Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері



бет4/4
Дата27.12.2023
өлшемі28,52 Kb.
#199646
1   2   3   4
Байланысты:
ТЖБ қазақ тілі 7-сынып Т1 (1)
5кл-1 кмж, 11 БЖБ ТЖБ сараптама информатика, 1-4 сынып, 6 сынып қаз тар ТЖБ 2 вариант
Жазылым
1. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, дискуссивті эссе жазыңыз.[10]

«Адал дос артық па, амал дос артық па?». Ал Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды жинақтап, эссе жазыңыз.


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология


2-НҰСҚА
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

  1. Үзіндіні тыңдап, еліктеуіш сөздерді қолдана отыра оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.

  2. Түпнұсқаны тыңдап, болжамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]
Мәтін
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады.
Сұрақ: Оқиға қалай дамиды?
...
Содан соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп, соны алдырады. Ол бір кәрі күйші еді. Егер күйші бозінгенді идіріп берсе, сол ауылда бір сұлу қыз бар екен, соны бермек болады. Қарт күйші домбырасын күйлеп, ағызып тарта жөнеледі. Күйге құлақ салған бозінген иіп қоя береді.
Сұрақ: Күйші өз сыйына лайық деп ойлайсыз ба? Оқиғаның соңы қалай аяқталатынын болжаңыз.
...
Бермек болған қыз түйенің сүт аға бастаған емшегін ұстай алады. Сол арада күйші жап-жас қызды көріп қалады. Бірақ ол жұрттың ұйғарындысына рақмет айтып, рұқсат етеді.
Оқылым
2-НҰСҚА.
Тапсырма
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. [10]

А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіндерде не туралы айтылған?







Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)







Мәтіндердің ұқсас тұстарын атап көрсетіңіз.




Мәтіндердің айырмашылығы неде?







А мәтіні
Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Ә мәтіні
Бір жауынгер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген жауынгер:


– Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді.
Капитан жынды болдың ба дегендей әскерге қарап:
– Баруға тұрмайтын сияқты ғой! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге қоюшы болма!
Жауынгер баруым керек деп тұрып алады да, капитан:
– Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді.
Жауынгер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы жауынгердің жүрек соғысын тыңдайды да:
– Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір өліп қалды, – дейді.
– Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алған жауынгер.
– Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл жігіт өлді, көріп тұрсың ба?!
– Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы сөздерін қайталады: – “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет.”
Жазылым
1. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, дискуссивті эссе жазыңыз.[10]


«Нағыз талант қайткен күнде де жарыққа шығады, танымал болады». «Жоқ, талант та керек, бірақ оған қолдау мен таныс керек» дейтін пікірлер бар. Ал Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды жинақтап, эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет