Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Терінің функциялық маңызы. Тердің бөлінуі



бет49/50
Дата20.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#169396
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
жүйке-сезім мүшелері
Сейтова Лена Мұратқызы, Бижанова Алма
Терінің функциялық маңызы. Тердің бөлінуі
Тері өте күрделі құрылым, адам организмнің сыртқы жабыны. Ересек адамда оның көлемі 1,5-2,0м2 дене салмағының 4,5-5%. Тері әр түрлі қызмет атқарады:
1. Қорғаныс қызметі. Тері организімның ішкі ортасын сыртқы әсерлерден сақтап және бактерияларға тосқауыл болуы жатады. Тері организімінің иммундық жүйе қызметін арттырып, кейбір химиялық заттардың зиянды әсерін әлсіретеді. Тері өте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне байланысты ультракүлгін сәулелер, радиациялық, электрлік т.б. толып жатқан физикалық факторларға қарсы тұруы.
2. Тері тыныс алу, сіңіру, шығару функцияларын да атқарады.
3. Терінің қан және лимфа тамырларында қан мен лимфа уақытша жиналуы мүмкін, бұл оның қоймалық қызметі.
4. Тері энергия алмасуының реттелуіне қатысады.
5. Теріде толып жатқан әртүрлі қызмет атқаратын рецепторлар (қысым, жанасу, ауру, суық, жылу қабылдайтын т.б.) орналасқан-сезім қызметі. Тері өте көлемді рецептивтік алан болып есептеледі, олар сырттан келген тітіркендікке шартсыз және шартты рефлекстік қорғаныс әсерін пайда етеді. Рецептивтік алаң болып одан шыққан серпіністер ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай әсер етеді.
6. Тері тер бездері арқасында организмдегі шығару мүшесінің бірі болып есептеледі.
7. Теріде ультракүлгін сәулелер арқылы витамин D пайда болады, витамин D жас баланы қой ауруынан сақтайды (рахит ауруы)
8. Жылу алмасуды реттеуге қатысады.
9. Тер бездерінің секреті - тер деп аталады, терімен бірге артық су, тұз қышқыл өнімдері шығарылады.Осының нәтижесінде тер бездері сілті-қышқыл теңдігін, осмостық гомеостазды бірқалыпты сақтайды сыртқы ортаның температурасы жайлы болғанда (180 -200) адамда орта есеппен тәулігіне 500мл тер бөлінеді. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады, бірақ өте жылдам кеуіп кетеді, сондықтан тердің бөлінуі байқалмайды. Тер-түссіз, сұйық зат, құрамында 98-99% су, 0,3% NaCl, 0,1% мочевина, KCL, несеп қышқылы, креатинин байқалады. Кейде (диабет ауруында) тер құрамында глюкоза кездеседі, инфекциялық гипатитте өт қышқылдары, сол сияқты организмге енгізілген әртүрлі дәрілер де болады. Тердің реакциясы қышқыл, бөлінетін тер мөлшері сыртқы орта температурасына және организмнің жалпы жағдайына байланысты, ыстық цехтарда, жылы камераларда бөлінетін тер мөлшері 2,5л ден кейде 1,5сағатта 8-12л жетуі мүмкін. Тер бөлінуі сонымен бірге бұлшықет қызметіне, ішкен тамақ құрамына, оның мөлшеріне, эмоциялық жағдайларға байланысты. Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі. Сыртқы және ішкі рецепторлардан көбіне жылу және ауыру рецепторларынан серпініс гипоталамус, сопақша ми және жұлындағы тер бөлетін жүйке орталықтарына беріліп, эфферентік, симпатикалық жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлуін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет