Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру «Оқуды тоқтатқан адам – ойлауды тоқтатады»



бет4/5
Дата14.10.2022
өлшемі31,67 Kb.
#152983
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), Тіл дамыту. емтихан жауаптары, ИББ10-апта Сөжж
Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:

  • мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;

  • мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;

  • мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;

  • мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;

  • мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;

  • мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;

  • мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;



Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:

  • мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;

  • мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;

  • мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;

  • мәтіннен мақал-мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;

  • мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

  • мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

Оқушыларды дыбыстарды ажыратуға, одан кейін дыбыстарды біріктіріп дауыстап оқуға үйрету керек. Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін – дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет. Дауыстап оқу – оның кідіріссіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады. Іштей оқу – көзбен оқудан тұрады. Оқу техникасын жеделдетуге Федоренко мен Пальченко мынандай жаттығуларды ұсынады:



  1. Қайталай бірнеше рет оқу.

  2. Жаңылтпаш қарқынмен оқу.

  3. Оқып келе жатып оқымаған бөлімге ауысып мәнерлеп оқу.

  4. Қиын сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс.

  5. Суреті көп кітаптарды көрсету, балалар оқығысы келеді.

  6. Кластан тыс оқуды ұйымдастыру.

  7. Слайдтарды пайдалану.

  8. Ойын ойнату – сөйлемде қойылмай қалған сөздерді табу.

  9. Жұптасып оқу. (2 адам оқу).

  10. Сабақта үйге берілген текстен үзінді оқу.

  11. Мәтінді түгел оқу.

  12. Мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу, жоспар құру.

  13. Белгіленген жоспар бойынша оқу.

  14. Мысалдардан мақал-мәтел, нақыл сөзге айналған жолды тауып оқу.

  15. Мәтіннен лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді табу.

  16. Мәтінді іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу.

  17. Мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді оқу.

  18. Мәтіннен 2,3,4 буынды сөздерді табу.

  19. Мәтіннен сұраққа жауапты іздеу, үзіндіні табу.

  20. Мәтінді оқу, әңгіме несімен ұнағанын, ұнамағанын айту.

  21. Мәтінді оқу, оқығанын қимыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу.

  22. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

  23. Мәтіннен жылдам, жай, көтеріңкі дауыспен оқылатын сөйлемдерді табу.

  24. Мәтінді оқу, шағын мазмұндама жазу.

  25. Мәтінді оқу, шағын шығарма жазу.

  26. Мәтінді оқу, жай, күрделі жоспар оқу.

  27. Мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.

  28. Мәтіннен өкінішті, аянышты, мысқылмен, қуаныш, ренжіп, т.б. эмоциалды кейіппен оқылатын сөйлем, үзіндіні тауып оқу.

  29. Мәтіннен іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу.

  30. Оқу арқылы көру диктантын жаздыру.

Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет