«Бекітемін» Экономика және басқару


Сабақ мазмұны мен кестесі



бет2/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,93 Mb.
#10643
1   2   3   4   5   6

1.4 Сабақ мазмұны мен кестесі




1 апта

2 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Коммерциялық бағаның экономикалық мәні және атқаратын қызметтері

Дәрістің мазмұны:


1. Экономикалық ғылымдағы баға мәселелері

2. Бағаның мәні, атқаратын қызметтері, түрлері

3. Баға белгілеуде ықпал ететін факторлар

Әдебиеттер: Интернет ресурстары т.б. деректер 1-14


ОЖМӨЖ мазмұны: 1. Келесі тұжырымдардың қайсысы сіздің ойыңызша нарықтық экономикаға тән? Неліктен?

- нарықта бағаларды мемлекет анықтайды

- нарықта бағалар мемлекеттің бақылауында болады

- нарықтағы баға деңгейі сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастармен анықталады

- нарықта бағалар жеке тұлғамен немесе адамдар тобымен анықталады

- нарықта бағалар ірі монополист-корпорациялармен реттеледі

2. Практикада бағаның әр алуан түрлері пайдаланады:

базистік баға, сату-сатып алу бағасы, ФОБ бағасы, ФОР бағасы, әлемдік баға, прейскуранттық баға, көтерме баға, бөлшек баға, өндіріс бағасы, сұраныс бағасы. Аталған бағаның әрбір түріне сипаттама беріңіз және олардың қолданылу саласын талдаңыз.

Әдебиеттер:

СӨЖ мазмұны: Бағаға ықпал ететін факторлар: сұраныс, ұсыныс, бәсеке, тауар ассортименті, баға дискриминациясы, жаңалық дәрежесі, фирма мүдделері.

Әдебиеттер: 1-14


2 апта

4 кредит сағат

2 дәріс



Тақырып: Баға саясаты: мәні, мақсаттары.

Дәріс мазмұны:

1. Баға саясатының түсінігі және мақсаттары.

2. Тауардың өмірлік циклындағы баға саясаты.

Әдебиеттер: Интернет ресурстары т.б. деректер 1-14

ОЖСӨЖ мазмұны: 1. Компанияның баға саясатына ықпал ететін факторлар: техникалық, технологиялық, халықаралық, нарықтық сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі, экономикалық, фирма, бәсекелік, әлеуметтік, саяси. Аталған факторлардың фирмамен жүргізілетін баға саясатының динамикасы мен ерекшеліктеріне ықпал етуін сипаттаңыз.

2. Төменде фирма тауарының (қызметінің) бастапқы бағасын анықтаудың жүйелігі көрсетілген:

Баға саясатының → Сұранысты → Шығындарды → Бәсекелестердің

мақсаттарын қою анықтау бағалау тауарлары мен

бағаларын талдау
→ Баға белгілеу → Қорытынды

әдісін таңдау баға белгілеу

Әрбір кезеңнің мәнін сипаттаңыз және ұсынылған жүйеліктің байланысын түсіндіріңіз.

Әдебиеттер: 1-14



СӨЖ мазмұны: Баға саясатының негізгі максаттары:фирманың болашақта қызмет етуі, пайданы жоғарлату, тауар айналымын көбейту, сатып өткізу көлемін максимизациялау, жоғары баға белгілеу арқылы тиімділікке жету, сапа бойынша көшбасшылыққа жетуді өз бетімен толықтырып зерттеу.

Әдебиеттер: 1-14


3 апта

6 кредит сағат

3 дәріс

Тақырып: Баға сяасатының негізгі стратегиялары

Дәрістің мазмұны:


1. Баға стратегияларының мәні, түрлері.

2. Баға стратегияларын қалыптастыру кезеңдері.


Әдебиеттер: Итернет ресурстары т.б. деректер 1-14


ОЖМӨЖ мазмұны:. «Фирманың баға саясаты мен баға стратегиясы» атты іскерлік ойын ұйымдастыру. Ойын ережелері: студенттер бірнеше топқа бөлінеді және әрбір топ белгілі бір фирманы ұсынады. Әрбір фирма мүшелері мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:

  1. Сіз қандай өнім өндіресіз немесе қандай қызмет көрсетесіз?

  2. Сіздің тауарыңыз нарықта қаншалықты бәсекеге қабілетті және неліктен?

  3. Фирманың болашаққа стратегиясы қандай, әсіресе баға саласында?

  4. Сіздің маркетингтік бағдарламаңыз қандай?

  5. Сіздің фирмаңыздың қаржыландыру көздері қандай?

  6. Сіздің тауарыңыздың сатып өткізу жүйесін сипаттаңыз.

Ойын 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары балл жинаған топ жеңіске жетеді.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру кезеңдері. Бастапқы ақпарат жинау.

Әдебиеттер:1-14


4 апта

8 кредит сағат

4 дәріс

Тақырып: Баға саясатындағы баға белгілеу

Дәрістің мазмұны:


1. Баға қалыптастыруды ұйымдастыру схемасы.

2. Баға белгілеудің шығындық, нарықтық, эконометриялық әдістері.



ОЖМӨЖ мазмұны: Қазіргі уақытта Ресейде туризммен байланысты кең қызмет түрлерін ұсынатын көптеген туристтік фирмалар қызмет етеді. Бұл саладағы бәсеке деңгейі жоғары және соның салдарынан бағалы факторлар қолданылады, әсіресе: келісімдік бағалар негізінде жеке бағдарлама бойынша туристтік қызмет көрсету, әртүрлі жеңілдіктерді ұсыну, маусымға байланысты баға белгілеу. Туристтік фирмалардың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату мақсатымен бағаларды тиімді пайдаланудың өзіңіздің вариантыңызды ұсыныңыз.

Әдебиеттер:1-14



МӨЖ мазмұны: Тендерлік баға белгілеу сасатын толығырақ зерттеу.

Әдебиеттер:1-14


5 апта

10 кредит сағат

5 дәріс



Тақырып: Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу.

Дәрістің мазмұны :


1. Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мақсаттары.

2. Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу әдістері.



ОЖМӨЖ мазмұны: Әлем елдеріндегі (мысалы, Жапония, Ресей, Қазақстан,т.б.) баға белгілеуді мемлекеттік реттеу бойынша материал жинақтау.

МӨЖ мазмұны: Қазақстандағы баға белгілеуді мемлекеттік реттеу саясаты.

Әдебиеттер: 1-14


6 апта

12 кредит сағат

6 дәріс



Тақырып: Бағаның құрамы және құрылымы
Дәрістің мазмұны:

1. Баға құрамындағы өзіндік құн.

2. Баға құрамындағы пайда.

факторлар.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Есеп 1.

Жеке дүкенмен сатып өткізілетін жібек көйлектің еркін сату бағасының құрылымын анықтаңыз. Көйлектің толық өзіндік құны 180 руб. Еркін сату бағасы ҚҚС - пен бірге

240 руб. Еркін көтерме (нарықтық) бағасы 280 руб.

Есеп 2.

Келесі мәліметтер берілген:

Өзіндік құн – 12 руб.

ҚҚС – сату бағасына (ҚҚС -сыз) 20%

Сату бағасы (ҚҚС –пен бірге) – 38 руб.

Сауда надбавкасы – 20%

Көтерме надбавка – 8%


  1. Анықтау керек:

А) еркін көтерме бағасын

Б) бөлшек сауда кәсіпорынның көтерме базамен есептесетін бағасын

В) өнімді сатып өткізуден түсетін кәсіпорынның пайдасын

2. Еркін көтерме бағасының құрылымын анықтаңыз.

Әдебиеттер: 1-14

МӨЖ мазмұны: Баға құрамындағы тікелей және жанама салықтарды өз бетімен толықтырып қарау.

Әдебиеттер: 1-14


7 апта.

14 кредит сағат

7 дәріс



Тақырып: . Экономикалық коньюнктура: мәні, көрсеткіштері.

Дәрістің мазмұны:

1. Экономикалық коньюнктура: түсінігі, мәні

2. Экономикалық коньюнктура көрсеткіштері.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Коньюнктураның циклдық және циклдық емес факторларын талдау

Әдебиеттер:1-14



МӨЖ мазмұны: Экономикалық барометр түсінігін талдау

Әдебиеттер: 1-14




8 апта.

16 кредит сағат

8 дәріс



Тақырып: Тұтыну тауарлар нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны:

1. Тұтыну тауарлар нарығының құрылымы.

2. Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Бизнестегі лоббистерін конспектіле.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Лобби түрлерін конспектілеу

Әдебиеттер: 1-14


9 апта.

18 кредит сағат

9 дәріс



Тақырып: Әлеуметтік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны

1. Тұрғын-үй шаруашылығындағы баға белгілеу

2. Денсаулық сақтау саласындағы баға белгілеу.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Білім беру қызметтеріне баға белгілеу жүйесін талдау.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Мәдени қызметтеріне баға белгілеу жүйесін талдау.

Әдебиеттер: 1-14


10 апта.

20 кредит сағат

10 дәріс



Тақырып: Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны:

1. Көлік қызметтер жүйесінің дамуы.

2. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Фрахт шығындары. Фрахт ставкасы. Фрахт нарығы. Фрахт индекстерін талдау.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Әуе жолы қызметінің бағасын талдау.

Әдебиеттер: 1-14


11 апта

22 кредит сағат

11 дәріс

Тақырып: Жер нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны:

1. Жер нарығының ерекшеліктері

2. Жер нарығында баға белгілеу жағдайлары.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Жердің нарықтық құнын анықтау әдістері.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Жер нарығын мемлекеттік реттеу саясатын талдап, өз бетімен зерттеу.

Әдебиеттер: 1-14


12 апта.

24 кредит сағат

12 дәріс



Тақырып: Еңбек нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны:

1. Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері.

2. Еңбек нарығының динамикасына ықпале ететін факторлар.

Әдебиеттер: 1-14

ОЖСӨЖ мазмұны: Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу саясатын конспектілеп жазу.

Әдебиеттер: 1-14



СӨЖ мазмұны: ӘОК материалдарын талқылау.

Әдебиеттер: 1-14



13 апта.

26 кредит сағат

13 дәріс



Тақырып: Капитал нарығындағы баға белгілеу.

Дәрістің мазмұны:

1. Капитал нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

2. Капитал нарығындағы пайыздық мөлшерлеме

Әдебиеттер: Итернет ресурстары т.б. деректер 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Қарыз проценті. Проценттік ставкаларды мемлекеттік реттеуді конспектілеп жазу.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Орталық банктің капитал нарығындағы ролін өз бетімен талдау.

Әдебиеттер: 1-14


14 апта.

28 кредит сағат

14 дәріс



Тақырып: Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу

Дәрістің мазмұны:

1. Ауыл шаруашылық өндірісінің мәні және еркшеліктері.

2. Агроөнеркәсіп кещені және оның салалары.

Әдебиеттер: Интернет ресурстары т.б. деректер 1-14

ОЖМӨЖ мазмұны: Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу және инфляция конспектілеп жазу.

Әдебиеттер: 1-14



МӨЖ мазмұны: Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу және салық салуды өз бетімен талдау.

Әдебиеттер: 1-14


15 апта

30 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Сыртқы саудадағы баға белгілеу

Дәрістің мазмұны:

1. Сыртқы сауда саясаты: мәні, ерекшеліктері

2. Экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгілеу.

Әдебиеттер: Интернет ресурстары т.б. деректер 1-14

ОЖСӨЖ мазмұны: Экспортталатын және импортталатын өнімдерге бағаларды түзету жағдайларын конспектілеп жазу.

Әдебиеттер: 1-14



СӨЖ мазмұны: Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде мемлекеттің ролін өз бетімен талдау.

Әдебиеттер: 1-14



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Жеке тапсырма

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

5, 7, 12 аптада

4% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама түрінде жазбаша

2

Топтық презентация

Топтасып жұмыс жасу қабілетін дамыту. Негізгі мәселелер бойынша әртүрлі шешімдер қабылдауға үйрету, әркімнің өз ойын айта білуін жетілдіру, білімдерін тереңдете түсу.

Семинар тақырыбына байланысты

4,13 аптада

3 % (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Ауызша жауап түрінде

3

Үй тапсырмасы

ӘртүрліТалдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖМӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

0.2%

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Бақылау жұмысы

Магистранттардың білім сапасын, қабілетін, тақырыпты түсіну деңгейін бақылау

Семинар сабағына байланысты

3, 5, 8, 11, 13 аптада(жазбаша дәрістік және семинарлық сұрақтарға негізделінеді)

Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 3% бағаланады

Жазба жұмыс түрінде өткізіледі.

5

Аралық емтихан

Магистранттардың білімін, есте сақтау қабілетін, тақырыпты түсіну деңгейін бақылау.


Көрсетілген әдебиеттер бойынша

7, 15 аптада

5%

Ауызша сұрақ – жауап түрінде

6

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Магистранттардың қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Желтяков Н.А., Маховикова Г.А. и др. Цены и ценообразование. Учебное пособие.СПб Питер,2001 (Краткий курс)

2













2

Ценовая политика предприятия.Учебник для вузов.Тарасевич В.М. СПб: Питер,2001

2













3

Магомедов М.Д. Цены и ценообразование. Учебное пособие. М.: Финансы и статистика,2000

1













4

Цены и ценообразование. Учебник для вузов. Под редакцией Салимжанова И.К.,М.:Финстатинформ,2001

1













5

Слепов В.А., Николаева Т.Е. Ценообразование Учебное пособие. М.: Пресс,2001

2













6

Уткин Э.А. «Цены и ценообразование» Учебник. Москва,1998 г.

1













7

Статистика цен. Учебное пособие для вузов. Долженкова В.Г., М.:Филин/Рилант,2000

2













8

Цацулин А.Н. Ценообразование в системе маркетинга.М.,

1997


1













9

Габдуалиева Р.С. Учебно-методическое пособие по курсу «Ценообразование», Уральск., 1999 г.

2













10

Қазамбаева А.М., Габдуалиева Р.С. «Баға және баға белгілеу» пәні бойынша қысқаша дәрістер жинағы. Орал, 2001 ж.

25













11

Уткин Э.А. «Цены и ценообразование» Учебник. Москва,1998 г.

2













12

«Цены и ценообразование» Учебник для вузов. Под редакцией В.Е. Есипова.

2













13

Чибинев В.М., Очередько В.П., Чибинев А.М. Ценообразование Учебное пособие,СПб: Лексикон,2000

2













14

Шеховцева Л.С. Основы рыночного ценообразования.Курс лекций,1997

2














5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Тақырып 1. Бағаның экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.

1. Экономикалық ғылымдағы баға мәселелері

2. Бағаның мәні, атқаратын қызметтері, түрлері

3. Баға белгілеуде ықпал ететін факторлар


1. Экономикалық ғылымдағы баға мәселелері

Баға категориясы әртүрлі экономикалық бағыттардың өкілдерімен жан-жақты қарастырылады. Буржуазиялық классикалық политэкономия өкілдері (Смит, Рикардо) бағаны құнның ақшалай көрінісі ретінде қарастырды, себебі баға сұраныс пен ұсынысқа тікелей байланысты болады. Марсистік мектеп өкілдері (Маркс, Энгельс) бағаны анықтауда еңбек құн теориясына негізделді Маркстың пікірі бойынша кәсіпорында өндірілген тауар бағасы құнның құрылымына жатады. Австриялық мектеп өкілдері (Бем-Баверк, Менгер) бағаны анықтауда шекті пайдалылық теориясына негізделді, бұл теорияға сәйкес тауар құндылығы еңбек шығындарымен емес, өнімнің шекті пайдалылығымен анықталады. Альфред Маршаллдың пікірінше таурдың бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Маршалл сұраныс категориясы арқылы баға теориясын тауар пайдалылығымен, ал ұсынысты еңбек шығындарымен, яғни еңбек құн теориясымен байланыстырды.


2. Бағаның мәні, атқаратын қызметтері, түрлері

Баға –бұл тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға жеке салалар, аймақтар, класстар, индивидуумдар арасындағы туындайтын экононимкалық қатынастарды қамтиды. Бағалардың белгіленуіне мемлекет тікелей немесе жанама ықпал етеді. Мемлекет өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерінің бағаларын реттеу қажет, себебі олардың үлкен айырмашылығ қала мен ауыл арасындағы қарам-қайшылықтарға немесе бір аймақтан екінші аймаққа тұрғындардың миграциясына алып келуі мүмкін. Мұнай, газ, электрқуатының бағасы ішкі саяси және сыртқы саяси, әлеуметтік процестерге ықпал етеді: тұрғындарды әлеуметтік қорғау деңгейі, жұмысбастылық, нақты өмір сүру деңгейі.

Экономикалық ғылымда бағалардың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы қарастырылады:

1. Есептеу қызметі. Баға арқылы кәсіпорын шығындары анықталады: кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құны, ұлттық табыс көлемі, еңбек өнімділігі, капитал салымдарының тиімділігі.

2. Басқару қызметі. Баға арқылы кәсіпорындардағы, аймақтардағы, елдегі өндірістің дамуын болжауға, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ішкі фирмалық жоспарлау бағдарламаларын іске асыруға болады.

3. Қайта бөлу қызметі. Баға арқылы мемлекет элиталық тауарларға жоғары баға, ал бірінші қажеттіліктегі тауарларға неғұрлым аз баға белгілеуге ұмтылады, бұл жерде негізгі мақсат – тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.

4. Ынталандыру қызметі. Баға арқылы ҒТП-ң жедел жүруін, капиталдың ағылуын, кейбір салалар мен аймақтардың тез дамуын қамтамасыз етуге болады.

5. Шектеу қою қызметі. Баға арқылы тапшы өнімдердің тұтынылу көлемдерін және қоғамға қауіпті өнімдердің тұтынылуын шектеуге болады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет