Баяндама «Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар»



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі53 Kb.
#63944
1   2   3   4
Драматизация әдісі: ертегіні сахналау арқылы үйрету. Баланың түсіну және тілін дамыту қабілетін арттыру. Әр бір рөл бала қабілетіне қарап бөлініп беріледі. Бұл әдіс арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.
Байқау әдісі: бұл әдіс балалардың қабілетін байқай отырып, тілге деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.
Түсіну әдісі: дәлелдеу. Балаларға берілетін білімді түсіндіру, жаңа сөздердің мағынасымен таныстыру.
Тест әдісі. Бақылау жұмыстарының бір түрі. Алған білімдерінің деңгейін анықтауға тиімді тәсіл.
Әңгіме әдісі: Оқу материалын қаншалықты білетінің аңғаруға арналған сұрақ-жауап арқылы немесе пікірлесу шартымен жүзеге асырылады. Олар: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, диалог, монолог.
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер,үлестірмелі карточкалармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибиемде қолданып жүрмін. Сонымен қатар қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсәлдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Ойындардың түрлері:
1.Дидақтикалық ойындар
2. Драматизациялық ойындар
3. Қозғалыс ойындар
4. Ұлттық ойындар
5. Логикалық ойындар
6. Рөлдік ойындар
7. Фонетикалық ойындар
8. Интеллектуалды ойындар
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын-балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсене жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап,өздерін жіне бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру қажет.Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сода ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Қазақ тілін сабақтарында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

  2. Балаларды сөйлеуге үйрету

  3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді көрнекіліктердің арқасында ( тірек сызбалар арқылы) қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін жеткізу. Балалар дара, жеке, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының білім сапасы соңғы жылдардың қорытындысы бойынша 85-90% құрайды. Қорытындалай келе, қазақ тілі- еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, .йрену- әр Қазақстандықтың парызы. Менің парызым- бүлдіршін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту. Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету- үлкен ғанибет.
Қолданылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы. Астана 2007ж
Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан халқына жолдауы»
Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның материалдары. Алматы 2007ж
Республикалық оқу-әдістемелік газеті « Мұғалім» Алматы 2011ж №2
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет