«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды


Лексикалық тақырыптар мақсаты



бет7/22
Дата15.09.2022
өлшемі118,33 Kb.
#149590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
7-Қазақ тілі ЖББ 2022 жаңарт.
әлеуметтану ИС 21.ПРАКТИКА1, СОР 6 класс, СОР 6 класс, 12 сабак, Жұмағалиева Аяулым

Лексикалық тақырыптар мақсаты.


Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес орта мерзімді жоспардағы 10 бөлімде төмендегі лексикалық тақырыптар қамтылған: «Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық – зор байлық», «Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы», «Ғаламтор және әлеуметтік желілер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар», «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым», «Ғылыми фантастика». Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
  1. Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары


Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде 7- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.
  1. Пәнаралық байланыс, шынайы өмірменбайланыс.


7- сыныптың орта мерзімді жоспарындағы лексикалық тақырыптарды меңгерту
«География», «Биология» , «Музыка», «Информатика», «Физика», «Бейнелеу өнері», «Дене шынықтыру», «Технология», «Қазақстан тарихы» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады. Сондай-ақ, осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет