Банк құқығы пәні бойынша дәріс Тақырып Банк құқығының түсінігі және жүйесі


Тақырып.Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы



бет4/6
Дата14.07.2020
өлшемі27,9 Kb.
#75196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ы ы п ні бойынша д ріс Та ырып Банк ы ыны т сінігі ж
bestreferat-314409, 03.Педагогикалык шеберлик УМКД, 02.Педагогикалык шеберлик лекция, 01.Педагогикалы шеберлік п ні бойынша, 05.Пед шебер ПП 2009 1, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу
4 Тақырып.Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы

  1. Коммерциялық банктердің түсінігі, түрлері және белгілері

  2. Филиалдар, банк өкілдіктері, еншілес банктер.

  3. Банктердің ашылуына рұқсат беру үшін арыз қарау мерзімі, шақырып алу негіздері.

  4. Банктерді тіркеу.

  5. Банктің дәрменсіздігінің құқықтық негіздері

Банк – банк қызметінің жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органында (тіркеуші органдарында) (бұдан әрі-әділет органдары) банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі-Ұлттық Банк) лицензиясы болуымен белгіленеді. Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзінің банк қызметінен айналысушы ретінде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Салым (депозит) – бір тұлға (депозитордың) басқа тұлға – банкке (оның ішінде Ұлттық Банкке) аталған күйде қайтарылуға тиіс деген шартпен алғаш талап ету бойынша немесе белгілі бір мерзім өткенне кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын-ала келісілген үстемесімен немесе ондай үстемесіз, депозиторға тікелей қайтарылуға не оның тапсырылуымен үшінші тұлғаға берілуге тиістілігіне қарамастан беретін ақша.

ҚР екі деңгейлі банк жүйесі бар.

1.Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банк болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне жатады. Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «ҚР-ң Ұлттық Банк туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.

2.ҚР заң актілерімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкін қоспағанда, өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады.

3.Шетелдер қатысушы банк – акциялардың үштен бірінен астамы.

а) ҚР резиденттері еместердің;

б) акцияларының (қатысушылар салымдарының) елу процентінен астамы ҚР-ң резиденттері еместердің не соларға ұқсас ҚР-ң резиденттерінің заңды тұлғаның иелігінде меншігінде және немесе басқаруында болатын ҚР резидентерінің заңды тұлғаның;

в) ҚР резиденттері еместердің немесе осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетілген заңды тұлғаның қаражаттарына билік етушілер (сенім білдірілген адамдар) болып табылатын ҚР резидентінің иелігінде, меншігінде және немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.

6. Мемлекетаралық банк – халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылар ҚР Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.

Банктердің қызметі ҚР-ң конституциясымен және заңдарымен, ҚР жасасқан халықаралық шарттарымен (келісімдермен), сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-ң заң құжаттары мен Президенттің заңдары негізінде және ларды орындау үшін шығаратын Ұлттық Банктің қалыптың құқықтық құжатымен реттеледі.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде осы заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргізуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.

1. Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір адамның;

а) негізгі немесе қосымша қызмет ретінде банк операцияларын атқаруға;

б) негізгі немесе қосымша қызмет ретінде банк қызметіне аудитті жүзеге асыруға;

в) өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық «банк» сөзін қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай не банк қызметіне аудит жүргізетіндей әсер қалдыратын сөзді (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банктерге, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

2. Ұлттық Банк лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп табылады.

Банктер мемлекеттің міндеттері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекетте олардың міндеттемелері бойынша жауап берілмейді, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетілген реттер, сондай-ақ банктер мен мемлекет өзіне осындай жауапкершілік алған жағдайлар кірмейді.

Мемлекет өзінің мемлекеттік банктердің жарғылық капиталына салған қаражаттары шегінде олардың міндеттері бойынша жауапты болады. Үкімет жеке шешіммен олардың міндеттері бойынша өзіне қосымша жауапкершілік алып, мемлекеттік банктерге қосымша жауапкершілік жүктей алады.

ҚР-ң заңдарында тікелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамның кез келген түрде банктердің қызметіне араласуына тыйым салады.

Банк несие берушінің мүдделерін қорғау және ҚР-ң банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк ҚР-ң Үкіметінің келісімі бойынша қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының теріс мөлшері бар банктер акционерлерінің құқықтары мен міндеттерін, оларға заңдарда белгіленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Өз қызметін үйлестіру ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асырады және өзге де ортақ міндеттерді шешу үшін банктер қолданып жүрген заңдарға сәйкес банктер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.

Банктер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Банктер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесіндегі бәсекені шектеу сыйақы (мүдде) ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерін ұсыну шарттарын үйлестіру мақсатында қолдануға болмайды.

Кредит беруге және өзге міндеттерді шешуге байланысты бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бірлескен қызметі туралы шарт негізінде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.

Банкілер Қазақстан Республикасының аумағында да, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде де өзінің еншілес банкілерін, филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

Қазақстан Республикасында шетел банктерінің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасында шетелдің қатысуымен банктердің филиалдарын ашу тәртібін Ұлттық Банк белгілейді.

Еншілес банк – жарғылық капиталының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк.

Еншілес банктің басқа еншілес банк құруға құқығы жоқ.

Еншілес банкілер дербес заңды тұлғалар болып табылады және осы Заңның 12-28-баптарында белгіленген тәртіппен құрылады.

Онда банк тура (тікелей) немесе жанама түрде (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретін акциялардың елу процентінен астамын иеленетін немесе сонша акциямен (қатысу үлесімен) дауыс беру мүмкіндігі бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгеше түрде) осы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді банктің айқындауға мүмкіндігі болатын заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады.

Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында Ұлттық Банктің рұқсаты болса ғана еншілес ұйым құра алады немесе ұстай алады.

Рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:

1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;

2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;

3) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы;

4) бизнес жоспармен қоса, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;

5) аудиторлық ұйымның заңды тұлғада өткізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есеп;

6) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген рұқсатты беру туралы шешім қабылдауға қажетті өзге де ақпарат немесе құжаттар.

Банктер жабық акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.

Банкті ашық акционерлік қоғам етіп үлгісін өзгертуге ол Ұлттық Банкіден банк операцияларын жүргізуге лицензия алған кезден бастап бір күнтізбелік жыл ішінде залалға отырмай үздіксіз қызмет істеген және осы жыл ішінде Ұлттық Банк белгілеген пруденциалдық Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда жол беріледі.

Банкінің құрылтайшылары болып табылатын оның акционерлері ол ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қандай да бір қосымша артықшылықтарға ие бола алмайды немесе басқа акционерлерге қарағанда қандай да бір қосымша міндеттер ала алмайды.

Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері банк заңдарында белгіленеді.

Банк ашуға берілген рұқсаттың банк операцияларын жүргізуге банкке лицензия беру туралы Ұлттық Банк шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.

Банк ашуға берілген рұқсатты Ұлттық Банк кері қайтарып ала алады.

Банк операцияларын жүргізуге лицензия берілген жағдайда немесе банктің қызметін тоқтату туралы сот шешім қабылдаған жағдайда банк ашуға берілген рұқсатты банк Ұлттық Банкке қайтаруға тиіс.

Банк өзіне банк ашуға берілген рұқсатты ерікті түрде қайтаруға және заңда белгіленген тәртіппен қайта тіркелуге құқылы.

Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен, банк заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып құрылады.

Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:

толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерін қоса құрылтайшылар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшін), аты-жөні, азаматтығы, тұрғылықты жері мен жеке өзін (жеке адамдар үшін) куәландыратын құжат деректер;

акциялардың саны, санаттары мен нақты бағалары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәліметтерден басқа, міндетті түрде:

банкінің толық және қысқартылған атауы;

банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;

банк органдарының шешім қабылдау тәртібі.

Банк өзінің атауы ретінде өз жарғысында жазылған атауды қолданады.

Банктің атауында міндетті түрде «банк» деген сөз немесе одан туындайтын сөз болуы тиіс.

Бірде-бір банкінің өзін кез келген құжаттарда, хабарландыруларда немесе жарнамаларда өз жарғысында жазылғаннан басқаша атпен атауға құқығы жоқ;

Ұлттық Банкіден басқа банкілердің бәріне өзінің атауында кез келген тілде толық және қысқарған түрінде «ұлттық», «орталық» деген сөздерді қолдануға тыйым салынады.

Банктердің бәріне өзінің атауында кез келген тілде толық және қысқарған түрінде «мемлекеттік» деген сөзді қолдануға тыйым салынады.

Бұрын құрылған банкілердің, еншілес бантерді қоспағанда соның ішінді Қазақстан Республикасының резиденттері емес банкілердің атауымен бірдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретінде қолдануға жол берілмейді.

Еншілес банктер өзінің атауына негізгі банктердің атауын пайдалануға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет