Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
Әдістемелік нұсқауы: 
Көркем шығарманың құрылысы- мазмұн мен пішін, сюжет пен композиция
туралы жазған ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жан-жақты тоқталу.
Ғалымдардың көзқарастарын салыстыру. Көркем шығармадан мысал келтіру
арқылы талдау.
Пайдаланылатын әдебиет:
1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1992 ж.
2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы.- Алматы, 1969ж.
3 Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы.- Алматы, 1969ж.
4 Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы,1990ж.
5 Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1992ж.
Бақылау сұрақтары:
1 Көркем шығарманың құрылысына нелер жатады?
2 Сюжет қандай кезеңдерге бөлінеді?
3 Мазмұн мен пішіннің бірлігі туралы не білесіз?
4 Тақырып дегеніміз не?
5 Идеяның қандай түрлері бар?
Тақырып №4: Көркем шығарманың тіл. Троп және оның түрлері. Фигура
жіне оның түрлері.
Мақсаты:
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл туралы түсінік беру. Тіл байлылығы:
Синоним, омоним, антоним, неологизм, историзм, диалектизм, фразеологизм,
полисемия, дыбыс қайталаулар, эпитет пен теңеу, троп пен фигура және
олардың түрлері туралы ғалымдар пікірлерімен толық таныстыру.
Жоспары:


1 Көркем сөздің мән-мағынасы

 
Троп немесе құбылту және оның түрлері
3 Фигура немесе айшықтау және оның түрлері
4 Көркемдік құралдар туралы А.Байтұрсынұлы т.б. ғалымдар пікірлері 
5 Көркемдік құралдардың көркем шығармадағы рөлі
Мазмұны:
Тіл – адам баласының бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы.
Қоғамның жеке мүшелері тіл арқылы бір-бірімен байланысады. Қоғамдық ой-
сананың дамуы, ілгерілеуі үшін тілдің атқаратын қызметі зор. Көркем
әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Тіл мен сөйлеу. Тілдің қоғамдық
функциялары. Ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби көркем тіл. Тілдің стилистикалық
ерекшеліктері. Сөз-халық қазынасы.Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым түрлері (тіл
білімі, стилистика, көркем сөз теориясы) әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл
сөзден құралады. Сөздердің тура және бұрма мағыналары. Шығарма тіліндегі
жалпы қолданыстан тыс лексика. Көркем шығарма мәтіні. Филологиядағы,
мәдениеттану мен семиотика ғылымдарындағы мәтін туралы тұжырымдар.
Тілдің бейнелеушілік қасиеті. Әдеби тіл – жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Тіл
мен ойдың арақатынасы.Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік. Поэтикалық
синтаксис. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері.
Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Көркем тілдің
интонациялық-синтаксистік мәнерлілігі.
Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Кез-келген жазушы өз
ойын көрікті қылып жеткізуге тырысады. Сол үшінде тіл байлылығын
қолданады.Тіл байлығы ссөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Мазмұнды
шығарма – халыққа қажетті шығарма. Тіл байлылығына мыналар жатады:
Полисемия (сөздердің көп мағыналылығы), синоним, омоним, антоним, архаизм,
неологизм, фразеологизм, диалектизм; дыбыс қайталаулар (ассонанс,
аллитерация); әсірелеу (гипербола, литота); перифраз, эвфемизм, табу; эпитет
және теңеу; троп немесе құбылту және оның түрлері; фигура немесе
айшықтау және оның түрлері. Тіл байлылығының көркем шығармада
атқаратын рөлі. А.Байтұрсынұлының т.б. ғалымдардың көркем тіл туралы
пікірлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет