Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып №1:
Кіріспе.
Әдебиетің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттану-
сөз өнері жайлы ұғым.Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу
тарихы.Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Ресейдегі
әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы.
Мақсаты:
Әдебиеттану ғылымы - көркем әдебиет туралы ғылым екендігіне; негізгі үш
саласы: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны және олардың өзара
байланысы туралы; әдебиеттанудың даму жолдары мен өнер түрлері, зерттеуші-
ғалымдардың сөз өнері туралы еңбектерімен таныстырып толық түсінік беру.
Жоспары:
1 Әдебиеттанудың нысаны және пәні
2 Әдебиеттану- әдебиет ғылымының бастауы
3 Әдебиет және ғылым
4 Әдебиеттанудың тарихы және зерттеуші- ғалымдар
5 Әдебиет және өнер
Мазмұны:
Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері.
Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен
байланысы және айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша
бір саласы ретіндегі қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер
атаулының ең қиын және күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі
түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен әдебиеттің өмірді образды
бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы суреткер шеберлігі туралы қазіргі
ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер иесінің талант
табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы. Жазушы-
ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлары. Көркем әдебиеттің
қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік
қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен
ерекшеліктері туралы. Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттің
ғылыми -эстетикалық сипаты. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы:
әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Әдебиет теориясының
зерттеу обьектісі. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы.
Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историографияның ғылыми
сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі ролі. Библиографияның
әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі. Әдебиеттану
ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. Әдебиеттану және
қоғамдық ғылымдар. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларынан
өзіндік ерекшелігі. Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Мысыр, Үнді,
Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби
мұралар туралы мағлұматтар. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегі. Оның
көркем әдебиетті зерттеудегі маңызы мен мәні. 
Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Н.Буало
«Поэтикалық өнер», Л.Лессинг «Лаокон», Ф.Гегель «Эстетика» т.б. И.Гердердің


әдебиеттану ғылымын қалыптастырудағы, оның әлем халықтары әдебиеттерін
зерделей отырып, әдеби дамудың жаңаша, жалпыға ортақ заңдылықтарын
ашуға ұмтылуы. И.Кант және оның көркем шығарма мен суреткер туралы
өзіндік тұжырымдары. Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. ХІХ
ғасыр Ресейдегі сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерінің теорияылық
негіздері. Батыс Еуропа ғалымдарының ой-пікірлерін дамытудағы әдеби-
эстетикалық пайымдайлар. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен,
Л.Н.Толстой, т.б. ғалымдар еңбектері.
Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу
кезеңдері. Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай және
ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Ислам діні және философиялық,
эстетикалық ілімнің өркендеу сипаты. Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-
эстетикалық тұжырымдары. «Поэзия өнерінің конондары» трактатының
маңызы мен мәні. М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектеріндегі
эстетикалық пайымдаулар және олардың әлемдік ғылымдағы ролі. Абайдың
әсемдік туралы толғамдары. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы
зерттеуі. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы және оның көркем
шығарманың тәрбиелік, эстетикалық мәніне қатысты тұжырымдары.
А.Байтұрсынұлы және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі.
«Әдебиет танытқыш» және ондағы кәсіби ғылыми тұжырымдар. Көрнек
өнерінің тараулары, соның ішінде сөз өнерінің басты қызметі зор. Әдебиеттану
терминдерінің қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық
көзқарастар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет