Бекітемін: Мектеп директоры Е. Оспанов 2023ж



бет1/16
Дата29.09.2023
өлшемі381,5 Kb.
#183004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
КТЖ Қазақ тілі 6-сынып 2023-2024ж дұрысы
Зерттеу сабағы, А.Байтұрсынов ашық сабақ, БОЛЬНИЧНЫЙ, адалдық сағаты, Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау, Зерде отырыс жоспар 2022-2023 Сатыбаева А, мс, Бағдарламалау тілі 5 сынып, Олқылықтар Зауре қаз т, әд, cсылка, 9 алгебра БЖБ,ТЖБ, «Үлгере алмайтын, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істеу»жаднама, File, body parts



Бекітемін: ________________
Мектеп директоры Е. Оспанов
« _____ » ______________2023ж

«Қаралды»
Хаттама № «___ » ________ 2023ж.
Бірлестік жетекшісі А. Самелтырова



Келісемін:_________________
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Капалбаева
« _____ » ______________________2023ж



Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сыныбы: 6 -сынып
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: А. Самелтырова
Сағат саны: 102 сағат , аптасына 3 сағат

Баспасы: «Атамұра» 2018 жыл Авторлары: Б.А. Әрінова, Г.М.Раева


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.



2023-2024 оқу жылы

Түсінік хат


2023-2024 оқу жылына арналған «Қазақ тілі» пәнінен 6-сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары келесі құжаттарға негізделіп құрылған:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен).
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
6. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
11. 6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
көтерілген мәселені болжау, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау, мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты түсіну, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау, жалпы және нақты сұрақтар, мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстыру, ресми сөздер мен тіркестерді, терминдерді орынды қолдану, диалогке қатысу;
2) оқылым:
мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтау, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы тану, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтін негізінде нақтылау сұрақтарын құрастыру, оқылым стратегияларын қолдану, комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу, сілтеме жасау;
3) жазылым:
әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құру, мінездеме, өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу, графиктік мәтін құрастыру, эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру, «келісу, келіспеу» эссесін жазу, жинақы мәтін жазу, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жеке, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздер; орфоэпиялық норма: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін; лексикалық норма: көнерген сөз, эвфемизим, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздер; грамматикалық норма: есімдік, етістік, етіс түрлері, салт және сабақты етістік, үстеу, үстеудің мағыналық түрлері; пунктуациялық норма: қазақ тіліндегі тыныс белгінің түрлері, даралаушы тыныс белгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет