Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Табиғаттың «жеті кереметі»



бет8/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Табиғаттың «жеті кереметі»:

  1. Иорданиядағы өлі теңіз 5 . Норвегияның түні

  2. Гавайдағы жанартау 6. Саһараның қызыл құмы

  3. Бермудтың ажал үшбұрышы 7. Тунгус метеорит үңгірі

  4. Шизанның мұзды алқабы

Қиял - ғажайыптың «Жеті кереметі»:

  1. Нис көліндегі құбыжық 5. Нұһ пайғамбардың кемесі

  2. Биік таудың қар адамы 6. Ғарыш адамы

  3. Ну ормандағы жабайы адам 7. Жер асты құпиясы

  4. Ұшқыш табақ (нло)

«Жеті жетім»:

Тыңдамаған сөз жетім, Аққу, қазсыз көл жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім, Жерінен айрылған ер жетім,

Иесіз қалған жер жетім, Замандасы қалмаса.



Басшысы жоқ ел жетім, Бәрінен де сол жетім.

«Жеті ғашық»:

Қалықтың ән-жыр, қисаларында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі.

а)Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиқа, Фарһад - Шырын, Таһир - Зуһра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ.

ә)Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиқа, Фарһад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейфілмәлік - Бәдіғұл (кей нұсқада Жамал), Бозжігіт - Анула (кей нұсқада Қарашәш), Зияда - һорлы (һорлы - Ғайын).

Вавилондықтардың есебінше, әлемде жеті планета бар, сондықтан олардың ғибадатһаналары жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде шырағданды жетіден (жеті шырақ) қояды.

Жеті нәрсені жақсы біл:

Малды жақсы баға біл; Айналаңа жақсы қарай біл;

Атқа да жақсы шаба біл; Алды - артыңды жақсы көре біл;

Мылтықты жақсы ата біл; Қиындықты жақсы жеңе біл.(Б.Т)

Суда да жақсы жүзе біл;

Мына «жеті алып» неше ұрпақтар түбіне жетіп, әлемге әйгілі ғаламат болып, «жеті» ұғымымен ұласуы-жеті санының қандай да бір ерекше қасиетін аңғартқандай. Сондықтан да, кандай да бір ұлылықты, зәулімдікті, өнердің алып табысын орыс қалқы «восьмое чудо света» деп қабылдауына тура келді. Алдыңғы «жеті алып» болмаса, не деген болар еді. Олар амалы жоқ, бағынды. Дүние дамып, тариһтың көш- керуені ұзаған сайын ғажапқа ғажаптар қосыла бермек шығар. «Жеті әлеметіміз» «тоғыз» болып, «он үш» болып, тіптен «қырық» болмасына кім кепілдік бере алады. Мұның есебін жүргізетіндер - болашақ ұрпақтар. Әзірге білгенімізді қоса тұралық. Сондай тағы бір тамаша ғажайыптарды айтсақ артық болмас (Б.Т.).

I ғажайып: Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенсі. Самарқанның әміршісі, есімі әлемге аян жауынгер - қолбасшы Ақсақ Темір 1397 жылы салдырған. Бұл кесене күллі Орта Азиядағы аса құнды тариһи ескерткіштердің бірі. Биіктігі 40 метр жоғары, көлемі 3 мың шаршы метрден көбірек. Үлкенді-кішілі бөлмелер саны — 314, ал орталық күмбездің диаметрі 12метрден асады. Бұл кесенеде қасиетті бабалар жерленген.

II ғажайып: Самарқан аймағын ертеден мекендеген қалықтардың бірі - қазақтар. Нұрата, Қаттақорған елді қоныстарында кандастарымыз қазірде баршылық көрінеді. Қазақтар Самарқанның Регистан алаңындағы дүние жүзіне әйгілі (архитектуралық) сәулетті Ансамбльді тұрғызуға да ат салысқан. Алшын Жалаңтөс батырдың басшылығымен салынған айшықты, зәулім ғимараттар өлмес - өшпес тариһи ескерткіштерге айналған.

III ғажайып: сол XV ғасырдың басында салынған тағы бір Орта Азиялық ғаламат архитектуралық (сәулет) ескерткіш - Гур-Эмир кесенесі,атақты Әмір-Темір мен оның немересі, ұлы ағартушы, философ және астроном Ұлықбек жерленген. ХV-ғасырда (6 ғасыр бұрын) тұрғызылған, кейіннен Ұлықбек медресесі деп аталған Регистан ғимаратының бейнесі өте ғажап дүние екен, Ұлықбек обсерваториясы делінген.

IVғажайып: Теңіздегі бағдар шам.Құмды жерде құрылыс салу қиынның қиыны. Тіпті ертеректе адамдар құмды өңірде құрылыс салудың керегі жоқ деп тұжырым жасаған. Бұл тұжырымды мына бір жағдай теріске шығарған. 1761 жылы теңіз апатына ұшыраған, тең-тең мақта тиеген кеме Лисау маңында жағаға шығып қалады. Мақта құмға көмілген күйде жатабереді. Кейіннен біреулер құммен араласып, тас боп қатқан мақтадан үй тұрғызады. Құрылыс жайларының беріктігіне көздері жеткен олар құммен күптелген мақтадан (фундамент)тасірге (іргетас) қалап, теңіз жағасына бағдаршам (маяк) орнатады. Сондай шамшырақ - бағдаршамның бірі екі жүз жылдан астам уақытта әлі мызғымай тұр дейді.

Vғажайып: Ұлы Моголдардың бұрынғы орталығы Агра қаласында (Индия) әлемге әйгілі өнер туындысы, ақ мәрмәрдан (мрамор) каланған Мұмтаз-Маһал - Тәж Маһал кесенесібар. Дүние жүзіне ол Тәж-Маһал деген атпен әйгілі. Тәж Маһал XVII ғасырда император Аурангзебтің бұйрығымен салынған екен. Мавзолейді тұрғызуға көптеген елден бармағынан бал тамған өнерлі шеберлер қатысқан. Тас қалаушылар Дели мен Кандагардан, (архитектор) сәулетші Константинопольдан шақырылып, Самарқаннан келген Шәріп орталық күмбезін
(купол) жасауға жетекшілік еткен. Оларға Лахордан келген шебер көмектескен. Безендіру жұмыстарын Дели мен Бұһара шеберлері атқарып, бағбанды (садовник)
Бенгалиядан,һұсниқатшылар мен суретшілерді Дамаск (Шам), Бағдад, Шираз шаһарларынан әкелген. Жобаның бас сәулетшісі жергілкті бесаспап ұста Иса болған.

VI ғажайып: Эйфель мұнарасы.1889жылы француз революциясының жүз жылдығына орай қалықаралық көрме ұйымдастырылып, соған орай Эйфель Александр Густав деген инженер биіктігі 300 метрлік мұнара тұрғызуды жоспарлаған. Мұнара бой көтергенде көптеген белгілі мамандар мен ғалымдар Эйфельдің математикалық есебіне күмән келтіріп, ұзамай құлайды деп сәуегейсіген. Олар тап мұндай мұнараның керегі не, түк пайдасы жоқ дескен. Алайда сәуегейсымақтардың айтқаны келмей, Эйфельдің мақсаты орындалып, осынау ғаламат мұнара қазірде әлемдік құрылыс өнерінің шырқау шыңы болып қана қоймай, ғылым мен техника дамыған дәуірде радио мен телевидение үшін тамаша антенна қызметін атқаруда. Париж қаласының көркіне айналған мұнара Эйфельдің есімімен аталады. Эйфель мұнарасы он градустық аяз кезінде 17 сантиметрге қысқарады екен Бұл суықтың әсерінен болатын құбылыс. Мұндайда тура, есептеу ғажабы болады екен-ау. Эйфель мұнара мүсініне жылқының құйымшақ сүйегін негізге алған деген де ой артық емес сияқты. Жапондықтар жылқы қазысын емге пайдалана білген.

Бір ерек ғажайып: Әлемге әйгілі болған, қажылықтың негізін салауаттандыратын Мекке,аспаннан түскен Көк тас жайын айтсақ, бұл да бір ғажайып емес пе?! Өлмес өшпес естелік дүние ғой.

VII ғажайып: «Алтын адам».Ол сақтардың б.д.д. V-VI ғасыр кезеңіндегі жасы 17-18-дер шамасындағы, жас жауынгерінің киімі, өзі жойылса да өте қымбат асыл тастардан жасалған киімі - біздің «Алтын ғасырымызға» жетіп отыр. «Алтын адам» Қазақстанның Есік қаласындағы обадан табылған. Төбесі шошақ, биік бас киімнің ернеуі 200-ден артық алтын зерлі заттармен әшекейленген. Иір мүйізді, қанатты екі аттың мүсіні маңдайында тұр. Алтын киімдерінің әр бөлігі барыс, арһар, жылқы, тауешкі және құстың алтын жапырақтарынан жасалған кесінділермен өрнектелген. Мойнына бұрап жасалған алтыннан алқа таққан. Алқада жолбарыстың басы бейнеленген. Үстіне қызыл былғары бешпент киген, оның жағасы, өңірі, етегіне жолбарыстың тұмсығын бейнелеген. Етігінің қонышында бармақтай кесек алтын әшекейлер жапсырылған. Қайыс белбеу өрнегі де кесек алтыннан, бұланның бас бейнесі құйылған. Белдіктің оң жағында семсер, сол жағында қанжар ілінген. Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетіне қолына қыран ұстаған алтын адам басы бейнеленген. Бұл жүзік -мөр. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған асыл бұйымдардың- дүниежүзілік маңызы зор жаңалық, мәңгі өшпес табыс.

Осы Есік обасынан біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларға тән төрт мыңнан артық бұйым табылған. Қазақ: «Құдай-бір, пайғамбар-һақ», - дейді, ал политеизмнің-бұрын көп құдай болған да шығар дегенін айтсаңыз, қазақтың төбе шашы тік тұрады.

Қазақ: «жеті бүзірік әулие — ай!» Әулие ата, «жеті атасын білмеген мұрт» (мұрт - діннен безген кәфир), «жеті нан құдайы», «жеті тиын садақа» деп келеді.

Жеті санының ой - санадан мықты орын алғаны сондай, қазақ, табиғаттан тыс күшті көрсеткісі келсе де «жеті» санының ерекшелігін пайдалана білген. Мәселен, ертегілерде:«жеті басты жалмауыз», «жеті басты аждаһа»...дейді.

Үлкен санамен байланыса қалыптасқан, қалық арасында қатты бағаланып, берік ұстанатын салт жеті атаға дейін қыз алыспау. Мұндай әдет түркі, монғол қалқында да ғасырлар бойы сақталып келген. Бұл ғадет шариат һадисінде де бар екен. Бертін келе алыс-жақындардың өлшемі де осы «жетімен» өлшеніп, әр рудың адамы ең болмағанда жеті атасынан бергі шежіресін білуге міндетті болған. Осыдан «жеті атасын білмеген мұрт еді» деген сөз қалған. Көп жағдайда осы «жеті өлшеммен өлшеп, осы үлгіде пішіп, ежелден кедей, тұқым-тұқымынан бері қарай дәнеңе көрмеген жарлы болса: «жеті атасынан түк көрмеген», «жеті атасынан көргені қорлық», «жеті жасынан жарлы-жақыбай», «жеті атасынан жарымаған»,- деп отырған. Енді бірде: «жетім жеті жердің тәрбиесін көрген», «жеті атасынан жетілген азамат», «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің»,-сияқты саналы қағидалар қалыптасқан. Ал, егер үрім-бұтағынан бері қарай боп жатқан байлық, ақындықты айтқысы келсе, «жеті атасынан қара көк» (шынжыр балақ, шұбар төс, бай манап, шонжар)десе, бірде «жеті атадан негізі тойған» «батырлық, байлық жеті атасынан келген», деп келеді. Ата-бабасынан бері қарай ақындық дарыған кісіні: «жеті атасынан ақындық қонған», «жеті атасынан жетілген»,- дейді. Осындай үлкен саналылықпен қалыптасқан, қалық арасында қатты бағаланып, толық ұстанатын салт-дәстүр қазақтың ары мен сана сапасынан, жұлдызнамалық есебінен туғаны анық.

Ғалым С.Кеңесбаевтың айтуынша, осы тіркестерден «жеті» дәл жеті мағынасында айтылып тұрған жоқ, жеті деген сөз 7 сан есіммен лексикалық мағына жағынан (адекватты) барабар, тепе-тең емес; бұл соңғы (фраза) тіркестегі «жеті» сөзі о бастан, ежелден, қашаннан, арғы атада, ең алғаш белгілі бір сөз өзінің дәл мағынасында айтылса, қоғамдық, жалпы экономикалық даму кезеңдерінде, ол сөз өзгере, құбыла келіп, бастапқы тікелей мағынадан айырылып калып та отырады.

Алғашқы дәуірде «жеті» шекті, дәл сан болса, бертін келе «шексіз» немесе тиянақсыз, әйтеуір бір «көп сан» ретінде айтылып кеткен. Бұл тәрізді құбылмалы, өзгерісті, тілдің лексикалық саласының басқа тарауларынан да байқаймыз. Көптілді білетін, көптеген қалықтардың, әдет-ғұрпын білетін полиглот (сөзжұтқыш) кісіні қазақ, «жеті ғылымның тілін біледі»— дейді; мұндағы «ғылым» - «білім» мағынасында емес, «ел», «жұрт» мағынасында; бұл сөз тілімізге араб тілі арқылы келген грек сөзі, грек тілінде «ықлым», одан арабша, одан казақ тілінің (фонетика) дыбыстық заңы бойынша қатар келген екі дауыстының бірі түсіп қалып, қатаң дыбыс дауыстының әуенімен ұяндап «қылым» орнына (ғ) ғылым болып отыр. Бұл ықылым («ғылым») о баста қилы» (әр қилы) деген сөзден өзгеріп алынған болу керек», - деп түсініктейді ғалым С.Кеңесбаев. Ал, негізін ойлап қарасақ «жеті» атадан бері де, орташа есеппен 70 жастан алсақ - та, 490 жыл өмір өтеді. Оның үстіне жеті ел тілін бір-бір ғылым деп білсек артық емес, ол да уақытша мөлшер. Қазақ тілінде «жеті атамнан (жеті мұстанымнан) мұндайды (пәлені) көргем жоқ»,— деген сөз бар. Яғни «атам заманнан», «ешкашан», «ешбір уақыт», «көп заманнан» деген сөз ұғымдары бар екенін аңғару қиын емес. Немесе біреуді түгін қалдырмай, үрім-бұтақтан бері қарай, «сыбап, балағаттайды: «жеті атаң...», «жеті мұстаныңнан...», «жетпіс жеті атаңнан» т.б. деп құлатады.

Жеті саны: Бұрынғы қазақ һандығының қоғамдық құрылымы жеті сатыға бөлінген: ауыл, арыс, ата аймақ, ұлыс, ру, жүз, һандық.

Ауыл - ең жақын, қандас он үйелменнен тұрады. Оны Ауылбасы басқарады.

Ата аймақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Оның басшысы Ақсақал деп аталады.

Ру - он үш, он бес аймақтан тұрады. Оны Ұлыс басы басқарады.

Арыс бірнеше рудан құралады.Басшысы - Би.

Ұлыс бірнеше арыстан құралады. Билеушісі - Сұлтан.

Жұз құрамына бірнеше ұлыс кіреді.Билеушісі - һан.

һандық үш жүзден тұрады. һандықтың ең үлкен әміршісі- һақан, иаки - Ұлы һан.

Қазақтың таным түсінігіндегі «Жеті ата» дәстүрлі салтсанасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны ата-әжесі, одан қалса әке-шешесі, аға туыс, жекжаты үйретіп, жаттатуға тиісті. Басты себебі: қазақта Жеті атаға дейін қыз алыспайды. Жеті атаға дейін бір атаның баласы, туыс болып есептелінеді. «Жеті ата» (баладан бастауын - «Жеті пұсты» деп те атайды) былай таратылады:

1-бала, 2-әке, 3-ата, 4-үлкен ата , 5-баба, 6-түп ата, 7-тек ата. Ал, атасынан баласына қарай атаса, былай болады: тек, түп ата, ұлы ата, баба, үлкен ата және ұрпақ: ата, әке, бала, немере, шөбере , шөпшек, немене әрі қарай туыстар атаулары: тужат, жүрежат, жұрағат, жат жұрағат, жекжат, жамағайын болып келеді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бабалар руһы алдындағы іштей жауапкершілік, иелік сезім күші. Ол-этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Яғни, «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Ата тегін білгеннің айыбы жоқ» деп, ұрпақтарына жеті атасын білуді аманат, өсиет етіп, айтып, жаттатып, артына данышпандар сөзін, ғұлама шежіресін қалдырған бабаларымызды біле түссек екен.

Рас жеті сөзінің нақтылы мағынасы абстрактанып (жалпыланып) кетіп те отырған дерлік те ой бар. Дегенмен, қалай айтсақ та, бұл сөздердің өсіп-өнген мұғдары. n... жылдар есебінде екеніне, сонда да ұстанатынына шәк келтіруге болмайды.

Сонымен: «жеті жұт», «жеті жетекші», «жеті күн», «жеті ғашық», «жеті ғалам», «жеті жоқ», «жеті ата», «жеті пұсты», «жеті қат көк», «жеті қат жер», «жеті амал», «жеті жетім», «жеті жарқа жер», «жеті қазына»- деген сөз оралымдары бар.

«Жеті амал»:


  1. Күннің тоқырауы. Жазғы тоқырау - маусымның 21-нен, күннің қысқаруының аяқталуы; қысқы тоқырау - қаңтардың 22-жұлдызына келеді, күннің ұзаруының аяқталуы.

  2. Қарашаның қайтуы. Жайылымның соңғысы қайтып, дала сұрқай түске енген уакытта туады, карашаның кайтып, желтоқсанның кіруі.

  3. Үркердің батуы. Үркердің жерге түскен мезгілі, мамыр айының басынан маусымның 10-на дейін көкжиекке көтерілмейді екен. Үркер батқанда күн ашық болса, Үркер жерге батты, жаңбырлы болса, Үркер суға батты,- дейді.Есепшілердің айтуынша, «Үркер төмен туса, қыс жайлы болады, Үркер жоғары туса, қыс қатты болады».

  4. Мұздың қатуы. Қарашаның қара суығы ұрып, су бетіне кілегей су қатқан кез, немесе, мұздың қаймақшуы, қарашаның қары (қараша - қауыстың қары деп те) деп аталады.

  5. Киіктің матауы. Үркер шоқжұлдызы каңтардың 11-де бататын болса, киіктің матауы да Үркер батқан кыс айына тап келеді, мұны киіктің үйірге түсуі немесе, текебұрқылдақ деп те атайды.

  6. Қыс тоқсан (тоқсанның кіруі), бұған желтоқсан, қаңтар, ақпан секілді кыс айлары жатады. Бұл үш тоқсаннын түсуі, басқаша айтсақ, қыстың түсуі деп аталады.

  7. Ай тоғамы. Үркер мен Айдың қатар тоғысуы, тұтас келуі. Ай тоғамы дәл сол кез екен. Бұл тәрізді жеті амалды білдіретін тұрақты тіркестердің мағыналарын екінің бірі жыға танып, біле бермейтіні анық. Сондықтан кыскаша баяндай кетуді дұрыс көрдік.

Иә, «жеті амал» жаман болған жоқ, қыс, сірә, жайлы болар»дейді қариялар. «Жеті амал» атауын байырғы кезде, көбіне есепші-жұлдызнамашылар (астрономдар гороскоп) қолдана білген. Олар табиғаттың сан алуан құбылыстарын жіті көзбен бақылап,бағдарлай отырып, ауа райы туралы ұзақ мерзімді болжаулар айта білген. Жұлдызнамашылар жұттың болатынын алдын ала біліп, елді сақтандырған,- дейді Ы. Алтынсарин «Жұт» туралы еңбегінде.

Мұндай болжамдардың шаруа адамдарына тигізер көмегі аз болмаған. Қыстың қатты, не жұмсақ, болатындығын,көктем қалай өтіп, жаздың қалай туатынын, жаздың кандай күйде болатынын, жауын-шашын мөлшерін шаруа адамдары есепшілерден сұрап, біліп отырған. Ұлыбике қыз бен Күдері Қожаның айтысында:



Ақтайлаққа жүк арттым қатар - қатар,

Шудасы шөгіп жатса шаңға батар,

Қауыста - қарашамен қаймақшиды,

Жеті тоқсан айында дария қатар,— деп жеті амалдың бірін өлең жолына қосады. Тоқсан - үш ай, 30 күннен. Бұл жерде жеті тоқсан деп - желтоқсан, қыстың бірінші айы, үш ай жаз, үш ай күз, соңынан келетін қыстың бірінші айында дария қататыны, алдынғы айында қаймақшып тоңазитыны есептелінген.

Жеті мен тоғызға байланысты сөздердің біршамасы бұрынғы заманнан келіп жеткен мақал-мәтел болып қалыптасқан сөздер, мәселен: «Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді»; «Жерден жеті қоян тауып алғандай қуандым»; «Жетімнің құрсағы жеті қабат»; «Алып алты, жеп жеті болмайсың», иәки атаңа жетердей кемелдену, баю болмас, бәрібір, ешкімнен аспассың деген мағына бар. Ал, қазіргі көзбен қарасақ: қанша алып - жесең де ел аспассың, білімсіз ешкімнен озбассың деуге болар;

«Кедейдің жеті қаңтаруы (кесірі) бар»,-дегенде, байларға, үстем тапқа бас имеу, берілмеу сияқты кесір, тосқауыл мағынасы бар. Ал, қазіргі кезде ойласақ, кедейлік мәнсұқ емес, адамгершілігіме жетері жоқ, ақшам болмаса да, ақылым бір басыма жетерлік,— деген мағына тұр. Әрине, кедейдің де кердеңі болады ғой, ол - мінез, ақшаға кедей болсам да, көңілге баймын дерлік сөз ғой. Жетімнің құрсағының тойымсыз болуы әбден рас. Жетім бала тамақа көзін сатып босағада тұрған, ол төрде отырып тамақ толы табаққа күнде қол салып отырса өйтпес еді ғой, жетімдігі жеті атасына созылары анық. Өзі әке болды, оның белбаласы, немересі, шөбересі, шөпшегі... неменесі. Олар бес атаға жеткенше 65-75-терде болады, сонда 70-80-ге келген адам жеті атаға жетіп отырғанда, сүйегіне сіңген жетімдікте сол жасқа келеді емес пе?!

Сол сияқты қазақ қорықса, шошынса «жеті нан құдайы» берген (жеті шелпек), қырсықтан, жамандықтан арылу мақсатында. Мұның негізінде аруаһты риза етіп, жүрегін тазартып, тыншу, раһат табу пиғылы жатады білем. «Жеті» санының ұғымда кең қолданылып отыруы үлкен дәлдіктермен есептеу жолдарын білуден, үлкен ауқымды, толғамды ғылыми дәлдікте қолданылып отырған. Өмірге керек затты, түрлі амалды, істі «жеті» мен жетелеп отырған. Мәселен, аңшылық, ит жүгіртіп құс салуда қазақ алдына жан салмаған, иаки, ит -«Жеті қазынаның бірі» деп қосады. Бұл жөнінде пікір таласы да баршылық. Ол жеті қазына, «Жігіттің жеті қазынасы»:

  1. Жүйрік ат (лошадь скакун) - жігіт қаны, қанаты;

  2. Қыран бүркіт (сильный, ловкий орел) - қарым-күші,қуаты;

  3. Құмай тазы (гончая собака) - бастан берік сенімі;

  4. Берен мылтығы (хорошее стальное ружье) – сөнбес оты, серігі;

  5. Алмас кездік, қара қақпан - жігіт сұсы, мысы;

(мұны екі бөліп айтушылар да бар).

  1. Ақылды, сұлу жары (умница, красавица жена) - серті,

есебі тірліктің.

  1. Ілім, білім. Аужылымы - амал, ақыл, тәсілі, өнерлі, ержүрек, иаки, қазіргі тілде айтсақ: білім және ілімі (наукаи знание) мол жігіт.

Ертерек ғасырларда 6-шы болып қара қазан, ас-су қазына болып кірген, себебі қазына құт-береке, молшылық белгісі, ал 7-болып осы қазынаның бәріне ие болатын «ер жігіттің басын» қазына деген екен. Ал, «қазан» мен «білім» (ақыл айлаумен) орын алмасуы да түсінікті сияқты. Иаки, білімді бас бар жерде қазан ортаймас деген ой туады. Бұл тұстағы ойға оралар негізгі ең басты ерекшелік, жеті қазынаның түрі өзгергені мен санысол жеті төңірегінде болуы. Қазақтар жеті қазынаны «Жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған.

  • Ақыл - адамның ой санасы

  • Денсаулық - «дені саудың жаны сау»

  • Ақжаулық - « бірінші байлық денсаулық,екінші байлық акжаулық.»

  • Бала - « бала бауыр етің»

  • Көңіл - «көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ,береке орнайды».

  • Жер - «жерсіз ел тұл,ерсіз жер тұл».

  • Ит - «итті иесімен қинасын»

Ісләм аңызы бойынша «жеті қазынаға» мыналарды жатқызған:

  • Қыдыр баба - Қыдыр дарыған адам бай болады

  • Бақ - Ол ерекше жаратылған құдірет иесі

  • Ақыл - Ойлы саналылық

  • Денсаулық - Байлық басы

  • Ақжаулық- Екінші байлық

  • Тұз - Ол Аллаһның адамдар мен жан-жануарларға берген таусылмас несібесі.

  • Ит — Адам Ага мен һауа ананың алғашқы серігі.

«Жеті нәрсеге асық», дейді даналық:

  1. Келген қонаққа дастарқан жаюға асық.

  2. Қателігіңе кешірім сұрауға асық.

  3. Қарызыңды өтеуге асық.

  4. Қазалы жанды көруге асық.

  5. Науқас көңілін білуге асық.

  6. Білмегеніңді сұрауға асық.

  7. Білгеніңді айтуға асық.

Ұрпақтан ұрпаққа ұзақ жол тартқан «жеті» санының киелі шарпуын байқатады емес пе?! Тағы «Жұт жеті ағайынды» дедік емес пе, жұт: мал қырылу, қуаңшылық, зілзала (жер сілкіну), оба (індет), сел (топан су), өрт, соғыс; оған қоса: содыр (сегіз), салақ (тоғыз), олақ (он), жалқау (он бір), қорқақ (он екі) болатын алдынғы «жетеуі-апаг», ал адам баласында кездесетін соңғы бесеу (содыр, салақ, олақ, жалқау, қорқақ) жаман-«кесапат» деп аталады, немесе «жазғанның қаһарына ұшырап, болған «апатты» - «нәубет» десе, ел басқарған кержіктердің қалыққа істеген зұлымдығынан болған» кесапатты» - «зұлмат» деген. «Жеті апат» пен «бес кесапатты» «он екі апат» деп те атаған, демек бұл сұмдықтардың бір мүшел жаспен үзеңгілес болуы мүмкін де екен-ау.

Киелі сан «Жеті» қазақ үшін қасиетті де сан.

Қазақтың тағы бір биік тұрғыдан қарайтын, қадірлі қарым-қатынастың ардақтысы: құдалық, құдашылау кездеріндегі«қалыңмал» кәдесі. Мұның мөлшері «қырық жеті, «отыз жеті», «он жеті», ең аз дегені «үш жеті» болған білем (заманына қарай). Қыз бала туған үйге құрбылары қалжыңшыны аралас, «қырық жеті» құтты болсын, немесе «қырық жеті жылқылы» болыпсың, құтты болсын деп, қуаныш бөліскен. Бұл сөз қыз балаң әдемі, сұлу, ақылды, бақытты болып, құнды болсын деген пікірмен пара-пар келеді. Иаки, мұнда да әр сан мөлшершінің «жетіге» аяқталуы. Әрине 40-ты 7-ге көбейтіп, пәленбай бас жылқы,- деп айту тілге сыйымсыз, құлаққа жағымсыз, жүрекке дүрсіл берер еді, сондықтан қазағым осылайша сыпайылай, санаға жеткізе айтқан. Дұрыс ұғымда қалың малды қыздың құны деп, өлшеу дұрыс болмас еді, ол баласын жат жерге аттандыра тұрып, оның ақыл-парасатының молдығын, бейне сұлулығын, ақыл-көркін құндау, ағалау деп ұққан абзал. Балам сұлу, ақылды десе-тұрпайылау да болар еді. Оның бір жағы-кім болса да сатып алған дүниесінің өзін құндап, сәндеп, баптап ұстайды ғой. Оның бергі жағында жақын туыс тауып, алық-берік пен туыстықты нығайта түсу де мақсат болған. Онымен қоса дұрыс бағасын алған қыз бала барған жерінде де, бағасын түсіріп, құнын жоғалтып алмауға тырысады. Тәртібін тәлімдейді. Бес бағалы қыз деген осы шығар. Сондай-ақ қазақ, иә артық, иә кем деп, есепке жүгініп, санасып, қажып қалмайды, есесі құдайдан деп, тарта береді. Бұл мәселелердің бәрі де, бары да қазаққа ана сүті мен сүйегіне сіңген қасиет-салт. Қазір бұл міндетті көбіне-көп аналарға аударып тастаған. Құдалықты 15-25 кісіге жасайсыздар, тойға 30-40 шақыру билет керек деген сияқты сауалдар аналарға жүктелуде. Онсыз да көп кінә арқалайтын ене мен ана тағы бір үлкен дау төңірегінде. Қазір «40x7» болмаса да, құны басқаша: жағалы киім, костюм-шалбар (5-15 мыңнан), натурал тон-шуба, ресейлік пәленбай алтын, печатка, келіннің киімі, той-рестораны т.б. шаруа. Осындай нарық заманында, далада жусап жатқан жылқысы жоқ, әрине, онай шаруа емес. Сәл дұрыстық болмаса құдалар жағынан қыржи көзқарас пайда болады. Осы шығынды бағалап, келген жерін тыңдар келін де жоқ. Той өткеннен кейінгі арманы бөлек кету болады, білем. Ата-ене онсыз да бақылап, бөлек жіберу ойында, оған шыдамдық танытар келін болса...

Дегенмен, қазақ «жеті» санымен тек жетер жетістікті ғана түйіндемеген. Рас «жеті» жақсылық жағынан өмірге керек ізгілік өнері. Ал, екінші қыры шаруаны күйзелтіп, қалықтың мазасын алар бүліншілік, ашаршылыққа да соғады.

Қазақ жаманшылықты «жұт жеті ағайынды»,- дейді айтсақ:

  1. Қыс қатты, боран-аязы ұлып, мал қырылса -жұт;

  2. Қуаңшылық болып, жауын-шашын болмай, егін шықпаған жылдар жұт;

  3. Малға жаман індет ауруы келіп, мал азып, өлімі көп болса - жұт;

  4. Орман-тоғай аңызақтан солып, шөп ерте қурап, шабуға жарамай, мал жайылымы күз-қыста корланбаса - жұт;

  5. Бейбіт елге басқыншы жау төніп, соғыс ашып, өлім моласы көбейсе - жұт;

  6. Жер-көкті сел басып, өзен, көл, теңіз арнасынан асып, жайылымды шірітіп, үй-жайды тоздырса - жұт;

  7. Бейбіт күнде зілзала сілкініп, жер, тау қопарылып, баспаналар құлап жатса - жұт.

Осы жұттың бірі келсе, екінші жүтты сүйрей келуі мүмкін, толып жатқан зардаптар болуы мүмкін, сондықтан оны жеті- ағайынды деп айтуға тура келген. Мәселен, құрғақшылық шөп қурап, егін шықпаса, мал өлімі болады, одан адам ашығады,аштықтан ұрыс-керіс туары мүмкін ғой. Аллаһ, айтқан жерде пәле жоқ, жамандық, болмасын, мына нанды аяқпен тепкен,дүбәрән жастардың (әрине, бәрі емес) құлағына қазақ қағидасы шалына берсін деген ой ғой.

Ел арасындағы ауыз аңыздарда қарттар «жеті» ағайынды жұттың қатарына «жаман қатын алғанның жауы үйінде...» деп долы, көк айыл, безер әйелдерді де қосады. Жалпы тілдегі «жеті» сөзінің киелілігі сонша, жырларда да, аңыз-әңгімелерде де, дастан-ертегіде, өлеңдерде, ырым сөз ретінде қолданып отырған. Мысалы: өлген кісіге құран бағыштап «жетісін беру», «жеті тамұк,» («жеті дозақ»), «жеті мыстан», «... жеті ұлы болыпты», «...жеті қызы болыпты», «...қара дәумен жеті күн алысыпты», «... жеті дариядан өтіпті», «... жеті ашық жер екен...»деген сияқты сонарлы сөздер келіп отырады.

Тағы бір мәселе «жеті жан» жайлы ұғым бар. Шығыс елдерінде (Үндістанда) ертеден қалыптасқан Санскрит тілінде олар «чакра» - деп аталады. Чакралар адамның төбесінен бастап құйымшаққа дейінгі аралықта омыртқаның бойында орналасқан деседі. Орналасу тәртібіне келсек:

1- ші чакра құйымшақтың ішкі жағында (санскрит тіліндемуладһара);

2- ші чакра қуық тұсында (с. т. свадһистана),

3- ші чакра қарыннан сәл жоғары (с.т. манитура);

4- ші чакра жүрек тұсында (с.т. анаһата);

5- ші чакра тамақта (с.т. вишудһа);

6- шы чакра екі қастың арасында, шекеде (с.т. аджана),

7-ші чакра төбеде, қарақұста (с.т. саһасрара) орналасқан.



(Адам атты ілімнен)

М.Перепилицын «Философский камень», Н.Н.Денисенко «Сын человеческий», «Путь» атты кітаптарда әрбір жанға(чакраға) мінездеме беріліп, атқару негіздері (функциясы) нұскалған көрінеді. Сол нұсқадан кыскаша түсінік алып көрейік:



  1. Қызыл түсті жан. Адам тәніне (физикалық қабатына) күш-қуат, денсаулық, қажыр қайрат береді.

  2. Сарғыш түсті жан- дүниеге, байлыққа, баюға ұмтылдырады, иаки ұрпақ өсіріп, өз ізімді қалдырам,- деген тілеу, ұмтылыс береді.

  3. Сары түсті жан- бұл чакрасы қатты дамыған (жан), ақыл ой, күш-қуат жағынан өзгелерді басып озып, өз өктемдігін, билігін жүргізуге бейім болады.

  4. Жасыл қуат- адам бойындағы «жеті жанның» бар қуаты осы жерде тоғысып, синтезделеді, бұл шексіз маһаббат пен сүйіспеншіліктің, адамгершіліктің қайнар көзі.

  5. Көгілдір түсті жан - шығармашылық қасиет береді. Бүкіл Әлемнің тынысын сезіп, былайғы жұрт байқай бермейтін аймақтармен байланысқа (сфера) шығарып, өнер туындыларына адамзат биігіне жетуге мүмкіндік беретін, осы 5-ші жан.

  6. Көк түсті жан- адамның санасы мен сезімін қатар ұштастырып, дамытып, теңестірер жан.

  7. Күлгін түсті жан- жаратылыс пен қоғамның даму заңдылықтарын біліп, бақылап отыра алады.

Осының бәрі қосылып, бірігіп - Ғарыштық қуатты береді. Бұл Әлеммен бірігу, Әлемнің ажырамас бір бөлшегі екеніңді сезіну, бұл деген шексіз бақытқа бөлену. Бұл сезім ғарыш адамына айналған жандарға тән қасиет екен.

1-ші, 2-ші жандары ғана ашылған жабайы адамдар, тек, құлқынның қамын ойлап, дөрекі түйсіктің құлы болады.

3 ші, 4-ші және одан жоғары жандар іске қосылса, адамзат дамудың жоғарғы сатысына жетіп, көтеріліп отырады, білем.

Сол сияқты кейбір топонимикалық есімдер де «жеті» санымен сипатталып кездесетіні де бар. Мысалы, Алматыны, күншығыстан Аякөзді, оңтүстігінен Шу ауданын камтитын бұрын Жетісу губерниясы, одан келе Жетісу облысы аталған, қазіргі Жетісуды кей мәліметтерге қарағанда Балқашқа барып құятын жеті өзен: Іле, Көксу, Басқан, Сарқан, Қаратал, Лепсі, Аякөз өзендерімен байланыстырады. Ал кейбір деректе Балқашпен түйіспеседағы Шу өзенін Жетісудың бірі дейді. Расында Балқашқа тікелей барып құятын, немесе жанамалап барып қосылатын ірілі-уақты басқа сулар өзендер есептелмей, Алматы өлкесі Жетісу болып аталуы тегін де емес. Менің ойымша, Алматыны айнала қоршай өтіп, Балқашқа асыла құятын, ұзына сапар шегіп келетін «жетіден» де көп өзенді аталарымыз «Жетісу» деп, қасиетті санмен еркелете атаған, білем.

Өзен, су аттарымен қатар, кейбір қала аттары да «жетімен» байланысып отырады. Мәселен, ақсақал қарияларымыздың (Сабыржан ақсақал сияқты) қалдырған естелігінде: Әулиеата (әулие ата), Алматы (алманың атасы), Ыстық (ыстық су атасы), Тектұрмас, Бектас, Қошқар ата, Бектау ата дегенді қазақ «Жеті әулие»,— дейді. «Жеті шатырды» да орыстар өзіншелеп Семипалатинск десе де, қазақ орағытып, «Аһау Семей» деп алған. Қашқарияда да «Жеті шәр» (жеті шаһар) бар екен.

Жәңгір һанның баласы Тәуке һанның (1678-1718 ж.ж.)қазақтың әдет-ғұрпын, салты мен саясатын, кәдесін және мүддесін мемлекет тілегіне, шаруашылық пен саясаттың жаңа ағымына үйлестіріп шығарған заңы «Тәукенің жеті жарғысы»деп аталған. «Жарғы» — «жар салу», құлақ сал, тыңда (кликнуть, клич, сделать объявление через глашатая) «жаршы», деген сөз бар. Демек, шағатайша «яр», «яргушы» (басқарушы), «ярғыға тұтам, жауапқа, сотқа тартам деген сөз бар екен. Бұл түбірден «жарлық» (яр) - указ деген сөз пайда болған. Ал қазақша негізін түптеп келсек: жарлық шығардым, жар саламын, жарғыға құлақ сал деп тұр. Ол жарғының жетеу атануы да тегін емес, ол киелі сан, сол киелі жеті жарлық- ең қиын жарлық. Оны орындаған басқа ұсақ-түйекті, салт- дәстүрді табанды орындап отырары анық. «Жеті жарғыда» әдет-кәделер, қисын-ғұрыт ардың, тек, маңыздысы, заңға сәйкестігі ғана ел билеуге қажеті жинақталып, қасиеті «жеті» санына топтастырылған, онымен қоса қасиетті «жеті» негізгі, басты-басты деген ұғымды да білдіріп тұрған сияқты және негізі бірнеше баптардан тұрса керек.

Тәуке һанның «Қасым һанның қасқа жолы», «Есім һанның ескі жолы» қағидаларын одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген, ХХ-ғасырдың басына дейін қолданылып келген. Әрине Тәуке һанның жеті өзгерістермен еңгізілген «Жеті жарғы» деген ұғым бар. Ол өзгерістер мына сипатта болған:

Көтеріліс жасап, бүлік шығарып, кісі өлтіргенге өлім жазасы бұйырылсын, (Бұл жарғы ел бүтіндігін сақтау талабы).

Қалықтың һаны, сұлтаны, пір әзәреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төлесін.

Төрелер мен қожалардың, жәй қатардағы біреулер өлсе, олардың әрқайсысы үшін екі кісінің құны төленсін.

Қалықтың мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

Сырттан кірген адам мініп келген атын үйге кірерде босағаға байлағандықтан, біреуді

теуіп өлтірсе, бүтін құн, ал үйдің сыртына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек, ат - тон айып тартады.

Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, құны сұраусыз.

Кәмелетке жеткен баласы ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға (не қара есекке) теріс міңгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдырған.

Құйрық-бауыр жесісіп, құда болған соң-ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне калыңсыз қыз береді,не бір қыздың қалыңмалы қосылып беріледі.

Ұры: айыр түйеге нар; атқа аруана; тайлаққа атан; тайға ат; қойға тана төлейді. Оның үстіне ұрлық жасағаны үшін үш тоғыз айып төлейді.

Бұл өзгерістерден басқа да жер дауы, отбасы кикілжіңі, неке заңы, қылмыс пен қүн дауы, куәлік ету, ант беру, ұрлық қарлық және т.б. жағдайларға, рәсімдерге, ділгірліктерге (проблема) байланысты да шараларды тәртіптеу көрініс тапқан.

Қазақ қалқының ақыны Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тариһы» дастанында «Жеті жарғының» жеті бабын былай баяндаған екен: Жер дауы баяндалған біріншісі,

Ру, қоныс пен меншікті ісі.

Иеленген жерінде жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу

Болған жосын заңның екіншісі.

Ұрлық қарлық, барымта үшіншісі

Баян етер бәрінде білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір қалықпен басқа ру болса дауы

Ұлтын жаудан қорғаған, бесінші бұл.

Алтыншы, жетінші құн дауы, жер дауы, т.б.

Жалпы «Жеті жарғы» мәтіні осы ұрпаққа жазба түрде жетпеген. Бірақ мазмұны жатталып, ауыздан ауызға, елден елге, ұрпақтан ұқпаққа тараған. Жарғы заңдары құрметтеліп, қалың жұртшылық тарапынан мүлтіксіз орындалған.

Қасиетті сандар жайында ақиқаты мол, көңіл һошын толықтырар мәліметтер баршылық. Біздің міндетіміз, соны жинақтап Болашаққа ұсыну!

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет