Барлығы – 135 сағат



бет8/73
Дата10.06.2017
өлшемі5,95 Mb.
#18949
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73

Анықтама. Анықтауыштың сәйкес жолдары мен бағандарының орындарын ауыстырып жазу оны транспонирлеу деп аталады.

Қасиеттері:

1о. Транспонирлегеннен анықтауыштың мәні өзгермейді.

Ескерту. Бұл қасиет анықтауыштың жолдары мен бағандары тең құқылы болатынын көрсетеді. Сондықтан қалған қасиеттерін тек жолдар үшін ғана тұжырымдаймыз.

2о. Анықтауыштың бір жолына санға көбейтілген басқа жолын сәйкесінше қосқаннан мәні өзгермейді.

Ескерту. Осы қасиет жоғары ретті анықтауыштарды есептеуді жеңілдетуге қолданылады.

3о. Бір жолы ылғи нолден тұратын анықтауыштың мәні нолге тең болады.

4о. Екі жолы өзара тең анықтауыштың мәні нолге тең болады.

5о. Екі жолы пропорционал анықтауыштың мәні нолге тең болады.

6о. Бір жолы басқа жолдардың сызықтық комбинациясы болатын анықтауыштың мәні нолге тең болады.

7о. Анықтауыштың екі жолының орындарын ауыстырса, оның мәні қарама-қарсыға өзгереді.

8о. Егер анықтауыштың бір жолының барлық элементі к санына көбейтілсе, онда анықтауыштың өзінің мәні де к есе көбейеді.


Сұрақтар:

  1. Егер 3-ші ретті анықтауыштың барлық элементі к санына көбейтілсе, оның мәні қалай өзгереді?

  2. Егер n-ші ретті анықтауыштың барлық элементі к санына көбейтілсе, оның мәні қалай өзгереді?

Әдебиеттер: [1], [16], [14].
Тақырып: Минор және алгебралық толықтырма.

Анықтама. Берілген n-ші ретті анықтауышынан алынған кез келген к жол мен к бағанның қиылысында орналасқан элементтерден құралған анықтауышты к-сыншы ретті минор деп атайды.

Анықтама. Берілген анықтауыштың і-ші ретті жолы мен j-ші бағанын (ойша) сызып тастағанда қалған элементтерден құралған, (-1)i+j таңбасымен алынған, анықтауыш элементінің алгебралық толықтырмасы деп аталады және деп белгіленеді.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет