы қиямет мезгілінің көрінуі болып табылады. Аятта; «Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. (17) Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. (18) Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.(Өліктер арқылы көрсету, бата) (19) Жоқ олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер. (20) Ақиреті тастап, қоясыңдар» (75-21) 21-санмен аяттарды түсіндіріп жүректер ашылып, бата, уахи түскенде дүниенің қызығын артық көріп, ақиретті еске алуға, зиратауға тиым саласыңдар, құр кітаптың біліміне ілесіп кетесіңдер деп ескертеді. Бұндай теріс ықпалдарға және адасуға себепті өз ұлттының тарихынан ажырататын яғни бүгінмен кешегінің арасына жік түсіретін ықпалды ілімдердің пайда болатынын ескертіп: «Кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануына тиым сал. Бұлар сенім арқылы (аруақ) білінетін Құдайдың ісіне қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады. Осы бұйрықтың мақсаты-пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту. Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, көп
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет