Банк құқығы пәні бойынша дәріс Тақырып Банк құқығының түсінігі және жүйесі


Тақырып. Банктік операциялар және олардың түрлері



бет5/6
Дата14.07.2020
өлшемі27,9 Kb.
#75196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ы ы п ні бойынша д ріс Та ырып Банк ы ыны т сінігі ж
bestreferat-314409, 03.Педагогикалык шеберлик УМКД, 02.Педагогикалык шеберлик лекция, 01.Педагогикалы шеберлік п ні бойынша, 05.Пед шебер ПП 2009 1, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу, 12. Гылыми педагогикалык зерттеу
5 Тақырып. Банктік операциялар және олардың түрлері

  1. Банктік операцияларының түсінігі

  2. Банктік операцияларының түрлері

  3. Пассивті және активтік банктік операциялар және олардың жалпы сипаттамасы

  4. Банктердің ссудалық қорын қалыптастыру тәртібі және олардың қайнар көздері

  5. Банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (несиелік серіктестіктер, ломбардтар, айырбас пункттер)

Банктік операциялар дегеніміз – банк және несие ұйымдарда жүзеге асыратын іс-әрекеттер.

Пассивті операциялар - әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып өзінің бағалы қағаздарын шығарып және қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.

Евровалюталық несие – ол шетел банктерінен евровалюталармен алынатын несие.

Активті операциялар – банктің жинақталған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын айтамыз.

Кассалық және есептеу операциялары – банктердің клиенттерге көрсететін қызметердің бірі.

Несие есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметтегі несие беру операциясы.

Лизинг операциясы – жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді жалға бергенде операциялар.

Сейфтік операциялары – сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса клиенттерді құжаттамалық нысанда шығарған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер.

Ломбард операциялар – сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру.

Факторингтік (сауда-саттық) операциялар – тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болу.

Форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу) – тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

Есептеу операциялар – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемесін есепке алу (дисконт).

Аудару операциялары – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау.

Кассалық операциялар – банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұстау, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау.

Клиринг операциялары – төлемдерді жинау салыстыру, сорттау және растау, сондай-ақ олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау.

Заем операциясы дегеніміз – банктің немесе банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басқа тұлғаларға қайтарымдылық және ақы төлеу мерзімі шартымен ақша беру болып табылады.

Банкінің заем комитеті – ішкі несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.

Банктің өз меншігіндегі капиталы (бұдан әрі – Банк капиталы) – оның міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құны, одан активтердің құны банк активтерінің бастапқы құнынан берілген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажетті резервтер (провизиялар) сомасын шегеру жолымен есептеледі.

Банк сертификаты – белгіленген мерзім біткеннен кейін сол банктің кез келген мекемесіне салым сомасын және ол бойынша проценттер алуға салымшының құқығын куәландыратын ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша куәлігі.

Еншілес банк- жарғылық капиталының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк.

Салым (депозит) – бір тұлға (депозитордың) басқа тұлға – банкке (оның ішінде Ұлттық Банкке) аталған күйде қайтарылуға тиіс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгілі бір мерзім өткеннен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын-ала келісілген үстемесінен немесе ондай үстемесіз, депозиторға тікелей қайтарылуға не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілуге тиістілігіне қарамастан беретін ақша.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүргізуге құқылы банк болып табылмайтын заңды тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет