Барлығы – 135 сағат


Диафрагмалық-қабырға демі



бет4/7
Дата07.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#3416
1   2   3   4   5   6   7

Диафрагмалық-қабырға демі - диафрагманың қысқаруынан, қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің, қарынның бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кеуде қуысының көлденең және ұзына бойы көлемі өзгеруі арқылы жүретін дем алу және дем шығару процесі. Бұл дем – дұрыс дем болып саналады және оны сөйлеудің негізі ретінде таниды.

Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі.

Диафрагма қозғалысы: диафрагма қысқара отырып, төменге түседі, қарында жатқан ішкі органдарды жаншиды. Нәтижесінде қарынның жоғарғы бөлігі көтеріліп, төменге түскен диафрагма есебінен кеуде қуысы көлденең бағытта кеңиді. өкпенің төменгі бөлігі ауамен толтырылады.

Кеуде қуысының кеңеюі: кеуде қуысын ашатын және кеуденің ұзына бойы көлемін арттыратын қабырғааралық бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болады. өкпенің ортаңғы бөлігі ауаға толады.

Қарынның төменгі жағын тарту диафрагмаға тірек болып табылады, өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктеріндегі ауаның жоғары жаққа өтуіне, нәтижесінде өкпенің тұтас ауамен толығуына жол ашады.

Дем шығару қалай жүреді? Диафрагма жайлап әлсіреп, кеуде қуысына қарай көтеріледі, кеуде қуысының ұзына бойы көлемі қысқарып, қабырға төменге түседі, нәтижесінде кеуде қуысының көлденең көлемі азаяды. Кеуденің жалпы көлемі кішірейіп, ондағы қысым артады да, ауа сыртқа шығарылады.

Фонациялық демнің кәдімгі демнен айырмашылығы неде? Әдеттегі дем дем алу және дем шығару мұрын арқылы жүреді. Олар қысқа болып келеді. Әдеттегі, физиологиялық дем алудың бірізділігі – дем алу, дем шығару, үзіліс.

Сөйлеу үшін әдеттегі физиологиялық дем жеткіліксіз. Сөйлеу және оқу көп ауаны, оның тиімді жұмсалуын және дер кезінде қайта толтырылуын талап етеді.

Сөйлеу дыбыстары дем шығаруда жасалады. Сондықтан оны ұйымдастыру сөйлеу дем алысы мен дауысты орнатуда, оларды дамытуда, жетілдіруде ерекше мәнге ие.

Диафрагмалық-қабырға демін дамыту үшін дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыратын, диафрагманы, қарын және қабырғаарлалық бұлшықеттерді дамытатын жаттығулар қажет.

Диафрагмалық-қабырға демін дамытуды қарапайым жаттығулар жасаудан бастаған жөн.

Шалқалай жатып, мұрын арқылы терең демаламыз. Сіз ауаның өкпенің төменгі жақ бөлігіне қалай толтырылғанын, қарындағы бұлшықеттердің қозғалысын, қабырғаның майысуын сезіне аласыз. Осыны түрып жасап көру керек. Бұнда ауаның өкпенің тек төменгі жақта жинақталуын қадағалап, оның кеуде қуысыныңжоғарғы бөлігіне өтуіне жол берілмеуі тиіс. Ауаны әрдайым төменге қарай жіберу керек.

Дем шығаруды жаттықтыру үшін жаттығулар жасаған жөн.

Мұғалімдердің арасында табиғатынан берілген орнатылған дауысты адамдар болады, бірақ олар көп кездесе бермейді. Жақсы қойылған дауыстың өзі де арнайы жаттығуларсыз уақыт өткен сайын бұзылады, ескіреді, сапасы кемиді.

Дегенмен, әрбір адам қуатты, ырғақты, өзгермелі дауысқа ие деп айтуға болады.

Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.

Генераторлық бөлік дыбыстардың шулы және тональды ажыратылуын қамтамасыз етсе, энергшетикалық жүйе (кеірдек, мұрын қуысы, ауыз қуысы) сөздің қуаттылығы мен ұзақтығын белгілейді. Ал резонаторлық жүйе (сыртқы дем алу механизмі) дыбыстың жасалуына қажетті ауаның жылдамдығын және көлемін қамтамасыз етеді.

Педагог дауысының ерекшелігі қандай? Бұл, ең алдымен, дауыстың қуаттылығы. Дауыстың естілуінің маңызды шарты – оның ұшқырлығы. Бұл терминмен ғалымдар дауысты белгілі бір қашықтыққа жіберу және оның қаттылығын реттеуді белгілейді.

Дауыстың қозғалғыштығы, өзгермелілігі де ерекше мәнге ие, яғни оны жеңіл өзгертуге, оны мазмұнға, тыңдаушыларға бағындыру іскерлігі. Дауыстың қозғалғыштығы оның биіктік бойынша өзгшертілуімен анықталады. Биіктік – дауыстың тональдық деңгейі. Диапазон – адамның дауысы жете алатын түрлі биіктіктегі дыбыстардың жиынтығы. Оның шегі ең жоғарғы және ең төменгі тондармен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы бір сарындылыққа әкеледі. Ал бір сарынды дауыс қабылдауды тежейді, ұйқы келтіреді. Тембр – дыбыстың реңі, айқындығы, жұмсақтығы, жылылығы, даралығы. Дауыс шығаруда әрдайым бір негізгі тон және бірқатар обертондар қатысады, обертон – бұл негізгі тонға қарағанда биіктеу қосымша дыбыстар. Осы қосымша дыбыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым адамның даусы ашық, қанық, әдемі болады.

Аталған дауыстың қасиеттері арнайы жаттығулармен жасалады. Дауысты тәрбиелеу – жеке және көп еңбектенуді қажет ететін үрдіс. Ол қатаң жеке-дара әдістемені және арнайы тәжірибелі мамандардың бақылауын талап етеді. Эксперимент жүзінде дәлелденгені, төмен деңгейлі дауыстарды балалар жақсы қабылдайды, ұнайды.

Мұғалім үшін анық айту – кәсіби қажеттілікі. Себебеі ол педагог сөзін оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.

Дикция – бұл сөзді, буынды, дыбысты айтудағы анықтық және айқындық.

Дикция тұтас сөйлеу аппаратының энергетикалық және біріккен жұмысына бағынышты. Сөйлеу аппаратына ерін, тіл, тіс, азу, таңдай, кішкентай тілше, кеңірдек, дауыс желбезектері енеді.

Кемшіліктер – ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің соңғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.

Дикцияны түзету үшін, ең алдымен, артикуляцияны, яғни сөйлеу органдарының қозғалысын өңдеу қажет.



Ырғақ – сөздің, буынның, үзілістің ұзақтығы мен жылдамдығы. Сөздің жылдамдығы мұғалімнің жеке қасиеттеріне, оның сөзінің мазмұнына, ситуацияға байланысты.

Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда – 120-150 сөз, орыстарда – 120 сөз). Бірақ, эксперимент көрсеткендей, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден артық сөйлемеуі керек.

Кейбір сөздерді дыбыстау ұзақтығы олардың ұзындығына ғана емес, сөздің сол контекстегі мәніне байланысты. Сөз неғұрлым маңызды, мәнді болса, сөйлеу де соғұрлым жай, ұзаққа созылады.

Материалдың қиын бөлігін мұғалім жаймен айтса, әрі қарай сөзін тездетуге болады. Белгілі бір қорытынды (анықтама, ереже, принцип, заң) жасалатын шақта сөз міндетті түрде жайлап айтылады.

Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы неғұрлым қозулы болса, соғұрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.

Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық және психологиялық үзілістерді пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз – сауатсыз, психологиялық үзіліссіз - өлі тіл. Үзіліс, жылдамдық және мелодиканың жиынтығы сөздің интонациясын құрайды.

Мұғалімнің дауысы ашық, қанық, айқын, назар аудартатындай, ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі


  1. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А., 1992.

  2. Кан-Калик В.А., Никандрова Н.Д. Педагогическое творчество. М., 1990.

  3. Коджаспирова Т.М. Культура профессионального самообразования педагога. М., 1994.

  4. Введенская Л.А., Павлова Л.Г. Культура и искусство речи. Ростов-н/Д., 1996.

  5. Козаржевский А.Ч. Мастерство устной речи лектора. М., 1983.

  6. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.

  7. Журавлев В.И. Основы педагогической конфликтологии. М., 1989.

  8. Ильин Е.Н. Искусство общения/Пед. поиск.М., 1987.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Сөздің педагог әрекетінде алатын орны.

  2. Ауызша сөйлеуге қандай талаптар қойылады?

  3. Сөйлеу әрекетінің психологиялық құрылымы қандай?

  4. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзіне деген қандай талаптар қояды?

  5. Сөйлеу мәдениеті мен жалпы мәдениеттің өзара байланысын неден көруге болады?

  6. Мұғалім сөзінің логикасы қандай?

  7. Педагогтың сөйлеуін жетілдірудің қандай жолдарын білесіз?

Дәріс 4. Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
Мақсаты: педагогтың қарым-қатынас орнату іскерліктерімен таныстыру.
Жоспар

  1. Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызметі, стилі.

  2. Педагогикалық епті игеру шарттары.

  3. Үгіттеу – ықпал ету тәсілі.

  4. Педагогикалық қарым-қатынастағы сендіру.

1. Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім және оқушы. Олардың сабақтағы, сабақтан тыс уақытта, бос уақытында қарым-қатынас жасау сипаты оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсер етеді және ол оқушы тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқырлы үрдісі.

Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастырады, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды жеңуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады.

Қарым-қатынастың тиімділігі проблемасы соңғы уақытта ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселеге психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Занков, А.А.Леонтьевтердің, педагогтар И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған.

Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас (әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық, кәсіби және т.б.) түрлерінен ерекшелігі - оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі.

Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің суүсті және суасты бөліктері сияқты. Суүсті бөлігі – бұл сөздік және сөздік емес әрекеттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл ерекше қарым-қатынас, оның спецификасы осы қарым-қатынас субъектілерінің түрлі әлеуметтік-рольдік және қызметтік позицияларымен белгіленеді. Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын оның өзара байланысқан екі жақты қыры да белгілейді. Бір жағынан, қарым-қатынас – бұл оқушылармен қарым-қатынастағы педагогикалық шығармашылық. Екінші жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас.

Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің жүйесі (дағды мен тәсілдері). Оның мазмұны – ақпаратпен алмасу, тәрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие:



  • адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепция» (А.А.Бодалев) жүзеге асады.

  • ақпаратпен алмасу – қарым-қатынас материалдық және рухани құндылықтармен, интеллектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. «Адамның қандай болатындығын оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда қандай екендігінен, осы қарым-қатынасқа оның көзқарасы қандай екендігінен оның еркінің қайда бағытталатындығынан көруге болады» (В.А.Сухомлинский);

  • іс-әрекетті ұйымдастыру;

  • рольдермен алмасу;

  • тұлғаның өзін-өзі бекітуі;

  • бірге әсерленушілік.

Педагогикалық қарым-қатынас құрыдлымы (В.А.Кан-Калик):

    1. Болашақ қарым-қатынасты модельдеу (жобалау кезеңі).

    2. Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл).

    3. Дамып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.

    4. Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетте модельдеу.

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі – бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балалаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты.

Педагогикалық қарым-қатынас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінеді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.

Басқару стильдерін алғашқы экспериментальдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 жылы неміс психологы Курт Левин жүргізген. Зерттеу барысында қарым-қатынас стильдерін жіктеу енгізіліп, осы күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық және бейтарап.

Авторитарлық қарым-қатынас стилінде педагог сынып ұжымындағы, жеке оқушының басындағы мәселелерді өзі ғана шеше береді. Жеке көзқарасына сүйене отырып, өзара әрекеттесудің жағдайын, мақсатын белгілейді, іс-әрекет нәтижесін субъективті тұрғыдан бағалайды. Оқушыларға тікелей қатысы бар мәселелерді олардың талқылауынсыз, қатысуынсыз шешеді, ал олардың белсенділігі мен дербестігі теріс бағаланып, мұғалім тарапынан қолдау таппайды. Авторитарлық қарым-қатынас стилі өктемдік тактикасы және қамқорлық жасау позициясынан жүзеге асырылады. Педагогтың басқаруына қарсы щыққан оқушылардың әрекеті нәтижесінде ұжымда тұрақты конфликтілі ситуациялар орын алады. Осы стильді ұстанған педагог оқушыларға белсенділік, дербестік танытуға мүмкіндік бермейді, олар көбінесе оқушыларды түсінбейді, дұрыс бағаламайды. Авторитарлы педагогтың іс-әрекеті сырт көзге жақсы болып көрінгенімен, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал жағымсыз болып келеді.

Авторитарлы қарым-қатынас стиліндегі топпен байланыс орнату формалары – бұйрық, нұсқау, сілтеу, ереже, сөгіс, мадақтау.



Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог әрекеттесу барысында оқушының ролін арттыруға, әрбір оқушыны жалпы, ортақ істі, мәселені шешуге қатыстыруға бағытталған. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдасу және өзара бағдарлану. Пайда болған проблеманы ашық және еркін түрде шешу нәтижесінде оқушылар педагогпен бірге ортақ шешім қабылдайды.

Бұл педагогқа оқушыларға деген жағымды-белсенді қатынас, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктері мен өкініштерін дұрыс бағалау, оқушыларды жақсы түсіну, олардың іс-әрекетіндегі мақсаты мен мотивтерін біліп-ұғыну, тұлға дамуын болжау іскерліктері тән.

Сыртқы белгілері бойынша демократ-педагогтың әрекеті «өте жақсы» деген бағаға иеленбегенімен, топтағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, әдетте, жағымды сипатқа ие болып келеді. Ондағы тұлғааралық қатынастар талап қоя білу және сенім артумен ерекшеленеді. Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог оқушыларды белсенділік, дербестік танытуға шақырады, оқушылардың өз-өздерін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасайды. Қарым-қатынастың негізгі формалары - өтініш, кеңес, ақпаратпен алмасу.

Бейтарап стиль педагогтың іс-әрекетке мүмкіндігінше аз араласу ұмтылысымен сипатталады, мұғалім белсенділік танытуға жоқ. Берілген тапсырманы мұғалім немқұрайлы, формальды түрде орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім.
2. Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап.

Дегенмен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінң бір бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес, оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.

Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үн мен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуінің, толысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.

Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жасөспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің адамгершілік мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. Әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:



  • балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;

  • балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;

  • нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;

  • ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...»;

  • балалармен әңгімелесу.

Қарым-қатынастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық, өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құремттеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн.
3. Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу – адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, оның түсініктерін ғылыми білімнің, моральдың талаптарына сәйкестендіру.

Үгіттеу – бұл адамның немесе ұжымның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.

Үгіттеу екі мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немес әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі, яғни белгілі бір ұстанымдарға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.

Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу, әңгіме, дәріс.



Үгіттеуге қойылатын талаптар:

  • үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;

  • үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;

  • үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;

  • үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;

  • басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.

Үгіттеудің тиімді шарттары:

  1. Үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді.

  2. Үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеуде есепке алынуына тәуелді.

  3. Үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесуі барысындағы интеллетуалдық-эмоциональдық күйіне тәуелді.

Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады, мысалы: «оқушы міндетті...», «ұят болады...» және т.б.
4. Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.

Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс. Сендіру құбылысы «сендіруші – сенуші» күрделі жүйесі болып табылады. Онда өзара байланысқан үш элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы).

Суггестивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика).

Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гипноз кезінде сендіру, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық практикада сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрлерін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын-ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын,саналы түрде ұйымдастырылып, мақсаты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б. сендіруді мақсат тұтпайды, бірақ оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсің!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсың!») оқушының бойында жағымсыз, қажетсіз күйлерді, ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін.

Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықтайды.

Тікелей сендіруге



  • өсиет айту - императивті формада, ешқандай аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйрық беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғалім мен оқушының арасында тұрақты конфликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат.

  • команда, бұйрық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқа да нұсқа формада берілетін вербальды ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйрықтар дене шынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуацияларында кең қолданылады.

Жанама сендіру түрлері: білдіру (намек) – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету.

Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.



Әдебиеттер тізімі


  1. Усманова А. Системный подход к коммуникативной организационно-педагогической деятельности руководителя организации среднего гуманитарного образования в целях активизации педагогических кадров к воспитательной работе. //Ізденіс. – 2005. – №2. – 209 б.

  2. Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары. //Ізденіс. – 2005.- №1. – 238 б.

  3. Абенова Е., Машенбаев Т. Жас мұғалім жақсы ұстаз болу үшін //Қазақстан мектебі. - 2003. - №9. – 7б.

  4. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. - Киев., 1987. – 38-43б., 62-82б.

  5. Балл Г.А., Бургин М.С. Анализ психологического воздействия и его педагогическое влияние//Вопросы психологии. – 1994.- №4.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Педагогикалық қарым-қатынас стильдеріне сипаттама беріңіз.

  2. Қазіргі мектепте педагогикалық қызметтің қай стилі басым?

  3. Педагогикалық еп дегеніміз не?

  4. Педагогикалық епті игерудің қандай жолдарын білесіз?

  5. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз.

  6. Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз.

  7. Үгіттеудің мәні, формалары, шарттары қандай?

  8. Сендірудің түрлері және формалары.

  9. «Бүгінгі мұғалім...Ол кім?» атты анкета өткізіңіз. (Қараңыз: Орлов А.А., Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность. М., 2004. – 95б.)


Дәріс 15. Жоғары және Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет