Бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі49,45 Kb.
#26578
1   2
Б. майлиннің «Жаңбыр» өлеңін оқытқанда:
- Жаңбырдың пайдасы қандай?
- Жаңбыр қалай жауады?
- Жаңбырдан кейін неліктен кемпірқосақ шығады?
- Оның түстерінен не байқадың? – деген проблемалық сұрақтар қойып, оқушының өз ойын ашық айтуға мүмкіндік береміз.
С. Мұқановтың «Жылқы» шығармасын батырлар жырымен байланыста өткізіп, жылқы малының адамға пайдасы , ат әбзелдері туралы білетіндерін сұрап, бір ғана жылқы тақырыбының өзінен бірнеше оқушыға «Жылқының пайдасы», «Ат әбзелдері», «Жылқы туралы мақал-мәтелдер», «Батырлардың тұлпарлары» тағы да басқа тақырыптар дайындап, мәліметтер тауып келуге тапсырма беруге болады. Кейін осы тақырыптарды кеңейтіп, ғылыми жұмысты жалғастырып жазуға болады.
«Абай шаңырағы» деп аталатын тақырыптағы «шаңырақ», «қара шаңырақ» ұғымының қазақ тұрмысындағы маңызы, киіз үйдің құрылысы туралы оқушыға тереңірек мәлімет берсе, мұғалім оқушысын зерттеу жұмысына қызықтыра алады. «Киіз үйдің құрылысы», «Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары» леген тақырыптарды математика пәнімен байланыста қарастырып, оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға болады.
Зерртеу жұмыстарынсыз баланың қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен практиканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Қазіргі кезде бастауыш сыныптан бастап, баланы ғылыми жоба жұмысына тартып, зерттеушілік қабілетін дамытуымыз керек. Бірақ бастауыш сынып оқушысы өз бетінше ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын дамытып, ізденуге құштарлығын шыңдай түсе алады.
Осы орайда бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулу жұмыстарын жетілдіру, дамыту үшін бірлестіктегі шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын:

  • Күнделікті сабақ процесінде жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушының дарындылық қабілетін аша білу;

  • Дарынды оқушымен тұрақты жұмыс жүргізу;

  • Облыстың білім беру ұйымдары ішіндегі ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары шыққан мектептердің тәжірибелерімен танысу;

  • Оқушылардың ғылыми қоғамын құру;

  • Университетпен байланыс жасап, ғылыми жетекшілерден кеңес алу;

Ұстаз шәкіртін біліммен сусындатып қана қоймай, оған тәлім-тәрбие де беретін тұлға. Оқушымыз білім биігін бағындырсын,ғаламның ғылыми жаңлықтарын жасап, жетістікке жетсін, өркениет көшінің керуеніне ілессін, ең бастысы ана тілін ерекше құрметтейтін, халқын сүйетін патриот болып өссін!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет