Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет17/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
4. Коммуникативтік құзіреттілік-бұл адамдармен өзара қарым-қатынастық әректтер мен тәсілдерді меңгеру, әр түрлі әлеуметтік топьпрдп жұмыс істей білуге дағдалану, мемлекеттік тілді меңгеріп және шеттілдерде қатынаса алу икемдіктерінің болуы.

5.Ақпараттық-технологиялық құзыреттілікке ие болу үшін өздігінен іздене білу,ақпартты таңдай, сақтай және сақтай білу, әртүрлі техниканың көмегімен ақпаратты керекті кезде жеткізе білу.

6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі- отбасылық еңбектен бастап, саяси , қоғамдық еңбекке белсене қатысатындай тәжірибе мен білімге ие болу.

7. Тұлғалық құзыреттілік- белсенді азаматтық көзқарасының болуы, жеке басының және қоғамның пайдасына сәйкес шешім қабылдау қабілетінің болуы.

Міне, осы жоғарыдағы жеке тұлғаға бағытталған білім мен тәрбие арқылы жетуге болатын құзыреттілктерді бастауыш сыныптан бастап қалыптастыруға атсалысатын болашақ маман бүгінгі университет қабырғасында оқып жүрген студенттер. Сондықтан да соларды аудиторияда дәріс беруден бастап, келешектегі қызметке дайындау нәтижелі болуы керек.

Жоғары оқу орынында педагог маман дайындау мәселесінде соңғы кездерде кездесіп отырған қиыншылықтар да бар:

- жоғары білімнің кредиттік жүйеге көшуі көптеген білім беру құжаттарының қайта қаралып, қайта өңделуін талап еткендігі;

-кредиттік жүйеге көшуде студенттердің өзіндік жұмысын күшейту үшін түрлі жаңа технологияларды білім беру барысына ендірудің керектігі;

- студенттерге білімді дайын күйінде ұсынудан бастартып, өзіндік жұмысты күшейтуге байланысты қойылып отырған талаптар;


- оқытушылар тәжірибесін қайта қарап, оның жүйесін қайта құрудың керектігі;
- әрбір пән бойынша силабустар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындау ісінің күрделілігі;

Міне осы жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бәрі ең алдымен оқу жоспарының мазмұны мен жүйесін қайта қарап, элективтік курстарды енгізу кезінде болашақ маманның тұлғалық сапаларымен қатар, әдістемелік жақтарын дұрыс дамытуды көздеу ісін жолға қоюды керек ететіндіктен, оқу жоспарының әрбір блогіне таңдау пәндерін енгізу көзделмек. Бұл пәндер базалық, кәсіптік пәндерді мазмұн жағынан да, әдістемелік тұстарынан да толықтыра түсетіндей болуға тиісті. Сонымен қатар болашақ мамандардың бұрын алған теориялық білімдерін тереңдетуге көмектесетін, күнделікті ақпарат ағымын пайдалануды қамтамасыз ететін, олардың оқушымен жұмыс істеу әдіс- тәсілдерін жетілдіретін, қарам-қатыстық құзыреттіліктерін қалыптастыратын пәндерді ендіру жағына баса көңіл бөлінуге тиісті. Мұндай қосымша таңдау пәндерінің қатарына мына төмендегі курстарды ұсынуға болады:

- баланы оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері;

- қазіргі педагогикалық технология;

- даралап оқыту;

- отбасы мен мектептің байланысы;

-этнопедагогика;

-этнопсихология;

-отбасылық білім;

-бастауыш мектептегі білім мененджменті;

-жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

-өзін өзі тану;

-бастауыш мектептегі қоғамдық жұмысты ұйымдастыру;

-оқу шеберханасындағы көркем еңбек т.б.

Жоғары сапалы маман дайындауды жетілдіре түсу ісіне ең басты көмектесетін құрал әрбір пән бағдарламалары негізінде дайындалған оқу-әдістемелік кешендерді білім беру ісіне ендіруді жолға қою. Кешендер мазмұнына пәннің териялық негізімен қатар ұлттық әдет-ғұрып пен құндылықтарды ендіру жағы ескеріліп отырылуға тиісті.

Сонымен қатар, студенттерге оқылатын лекциялардың да әдістемелік жақтарын жетілдіре түсуду үшін оны ұйымдастыру технологиясына да жаңалықтар енгізіледі. Лекция барысында студенттердің белсенді іс-әрекеттерін күшейтуге баса назар аудару мақсаты қойылады. Мұндай сабақ барысындағы студент пен оқытушының қарым-қатыстық дамуына жағдай туады.

Оқу әдістемелік кешен екі деңгейде дайындалады: бірінші деңгейдегі кешен студенттерге арналған, екінші деңгейдегі кешен оқытушыларға арналған.

Студентке арналған кешенге дәріс тақырыптарының тезистері; студенттің оқытушымен орындайтын жұмыстарының тақырыптық жоспарлары (тақырып, қаралатын мәселелер, дәрістің негізгі тезистері, қолданылған әдебиеттер); студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (тақырып, соған байланысты студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, қолданылатын әдебиеттер); курстық жұмысты орындаудың әдістемесі; пән бойынша пайдаланылатын әдебиеттер тізімі қамтылады.

Оқытушыларға арналған кешенде: пәннің типтік жоспары; жұмыс жоспары; пән бойынша оқылатын лекцияның тақырыптық мазмұны, сабақ берудің әдістемелік нұсқауы сараланады.

Бұл кешендерде студенттердің оқытушымен бірігіп атқаратын жұмысы және өздігінен орындайтын жұмыс түрлері мен орындалатын іс- әрекеттер түрі толық көрсетіледі. Сондықтан да оқу кешені әрбір студенттің қолында болғандықтан, студенттер алдын ала лекцияның мазмұнымен толық танысып келуге мүмкіндік алады. Бұл оқытушының тақырыптың мазмұнына байланысты сабақ үстінде түрлі проблемелық жағдаяттар құруына, әңгімеге студенттерді тартуына, лекцияның мазмұнына қарай студенттердің өзіне қортынды жасатуына жағдай туғызады.

Сапалы білім беруде студенттердің өзіндік жұмысын дұрыс жолға қоюдың мәні күн санап өсуде. Себебі, кредиттік жүйе жағдайында білім берудің негізі студенттердің өзіндік жұмысының деңгейімен тікелей байланысты. Бұрын семинарлық практикалық сабақтар арқылы студенттерді өзіндік жұмысқа тартатын болсақ, енді бүкіл оқу жүктемесінің 70 пайызы өзіндік жұмыс арқылы жүзеге асатындықтан, ең негізгі көңіл студенттердің өзіндік жұмысының ғылыми-практикалық тұстарын көтеруге бағытталуында болып отыр.

Ол үшін ең алдымен өзіндік жұмыстың түрлері кешендерде талданып көрсетілсе, енді оны ұйымдастыру жолдары да оқытушылардың көмегімен түрлендіріліп отырады. Ол үшін библетекелық фондыда оқу құралдарының жеткіліктілігі, студенттерге арналған оқу залдарының кеңдігі, компютерлік орталықтың жабдықталғандығы, интернеттік жүйенің болуы шарт.

Срнымен қатар, студенттер мен оқытушылардың бірігіп орындайтын жұмыстары барысында олардың өзіндік жұмыстарын қабылдау жолдары мен әдіс-тәсілдері де сараланады. Оқытушылар мен студенттердің бірігіп өткізетін жұмыстарын семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтар түрінде ғана емес, пікірсайыс, доңгелек стул, ізденіс, зерттеу, жобалар құру (шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, ғылыми жоба т.б.) формасында ұйымдастырыла отырып, өзіндік жұмыстың нәтижесін қабылдауға мүмкіндік жасалады.

Болашақ мамандарды дайындауда кредиттік жүйеге көшуге байланысты кафедра оқытушыларының әрқайсысы білім беру технологиясының бір түрін қолдануды тереңдете түсу жағына көңіл бөліп, оны білім беру үрдісіне кеңінен ендіру жағы қарастырылады. Бұл оқытушылардың кафедра бойынша әртүрлі технологияны меңгеруін және сабаққа қатысыу кезінде сол технологияны бір –бірінен үйренуіне жол ашады.

Егер, бір оқытушы көбіне модульдік технологияны баса қолдану арқылы сабақ барысындағы студенттердің өзіндік жұмыс түрлерінің дамуына жағдай жасаса, мұндай жағдайда студенттер модульдің не екенін біліп қана қоймай, модульді қолдану арқылы уақытты үнемдеуге, логикалық тұрғыда проблемаларды шешуге, логикалық ойланып жауап беруге болатындығын байқай отырып, өзіндік жұмыс түрлерін орындауға жаттығады.

Оқытушылардың басқа біреулері деңгейлеп оқыту технологиясымен айналысса, енді бірі «оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлануын дамыту», «жобалау технологиясы» бойынша студенттермен жиі сабақ өткізу арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. «Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбына өткізген ашық сабақта студенттер бірнеше топқпа бөлініп, бір жобаны әр топ өз тұрғысынан сыни көзқараспен қарап, нәтижесінде пікір сайысқа түседі. Сол арқылы өздерінше ғылыми қортындыға келді. Мұндай жағдай студенттердің өз пікірін еркін айтуына педагогикалық әрекеттер барысында субиект ретінде қалыптасуына ықпал ететіндігі сөзсіз.

Маман дайындаудағы басты мақсат-қай пәннен болса да берілетін білімді тұлғаға бағдарлау, сол арқылы интелектуалды белсенді, бастамашыл, бастауыш сыныпта оқыту, білім беру ісін жүргізуге құзыретті маман дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет