Банк құқығы пәні бойынша дәріс Тақырып Банк құқығының түсінігі және жүйесі


Тақырып.ҚР Ұлттық банкі және оның құқықтық жағдайы



бет3/6
Дата14.07.2020
өлшемі27,9 Kb.
#75196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ы ы п ні бойынша д ріс Та ырып Банк ы ыны т сінігі ж
bestreferat-314409, 03.Педагогикалык шеберлик УМКД, 02.Педагогикалык шеберлик лекция, 01.Педагогикалы шеберлік п ні бойынша, 05.Пед шебер ПП 2009 1, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу
3 Тақырып.ҚР Ұлттық банкі және оның құқықтық жағдайы


  1. ҚР Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы

  2. Ұлттық банктің бақылау және қадағалау функциялары.

  3. Ұлттық банктің мемлекеттік органдармен, Үкіметпен және қаржы министрлігімен өзара әрекеттері.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтізбелік есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталды.

Қазақстан Ұлттық Банкі жыл сайын ҚР Президентінің бекітуіне жылдық есеп беріп отырады.

ҚР Президенті Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін қарап, оны көбейту туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі келісілген мерзімде ҚР-ң жиынтық қаржы баланысын жасау үшін ҚР қаржы министіріне Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық балансын және қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп отырады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебі:



  • ақша айналысының, кредиттің, қаржының, банк жүйесінің валюта саясатының жай күйі туралы баяндаманы;

  • Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылығы қызметі туралы есепті;

  • Жылдық баланысты, Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінің туралы есебін, таза табыс бөлісін қамтиды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы жылдық баланыстың және есептің құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы тағайындайтын тәуелсіз аудиторлық ұйым тексеріс жасап отырады.

Тексеріс кезінде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшінші жаққа жеткізгені үшін жауап береді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның бөлімшелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерісі ҚР-сы Президентінің келісілген не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ҚР-ң тиісті заңын қабылдау жылымен таратылуы мүмкін, Қазақстан Ұлттық Банкі тартылған жағдайда оның мүлкі тиісті Заңда көрсетілген банк құқығын иеленушіге береді.

Банк қадағалауы мен бақылауы жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкке жүктелген функциялардың сапалы уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, осы заңның тараптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкінің банкте шоты бар ҚР аумағында кез келген жеке және заңды тұлғадан қажетті ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жария етілмеуі тиіс.

Қазақстан Ұлттық Банкінің банк операцияларын және басқа да қызметтерді ақылы негізде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкінің көрсететін қызметтері үшін ақының түрлері мен мөлшерін өз бетінше белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің, ҚР-ң Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметтерді қоспағанда, ҚР-ң Үкіметімен Қаржы министрлігіне көрсетілетін ақы алмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шартының тиісінше орындалмауы жөнінде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескіру мерзімі қолданылмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің міндеттемелерін орындамағаны үшін ҚР-да қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы заңды орындау үшін туындайтын барлық даулар ҚР-ң заңдарына және ҚР-ң қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтіргені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары ҚР-ң заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметші болып табылатын қызметкерлеріне ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңында белгіленген мемлекеттік қызметте болуына байланысты барлық шектеулер қолданылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері банктерден Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасының жазбаша рұқсатымен ғана кредит алуға құқылы.

Осы баптың талаптарын сақтамаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет