«Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі



бет2/4
Дата11.01.2017
өлшемі408,91 Kb.
#7497
1   2   3   4

Тәрбие жұмысының бағыттары




Тәрбие бағыттарының атауы


Мақсаттары



Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):



Іске асыру механизмі

2.1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру

  • Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

  • ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;

  • елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;

  • өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;

  • басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

  • өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

- құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;


  • заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;

  • әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.




Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріменкездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

2.2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру

  • мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;

  • өзінің қасиетіне, арына және парызына;

  • ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;

  • өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;

  • діни құндылықтарға;

  • ой, сөз және іс бірлігіне;

  • өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;

  • ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;

  • түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;

  • адамдарға риясыз қызмет етуіне;

  • өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру



Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.



2.3

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау

  • этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;

  • мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

  • өз халқының мәдени мұрасына;

  • қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;

  • Қазақстанның этномәдениетіне;

  • этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру

Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.




2.4

Отбасы тәрбиесі

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру

  • этноәлеуметтік рөлдерге;

  • өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға;

  • адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке

құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау

Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясындаата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады

2.5

Еңбек, экономика

лық және экологиялық тәрбие



Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

  • мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

  • экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

  • «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

  • табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр

түрлі қызметке;

  • кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

  • нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас

қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

- еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;

  • мамандық таңдауына;

үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту

Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады.



2.6

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру

  • өмір бойы білім алуына;

  • өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

  • сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану

қабілетіне;

  • зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілетті-

лікті меңгеруіне;

  • пікірталасжүргізудағдыларына;

  • жасампаз қызметке;

  • топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;

  • ақпарат көздерін сыни іріктеуге;

  • Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;

  • Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

  • Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;

  • ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;

жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру

Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Физика жүрек үнімен», «Математика рухани-адамгершілікзаңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. элективті курстар жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

2.7

Көпмәдениет

ті және көркем-эстетикалық тәрбие



тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру

толеранттық және ғаламдық пікірге;

- көпмәдениеттілік және көптілділікке;

- мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;

- мәдениетаралық әрекетке;



- қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;

  • қарым-қатынас мәдениетіне;

  • эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;

- шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту

Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлі бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.

2.8.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату

денсаулық жағдайының скринингіне;

  • әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;

  • теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;

  • табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

  • денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;

  • өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;

  • қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;

денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі

Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады



5. Білім беру басқармасының жылдық жоспарындағы тәрбие саласына қатысты өткізілетін шаралар



Іс-шаралар атауы

Мерзімі

5.1

Жас музыкант оқушылар конкурсы

ақпан

5.2

«Жас жол қозғалысы инспекторларының байқауы»

мамыр

5.3

Әскери-спорттық клубтарының слеті

мамыр

5.4

Облыстық далалық жиын

мамыр

5.5

«Біз - еліміздің болашағы» (нашақорлықтың алдын-алу мақсатында) байқауы

маусым

5.6

«Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық шарасы

мамыр

5.7

8 қыркүйек – Отбасы күніне орай оқушылары арасындағы байқау

қыркүйек

5.8

Ата-аналармен семинар

қараша

5.9

Қыздар кеңесінің отырысы

мамыр

5.10

«Нашақорлықтың, діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтың және суицидтің алдын алу шаралары» атты семинар

қараша


6. Атаулы даталарға, маңызды тақырыптарға байланысты өткізілетін

апталықтар, онкүндіктер, айлықтар


6.1

1 қыркүйек – Білім күні

қыркүйек

6.2

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №3827 Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне (қыркүйектің екінші жексенбісі) арналған апталық

қыркүйек

6.3

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесіне (қыркүйектің соңғы жексенбісі) арналған апталық

қыркүйек

6.4

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай апталық

қараша-желтоқсан

6.5

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай апталық

желтоқсан

6.6

8 наурыз - Әйелдер күніне арналған апталық

наурыз

6.7

22 наурыз күніне арналған апталық

наурыз

6.8

1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған үшкүндік

сәуір

6.9

Білім беру ұйымдарында 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай «Патриот» айлығы

сәуір-мамыр

6.10

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасылық тәрбиеге – басты басымдылық» тақырыбында онкүндік

мамыр

6.11

25 мамыр – Соңғы қоңырау

мамыр

6.12

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

маусым

6.13

4 маусым - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне» орай

мамыр-маусым

6.14

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған апталық

маусым

6.15

6 шілде – Астана күніне орай апталық өткізу

шілде

6.16

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай

тамыз

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет