Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


Аз комплектілі мектептерде “Қоршаған орта” пәнін оқытудың ерекшелігі



бет55/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Аз комплектілі мектептерде “Қоршаған орта” пәнін оқытудың ерекшелігі

Жоспар:


  1. Аз комплектілі мектептердің қазіргі жағдайы.

  2. Аз комплектілі мектептердегі педагогикалық үдерістің ерекшелігі.

  3. Аз комплектілі мектептерде қоршаған орта пәнін оқытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.

Қазіргі таңда ҚРкөптеген бастауыш мектептері аз комплектілі жағдайда білім беруде. Бұл өзінше ерекшелігі бар педагогикалық процесс. Аз комплектілі ,немесе, шағын жинақталған мектеп деп, бір мұғалім екі не үш сыныппен бір мезгілде жұмыс істейтін мектептерді айтады. Мұндай жағдайда әр сыныпта бірнеше оқушы қатар отырып, бір сыныптың ішінде сабақ оқиды. Әрине бұл халықы сирек орналасқан ауылшаруашылықты жерлерде кездеседі. Психологиялық тұрғыдан алғанда бастауыш сынып балаларын отбасынан бөліп интернаттарда оқытудан гөрі осылайша біріккен мектептерде оқытқан жөн. Дегенмен, мұндай жағдайда білім берудің ең қолайлы жолдарын қарастыруға тура келеді.1970-80 жылдар арасында Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарындағы аз комплектілі мектептерді зерттеу қолға алынып, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында кешенді ғылыми жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде А.Асқарбаева мен Ш.Әуелбаевтың “Аз комплектілі бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту”, М.Сайпеннің “ Аз комплектілі бастауыш сыныптарда математиканы оқыту”, Қ.Аймағамбетованың “Аз комплектілі бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту” атты еңбектері жарық көрді.Бұл зерттеуде оқыту жүйесінің ерекшелігі “бір пәнділікпен оқыту” мәселесін шешуді қойды. Оны қалай түсінуге болады? Бір дәрісқанада отырған бірнеше сыныптың оқушыларына бірдей пәнді (бәріне де метематиканы, не бәріне бірдей қазақ тілін с.с.) оқытудың тиімділігін дәлелдеді. Себебі, мұғалім өзінің оқушылармен бірге жұмыс істеуге кететін 45 минут уақыттын бір сыныпқа емес, үш сыныпқа бөледі. Осы жағдайда ұқсас пәннен тапсырма беру мен оны тексеру біршама жеңілге түседі. Сонымен қатар, тұрақсыз зейіні басым бастауыш сынып оқушылары қаншама алаңдаса да, ұқсас пәннің мазмұнынан түсінік алуына тура келеді. Бұл сыныптар арасының сабақтастығын, байланыстыра оқытуды қамтамасыз етіп, оқушылардың келешекте оқитын материалдарды алдын ала ұғынуына жағдай туғызады. Сонымен бірге сабақтың көпшілік бөлімінде оқушылардың өзөдігінен істейтін жұмыстары басым болады. Аз комплектілі мектепте де берілетін білім көлемі бір сыныппен жұмыс істейтін мектептермен бірдей.

Сондықтан да мұғалім сабаққа дайындалу кезінде қай сыныпқа нені өзі түсіндіреді, қандай жұмысты өздігінен орындауға береді, орлардың білімін қай кезде қандай жұмыс арқылы бағалайды осының бәрін нақтылап, олардың қайсысына қанша уақыт кететініне дейін жобалайды.

Аз комплектілі мектептерде дүниетану ( қоршаған орта) сабақтарын біріктіріп өткізуге көп мүмкіндік бар.Әсіресе, табиғатқа, өндіріске, құрылысқа, ауылшаруашылығына т.б. нысандарға шығатын топсаяхаттарды үш сыныпты біріктіре отырып өткізуге болады. Тек мұндай жағдайда топсаяхат кезінде қай сыныптың оқушысы қандай мәселемен айналысады, нені бақылайды, қандай қортынды шығаруға, нендей материал жинауға тиістігі алдын ала белгіленеді.Көбіне жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхаттар бірге өткізілуге өте қолайлы. Бірақ әр сыныптың жас ерекшелігне және бағдарламалық талаптарға байланысты берілетін мағлұмат та тапсырмалар да әр түрлі болуға тиі.

Мәселен, күз кезінде 1сынып оқушылары сол жыл мезгілінің табиғатында, тірі өлі табиғатта болған өзгерістерді бақылауға сонымен танысуға тиіс. Ал 2-сынып оқушылары өсімдіктер мен жануарларда болған басты өзгерістерді талдауға, бірінші сыныпта алған ұғымдарымен байланыстыруға міндетті. 3-сынып оқушылары болса, өз жеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың күзгі тіршілігін саралап түсінуі керек.

Мұндай жағдайда топсаяхатқа үш сыныпты бірге алып шыққанмен олардың әрқайсысына алдынала тапсырмалар беріледі.Мысалы, 1-сынып оқөушыларына: әр түрлі түскен жапырақтар жинау; ағаштан жапырақтардың қалай түсетінін байқау; бұта, шөп, ағаш өсімдіктерінің күзгі көрінісін байқау тапсырылады.

2-сынып оқушыларына: ағаш, бұта, шөп өсімдіктерінің сыртқы көріністерінің қалай өзергенін байқау; қандай өсімдіктердің тұқымдарының піскенін біліп, тұқым жинау; бунақ денелелердің қасысы кездесетінін, олардың қалай тіршілік ететінін аңғару тапсырылады.3-сынып оқушыларына: Өз жерлерінде өсетін өсімдіктердің атын атауға тырысу; орманда, далада, суда қандай жануарлардың тіршілік ететінін бақылау; олардың атын жазу; жергілікті жердің өсімдіктерінің, пайдалы қазбаларының жиынтығын жинау тапсырылады. Мұндай жағдайда барлық сыныппен кешенді өтілетін топсаяхаттың материалдарын сабақ барысында алдағы кездерде пайдалануға және оқушылардың бір-бірінен үйренуіне жағдай жасалады. Бірақ топсаяхатқа өте мұқият дайындалуға, әр сыныптың тапсырмасын түсіндіруге және топсаяхатқа шығатын жердің ұтырлы болуын, балаларға қауіпті жағдайлардың болмауын қарастыру міндеті тұрады. Топсаяхаттың қортындысын сол жерде жасап, оны бүкіл сыныптың балаларының тыңдауына, көруіне жағдай жасалады.

Топсаяхат кезінде мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың жұмысын қадағалауы, әңгімелесу арқылы бағыттауы кеңінен орын алуға тиіс. Ал әр сыныптың жинаған материалдары сол сыныптың сәйкес сабақтарында қолданылады.

Аз комплектілі мектептерде жүйелі түрде бақылау жүргізу жұмысы да әр сынып бойынша берілетін тапсырма арқылы орындалады. Осы бақылаулар арқылы ғана оқушылар нақты нысандармен танысады. Топсаяхат кезіндегі бақылау жүйелі бақылауға жатпайды. Жүйелі бақылау күнбе күн жүргізіліп, оның нәтижесі табиғат күнделігіне жазылып отырады. әр сыныпқа арналған дүниетану пәнінің дәптеріне бақылау нәтижелері және ондағы тапсырмаларды орындау жұмысы жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі дүниетану пәнінің жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды оқушыларға орындату арқылы көп мағлұмат беруге болады. Ондай дәптер әр оқушыда болуға тиісті.

Әр жыл мезгілінің табиғатында болған ерекшеліктерді қорыту кезінде үш сыныптың да оқушылары қатысқаны жөн. Сол арқылы төменгі сынып оқушыларының өз пікірлерін қорытуға жұмылдырудың мүмкіндігі туады.

Аз комплектілі мектептердегі сабақтың тиімділігін арттыру үшін мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп (сұрау, түсіндіру, қорыту т.б.) жатқанда келесі сынып оқушылары таратып берілген материалдар ( лото, карточка, табиғи материалдар, өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы т.б.), көрнекіліктер, тапсырмаларды орындау, не оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс жасау арқылы өдігінен оқу әрекеттерімен айналысады. Мұндай әрекеттер әр сынып бойынша кезек- кезек алмасып отырады. Сондықтан да аз комплектілі сыныптардағы оқушылардың өзіндік жұмыс істеу әрекеттері басым болады. Бұл жұмыстардың нәтижесі мұғалімнің басшылығымен ( жазбаша жауап, сурет, сызба, модель т.б. түрінде) қортылады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көрсететін материалдар міндетті түрде болуға тиіс. Мәселен 4-сыныптағы жердің планы туралы тақырыпты оқығаннан кейін оқушылар кез келген заттың не сыныптың планын салуды өздігінен орындай алады. Сол сияқты 3- сыныптан бастап, әр обьектіні оқып өткеннен кейін, не оқу барысында оқушылар географиялық картамен жұмыс жасайды. Олардың орынын картадан анықтап, қысқаша сипаттама жаза алады.

1-2 сыныптарда өсімдіктер олардың пайда болуы туралы оқығаннан кейін тұқымның, оның өну процесінің суретін сала алады. Сол сияқты өсімдіктер бөліктерінің, өз жерлерінде кездесетін бунақденелілердің суретін салу да қиынға соқпайды. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін, мұғалім алдынала дайындалады.

Оқушылардың өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар олардың жас ерекшелігіне сай болуы және оқушыларға оны орындаудың әдісі түсіндірілуі керек. Сонда ғана олар мұғалімнің берген тапсырмасын дұрыс орындай алады. Оқушыларға берілетін тапсырмалар мен сұрақтар ауызша да, кейде жазбаша да берілуге тиіс. Ондай жағдайда тапсырмалар мен сұрақтар тақтаға жазылып, оның орындалуын оқушылар өздігінен жүзеге асырады. Кейде түрлі тәжірибелер жасау да тапсырылуы мүмкін. Оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың түрлері екі не үштен аспау керек. Қандай тапсырма берілсе де оны орындау үшін жүргізілетін жұмыстар нақты түсіндіріледі.Оқушылардың білімін тексеру кезінде де мұғалім жалпы сыныпқа не даралап тапсырма бере алады. Оқушылар өз жауаптарын ауызша не дәптерге жазбаша орындауы мүмкін.





1


2


3


4


5 Н.К.Крупская “Педагогическое сочинения“ М. т.4., стр-484

6 О.Сарбатырұлы, Ққұлымбетов, Логинов “Жаратылыстану" Қазақстан баспасы, Қызылорда 1932.

7.

8.

9


10.

11


11 Р орта білісмің мемлекеттік стандарты. Алматы. Атамұра, 1998, 14-бет.

1.

2.

12


1


1


1


1.

1.

13 М.Н.Скаткин жур. "Начальная школа" 1963 N 1. 5 стр.

11 В.Г.Бейлисон. Аппарат ориентировки в школьных учебниках. Славянск. 1974, 46-стр.

11 Л.В.Вахидов. Воспитание творческой личности в современном образовании. Уфа. 1997, 38-стр.

1


14


15


1.

1


1.

2


1


2.

1


1.

1.

1


2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет