Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
сұраған. Әлде мұның даусын өзеннің күркірі бұзып естіртпейді, 
әлде жұмбақты Қыз қырсығып айтпайды, неге екені белгісіз, 
ала жаздай атын сұрап біле алмады. Біржола түңіліп, аптаның 
аяғында барғысы келмей қасарысқанымен, дәт шіркін шыдамай 
солай қарай – жағаға қарай жетелейтін. Қызыл жаулықты Қызда 
келуін  қоймайды,  намазы  қаза  болатындай,  тау  асып  асығыс 
құлдайды, өзеннің жиегінде жарты сағаттай аялдайды, содан 
соң  атына  қарғып  мініп,  тау  асып  ғайып  болады.  «алыстан 
қарағанда әдемі, әттең, жақыннан көрер ме еді» деген ой бірте-
бірте көкіректің көксеуіне айналып, бұған дейінгі жайма-шуақ 
тірлігінің айдынына тас лақтырған; осыған дейін әйел атаулыға 
шын  ғашық  болып,  аһ  ұрар  арманмен  құлай  сүйіп  көрмеген 
қасаң  да  қатыгез  жаны  қазан  түбіндегі  майдай  еріп,  тоңы 
жібіген,  тіпті  шымырлап  қайнағандай  ма-ау.  Бұл  не  сонда? 
Бәлкім, кітаптан оқып, кинодан көретін махаббат осы шығар; 
бұған  дейін  сенгенді  қойып,  өзгелер  өзеуреп  дәлелдегенде, 
селкілдеп  күлетін  басы  енді  сол  махаббат  машақатына 
байланып,  әңкі-тәңкі.  «Жоқ,  бұл  ғашықтық  емес»,−  деп  өз-
өзін  жұбататын.  –  Өткел  бермес  өзеннен  өте  алмаған  соң, 
пайда  болған  әншейін  әуестік  қой;  пенде  дегенің  не  нәрсеге 
қолы  жетпесе,  соған  құштар  келмей  ме;  әйтпесе  сол  қыздың 
қойнына бір түн жатайыншы, ертеңінде айнып шыға келмесіме 
бәс  тігемін.  «Ол  сенің  ғана  түсінігің»  деп  іштей  бір  үн  бас 
көтеретін. Қалай десек те сол қызды жақыннан бір көру – бұл 
жалғандағы  жалғыз  арманы.  Біздің  жігітте  бәрі  бар.  Бірақ 
түк жоқ екен, иә, ең керектісін таба алмай жүруі мүмкін ғой. 
Сонда маскүнем Тағаннан айырмасы бар ма, бар болса ол не? 

52
Баспанасы, байлығы, ішпейтіні, жары... Жары демекші, оны да 
жас  кезінде  жақсы  көріп  үйленген-ді...  алайда  жас  шағында 
кісі қателікке көп ұрынады; тегінде, адамға ақыл қартайғанда 
керек-ау, алжымас үшін, алжаспас үшін... Ендеше, сол жасқа 
тән  көп-көп  қателіктің  бірі  –  айнаға  қосылуы  шығар.  Шын 
махаббат  қырықтың  қырқасына  шыққанда  оянары  ойымызға 
келмей жүр ме?
Қашаға,  бағана  Таған  сүйеніп  тұрған  қашаға  екі  білегін 
артып  ойға  батқан  Ерік  алғаш  рет:  «ОСы  мЕНІҢ  Балам 
НЕГЕ ЖОҚ?» – деп күбірлеп қалды. Өз үнінен өзі шошыды да, 
бұл сұрақты тезірек ұмытуға тырысқандай үйге беттеді.
Ертеңінде Тағанды әрең тұрғызып алды. Өмір бақида көз 
алдынан  кетпейтін,  әсіресе,  ес-ақылдан  айырыла  ішкенде, 
жыйылған жүздеген адамға айналып кетер аудитория, яғни бұдан 
лекция тыңдауға жиналған елестерге дәрісін беріп, аузынан ақ 
көбік  аға  сөйлеп,  түсіндіріп,  әбден  талыққанда  ғана  барып, 
көз шырымын алған. Әсіресе, бүгін «студенттері» көп болды. 
Ерте  дүние  тарихынан  қойылған  барлық  сұрақтарға  жауап 
беріп  болған  соң,  бүгінгі  заманның  көкейкесті  мәселелеріне 
көшкен.  Халықаралық  жағдайдың  шиеленісіп  тұрғанын, 
әсіресе, адамзат басына ядролық апаттың төніп тұрғанын, ал 
адамзат бұл қауіпті жағдайға тек қана тым-тым милылығынан 
душар  болғанын,  ақылдан  азап  шегіп  отырғанын  шегелей 
ұғындырды. Бірақ ол осыншалық ақ тер, қара тері шып-шып 
шыға  айтқан  сөзін  бірде-бір  аяқты  тыңдай  алмағанын  сезген 
жоқ-ты, жазған-ай. Егер әлем саясаткерлері мен тарихшылары 
Тағанға ізгілік, ақиқат, болашақ туралы болжамдар мен өмірлік 
проблемалардан  емтихан  тапсырса,  ешқайсысы  да  зачет  ала 
алмас еді. Оңдай атты күн қа-й-да-а... «НЕГЕ БІЗ ОСы...»
Жұлқылағанға оянбайтынын білетін Ерік жарты шелек су 
әкеліп басына құя салды.
–  Төсек-орнымды  сулайсың,  –  деп  Захар  ара  түсіп  еді, 
«кептіріп  аласың»  деп,  оның  сөзін  тыңдаған  жоқ.  Орнынан 
атып  тұрар  қуат  Тағанда  жоқ  еді.  алғашында  не  болғанын 
білмей, нар үстінде мең-зең отырып қалған. ауыр түстен айыға 
алмаған  адамша  сәл  қозғалса  жарылып  кетейін  деп  тұрған 
басын қос қолдап сығымдаған күйі: «Өлтірмесеңдер бір стақан 
сыра беріңдер», – деп ышқынды. Захардың бұл бас «мәселесі» 
жөнінен тәжірибесі бұрыннан бар еді, «салқын сыраны» ұсына 
берді. Бір деммен қағып салғанТаған:

53
− Бұл дүниеде бас жазғаннан рақат не бар, – деп орнынан 
тұрды.
− Беті-қолыңды жу, аттанамыз, – деді екі қолын қусырынып, 
талтайып тұрған Ерік.
– мен сені гестапо екен деп қалдым, – деп қыршаңқыланды 
Таған.− Бетімді бір шелек сумен өзің жуып бердің емес пе.
Захар мырс етіп күлді. Күлді де: – мынаның тілі удай екен, 
– деді.
Ерік ашуланған жоқ. Сол салмақты қалпын сақтаған күйі: – 
Тілінен басқа не қалды дейсің. Бүйте берсе одан да айырылар, 
– деп, сарайдың тақтай еденін сарт-сарт басып шығып кеткен.
– Иә, – деді Таған. – Иә, эс-эс-тің офицерлері біздің ортамыз-
да да бар, киімі басқа болған соң, байқамаймыз. – Захар бұл 
жолы күлген жоқ.
− Сен онымен тәжікелесе берме, жым-жырт болып кетуің 
ғажап емес.
− мен қазір де жым-жыртпын, жоқпын, сондықтан да еш 
нәрсе  қорқыныш  емес...  Тамыр,  одан  да  андағы  сыраңнан 
қайталап жібер.
Күн  бүгін  де  ашық  еді.  Қараңғыдан  шыққан  Таған  көзі 
жыпылықтап,  жарықты  жатырқағандай  күн  көзіне  қарай 
алмады.  Басқыштан  тәлтіректей  түсіп  омарта  жәшіктері 
қойылған тұсқа беттей беріп еді, оның қолтығынан Захар ұстай 
алды.
− Ол жаққа барма, ара шағып алады.
− Патшалар жаяу баратын үй қайда?
– Жүр көрсетейін, – деп ерте жөнелді. – Көрінген бұтаның 
түбіне  сари  салмай,  әжетхана  іздегеніңе  қарағанда,  кезінде 
мәдениетті жігіт болғансың-ау, тегі... 
−  Үлкені  келіп  қалды...  Кішісіне  дәретхана  іздемеймін, 
шалбарым бар ғой...
− мен саған таң қаламын, Тағанщик, – деді Захар. – Ойыңмен 
сөзің керемет-ақ секілді, ал іс-әрекетің... нағыз маскүнемдікі.
Сонда деймін-ау, ішпей қоюға неужели ақылың жетпейді.
− Егер мен секілді адамдар арақты қойса, онда біраз бастық- 
тар  тағын  тапсырып,  жан  сақтай  алмай  қалар  еді.  Қазір, 
тамыр,  жетесіздер  жетіскен  заман,  олар  біз  секілді  ішпейді, 
сауысқаннан  сақ,түлкідей  айлалы,  қасқырдай  қорқау.  Егер 
Олар ішсе, ақымақтығы ашылып қалады, сондықтан да өзінен 

54
гөрі ақылды әрі қауіпті басы істейтіндерді есебін тауып іштіріп 
жібереді. мен СОларДыҢ құрбанымын. 
− Да-а-а, – деді ойланғандай Захар. – Сөзіңнің жаны бар. 
Дегенмен, адам өз кемшілігін өзгеден көруі қате. 
Көкбестіні ерттеп тұрған Ерік: 
– Захар, өу, Захар, – деді дауыстап. – Бал жоспары қалай 
болып тұр. Орындай аласың ба?
− Әрең-әрең. Сенікі секілді асыл тұқымды араларым жоқ...
− Қант алдырған шығарсың... Қысқа дайындық бар ма?
− Қыста араның өз балын өзіне беремін-ау деймін.
− Нағыз большевик екенсің, қант жесе ішіне жақпай ма?
− ара да адам ғой, өз еңбегін өзінен аяғым келмейді.
−  Жөн-жөн,  –  деді  Ерік.  –  Ендеше,  бала-шағаңды  да  тек 
балмен асыра, ақшаны не қыласың.
−  ақша  мен  ақылдың  артығы  бар  ма,  коллега.  Тек  арам 
болмаса жарады ма...
Шай ішкен соң, жолға шықты: Ерік – атта, Таған – жаяу. 
Олардың артынан қарап қалған марфа күйеуінің әдетіне салып, 
даусын соза: – Да-а-а-а, – деді,– анау жігітке обал-ақ... кірпігі 
қандай ұзын...
– Ұзын кірпікті үлкен көз жасты болады дейді қазақтар, – 
деді Захар. Содан соң қалай ғана есінде қалып қойғаны белгісіз, 
маскүнем  жігіт  –  Тағанның  «Неге  біз  осы...»  деген  сөзін  өз-
өзінен қайталаған.
алдарындағы  белеске  шыққанда,  аумақты  жазық  көрінді. 
Сол  жазықты  сары  жұрттап  тастаған  қалың  жылқы  жан-
жағынан  бұлақ  саулап  шалшықтаған  саздауды  омыраулай 
кешіп,  сонылап  жайылады.  Шұрқыраған  жануарлардың  да 
өз  дүрдараздығы  бар:  оқта-текте  кісінеп,  шабысып  қалған 
айғырлардың  үні  шығады.  Әрқайсысы  өз  үйірін  құлағын 
жымыра, басын жерге сала қайырарда, байқаусызда маңайлап 
қалған  сәуріктердің  сауырынан  тістеп,  жаралап,  тырқырата 
қуып тастайды. Бұл – Жалпақсаз деп аталар жайлау, жылқылы 
ауыл  ала  жаздай  осынау  мыңғырған  мал  жайылса  да,  ырық 
бермес  жаннаты  жерді  жайлап,  совхоз  орталығына  саба-саба 
қымыз сауып жөнелтетін. Биіктен қарағанда анау Жалпақсаздың 
жағасына қадалған қос танадай екі киіз үй, оның алдында ойнап 
жүрген балалар, кермеде байлаулы тұрған жылқышының аты, 
жерошақтың басында көк түтінді көлбей ұшырып, ас қамымен 


күйбеңдеп жүрген ақ жаулықты әйел – бәр-бәрі көз қуантып, 
көңіліңді қытықтар бояуы қанық әдемі сурет секілді еді. мынау 
жалпақ жаһанда атом бомбасы бар-ау, жұлдызды соғыс деген 
жалмауыз пайда болыпты-ау деген сияқты миыңды құрт қылар 
мазасыз  сұрақтардан  ада,  ата-бабасының  ерте-ерте  ертедегі 
мәңгі бейбіт әрі берекелі де баянды кәсібінің қордасын үзбей, 
қорғап-қоршап отырған өркені өскір жылқышылар бейбіт өмір, 
тыныш өңірдің ендігі қалған жалғыз жанашырындай қәперсіз 
тірліктің  түтінін  шығарады-ай. Бәлкім, біз –  технократияның 
өкілдері,  осынау  жылқының  жусағанындай  мамыражай 
тіршіліктен  тым-тым  ертерек  қол  үзіп,  албасты  ажалымызға 
қарай  асығып  бара  жатқан  шығармыз;  бәлкім,  осы  бейбіт 
ғұмырдың  бейкүнә  адамдарының  обалына  қаларымызды 
ойламайтын шығармыз; бәлкім, адамдар да азамат соғысының 
аттарындай арбада ажал бүркіп, пулемет сүйреп келе жатқанын 
сезбей,  мақсатты  жорықтың  жол  ортасында  қанға  бөгіп, 
ұрпақсыз-ұрансыз  қалар...  Жер  бетінде  өткен  соғыстан  соң 
да  жетіліп  кеткен  адамзат  болашағы  өздері  байыбына  бара 
қоймаған айқастың құрбаны боларын аспансығандар сезе ме – 
сезеді, бірақ өлермендікпен өшігеді өмірге. Неге? Бұл сұрақтың 
жауабын мал баққан қаймана ел бере алмақ емес. Сондықтан 
да аяйсың әрі осы бір әз жанында әмір жоқ бейнетқорлардың 
кәперсіз  кәсібіне  қызығасың.  Ең  бастысы  –  олар  –  қару 
жасамайды екен.
«НЕГЕ БІЗ ОСы?..»
Жылқылы  ауылдан  таудан  құлдилаған  қос  жолаушыға  
қарай үш бірдей ит оқтай зулаған. Саңқылдай үріп жандарына 
келді,  бірі  ат  үстіндегі  Ерікті  аударып  тастардай  қатты 
өршеленеді, ал қалған екеуі Тағанды иіскелей еріп келеді. «Ит 
қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен» деп ойлаған Ерік 
құлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп 
еді,  ит  одан  ары  жінікті.  Осы  кезде  жаяу  салпақтаған  Таған: 
«Қой енді!» – деп еді, жағы семді. Енді ол үш иттің қоршауында 
ежелгі таныстарындай тайраңдай басып келе жатты. Үйлеріне 
өре шыға, осы көріністі бақылап тұрған жұрт қайран қалып еді. 
Әсіресе, балалар мәз.
– Тамақ берген шығар, – деді бірі.
–  Кет  әрі,  біздің  ит  ешқашан  тамаққа  алданбайды,  –  деді 
екіншісі.


Дуалайтыны бар шығар, – деді үшіншісі.
− атама да ит үрмейді, – деді төртіншісі.
− Ондайлар ұры болады, – деді бесіншісі:
− Сонда... атам ұры ма? – деді алтыншысы.
–  атамды  білмеймін,  ал  анау  келе  жатқан  –  ұры,  –  деді 
жетіншісі. Қалған үш бала әңгімеге араласа қойған жоқ, ал бесікте 
жатқан және тәй-тәй басып жүрген сәбилерді қоспағандағы он 
екі бала да Жалпақсазда отырған жылқышының кіндігінен еді. 
Байлық басы бала дейтініміз – осы шығар-ау...
«НЕГЕ БІЗ ОСы?..»
Таудан төмен қарай домалаңдап келе жатқан адамның ұры да,  
қары  да  емес,  әншейін  диуанаға  айналып  кеткен  маскүнем 
Таған  екенін  жас  балаларды  қойып,  жылқышылардың  өздері 
қайдан  білсін.  Үш  итті  бірдей  еркелете  соңынан  ертіп,  киіз 
үйдің  іргесіне  тақалғанда,  көп  баланың  бірі:  «Ой,  мынау 
қайыршы  ғой!»,  –  деп  дауыстап  жіберген.  Бұл  сөз  әбден 
шаршаған  Тағанның  болар-болмас  қана  істеп  тұрған  миына 
шаншудай қадалды, қапелімде селк ете түскені соншалық, бір 
орнында қатты да қалды. Жо-жоқ, алаңғасар баланың аузынан 
асығыс  шыққан  сөзді  намыс  көргенінен  емес,  қаншалықты 
қажып,  тілім-тілімі  шығып  тентіреп  жүргенде  де,  ешқашан, 
ешкімнен  естімеген  соң  тосылғаны,  я  жасығанынан  да  емес 
шығар;  бұл  сөзді  сонау  бір  «гүлдену  шағым»  деп  есептейтін 
үйлі-баранды  мәре-сәре  кезеңінде,  әйелі  ғайбаттаған  сәтте, 
шапалақпен тартып жіберіп, «ой, қайыршының» қарымтасын 
қайтарғаны  есіне  түскеннен-ау.  Тентек  ұлды  әкесі  үйге  қуып 
тықты да, баласы үшін кешірім өтінгендей, қос қолын ұсынып 
қауқалақтай  амандасты.  Жылқышының  жылы-жылы  сөзі, 
ықыласқа  толы  дидарласуы  Тағанға  әсер  етпеді  білем,  өз 
қолын  суықтау  ұсынды  да,  әлгіндегі  бір  он  жылдан  соң  кең 
жайлаудың төсінде алдынан шыққан сөзді ұмыта алмай, дел-сал 
күй кешкен. Ол ұзақ ұйықтап қалып, қатты айқайдан шошып 
оянғандай  әсерде  еді,  баяғыда  оқыстан  орнынан  қозғалып 
кетіп,  енді  орнына  қайта  түскен  санасы,  мұның  алдына  өмір 
сүрудің көп сұрақтарын көлденең тартқандай, шақшадай басы 
шарадай  бола  бастағаны  рас  еді.  Үйге  кіріп,  сол  жақ  босаға 
жақтағы ердің үстіне отыра кеткенде де, үй иесі алдына қымыз 
ұсынып  бәйек  болғанда  да,  «қайыршыдан»  қашып  құтыла 
алмады. Бұл адамдық ар-ұяттың оянғаны болса – ақсарбас, ал 


ескі жараның орны сыздап қана басылса... онда ақылынан азған 
жігітпен мүлдем қоштасқанымыз. Оны өмір көрсетер, әзірше 
қымыз  іше  тұралық.  ақ  баласын  көрсе  жүрегі  айнып  тұрар 
Таған  пісуі  жеткен  салқын  қымыздың  бір  тостағанын  жұтып 
жіберіп, жеңін иіскеді. «ауру қалса да әдет қалмайды» деген, 
отырғандар, әсіресе, Ерік басын шайқап мырс-мырс күлді, тек 
жылқышы ғана көзінің киығымен қарап сыр берген жоқ.
−  Бұл  жігітті  танымадық  қой,  –  деді  тостағанға  қымыз 
толтырып.
− Жолдасым, – деді Ерік арқасын керегеге тірей шіреніп. 
–  ауылдың  ыстығында  қаңсып  жүргенше,  жайлауға  шығып, 
аунап-қунап дем алып қайт деп, ертіп келемін.
−  Ертіп  жүргенше,  мінгесіп  жүргендерің  жолдастыққа 
жараспаушы ма еді?..
− Өзі ғой, аяғым ұйыды, қанын тарқатам деп жаяу жүрген. 
Бұлар  үшін  тауға  шығу  –  культпоход,  тасқа  өрмелеймін  деп 
арқан сұрауы да мүмкін.
Таған  үнсіз.  Өз  қолына  таянып  бір  шынтақтай  жатқан 
күйі  көзін  жұмды.  Үй  иесі  «жолдастардың»  арасыңдағы  жігі 
ашылып  кеткен  бір  жайсыздықты  іші  сезді  ме,  әңгімені  әрі 
қарай қаузамады. Сәл тыныштық орнады. Даладан балалардың 
асыр  салып  ойнағаны  естіледі.  Киіз  үйдің  есігі  айқара  ашық 
еді,  сол  айқара  ашық  есіктен  Жалпақсазда  шұрқыраған  үйір-
үйір жылқылар шыбынсыз жайлаудың жұмағында жүзгендей 
бейбіт  жайылады;  саздаудың  арғы  жағалауында  сарала  қаз 
көлбеңдейді.  Осынау  апшысы  қуырылған  монтанақтай  жер 
шарының әлі де болса кеуде кере кең тыныстар, алаңсыз аяқ 
көсілер  көрікті  бір  пұшпағы  аман  сақталғанына  тәубе  айтар 
едің.  Бірақ  көзіңді  қытықтар  мұндай  мақпал  көрініс  барған 
сайын  базары  тарқап,  келмеске  кетіп  бара  жатқанын  осы 
отырғандар ойлаған емес. лапылдап жанған өрт өз ауылының, 
өз ошағының шетіне келіп етегі жанғанша кәперсіз, айрандай 
аптапкүбідей пісіп отыра берер қазақы мінезден қашан құтыла 
алар;  жүздеген  жыл  қанына  тарап,  сүйегіне  сіңіп  кеткен 
бейғамдық,  даласындай  кеңдік  кесірін  де  аз  тигізген  жоқ; 
неге  екені  белгісіз,  өздері  сыйыспай  жүрсе  де  өзгелерге  сый 
көрсетуге,  жер  бөліп,  жеңін  кесіп  беруге  келгенде  алдына 
жан  салмайтын  елдің  көп  еншісі  жатжұрттық  болып  кеткен. 
Қалғанының  қайырымын,  береке-бірлігін  тілеген  ағайынның 

58
алдында төрт түлік малы маңғыстап жатса, одан артық бақыт 
сұрамаушы еді. Кейінгі жылдары одан да айырылып, бірыңғай 
тірлікке – тусыған жерді туырлықтай тілуге көшкен. Ойдағы 
ұлтарақтай  құйқалы  жердің  жонарқасын  жыртып  тастап  егін 
салмақ  болып  еді,  әпербақан  «тыңгерлердің»  бұл  әрекетінен 
түк шықпады. арқаның апай төс даласы болса бірсәрі, қысы 
мен  жазын  айырып  болмас  алтайдың  алақандай  алаңқайы 
игеруге  көнбей  шамданып  қалды  ма,  әлгі  жыртылған  жердің 
бәріне алаботамен кендір өсіп, күзде қурайға айналып, үп етіп 
жел соқса болды, сай-сүйегіңді сырқыратар азалы үн шығарар 
еді; жарықтық өр алтайдың арқасы мыңғырған малдың тұяғын 
сағынып, қышуын басар дүбірді аңсап іштен тынар еді, ішін 
тартып өксір еді.
Жолаушылардың екеуі де қалғып кеткен секілді. Жылқышы 
орнынан  тұрып,  бие  сауысуға  шықты.  Ересек  ұлы  саздағы 
жылқыларды  қиқаулай  қайырып  жүр,  енесіне  қосақталған 
құлындар айдағанға көнгісі келмегендей тартыншақ тартады. 
Қолын артына ұстап желі басында тұрған жылқышы ұлына:
– Қатты айдама, биелерді исіндіресің, – деп айғай салды. 
Осы айғайдан атып тұрған Таған ербиіп есік алдына шықты. 
аспан  ойылып  жерге  түсіп  кетпегеніне  көзі  жеткендей  «уһ» 
деп, өз-өзінен ауыр дем алып ыңыршаққа құйрық тіреп керегеге 
арқасын сүйей отыра кеткен: анау танаулары пырылдап, керме 
желі басына жосыла жөңкілген жылқыларды алғаш та ақырғы 
рет  көргендей  көзін  тайдырмай  ұзақ  қарады.  Өзіне  беттей 
қаптап келе жатқан қалың хайуан тапап өтердей... «ШІрКІН-
аЙ, аТТаН ҚҰлаП ӨлСЕм НЕ армаН» деген ой иектеді; 
«ШІрКІН-аЙ,  аЙғырға  аЙНалыП  КЕТСЕмШІ»  деген 
тағы бір ой жылтылдады. «Енді мен ешқашан да айғыр бола 
алмаспын, қан сиіп зорыққан атпын мен, иә-иә, арқасынан ер 
түспейтін, жауыры өмір бақи жазылмайтын жұмыс көлігімін. 
Өмірде  жұмыс  көліктері  көп-ақ,  бірақ  солардың  ішінде  де 
сорлылары  бар».  Тамағы  кеберсіп,  асқазаны  ашқылтым 
бірдеме іздеді. «Жылқышылар сыра ашытпайды, ол – белгілі, 
алқымыз,  таңдайдағы  жабысқақ  шөлді  баспай  тұр.  Не  істеу 
керек? Кенезем кеуіп тұрғаны-ай... Шөлім басылмай-ақ өтетін 
шығармын-ау бұл жалғаннан».
Киіз үйдің іргесінде иі қанбаған терідей былбырап отырған 
Таған  жылқылы  ауылдың  жайма-шуақ  тірлігіне  құр  бекер 


бажырайып қарағаны болмаса, көңілі селт еткен жоқ, дүниенің 
толайым  қызығынан  жерігендей  жиіркенішпен  немкеттілеу 
ойда  еді.  Кең  әлемнің  осыншалық  тарылып,  жалғыз  жұтым 
шарапқа зар қылып қоюын кешірмейді және өзінің қазіргі халін 
түсінбейтіндерге  аяушылығы  да  жоқ;  бір  ұрттам  арақ  үшін 
танкіден де тайсалмай барар еді, несі бар, Ұлы Отан соғысында 
солдаттар да сөйткен... Қызып алып қызылшеке ұрыс ашқаннан 
артық не бар бұл жалғанда; Сырдың суы сирағынан келер ме 
еді...  Кермеде  өз  салмағын  бір  аяғынан  ауыстырып,  келесі 
аяғына  салып  тұрған  көкбестіге  қарады  мөлиіп.  Көкбестіге 
емес-ау, аттың артында бөктерілген тері қоржынға тесілген. Сол 
қоржынның ішінде сөз жоқ, арақ бар. амал не, «қауіпті зона», 
рұқсатсыз алуға дәрмен жоқ. Еріктен сұрап көрсе қайтер еді... 
Тағанның жымсыма ойын оқып қойғандай үйден Ерік шықты. 
Әуелі есіней керілді, содан соң қос тізесін қапсыра құшақтап 
бүкшиіп отырған Тағанға: – аттанайық, Қарабура, – деді.
−  анауыңнан  бір  жұтқызбасаң,  қозғалатын  шамам  жоқ, 
– деді міз бақпай.
− Нешауа, шыдай тұр, үйге барған соң бір астау сыра құйып 
беремін, беті-қолыңды жусаң да жетеді.
− Сол молшылыққа тұмсығым тигенше өліп қалармын.
− Өлсең жайлаудың топырағы жұмсақ, таза жерге көмеміз.
– Өзіңнің осы жаққа үйірсектеп жүргенің содан екен ғой... 
Сауын аяқталып, қарына ағаш шелек ілген әйел мен қолында 
ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді. Итаяқ жастанып 
жатқан  үш  ит  бірдей  «ау-у-у»  деп,  басын  басып  кеткендей 
атып тұрды да, оң жақтағы таз шоқыға қарай атыла жөнелді. 
Қыбырлаған  жанұяның  бәрі  солай  қарады.  Күнгейі  тақыр 
таудан  төмен  жалғыз  салт  атты  шоқытып  келеді.  Оның  да 
соңына ерткен тазы иті бар. «Ой, қазір иттер таласады-ау» деп, 
қанды шайқас көруге құмартқан Ерік елегізіп қалып еді, ол үміті 
ақталмады,  өзіне  арсылдай  ұмтылған  үшеуіне  салт  аттының, 
жалғыз  тазысы  «пішту»  деп  қараған  да  жоқ,  менсінбеген 
қалпы бүлкегінен жаңылмай иесіне ере берді. аналар асығыс 
іс жасағанына ұялғандай бет алды лағып кетті.
аңшының иті біздің Тағанға ұқсайды екен. Қарашы, қалай-
қалай жасқанбай жортады.
− Бұл тауып айтқаның емес, – деді орнынан көтерем сиыр- 
дай созалаңдап тұрған Таған кіржиіп. – Қауып айтқандық.

60
− Бабыңды бір саптыаяқ сырамен-ақ табармын, шешенім.
− Сол күнге жетсек...
Орта жастан асып кеткен, сақал-мұрты ақшулан жолаушы 
аттан түсіп, жағалай қол беріп амандасып шықты. Кезек Ерікке 
келгенде:
– Ә, сен бе едің, тау миллионері, – деп кекетті. Омарташы 
шамданған жоқ. Жайдары қалпын бұзбастан:
–  Қалай,  ақсақал,  бомбаубежищенің  құрылысы  аяқталды 
ма? – деді, темекісін тұтатып:
Оның ішінде саған орын жоқ, дәметпей-ақ қой.
– Керек болса, өзім де қазып аламын және сенікінен гөрі 
қауіпсіз...
− Өзің сыйсаң да ақшаң сыймас.
− Сенің сандығыңа ұрлыққа түскен жоқ едім ғой.
Бұл  екеуінің  арасындағы  шәлкем-шалысты  бұрыннан 
білетін  жылқышы  кермалдастыра  бермей,  пәтуасыз  сөздің 
түбіне  тезірек  су  құйғысы  келген  сыңаймен:  –  Бала-шағаң 
аман-есен  бе?..  Жүріңіздер,  үйге  кіріп  қымыз  ішейік,  –  деді 
ергенегі шалқалай ашылған есікті нұсқап.
− Осы фронтовиктерге таң қаламын, – деді әлі әптігі басыл- 
маған  Ерік.  –  Жастарға  сүйкенбесе,  оқ  атқандарын  бұлда- 
маса, ішкен астары батпайтын секілді.
− Сен секілді кергіген кесірлерді көргенде, жауды жеңгеніме 
өкінем...  Жайлауда  жүрген  жалғызы  мынандай,  қаладағы  қа- 
ғынғандары  қандай  екен,  тәубе...  –  Етігінің  қонышын  қам- 
шысымен салып қалды. Енді бір сөз айтса, қолындағы қамшы- 
сымен Ерікті қақ шекеден осып өтетіндей долданып айтты.
− майдангерлердің бәрі бірдей батыр емесі секілді, біздің 
де ішімізде ала-құламыз бар, ағасы,− деді зымиян жымиыспен. 
–  Басқа  жерді  қайдам,  ауылымыздағы  екі  ардагердің  бірі  − 
молда, екіншісі, есі ауысып тышқаншылап кетті...
− Тышқан терісіне сен құнықпай жүрген шығарсың. Суырға 
құрған  он  қақпанымды  қапқа  салып,  қақшып  кеткеніңді  екі 
дүниеде де кешпеймін.
−  Осы  сендерге  не  жетпейді?  −  деді  жылқышы  қабағын 
түйе қыржиып.− алтайға сыймай жүрсіңдер ме? аңшы ағаның 
жөні  бір  басқа,  саған  не  жорық,  ей,  Ерік...  Әкеңдей  адаммен 
айтысып.
−  Сақалдан  қадір  қашқалы  қа-а-ш-ан?!  –  деді  Ерік  мырс 
етіп.

61
– Байқаймын, осы екеуі де көмусіз қалады, – деген сөзге 
жалт  қарасып  еді,  бұл  «ұлағатты»  ойдың  иесі  –  жағасы 
жайлауда, алқам-салқам меңірейіп тұрған Таған екен.
−  Былжырапсың,  үшеуіміз  де...  Әйда,  кеттік!  –  деді  Ерік 
атына  беттей.  –  алтай  аман  болса,  бұл  қырқылжың  шалмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет