Банк құқығы пәні бойынша дәріс Тақырып Банк құқығының түсінігі және жүйесі


Тақырып. Банк құқығы нормалары және банктік құқықтық қатынастар



бет2/6
Дата14.07.2020
өлшемі27,9 Kb.
#75196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ы ы п ні бойынша д ріс Та ырып Банк ы ыны т сінігі ж
bestreferat-314409, 03.Педагогикалык шеберлик УМКД, 02.Педагогикалык шеберлик лекция, 01.Педагогикалы шеберлік п ні бойынша, 05.Пед шебер ПП 2009 1, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу
3 Тақырып. Банк құқығы нормалары және банктік құқықтық қатынастар.

    1. Банк құқығының нормалары және олардың түрлері, құрылымы.

    2. Банктік құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері және түрлері.

    3. Банктік құқықтық қатынастар субъектілері

    4. Банктік құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қорғау амалдары

    5. Банктік құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері

Құқық нормасы бірнеше дүркін қолдануға арналып, нормативті регламенттелген жағдай төңірегінде барлық тұлғаларға таралатын, нормативтік құқықтық актілерде қалыптасатын жалпыға міндетті тәртіп ережесі. Банктік-құқықтық норма банк қызметінің процесінде туындайтын қаржылық қатынастардағы тәртіп ережесін анықтайтын мемлекетпен белгіленген әкімшілік жарлық.

Сонымен, банктік-құқықтық нормалардың ерекшеліктері мына белгілермен көрінеді:


  1. Олар банктік қатынастарға қатысушыларына субьективті құқық ұсынып, оларға заңды міндеттемелер арту арқылы олардың тәртібін реттейді;

  2. Банк саласындағы қызмет салаларында олар көпшіліктік құқықтық мүддлерді бейнелейді;

  3. Олар белгілі бір заңды формалар актісімен, яғни банктік заңдылық актілер қабылдау жолымен белгіленеді.

  4. Реттейтін банктік қатынастар төңірегіндегі банк құқық тәртібі мен заңдылығының нақты режимін белгілеп, қамтиды;

  5. Олардың мүлтіксіз орындалуы үшін заң күштеуімен қамтылады;

  6. Олар бірнеше мәрте қолдануға арналған, субьектілердің белгісіз көлеміне арналып, жалпыға міндетті тәртіп ережесін қамтиды;

Банктік құқықтық норма өзінің логикалық құрылымы жағынан дербес құбылыс болып табылады, өзінің маңызы бар. Өзге құқық салаларындағы нормалар сияқты, банктік-құқықтық норма өзінің құрылымы жағынан үш негізгі элементтен тұрады: гипотезалар, диспозициялар мен санкциялар.

Гипотеза осы банктік-құқықтық нормалар мен міндеттемелер бағытталатын тұлғаларды анықтайды, яғни мұнда сәйкес банктік құқық қатынастары туатын жағдайларда анықталады және осы құқық қатынастарының субьектісін көрсетеді.

Диспозиция тәртіп ережесінің мазмұнын белгілейді, яғни көпшілік банк саласындағы белгілі әрекеттердің жасалуын қарап, банктік қатынастарға қатысушылардың құқығы мен міндеттемелерінің мазмұнын көрсетеді. Банктік-құқықтық нормалар диспозициясы сәйкес жағдайлар барда сәйкес субьектілер атқаруға тиісті қаржылық міндеттемелер арқылы әділетті болады.

Санкция банктік-құқықтық нормалардың бұзылу салдарын қарастырады, және осы нормаларды бұзушылардың түрлерімен оларға арналған шараларды анықтайды.

Санкция банктік-құқықтық нормаларды қадағалауды мәжбүрлеу қабілетін көрсетеді. банктік-құқықтық нормалармен белгіленген ережелерді қорғау әдісі болып санкциялар табылады: олар әрдайым ақшалай сипатқа ие; олар айыппұл мен өсімпұлдар элементтерінен тұрады.

Банктік құқық қатынастары сәйкес банктік құқықтық нормалардық нақты банк қатынастарға реттеуші әсерінің нәтижесін беретіні белгілі. Осының күшінен банктік қатынастар заңды нысанға ие болып, яғни банктік құқықтық қатынасқа айналады.

Құқықтарды жүзеге асыру әдісіне байланысты банктік-құқықтық қатынастар реттеуші және қорғаушы болып бөлінеді. Реттеуші банктік-құқықтық қатынастар құқықтық реттеу қызметінің жүзеге асырылуын қамтиды. Қорғаушы банктік-құқықтық қатынастар банктік құқық бұзушылық салдарынан және бұзушыға банктік құқықтық санкциялар қолданумен байланысты туады.

Әкімшілік қорғауды қолданудың кең саласы банк саласындағы оперативтік әрекеттердің қажеттігіне байланысты. Әкімшілік тәртіп берілген шағым бойынша қарапайым түорде жүруді және шешімнің орындалуын болжайды.

Сондай-ақ, соттың қорғау тәртібі үлкен демократизммен сипатталады, азаматтар құқығының қорғалуын қамтиды. Ал міндетті субьектілер – мемлекеттің контрагенттерінің өз құқықтарын қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет