Барлығы – 180сағат



бет22/29
Дата09.11.2016
өлшемі2,48 Mb.
#1323
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

Дәрістің мазмұны:


1. «Жанұя суреті» әдістемесіне жалпы сипаттама.

2. Диагностикалық шаралар.

3. Алынған нәтижелерді интерпритациялау

Мақсаты: «Жанұя суреті» әдістемесіне жалпы сипаттама беріп алынатын нәтиеженің талдануын үйрету.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша жанұя арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін жанұя суретін қолдану идеялары В.Хьюлса, А.И. Захарова, Л. Кормано және басқалардың еңбектерінде есептеледі.



Тестіні қолдану мақсаты: Жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау. Жауаптардың сұрақтарға бейнелеудің орындалуымен жанұя дағы қарым-қатынастарды баланың қабылдау маңыздылығын анықтау.

Нұсқау: « Өз жанұяңды сал » Белгіленген уақытта жанұя сөзінің не мағына беретінін түсіндіру қажет етілмейді, ал егер нені салу керек деген сұрақ туындап жатса, нұсқауды қайта сап беру арқылы ғана шектеуге болады.

«Жанұядағы өздерінің күнделікті істерімен айналысып жатқанын сал»

« Өз жанұяңды өзің қалай қабылдайтының ды сал»

«Жанұяңның әрбір мүшесін қиял-ғажайып мақұлық түрінде бейнеле»

Жекелей тапсыру кезінде тапсырманы орындау уақыты 30 минутке созылады. Тестіні топтық орындау уақыты көбіне 15-30 минут аралығында шектеледі.

Жанұя суреті тестісінің интерпритациясы

Бейнеленген заттардың мән-мағынасына сүйеніп оларды анықтауға болады:



  1. Бейнелеу мәдениетінің даму дәрежесін баланың бейнелеу жұмысының сатысын, бейнедегі заттардың дәл берілуімен образдың анық суреттелуімен сызықтардың дәлдігі, әсерлене бейнеленулерін және суретті анықтап бере алатын белгілердің болуымен анықталынады. Сурет салған уақыттағы баланың көңіл-күйінің маңыздылығымен суреттегі шаншыла салынған штрихтар мөлшерінің шағындалып көрсетілуі баланың физикалық жай күйінің мазасыздықтың , тұйықтылықтың орын алғандығын білдіреді, ал керісінше суреттің үлкен мөлшерде салынуы ашық бояулардың қолданылуы баланың көңіл-күйінің ашықтығын ешқандай шаруалармен беймазалықтың жоқтығын көрсетеді.

  2. Суреттер (Корман әдісі арқылы) сарапталады.

А) Графикалық сапасына қарай сызықтың салынуына бейнелердің орналасуына, кеңістіктердің қолданылуы, ұқыптылық

Б) Әдейілеп салынған (суретте жанұя мүшелерінің орналасуы) мағынасы (мәнінің сараптамасы) әдеттегінше жүргізілетін зерттеу тәсілдерімен қатар «кім жанұядағы жаман адам» деген сияқты баланың жанұя мүшелерімен қарым-қатынасын талқылауға итермелейтін сұрақтар қойып отырады.

«Жанұя суреті» әдістемесі психологиялық тексеру кезінде адамдар арасындағы бұзылған қарым-қатынастарды анықтауға, баланың жанұядағы адамдарға деген көзқарасын анықтау үшін қолдануға оңай тәсіл болып табылып отыр. Суреттеу арқылы бала өзінің сөзбен айтып жеткізе алмаған нәрселерін суреттеп береді, өйткені суреттеу арқылы психолог баланың өзінін жатсынбай әңгімелесуінің септігін тигізеді.

«Жанұя суреті» әдістемесі мектепке дейінгі және кіші шәкірттік жастағы балалармен жұмыс істеуде көп қолданылады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. «Жанұя суреті» әдістемесінің мақсаты?

2. Әдістеменің жүргізілу процедурасына сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

23 дәріс



Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар психодиагностикасы.

Дәріс мазмұны:

1. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.

3.Мектеп жасына дейінгі балалалардың жеке тұлғалық сапалары мен қарым-қатынасын диагностикалау.



Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру.

Мектепке дейінгі балалардың қабылдау, назар салу, елес, сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты танушылық үрдістердің нақты психодиагностика әдістерін баяндау үшін «психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешенінің» түсінігін қарастырамыз.

Психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешені белгілі бір жастағы балалардың психологиясын бағалайды, баланың толығымен немесе бөлек сапасы мен қасиеті бойынша психологиялық дамуының деңгейін анықтайды. Әрбір ұсынылған әдістердің кешенінде оның қысқа нұсқаулықпен ескертілген толық бейнеленгеннен кейін алынған нәтижелерді бағалау амалы, мәліметтер негізінде баланың даму деңгейі туралы шарасы мен қорытындысы беріледі. Әдістердің барлық стандартталған кешенінің мәтіні баланың психологиялық дамуының жеке картасын ұсынумен аяқталады. Онда баланы кешенді тексеру кезінде психодиагностикалық әдістер бойынша алынған көрсеткіштер енгізіледі. Бұл картаға бірнеше жыл ішінде баланың қайталап және кейінгі психодиагностикалық тексерулердің мәліметтерін енгізуге болады. Баланың жылдан жылға, айдан айға психологиялық дамуын зерттеп отыруға қолайлы болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін көлемі тар немесе кең, тұрақты немесе тұрақсыз, ырықты немесе ырықсыз болуы мүмкін. Арнайы оларды зерттеу үшін әртүрлі әдістемелер өткізіледі. Зейінділікті анықтауда қарастырылатын мәселелер:

А) Зейіннің тұрақтылығын білу

Б) Зейіннің шоғырлануын бағалау.

В) Зейіннің көлемін анықтау.

3. Психодиагностикалық әдістерді қолданудың бірінші сатысында бағалаудың тиісті формасы тек шарасыз емес, пайдалы да сонымен қатар әрбір жастағы балалардың психологиялық даму деңгейінің көрсеткіші өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер – ұпайлар мен мінездеме олардың негізінде бейнеленген әдістемелерде пайдаланылған баланың психологиялық дамуының деңгейі, сонымен қатар дамудың дәрежеге жеткенін тікелей көрсететін 5-6 жастағы балаларға қатысты. Егер бала сол жаста болса алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық даму деңгейі жөнінде қорытынды жасауға болады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері?

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қандай әдістер арқылы диагностикалауға болады?

3. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде қандай әдістерді қолдануға болады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

24 дәріс



Тақырып:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалар диагностикасы

1. Мектеп жасына дейінгі балалалардың жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау.

2. Мектеп жасына дейінгі балалалардың қарым-қатынасын диагностикалау

Мақсаты:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалары мен қарым-қатынастарының диагностикасы және зерттеу әдістері жөнінде біліммен қаруландыру.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың тұлғасы біршама қалыптасады. Психика тұрғысынан баланың мектепке әзірлігінің тұлғалық құрылуында мектепке дейінгі мотивация орын алады. Л.Н.Божович өзінің теориялық еңбегінде бала тұлғасының қалыптасуында мотивациялық сфераның ролі зор екенін көрсете келіп, екі топ мотивін анықтап көрсетті:

1.Баланың басқа адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі. Олардың өзіндік бағалауы және тілегі.

2.Балалардың танымдық қызығушылықтары.

Танымдық белсенділік қажеттілігі және жаңа білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеру барысында қалыптасатын болады.

Баланың тұлғалық әзірлігі эмоция сферасының даму деңгейін дамытуға ықпал етеді.. Іс-әрекеттер барысында бала әлеуметтік нормаларды игеріп, оның сезімі көрініс береді. Іс-әрекетте эмоция жағдайы өзгеріп отырады.. Жоғарғы сезім түрлері (адамгершілік, интеллектілік,эстетикалық ) қалыптасып көріне бастайды. Сонымен қатар тұлғалық әзірлік қатарына жаңа әлеуметтік ұстаным міндеттер мен құқықтарға ие , яғни оқушы деңгейін қабылдауға деген әзірлігі қалыптасады. Бұл тұлғалық әзірлік баланың мектепке, оқу әрекетіне, мұғалімдергежәне өзіне деген қатынасынан көрінеді.Тұлғалық әзірліктің құрамына мотивациялық сфераның да белгілі бір даму деңгейі енеді.Мектепте оқуға әзір балаларды мектептің сыртқы жағы (мектеп өмірінің атрибуттары-оқулықтар,дәптерлер) емес, жаңа білім алу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл олардың таным процестерінің дамуына байланысты келеді. Болашақ оқушы өзінің мінез-құлқын,танымдық әрекетін өнімді басқару қажет. Бұл балада мотивтердің иерархиялық қалыптасқан жүйесі болған кезде ғана мүмкін болады.Осылайша бала дамыған оқу мотивациясына ие болады. Тұлғалық әзірлік баланың эмоционалды сферасының да белгілі бір даму деңгейін қарастырады.Мектепте оқудың бастапқы кезеңінде балада жақсы эмоционалдық тұрақтылық деңгейі біршама болуы тиіс, себебі осының негізінде оқу әректінің дамуы қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде жаңа мотивтер түрі қажеттілік, қызығушылық, тілектер ерекше көріне бастайды. Барлық мотивациялық жүйелер бірнеше жағдайда жүреді. Балаларда қызығушылықтан туындаған мотивтер үлкен тұрақтылықты танытады. Мотивациялық қажеттілік және еріктік сфераны анықтауға арналған әдістемелердің бірі, танымдық қажеттілікті зерттеу В.С.Юриевичтің ұсынған мұғалімдерге арналған анкетасы болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға арналған білімнің бағыттылығын зерттеу анкетасы бекітілім-сұрақтар қатарынан тұрады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қарым-қатынастағы ерекшеліктері?

2. Қандай әдістерді қолдануға болады?

Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

25 дәріс



Тақырып: Кіші мектеп жасындағы балаларды диагностикалау әдістері

Дәріс мазмұны:

  1. Мектептегі психодиагностиканың міндеттері.

  2. Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

Мақсаты: Мектептегі психодиагностиканың міндеті және кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі жөнінде түсінік беру.

Балалардың мектепке алғашқы баруында психикалық даму деңгейі бойынша олардың жеке ерекшеліктері өсе бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен баллардың бойын,дағы интеллектуалы, моральды тұлғааралық дамуы бойынша ажыратуға болмайды. Балалар бір нұсқауға және бір психодиагностикалық жағдайға әртүрлі жауап береді. Кейбір мектепке баратын балалар ересектерді пситходиагностикалауға арнайы тесттерге жауап бере алса кейбіреулерге 4-6 жастағыларға яғни мектепке дейінгі балаларға арналған әдістерге қиындықпен жауап береді. Сол үшін кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізбес бұрын ол әдістерінің баланың даму деңгейіне жеткілікті сай екеніне көз жеткізу керек. Эмпирикалық мәліметтер 6-7 жастағы балалардың 50-80 пайызы мектепте оқуға және басқа да сол сияқты бағдарламаны меңгеруге дайын емес.

Олардың физикалық дамуына талап ететін психикалық тест берсе бала оны игере алмайды. Бұл интеллектуальдық қабілет деңгейінің жоқтығынан емес, жеткілікті деңгейде тұлғалық психикалық дамудың болмауынан жүзеге асады. Егер осы балаға ойын түріндегі қызықты, тартымды тест берсе онда тесттердің нәтижесі жоғары болады.Кіші мектеп жасындағы балаларда көрнекі-бейнелі ойлау байқалады.

Кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізе отырып, біз олардың мектепке қандай дәрежеде дайындықпен келгенін және сабақ кезіндегі балалардың психикалық дамуын анықтай аламыз. Осы жастағы балаларда негізінен мына қасиеттеріне әдістемелер жүргізіледі:

1. Қоршаған әлемді жалпы бағдарлау

2. Мектепте оқыған оның қатынасы.

3. Зейіні

4. Есі


5. Ойлауы

6. Көркем – бейнелі қабілет.

7. Еңбектік білік және дағдысы

8.Жетістікке жету мотивациясы

9. Тұлғалық сапа

10.Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеулер.

11.Сөйлеуі

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектептегі психодиагностиканың міндеттеріқандай?

2. Мектепте психодиагностикалық зерттеулер қандай бағытта жүргізіледі?

3. Қандай әдістерді қолдануға болады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

26 дәріс



Тақырып: Жасөспірімдер мен жеткіншектерді диагностикасы

Дәріс мазмұны:

1.Жасөспірім және жеткіншектермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

2.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.

3 Жасөспірімдер мен жеткіншектердің жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау.



Мақсаты: Жасөспірім және жеткіншектермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі және олардың танымдық процесстері мен тұлғалық сапаларын диагностикалау әдістерімен таныстыру.

Жасөспірімдік шақ – генитальді кезең. Жасөспірімдердің негізгі мақсаттарының бірі – жоғары жыныстық сезімталдық пен ұмтылысқа бейімделу. Сексуальды белсенділіктің маңызды формасы – мастурбация. Оның көмегімен сексуальды қозуларды реттейді және өзінің денесіне объект ретінде қарап, үйреніп кетеді. Жасөспірімнің эмоциялық деңгейі жыныстық жетілуімен байланысты. Ата-аналарымен, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасы нашарлайды.Жасөспірімдер оларды сынайды, шыншыл емес адамдар деп ойлайды. Бұл процесс – сепарация - оқшаулану, кінәлілік сезімін тудырады. Жасөспірім өзін құрдастарымен және жасөспірімдік топтағы көшбасшылармен салыстырады.

Жыныстық жетілуден кейін жағымды саты келеді. Жасөспірімдерде логикалық және абстрактілі ойлауы дамиды, формальды операциялар көмегімен ойлау қабілеті пайда болады. Ой операциялары шығармашылық сипатқа ие. Жасөспірімдерде күшінің көбеюінен, рухани және денелік – шығармашылық энергиясының артуынан қуаныш сезімі пайда болады. Осы кезеңде табиғатты қабылдау қалыптасады, рухани құндылықтар пайда болады. Бұл кезеңнің негізгі мәселелері – мамандық таңдау және сексуальды қарым-қатынаста әріптесін табу.

Балалық жастан ересектік кезеңге өту кезіндегі жасөспірімдік дағдарыс туралы мәселелер талас тудырады. Жасөспірімдік дағдарысты кейде қалыпты патология деп те атайды. «Дағдарыстық кезең» ұғымы дамудың жалпы барысындағы маңыздылығын анықтау үшін қолданылады. Л.С. Выготский өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін көрсете отырып, дамудың сәйкес келмеуінің үш нүктесін бөліп көрсетті - әлеуметтік-мәдени, жалпы-органикалық және жыныстық.

Дағдарыстың негізгі себептерінің бірі – жыныстық жетілу – адамның психологиялық және психофизиологиялық дамуына әсер етіп, қызметтік күйін анықтайды (жоғары қозғыштық, тұрақсыздық, шаршау, ашушаңдық), жыныстық ұмтылысты тудырады және осылармен байланысты жаңа қайғырулар, қажеттіліктер, қызығушылықтар пайда болады. Дағдарыстың тағы бір себебі, тұлға жаңа жастық кезеңде пайда болатын мәселелермен күресе алмайды. Осы кезеңдегі өзін ересектерге қарсы қою, жаңа позицияны жаулап алуға белсенді ұмтылыс – заңды ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы үшін өнімді процесс. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, дағдарыстың әр түрлі жағымсыз белгілерінің негізінде «жаңа және жоғары формаға ауысуының жағымды мазмұны жасырылып тұр», ал 3 жастағы дағдарыстың мәнін түсіндіре келе, егер осы дағдарыс «белгілі бір себептерге байланысты енжар және көріксіз өтетін болса, онда баланың тұлғасының аффективті және еріктік сферасы содан кейінгі жас кезеңдерінде де кейін қалушылыққа ұшырайды». Бұл тұжырымдама жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысқа да сәйкес келеді.

Дамудың күрделі де маңызды кезеңі болып есептелетін жасөспірімдік жастағы дағдарысты қарастыра отырып, даму дағдарысын 3 кезеңге бөлеміз:

1).Жағымсыз, немесе сын алды кезеңі, мұнда ескі дағдылар мен стереотиптердің өзгеруі жүзеге асады, ертеде қалыптасқан құрылымдардың бұзылуы жүреді.

2).Дағдарыстың кульминациялық нүктесі (жасөспірімдік шақта бұл – 13 жас)

3).Жасөспірім балалар өзін-өзі тануға қатты талпынады. Сондықтан да бұл жас кезеңінде мынадай диагностикалық жұмыстар жүргізіледі.

1. Өзін-өзі тану

2. Қарым-қатынас жағдайын анықтау.

3. Эмоциялық көңіл-күй.

4. Интеллектуалдық даму.

5. Темперамент құрылымын анықтау.

6. Мінез ерекшелігін білу

7. Тұлғалық қасиет ерекшелігін білу

8. Таным процесінің даму жағдайын анықтау

9. Мінез-құлық акцентуациясы.

10 Үрейлену жағдайын анықтау.

11. Қабілет ерекшелігін білу.

12. Дүниетаным, қызығушылығын білу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері?

2. Танымдық працестерін зерттеуде қандай әдістерді қолдануға болады?

3. Жеке тұлғлық сапаларын зерттеуде қандай әдістер қолдануға болады?



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

27 дәріс



Тақырып: Кәсіби психодиагностика

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет