Барлығы – 135 сағат



бет6/12
Дата11.07.2017
өлшемі0,98 Mb.
#21162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
6 лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Этиленді алу және оның химиялық қасиетімен танысу. Сұйық олефиндердің химиялық қасиетімен танысу.

Әдебиет:

  1. Хабдулхаликова М.З.,Дунекова Ж..Ж..Органикалық химия пәні бойынша әдістемелік құрал. Орал-2005., 1- бөлім.,35 бет.

  2. Череватова Н.К., Жигалин П.В. Практикум по органической химии.- Уральск,2004. Лабораторная работа №3.

  3. Васильева Н.В., Куплетская Н.Б., Смолина Т.А. Практические работы по органической химии: Малый практикум .-М.:Просвещение, 1978.-304 с.


ОСӨЖ мазмұны: Этиленді көмірсутектердің гомологтік қатары. Структуралық изомерия: көміртек қанқасы және функционалдық топтың орналасу жағдацы бойынша. Кеңістік (цис- транс) изомерия. Тарихи, систематикалық және рационалды номенклатура.

Алкендердің алыну тәсілдері: мұнай өнімдерін крекингілеу, бөліну реакциялары, ацетиленді көмірсутектерді гидрлеу.

Алкендер ( этилен, пропилен) молекулаларының электрондық құрылысы, σ және π байланыстардың схемалары. Көміртек –көміртек қос байланыстарының энергетикалық және геометриялық параметрлері.

Алкендердің химиялық қасиеттері. Алкендер – Льюис негіздері. Алкендер молекусындағы электрофильді қосылу реакциялары, реакциясының екі сатылы механизмі (σ және π комплекстер).Динамикалық және статистикалық факторлар. Марковников ережесі. Марковников ережесінен ауытқу, Қараш эффектісі (АR). Оксисинтез.

Полимерлеу (катиондық, аниондық)және оның механизмі. Циглер-Натт катализаторлары. Теломерлену. Жоғары октанды жанармай алу.

Орынбасу реакциялары. Алкендерді жоғары температурада хлорлау. (винилхлорид және аллилхлоридтің алынуы) Поливинилхлорид.


Алкендердің С-С байланысын үзбей тотығуы.( Вагнер теориясы және т.б) Пропиленнің С-С байланысын үзе тотығуы, озондыыдырау, алкендер құрылысын тағайындау.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
СӨЖ :
Алкендер” тақырыбына есептер мен жаттығулар орындау
Конспектілеу: Мұнайдан жанғыш-майлағыш материалдар алу және оның химиялық құрамы.

Әдебиет:

1.Васильева Н.В.Задачи и упражнения по органической химии. – М., 1982. № 49, 51, 52,53, 63, 72, 86,88.



7 апта

3 кредит сағат

13,14 дәріс

Тақырып: Алкиндер (ацетиленді көмірсутектер)
Дәрістің мазмұны: Ацетилені көмірсутектердің гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы. Ацетиленнің электрондық құрылысы, σ және π байланыстардың схемалары, көміртек-көміртек үш байланысының энергетикалық және геометриялық параметрлері. Ацетилендегі көміртегінің электртерістігі. Қос және үш байланыстың поляризацияланғыштығын салыстыру. Этилен және ацетиленнің иондануэнергияларын (Еи ) салыстыру. Ацетиленді көмірсутектердің физикалық қасиеттері.

Алкиндеодің алыну жолдары. Ацетиленді кальций карбидінен және метанды крекингілеу арқылы алу.

Алкиндердің химиялық қасиеттері. Металдардың ацетиленидтерін, Иоцич реактивін ( магний органикалыққосылыс) алу. Спирттердің, ацетиленнің, этиленнің және этанның қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Қосылу реакциялары, электрофильді қосылу АЕ механизмі.Кучеров реакциясы. Эльтеков-Эрленмейер ережесі, таутомерия туралы түсінік. Марковников ережесі.Спирттердің нуклеофильді қосылуы. Алкиндердің полимерлену және олигомерлену ( димерлену, тримерлену, тетрамерлену) реакциялары, ацетиленнің полимерлері. Ацетиленнің қолданылуы..

Әдебиет:

№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.


7 лабораториялық жұмыс.
Тақырып: Алкиндер (ацетиленді көмірсутектер)

Практикалық сабақтың мазмұны: ацетиленнің алынуы және оның химиялық қасиетімен танысу

Әдебиет:

  1. Хабдулхаликова М.З.,Дунекова Ж..Ж..Органикалық химия пәні бойынша әдістемелік құрал. Орал-2005., 1- бөлім.,43 бет

  2. Череватова Н.К., Жигалин П.В. Практикум по органической химии.- Уральск,2004. Лабораторная работа №3.

  3. Васильева Н.В., Куплетская Н.Б., Смолина Т.А. Практические работы по органической химии: Малый практикум .-М.:Просвещение, 1978.-310 с.


ОСӨЖ мазмұны:

Ацетилені көмірсутектердің гомологтық қатары, изомериясы, номенклатурасы. Ацетиленнің электрондық құрылысы, σ және π байланыстардың схемалары, көміртек-көміртек үш байланысыныңэнергетикалықжәне геометриялық параметрлері.


Кучеров реакциясы. Эльтеков-Эрленмейер ережесі, таутомерия туралы түсінік. Марковников ережесі.Спирттердің нуклеофильді қосылуы. Алкиндердің полимерлену және олигомерлену ( димерлену, тримерлену, тетрамерлену) реакциялары, ацетиленнің полимерлері. Ацетиленнің қолданылуы.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
СӨЖ мазмұны: Алкиндер тақырыбына есептер менжаттығулар орындау

Тәжірибеге қорытындыжазу.



Конспектілеу: Мотор және реактивті отындарды химиялық тұрақтандыру

Әдебиет:

  1. Васильева Н.В.Задачи и упражнения по органической химии. – М., 1982.№ 98, 101,

8 апта

3 кредит сағат

15,16 дәріс

Тақырып: Алкадиендер ( диенді көмірсутектер)

Дәрістің мазмұны: Классификациясы және номенклатурасы. Изомерия.1,3- Бутадиеннің электрондық құрылысы, σ және π байланыстардың схемалары.Полюссіз мезомерлік эффект ( π – π қосарлану).Шектелген структуралар, мезоформулалар, мезомерия энергиясы.

Қосарланған π – байланыстары бар диендерді синтездеу әдістері.

1,3- диенді көмірсутектердің химиялық қасиеттері, 1,4, - қосылу реакциялары (АЕ және АR механизмдері). Табиғи каучук, құрылысы және гуттаперчи.Синтетикалық каучуктер: БСК, ДСК, ИСК, НСК.

Галогеналкандардың ( алкилгалогенидтердің) гомологтік қатары, тарихи және систематикалық номенклатурасы. Көміртек тізбегінің, функционалдық топтың орналасуының изомериясы, оптикалық және конформациялық изомерия.Біріншілік, екіншілік және үшіншілік алкилогалогенидтер. Алкилогалогенидтердің электрондық құрылысы, индукциялық эффект, диполь моменті. С – Х байланысының энергиясы, полюстілігі және поляризацияланғяштығы.

Химиялық қасиеттері. Нуклеофильді орын басу реакциясы. Галогеналкандардың сілтінің судағы ерітіндісімен, спирттермен, аминдермен, цианды сутек қышқылының тұздарымен және басқалармен әрекеттесуі. SN1 және SN2 реакцияларының механизмдері.

Алкилгалогенидтердің SN реакцияларындағы реакциялық қабілеттілігін салыстыру.Дигидрогалогендеу (Е1 және Е2) реакцияларындағы бәсекелесу.Зайцев ережесі. Әр түрлі реакция бағытына (орынбасу және бөліну) әсері. Алкилгалогенидтердің металдармен әрекеттесуі. Гриньяр реактиві. Галогеналкандардың тотықсыздануы. Маңызды өкілдері: метанның хлор туындылары, фтор туындылар, фреондар.



Әдебиет:

№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.


8 лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Диендер. Галогеналкандар.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны: галогеналкандарды алу және олардың химиялық қасиетімен танысу

Әдебиет:

  1. Череватова Н.К., Жигалин П.В. Практикум по органической химии.- Уральск,2004. Лабораторная работа №15

  2. Васильева Н.В., Куплетская Н.Б., Смолина Т.А. Практические работы по органической химии: Малый практикум .-М.:Просвещение, 1978.-310 с.


ОСӨЖ (1-4) мазмұны: Табиғи каучук, құрылысы және гуттаперчи.Синтетикалық каучуктер: БСК, ДСК, ИСК, НСК.

Галогеналкандардың ( алкилгалогенидтердің) гомологтік қатары, тарихи және систематикалық номенклатурасы. Көміртек тізбегінің, функционалдық топтың орналасуының изомериясы, оптикалық және конформациялық изомерия.


Алкилгалогенидтердің физикалық қасиеттері. Алкандар мен алкалогалогенидтердің физикалық қасиеттерін салыстыру. Спектрлік сипаттамасы.

Галогеналкандарды спирттерден, этиленді және ацетиленді көмірсутектерден алу әдістері.Полигалогеналкандардың алынуы.

Маңызды өкілдері: метанның хлор туындылары, фтор туындылар, фреондар.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет